Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Мырзабеков М. М., Утеген Б. Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 44-47. — URL https://moluch.ru/archive/141/39723/ (дата обращения: 15.10.2018).



Абай Құнанбайұлы – қазақтың біртуар ойшыл-ақыны, заманынан озып туған ойшыл, қазақтың қамы үшін толғанумен өткен халық жанашыры. Оның діни-философиялық тұжырымдары бүгінгі таңда елімізде қалыптасқан дінимәселелерге жауап табуға септеседі. Өйткені Абай – қазақ халқы санасында өшпестей орын алған дара тұлға. Абайдың діни түсініктері сол кезеңдегі қазақ халқының діни түсінігі қандай болғандығынан хабар береді. Абайдың дін түсінігін тереңірек қарастыратын болсақ Матуридилік түсінікпен астарласып, сабақтастық жолымен қалыптанғаны байқалады.

Имам Матуриди қалыптастырған сенімдік - ақидалық мектеп сол кезеңдегі және бүгінгі мұсылмандардың ұстанатын Ашғарилікпен бірге сүннет жамағатын құрайды. Имам Матуриди исламның фиқһтық жағын құрайтын Ханафилікпен астарласып тарих бойында қатар дамыған. Былайша айтқанда фиқһта Ханафи болған бір мұсылман ақидада Матуридилікті ұстанатын болған [1]. Себебі ханафилік пен матуридиліктің ақылды діни ілімдерде басты қайнаркөз ретінде қабылдаулары олардың арасындағы мұндай жақын қарым қатынас орнатуларына мүмкіндік берді. Түркі халықтары тарих бойында фиқһта ханафилік, ал ақидада матуридилік мазхабын ұстанып, ал түркі халықтарының діни түсінігінің тағы бір құрамдас бөлігі сопылық бағыт болып, онда Ахмет Ясауидің қалыптастырған сопылық мектебі Ясауия тариқаты болған [2]. ХІХ ғасыр қазақ діни ағартушыларының туындыларында сопылық сарынға ие екендігі даусыз. Себебі, Ясауи ілімі мен мәдениеті қазақ дәстүрінде, ой-танымында, діни философиясында ғасырлар бойы өзінің маңызын сақтап келген. Бірақ, қазақ зиялыларындағы сопылық сарын ханафилік-матуридилік іліммен үнемі үндестік ішінде дамыған. Олай дейтін себебіміз Абайдың өлеңдері мен Қара сөздерінде сопылық жағы басым тақырыптар орын алғанымен Алланың мәні, оның сипаттары, адам тағдыры мен қалауы сияқты каламдық мәселелерде ортағасырлық матуридилік ғұламалары аталмағанымен матуриди ілімі аясында тұжырым жасайды [3].Осылайша бұл қазақ халқының тарих бойында өзінің ұлттық сипатын жоғалтпауына мүмкіндік берді. Бұған соңғы жылдары елімізде жасалып жатқан зерттеулер дәлел бола алады.

Матуридилік ой түсінігі қазақ дүниетанымымен астарласып, біте қайнасқан. Алайда қазіргі кезде Қазақстанда қалыптасқан діни жағдайды реттеу үшін, қоғамымызда орын алып жатқан «қазақстанды исламдандырушыларға», қазақтар енді ғана мұсылман болып жатпағандығына жауап беру үшін өткен дәуір ғұламаларының еңбектеріне бет бұрып, оның матуридилік – ясауилік түсінікпен негіздері бір екендігін ғылыми тұрғыдан зерттеу маңызды болып отыр. Осы тұрғыдан қазақтың бас ақыны Абайдың шығармашылығы дәстүрлі дінімізді түсінуде, сонымен қатар Абайдың діни ой – пікірлеріне үңілуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз Абайдың тек ақын, ойшыл ғана емес, сол кезеңнің дін ғұламасы деп атауымызға әбден болады.

Абайдың матуридилікпен негіздері бір екендігін өзінің қара сөздері мен өлеңдерінде жырлап өтеді. Матуридилік мазхабы Ашғари мазхабынан көптеген айырмашылығы бар. Осы айырмашылықтар арқылы біз Абай сияқты басқа да қазақ ойшылдарын матуриди мазхабын ұстанғандарын анықтай аламыз. Абайдың негізгі ақидаға қатысты ойларын 38 қара сөзінен анық байқалады. Оның негізгі қарастырған мәселелері Алланың сипаттары мәселесі, иман мен амал арақатынасы, ақиқатты танудағы ақылдың маңызы сияқты тақырыптарды қамтыған.

