Әл-Фараби мен Абай хакім | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 343 раза

Библиографическое описание:

Медетбаев, Тасбулат Сиезбайулы. Әл-Фараби мен Абай хакім / Тасбулат Сиезбайулы Медетбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 60-62. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17592/ (дата обращения: 20.04.2024).

Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс — бұл Әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік, кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, байланыстылық болғандығын растайды. «Әл-Фарабидің эти-калык ойлауының бастауы сұлулық пен бақытқа адамның жетуі…» [1, 335-б.]. Атап айтсақ, Абайдың және барлық қазақтың ағарту ісінің этика-әлеуметтік тұжырымдамасы өз бастауын адамды бағалау, оның бақыты мен адамдық болмыстың мәнін қарастырудан алды. Абай мұрасы «ұлы ақынның шығармашылығының өзегінде жатқан әсемдікке ұмтылумен бейнеленеді», — деп академик Ә. X. Марғұлан әділ бағалаған болатын.

Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космониялық және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің математикалық трактаттарын-да «8» санына баса назар аударған, ал Абай «Сегіз аяқты» жазған. Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге». Идеялардың мұндай өзектестігін жалғастыруға болады«Әл-Фараби және Абай» проблемасын зерттеумен шұғылданушы А. Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастыру-шы Әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарына кеңірек тоқталған мұсылман-діншіл Шахабутдин Маржани деген пікірге келеді. Ш. Маржанидің шәкірттері Абайға мөдреседе оқыған жылдарында дәріс берген. Абайдың Маржаниды көп оқығандығы жөнінде мәліметтер бар. Бұл мәселе нақтылауды әрі байыпты зерттеуді талап етеді, бірақ оның қойылуының өзі маңызды және қажетті, өйткені араб-мұсылмандық Шығыстың, сондай-ақ Әл-Фарабидің Абай дүниетанымына ықпалы — проблеманың әлі жет зерттелмеген жағы.

Абай Шығыстын, ұлы ақындары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхали және басқа да алыптардың сиқырлы әуез, биік рух, қиыннан қиын-дасқан шынайы шеберліктің үлгісіндей ғажайып поэзиясының аясында тәрбиеленіп, өмір бойы солардың дәстүрінен қол үзген емес. Өйткені, Шығыстың сүңғыла ойшыл ақындарының адамның табиғатын тереңнен ұғатын ерекше қасиеті, оның болмысына, рухани жан дүниесіне, адамдағы адамшылыққа сүйіспеншіліктері.

Қазақта ақындық өнер ондай құрметке ие болмаса, оған кінәлі өнер емес, сол өнерді тілемсектік, сұрамсақтық, мал табудың көзіне айналдырған ақындардың өзі екендігіне әбден көзі жетеді. Сөйтіп, ол Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда: «Ғылымды жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін үққан». Сөйтіп, «білім ал!» атты ақыннын, ұраны қазіргі өтпелі замандағы жастар үшін де нарық туралы ғылыми ілімді игеруде де өте маңызды орын алады.

Абайдың рухани әлемі — ерекше бір тылсым дүние, ал оның негізгі зерттеу объектісі — адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Олардың негізінде адам және кісілік философиясы жатыр.Абай былай дейді:

…Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айырылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес…

Өйткені, адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның, негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды. Мәселен, бүгінгі таңда біз бастан кешіп отырған жүйелі дағдарыстың өзі де — сайып келгенде осы адамның дүниеге деген түбегейлі катынасының дағдарысы Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам проблемасы - үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық жақтарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің. қайсысының да бір-бірімен тығыз байланысты екендігі күмәнсіз.

Абай адам табиғатын этикалық түрғыда қарай отырып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз қырлы, бір сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен «толық адам» кейпінде алға тартады. «..Адам деген даңқым бар», — дейді Абай. Сол арқылы ол не­ден қашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Мысалы, ақынның мына сөзі де осының бір дәлелі: «Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не қыльшы жоқ тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз?

