Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 42959 раз

Библиографическое описание:

Болатбеккызы, Айгерим. Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі / Айгерим Болатбеккызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 53-55. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17589/ (дата обращения: 20.04.2024).

Әр кезеңдегі ойшылдар адам атының сақталып қалуы үшін толыққанды адам болудың жолдарын іздестірген және өздерінше әр қилы пікірлер білдірген. Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама сұмдықтарды көріп қорықты. Енді солардың біршамасына шолу жасасақ төмендегідей анықтамалар шыға келеді.

Қоғамдық пәлсапалық hәм діни-танымдық тұрғыдан «адам» ұғымы аса терең. Мысалы, XI ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж. Руми: «Адамның болмысы – ішінде әр түрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар. Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» – деген екен. Ал оқымысты Марк Орэл өзінің «Ойлар» атты кітабында: «Күнде таңертең адамдар арасына барып қосылғанда былай ойланам: бүгін мен адам бейнесіндегі кейбір жыртқыштармен кездесем, оларды ызаландырмай, өзім таланбай үйіме аман-есен оралуым керек» [1] – деп жазған екен.

Адам туралы ең алғашқы мәдени-антропологиялық ой бастауында тұрған Сократ болды. Сократтың адам туралы ойының ең маңызды белгілері ретінде адамдар бойындағы ең жақсы құндылықтар, моральдық ұғымдар және мінез-құлық түрлері салыстырмалылық тұрғысынан өлшенген. Сократтың шәкірті Платон алғаш рет адамға анықтама берді. Оның анықтамасы бойынша «адам – қауырсыны жоқ екі аяқты жануар сияқты» деп аталынды. Платонның шәкірті Аристотель анықтамасы бойынша «Адам ғана сөйлеу қабілетіне ие. Сөз пайдалыны да, пайдасызды да һәм әділеттілікті де, әділетсіздікті де жеткізе алады. Осы қасиет адамдарды барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады» делінген [2, б.159-171].

Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ. Яссауи және Ж. Румидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады.

VIII-IX ғасырда түрік халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдық-этикалық ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» [3, б.289], – дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән беруі – Абай негізін қалаған        «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек көздеріне жатады. Әл-Фарабидің осы философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

– Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, – депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды» [4, 325-327б.], – деген қорытындыға келеді.

Бір қызығы «он жетінші» қара сөз бен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі ақыл, қайрат, әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігіндегі» (1039 ж.) «жауанмәрттілік» (ақыл) деп аталатын төрт түрлі кейіпкерге балама ретінде суреттелетінін байқауға болады:

1. Әділет – Күнтуды елиг

2. Дәулет (қайрат) – Айтолды уәзір

3. Ақыл – Өгдүлміш уәзір

4. Шафқат – Одғұрмыш (қанағат, рахым) [5, б.64].

Ал А.Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Осылайша А. Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары дәріптеледі. Хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, қара басының қамын күйттейтін жан. Дертті адамның А.Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, қайрат-жігерімен одан шығар жол іздейді. А.Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат). Бұл ибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Өйткені А.Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жол. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Сондықтан да А. Ясауи        «Қай жерде ғарип көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді [6]. Міне, Абайдың «толық адам» туралы танымы да Сократтан басталатын Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Қытайлардың дао іліміндегі «әбден жетілген адам» (совершенно мудрый человек), Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам», Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан «Жауанмәрттілік» ілімі және А. Ясауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып жатқан секілді.

Көне қытай ойшылдары адамның адамдық қасиетін сыртқы көрінісінен іздейді. Ұлы ойшыл Конфуцийдың пікірінше адам үш түрлі болады: Дана адам – асып таспайды, Жақсы адам – күй талғамайды, Батыл адам – қорықпайды, - дейді. Сонымен қатар қытай жұртының ғұламасы, дао ілімінің негізін қалаушы Чжан – Цзы: өзінің арғы тегінен ажырамайтын адамды «Аспан адамы», рухани бастауынан бөлінбеген адамды «Қасиетті адам », шындықтан бөлінбеген адамды «Кемел адамға» жатқызған екен. Тағы да осы шығыс ғұламаларының даналық өсиеттерінде:

1. Ештеңе білмейтін, бірақ, ештеңе білмейтінін түсінбеген адам – ақымақ. Оны айналып өт.