Имам Матуриди ақиқатты тану барысында ақылды шектен аса қолданбай, өз орнында лайықты қолдана білді. Ақыл ғибратына қатысты Матуриди ақидасында Имам Ашғаримен келіспейтін бір пікірі адам ақылмен Алланың жаратқан жақсы мен жаманды танып біле алады деген тұжырым бар. Ашғарилер бұл пікір тұрғысында бір нәрсенің жақсы не жаман екенін ақыл ажырата алмайды, оны тек Алланың әмірі мен тыйымдары арқылы ғана білуге болады деген ой айтты. Мұның бәрі кейінгі уақытта Құранда айтылғандармен ғана шектелу, одан өзгенің бәрін бидғатқа шығару, Құран аяттарын тек сыртқы мағынасымен түсіну, оларға ақылмен түсініктеме жасауға қарсы болу, ақылдың үкім шығару барысындағы маңызын жоққа шығару сияқты бүгінгі күнде де орын алып отырған сәләфилікке негіз болған буквализм көріністерін дүниеге келтірді. Қазақ ойшылдарының барлығы дерлік ақылдың орнын жоғары қойған. Абай да көзсіз соқыр сенімге бет ұрмай ақылды қолдана отырып рационалды ойлануға баса маңыз береді. Жалпы тек Абай ғана емес қазақтың бүкіл дүниетанымы рационалды түсінікке құрылған. Абай шығармашылығын терең қарастырмай-ақ оның ақыл жүгіртуге шақырған көптеген өлеңдерінде көруге болады:

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз.

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл – мизан, өлшеу қыл [4, 21-22].

Абай ақылдың, ілім-білімнің маңызы жайында: «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» (10-сөз), - дейді. «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр» (38-сөз).«Ғылымның бір аты – ақыл» (сонда). Қысқасы, ғылым (ақыл-ес) - Жаратушының адамға дүниені тануы үшін дарытқан құралы. Дін ғылымсыз, өлі догматқа айналса - салдары ауыр. Осы жәйтті Абай «бүкіл шығыстың сол заманға шейін кенже қалуына себеп болған кесел-кедергінің бірі деп танып, онымен бірде-бір адым баспайды. Аулақ серпеді» [5]. Құран Кәрімде намаз, зікір туралы 77 аят болса, ал ғылым-білімге қатысты аят саны 770 жетуі көп жайды аңғартады. Ойшылдың әрқашанда ғылымды азық қылуға үндейтіні сол. Матуриди де ақылдың маңызын жоғары қоятындығы да осы себептен болса керек.

Құдайлық сипаттар мәселесінде Матуриди зати және субути сипаттар деп бөліп, тек Аллаға ғана лайық, одан басқа жаратылғандарға сай келмейтін сипаттар зати, ал Алланың жаратылғандарда бар болуы мүмкін сипаттар субути сипаттар деп аталады. Алайда бұл сипаттар жаратылғандарда Алла сияқты кемел бола алмайды. Негізінде Мутазила мазхабының Матуридилер мен Ашғарилерге қарсылығы осы сипаттар мәселесінде болды. Олар Алланың сипаттары затының ішінде. Олар одан басқа бір сипат ретінде бола алмайды деп, субути сипаттарға қарсы шыққан. Алайда матуридилер адамдардың Алланы танулары үшін субути сипаттар мәселесін көтерген. Бұл туралы Абай: «Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән тағрифлап танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ бізге мағрифат улла қиын болады. Біз Алланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хаким ақыл еріштіре алмайды. Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білуге болмайды»(38 қара сөз)-деп сипаттар мәселесі өте терең мәселе екендігін айтады.

Матуридилер мен Ашғарилердің сипаттар мәселесіндегі келіспеушілігі тәкуин сипатына қатысты болды. Матуридилер тәкуин, яғни жарату сипатын жеке қарастырса, ашғарилер оның жеке сипат емес екендігін, құдірет пен ирада (қалау) сипаттарының ішіне кіргізеді. Абай осы мәселеде матуриди жолында екендігін анық аңғартады: «Оның үшін Алла тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Тәкин» (38 қара сөз),– деп сегіз сипатын атап көрсеткен. Алла тағаланың сипаттарын алты Зати, сегіз Субути деп классификациялау сүнниттік исламның Матуриди мектебіне ғана тән. Бір өлеңінде Абай былай деген:

«Мекен берген, халық қылған Ол - Лә мәкан,

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың Оны ойламай,

Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!» [4,67].