Абайдың этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ», — деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ,. ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөксе жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол: «Еріншектік - күллі дуниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, үятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады», - деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді. Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жуйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бІр - өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздін, екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей .қалыппысың?» Бұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық әрекетіне жауап бере алуға, өзінің, өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады Адамның тұтыну мүмкіндіктері жайлы толғана келіп, Абай бұл мәселеде қанағатсыздыққа ұрындырмайтын мөлшер, шамадан асып кетпеу керектігін өсиет етеді: «Әрбір жақсы нәрсенің, өлшемі бар, өлшемінен асса — жараманды. Өлшемін білмек — бір үлкен керек іс… Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нәрселердің бәрінің де өлшемі бар». Ал, сол өлшемнің шамасын қалай анықтауға болады? Ақын пікірінше, — оның таразысы — ұяттылық пен арлылық. Осы сезім бар жерде адам қанағатшылдық пен кісіліктің тізгінінен айырылмақ емес деген ойға жүгіндіреді Бұл жерде біз белгілі орыс философы Вл. Соловьев пен Абайдың ұят туралы ой-пікірлерінің соншалық күтпеген үндестігіне таңданамыз. Вл. Соловьев ұят сезімі ұят дегенің өзі жалпы адамдықтың, моральдың маңызды бірінші бөлігі деп есептеген, ұятты мінез-қүлықтың айрықша реттеушісі дей келіп, Декарт сөзін былайша келтіреді: «Мен ұяламын, демек, мен өмір сүрудемін».. «Ұятты жоғалту», яғни «адамдықты жою» деген байламға келеді орыс философы. Ал Абай «Ғақлияның» отыз алтыншы сезінде осы үғымды толық, талдай келіп: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы», - дейді. Ғақлияның он төртінші сөзінде қазақ ойшылы былайша ой қорытады: «ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі үнемі жаманшылыққа,. мақтанға салынып, өз бойын бір тексермей кёткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі? Екі ойшылдың идеяларындағы мұндай айқын, салыстырмалы үндестіктің, этикалық идеялардың, мұндай жаңғырығын түсіндіру өте қиын.

Дегенмен, Абай Вл. Соловьев еңбектерімен таныс болды деген ұйғарымға келуге болады [2, 302-б.]. Өйткені олар Ресейде көптеген журналдарда жарияланған, кеңінен танымал болды, ал Абай бай кітап қорымен әйгілі Семей кітапханасының түрақты оқырманы болғаны жүртшылыққа белгілі. Ж. Аймауытұлы Абайға «дананың көрегендігі, ізгілікке құштарлық, әділдік, шыншылдық» тән деп тұжырымдап, ол өмір бойы «жаңылыс басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды», — деп ой түйеді Абай адамгершілік идеясын өмір бойы ту қылып көтеріп еткен. Ол азаматты шыққаң тегі, атқарып жүрген қызмет-мансабы, атақ-даңқы мен дәулетіне қарай емес, оның жан дүниесіне, өз еліне, халқына керсетер қызметіне қарай құрметтеуге үндейді.

Абай адамның жан дүниесінің үнемі өзгеріс, дамуда болатындығын дұрыс көрсетеді, сондай-ақ өзінің. «Адамбол» дейтін негізгі шафқатты-этикалық принципінде азаматты надандық тұрғыдан ылғи да жетілу, толысу процесі ауқымында ұғынады. Адамның адамшылдық жағын көре білу және дамыту, ақылды, білімді адамды жоғары бағалау, өмірінің аяғына дейін адам болып, дұрыс қартаю, өз халқына қажымай-талмай қызмет ету, бүкіл адамзатты, адамды сүю және құрметтеу - бүгінгі таңдағы басты мәселе [3, 80-б.].

Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты Абай да қоғамның жақсарып, жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп қатты сеніп, халқын сол жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем деп есептеген. Оған өзінің идеялық-мәдени ізденуі толық кепіл.

Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақының «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қара сөздерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін толғаныс-жырында және тағы да бірсыпыра шығармаларында диалектика идея-сы бой көрсеткен. Бүл туындыларында Абай жаратушыдан басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі

«Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек бұл зор мақсатты халықтық іс деп білу керек... Ал, осы екі алып тұлғаны жеке-жеке тануда едәуір істер істелгені рас. Бірақ бұлардың арасын жалғастырып тұрған ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба алмай жүрміз: бірақ оның барын анық сезсек те, оны «көруден» әлі шалғай жатырмыз, – дейді Ақжан аға [4, 71-б.].

Енді сол үшінші көздің бетін ашып, сонан сусындайтын мезгіл жетті деп білемін. Қаныштың қызы Шамшиябану өзінің мақаласында “Абайды танып болдық па?” – деп сауал тастайды [5, 9-б.].

Осы салада екі дана әл-Фараби мен Абайдың арасын жалғастыру. Оның өзі Абайдың Шығыс мәдениетінен алған, көрген мәселесіне соғатыны мәлім.