2. Ештеңе білмейтін, бірақ, өзінің білмейтінін түсінген адам – шәкірт. Оған ілім үйрет.

3. Барлығын білетін, бірақ, білгенін іске асырмайтын адам – ұйқыдағы жан. Оны оят.

4. Барлығын білетін, білгенін іске асыратын адам – данышпан. Оны ұстаз тұт [1], -деген кемел ойлар айтылады.

Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1986ж.) өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде. Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген.

 Бес нәрседен қашық бол,

 Бес нәрсеге асық бол,

 Адам болам десеңіз.

 Тілеуің, өмірің алдыңда,

 Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер малшашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз [4, 66-67 б.].

Осы өлеңді білмейтін қазақ жоқ шығар. Абайды кім оқымады, Абай туралы кім жазбады десеңізші! Пікірлер күнде өзгереді, ал Абай сол қалпы. Өлеңге келер болсақ, өте түсінікті өлең. Жаман мен жақсының ара жігін бөліп , талдап жазған. Мүмкін дәл солай қабылдау керек шығар...? Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалы:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ...

Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Тағы да Абай!!! Жұмысссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой...

Таудай талапсыз армандарға жету екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек. Осы үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат етіп, адамдарға қол созып, рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Әрине, бұл тек менің өз ойым ғана...! Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М. Әуезов бұл өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытпай айтқан мағыналы да програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды.

Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде:

Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [4, 218б.], - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» - иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек [4, 119б.],- дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы.

Әдебиет:

1.      Қайратұлы Б., Факир Т./Адам және заман/ www.namys.kz – 06.06.2011.

2.      Ғабдуллин Б. Абай және Сократ/ «Абай тағылымы», Алматы: «Жазушы», 1986. ­­­159-171 б.

3.      Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы : «Ғылым», 1975. – 419 б. 

4.      Абай Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: «Раритет», 2008. – 384б.

5.      Мұхамеджанұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: «Дәуір»,1993. – 224б.

6.      Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы: «Атамұра», 2011.

Основные термины (генерируются автоматически): Абай, оса, VIII-IX, Алматы, бар, бес, бола, мена.

Похожие статьи

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Абайдың матуридилікпен негіздері бір екендігін өзінің қара сөздері мен өлеңдерінде жырлап өтеді. Матуридилік мазхабы Ашғари мазхабынан көптеген айырмашылығы бар. Осы айырмашылықтар арқылы біз Абай сияқты басқа да қазақ ойшылдарын матуриди мазхабын...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Осынау қастерлі ұғымдар ата - бабаларымыздың мәңгілік арманы, мәңгілік аңсары еді ғой. Тәуелсіздіктің бар - жоғы 25 жылында сол арманның асау тұлпарын ауыздықтап, ерттеп міндік.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Кең тынысты ақын | Статья в журнале «Молодой ученый»

Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген.

Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өлең жинақтары мұра боп табылады.

Бейнелеу технологиясының әдiстeрі мен амалдары – қаламгeр aтаулыға oртақ қазына.

Домбыра аспабын орындауда оқушының шеберлігін арттыру

Оқушының аспапта орындау шеберлігін арттырудың бірнеше жолдары бар.

Осы шеберлікке жету үшін, оқушы өз бетінше ізденіп, ойланып, көп дайындалуы қажет. Оқушының өз ойы, өзінің шығармашылық белсенділігі, өзіндік көзқарасы болмаса, ол нағыз орындаушы бола алмайды.

Сыр ақындары поэзиясындағы Арал тақырыбы | Статья в журнале...

«Шын қазақты көрем десең, Сырға бар» дегенді ел мақтан тұтатынын айтады.

Бұл өлкеде қазақ халқының ұлттық тілі мен діні, салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмағандығын еске алып марқаяды.

Әдебиет: 1. Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. Шығармалар жинағы.

Әл-Фараби мен Абай хакім | Статья в журнале «Молодой ученый»

Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге».

Осы салада екі дана әл-Фараби мен Абайдың арасын жалғастыру.

Алматы: Қаржы-Қаражат, 2002. 3. Абай. Қара сөз.

Туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздер | Статья в журнале...

Мақалада сөздіктердегі туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздерге этимологиялық талдау жасалып, олардың қолданылуы қарастырылған.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар.

2) Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара

Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Уаңбаев Е. “ Дене тәрбтесінің негіздері”, Алматы, 2000 ж.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады.

Задать вопрос