Абайдың осы өлеңіндегі Алланы танудағы бүкіл Ислам әлеміндегі ғалымдардың бір ауыздан қабыл еткен негізгі доктринасы (Матуриди мен Ашғаридан тұратын «Әһлу сунна уәл-жамағат») – сүнниттік сенім бойынша Алланың мекенсіз болмысын меңзейді.

Абайдың "Ла Макан" мекені жоқ, мекенсіз, – деген сөзді қолдануы Имам Матуриди ақидасын жақсы меңгергендігін білдірсе керек. Ислам ақидасындағы ұстаным бойынша: Алла кеңістікті, мекенді жаратпастан бұрын бар болған. Мекенді жаратқаннан кейін де дәл сол қалпында. Алла бір хәлден екінші түрге өзгермейді. Яғни, ежелден мекенсіз бар Алла кеңістікті жаратқаннан кейін, сол кеңістікті мекендеп өзгеріске ұшырауы мүмкін емес. Өйткені өзгеру Аллаға тән сипат емес. Ол жаратылысқа тән сипат. Алла мекенді жаратқанмен Алла оған мұқтаж да болған емес. Мекенге мұқтаждық жаратылыстың сипаты. Мұқтаждық пен өзгеру – әлсіздіктің белгісі. Ал, әлсіздік құдіретті Аллаға лайық сипат емес.

Имам Матуриди Исламды дұрыс түсіндіру үшін ақыл-ойға жүгіну керектігін айтты. Ол діни мәтіндер Құран мен хадистерді тек тура мағынасында қолдануды ыңғайлы санайтын кейбір ислам құқықшылары мен хадисшілерге қарсы шықты. Олардың «Ақылдың жаңылуы мүмкін, сондықтан нақылды тек сөзбе-сөз түсіну керек» деген пікірлеріне Имам Матуриди «Китабут-Таухид» кітабында: «Ақылды қолдануды қабылдамау шайтанның қауіпті тұзақтарының бірі. Ақылды қолдануға қарсы келушілердің өздері ұстанымдарын қолдайтын ақылдан басқа еш дәлел келтіре алмайды (олар осы сөздерінің өзінде ақылды пайдаланып отыр). Мұның өзі оларға ақылмен ойлаудың аса зәрулігін мойындатуға жеткілікті. Олар қалайша ақылға салып ойлауды жоққа шығарады? Алла тағала құлдарын ойлауға шақырады, оларға ой топшылау мен ақыл ізденісін жасауды бұйырады, сол арқылы ғибрат пен үгіт-насихат алудың қажеттілігін көрсетеді. Асылында ой-пікір мен ақылға салу ғылымның қайнаркөздерінің бірі екендігін дәлелдейді» [6] деп қисынды тұжырымдарын алға тартады.

Қорыта айтқанда, Ислам ғылымдарының ең бір қиын да, күрделі саласы калам, ақидаға жататын мәселені Абайдың өлеңге қосып жырлауы, сол кезеңдегі қазақ халқының діни сауаттылығының едәуір жоғары дәрежеде болғанына дәлел етеді. Мұның қазақ халқы Ислам дініндегі тұрмыстық қағидаттарды ұстану ғана емес, ақидадағы күрделі мәселелерді дұрыс түсіну талабынан туындағаны анықталады. Абай адам баласының бұл дүниедегі орны, тіршілік мәні мен мақсаты туралы философиялық түсініктерін, ойларын қара сөздерінде жан-жақты дамытты. Өмір, дүние-тіршілік, қоғам мен адам, адам мен билік, адам мен Алла арасындағы қарым-қатынастар, Жаратушы заңдары, дін ғылымдары туралы ғұламаның пікірі, тұжырымдары ақиқатқа негізделгендіктен, әркез қажет тұжырымдар болып қала бермек.

Әдебиет:

  1. Şaban Ali Düzgün, Kelam el kitabı. – Ankara, 2012. - 162 б.
  2. Досай Кенжетай: Абай мұрасы – Матуриди салған даңғыл жол // http://www.maturidi.kz/index.php/ru/ma-alalar/tarikh-zh-ne-t-l-a/item/803-abaj-m-rasy-maturidi-sal-an-da-yl-zhol
  3. Мырзабеков М. Матуридилік ілімінің қазақ ойшылдарына әсері // Адам әлемі. – 2014. - № 3 (61). – 9-17 бб.
  4. Абай Құнанбайұлы. «Жетінші сөз» сериясы. Өлеңдер. Поэмалар. Аудармалар. Қара сөздер. – Алматы: Мектеп, 2003.
  5. М. Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағы. - 27-том: мақалалар, зерттеулер, пьеса, 1943–1946, «дәуір», «жібек жолы». – Алматы, 2014,
  6. Ebu Mansurel-Matüridi, Kitabut-Tevhidaçıklamalı tercüme, Bekir Topalıoğlu, Isam Yayınları. – Istanbul, 2005.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, абай, бар, бола, Имам, Ислам, оса.