– Абайда “мутакалим мантикун” деген сөздер бар. Бұл өзі ғажап терең философиялық-логикалық – диалектикалық қағида. Бұл жөнінде бүкіл араб елдерінде, халифалар заманынан бастап осы күнге дейін айтыс-тартыс талас үзілген жоқ. Мантиқ-логика ілімін ең толық зерттеп дамытқан адам Әл-Фараби. Десек те, бұл ілімінің теріске әкетіп, шатыстыратын жағы бар. (Абай сонан қаш деп отыр). Бұған қоса оның нағыз ғылыми ойды дәлелдейтін тамаша өлшеуші, әдістері де бар. Мұның кейінгісі әл-Фараби сияқты ұлы ғалымдардан алған тағылымының нәтижесінен Абай даналығы түлеуден өтті дейді,- Әл-Машани [4, 73-б.].

Абайда талай терең қағидалар жатыр. Мысалы Абайдың “ғақлия – нақлия”, “ғаламның сәнді сәйкес жарастығы”, “ғылым құдіреті”, “жүрек таразысы – инсаф”, “өмірдің өзі шындық” деген тәрізді қағидаларының әрқайсысы бір-бір томдық еңбек жазуға болатын тақырыптар. Және осылардың барлығы әл-Фараби еңбегінде бар, онда терең талқыланған.

Мұхтар Әуезов марқұмның бір сөзінде Абай Семей қаласында медреседе оқып жүрген кезінде татардың ағартушысы-ғалым Шаһабудин Маржани еңбегімен танысып, оны өте жоғары бағалағандығын айтқаны бар-ды.

Абай жолын келешекте кеңейтіп адамдық, шындық жолы – Фараби-Абай жолы деп тануымыз керек...».

 

Әдебиет:

1.    Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. - А., 1972.

2.    Философия: Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық //Құрастырған Т. Ғабитов, аударған Б. Сатершинов. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 2002.

3.    Абай. Қара сөз. - А., 1993.

4.    Машанов А. Әл-Фараби және Абай.

5.    // Социалистік Қазақстан. – 1987. 9 тамыз.

Основные термины (генерируются автоматически): Абай, бар, мена, оса, пена.


Похожие статьи

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты

Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек...

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Матуридилік мазхабы Ашғари мазхабынан көптеген айырмашылығы бар. Осы айырмашылықтар арқылы біз Абай сияқты басқа да қазақ ойшылдарын матуриди

Алла тағала құлдарын ойлауға шақырады, оларға ой топшылау мен ақыл ізденісін жасауды бұйырады, сол арқылы ғибрат пен...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Тәуелсіздіктің бар - жоғы 25 жылында сол арманның асау тұлпарын ауыздықтап, ерттеп міндік.

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Похожие статьи.

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

Үстінде судай жаңа ер, жылтырағы мен салпыншақтары көп өмілдірік, құйысқан. Тамағында салбыраған шашағы бар жүген, ноқта.

For example, passing a segment of " Абай жолы» by Mukhtar Auezov or " Бақытсыз Жамал» Myrzhakyp Dulatov, the students are given a problem...

Кең тынысты ақын | Статья в журнале «Молодой ученый»

Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген.

Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өлең жинақтары мұра боп табылады.

Яғни, табиғат пен адамзат бір-бірімен тығыз байланысты, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Похожие статьи

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты

Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек...

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Матуридилік мазхабы Ашғари мазхабынан көптеген айырмашылығы бар. Осы айырмашылықтар арқылы біз Абай сияқты басқа да қазақ ойшылдарын матуриди

Алла тағала құлдарын ойлауға шақырады, оларға ой топшылау мен ақыл ізденісін жасауды бұйырады, сол арқылы ғибрат пен...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Тәуелсіздіктің бар - жоғы 25 жылында сол арманның асау тұлпарын ауыздықтап, ерттеп міндік.

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Похожие статьи.

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

Үстінде судай жаңа ер, жылтырағы мен салпыншақтары көп өмілдірік, құйысқан. Тамағында салбыраған шашағы бар жүген, ноқта.

For example, passing a segment of " Абай жолы» by Mukhtar Auezov or " Бақытсыз Жамал» Myrzhakyp Dulatov, the students are given a problem...

Кең тынысты ақын | Статья в журнале «Молодой ученый»

Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген.

Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өлең жинақтары мұра боп табылады.

Яғни, табиғат пен адамзат бір-бірімен тығыз байланысты, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Задать вопрос