Похожие статьи

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі

Библиографическое описание: Болатбеккызы А. Абай шығармаларындағы «толық адам»

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Осы қасиет адамдарды барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады» делінген [2, б.159-171].

Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер | Статья в журнале...

Мақалада, ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер қарастырған. Өзімізге белгілі қоғам қаншалықты дамысада, әлеуметтік мәселелер өзектігін жоғалтпайды. Олай болса авторлар мақалада, ислам дініні негізінде «жетімдер», «әйел адамдар», «ата -аналар» әлеуметтік мәселесіне жан-жақты...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Тәуелсіздіктің бар - жоғы 25 жылында сол арманның асау тұлпарын ауыздықтап, ерттеп міндік. Көздеген көмбеге мерейлі межеге жеткізер құбыламыз - "Қазақстан - 2050" Стратегиясы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Әл-Фараби мен Абай хакім | Статья в журнале «Молодой ученый»

Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космониялық және космологиялық түсініктері үндес.

Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге».

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Кең тынысты ақын | Статья в журнале «Молодой ученый»

Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген.

Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өлең жинақтары мұра боп табылады.

Бейнелеу технологиясының әдiстeрі мен амалдары – қаламгeр aтаулыға oртақ қазына.

Халық медицинасы және сырқатты емдеу жолдары

Осы айтылғандар үлкен әлемде болса, мұның бәрі Адам баласында да бар.

Егер осы жеті нүктенің біреуі өз қызметін тоқтатса немесе әлсіресе онда Адам сырқат бола бастайды.

Хадис (Ал – жамиғ Ас – сахих) Абу Абдуллах Мұхаммед ибн Ислам Ал – Бухарий.(Закиржон Ислам...

Основы исламской экономики – правовые и экономические...

Правовые основы исламской финансовой системы – современный взгляд на ростовщичество.

Тонкий знаток Корана и хадисов Пророка Имам Агзам Абу Ханифа достиг многого в области исламского.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Похожие статьи

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі

Библиографическое описание: Болатбеккызы А. Абай шығармаларындағы «толық адам»

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Осы қасиет адамдарды барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады» делінген [2, б.159-171].

Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер | Статья в журнале...

Мақалада, ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер қарастырған. Өзімізге белгілі қоғам қаншалықты дамысада, әлеуметтік мәселелер өзектігін жоғалтпайды. Олай болса авторлар мақалада, ислам дініні негізінде «жетімдер», «әйел адамдар», «ата -аналар» әлеуметтік мәселесіне жан-жақты...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Тәуелсіздіктің бар - жоғы 25 жылында сол арманның асау тұлпарын ауыздықтап, ерттеп міндік. Көздеген көмбеге мерейлі межеге жеткізер құбыламыз - "Қазақстан - 2050" Стратегиясы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Әл-Фараби мен Абай хакім | Статья в журнале «Молодой ученый»

Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космониялық және космологиялық түсініктері үндес.

Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге».

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Кең тынысты ақын | Статья в журнале «Молодой ученый»

Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген.

Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өлең жинақтары мұра боп табылады.

Бейнелеу технологиясының әдiстeрі мен амалдары – қаламгeр aтаулыға oртақ қазына.

Халық медицинасы және сырқатты емдеу жолдары

Осы айтылғандар үлкен әлемде болса, мұның бәрі Адам баласында да бар.

Егер осы жеті нүктенің біреуі өз қызметін тоқтатса немесе әлсіресе онда Адам сырқат бола бастайды.

Хадис (Ал – жамиғ Ас – сахих) Абу Абдуллах Мұхаммед ибн Ислам Ал – Бухарий.(Закиржон Ислам...

Основы исламской экономики – правовые и экономические...

Правовые основы исламской финансовой системы – современный взгляд на ростовщичество.

Тонкий знаток Корана и хадисов Пророка Имам Агзам Абу Ханифа достиг многого в области исламского.

Задать вопрос