Болашақ мамандардың кәсіби тұлғалық салауаттылығын жетілдіру жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (123) октябрь-1 2016 г.

Дата публикации: 19.10.2016

Статья просмотрена: 112 раз

Библиографическое описание:

Тынымбаева, Г. К. Болашақ мамандардың кәсіби тұлғалық салауаттылығын жетілдіру жолдары / Г. К. Тынымбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 19.2 (123.2). — С. 44-47. — URL: https://moluch.ru/archive/123/34447/ (дата обращения: 16.12.2024).



Болашақ мамандардың кәсіби салауаттылық құзіреттіліктерін білім беру жүйесінде тәрбие технологиялары арқылы енгізу бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың негізгі проблемаларының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан – 2050» жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігіне ерекше мән берген болатын.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығының 78% оның психологиялық салауаттылығына байланысты екендігін көрсетеді. БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша психологиялық салауаттылық дегеніміз – адамның көңіл –күй қошының қоршаған ортаға ұмтылысымен, өзіндік «Мен» ұстанымдарының қоғамдағы жат қылықтарға жол бермеуімен ғана емес, сонымен қатар оның физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының сәтті болуы.

Психологиялық салауаттылық оқу үдерісінің бір нышаны болып келеді. Ол білім мен тәрбие үдерісінде денсаулық сақтау технологияларында, денсаулық сақтау ортасын құруда, субъектілік іс-әрекеттің мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқытушылардың, тәлімгерлердің медицина қызметкерлерімен, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлескен әрекеттерінде көрініс беруде. Десек те, оқытушылар психологиялық салауаттылық технологиясын үздіксіз не болмаса жүйелі қолданбайды. Арнаулы орта білім беретін оқу орындарында студенттер де өз денсаулығын қорғау, сақтау деген өзіндік траекториясы қалыптаспаған, көпшілігінің психологиялық салауаттылықты сақтау туралы білімдері төмен, қарапайым біліктері мен дағдылары қалыптаспаған.

Болашақ мамандарды кәсіби тұлғалық күйзеліс жағдайында саналы түрде жеңуге үйрету үшін өздігінен инновациялық технологияларды пайдалануды дағдыландыру маңызды болып табылады.Одан күтелітен нәтижелер:

- Студенттердің индивидуалдық мінез құлқына әлеуметтік педагогикалық сипатына тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып қарым-қатынас орнату;

- Оқытушылардың өзінің жағымсыз көңіл-күйін студенттермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға ықпалын болдырмау;

- Іскерлік қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;

- Студенттермен бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;

- Оқу-тәрбие үдерісінде оқытушылар мен топ тәлімгерлері тарапынан студенттермен қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;

- Субъектілік әрекетте жеке тұлға пікірін сыйлау;

- Қиын, қыңыр, қырсық студенттермен жеке-дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу. Оның бірден-бір жолы – психологиялық ойындар, тренингтер т.б.;

- Іскерлік қарым-қатынастаоқытушының студенттермен сенімділік іс-әрекетін орнату; қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу қажет.

Қым-қуыт тіршілікте жұмыр басты пенде белгілі бір кезеңде психологиялық күйзелісті бастан кешіретіні аян. «Дәл қазір күйзелісте жүрмін» деген сөзді он адамның тоғызы жиі айтатын болды. Бұрын-соңды мұндай сөзді құлағымыз шалмаушы еді. Ал қазір екінің бірі күйзелістік жағдайға душар болғандар. Әлем халқының 20 пайызы өмір бойы депрессиялық күйзелісте жүреді екен.

Күйзеліс - адамның психологиялық ауытқуы. Көбіне көңіл-күйі болмаған немесе қандай да бір қайғылы оқиғаны, жағымсыз кезеңді бастан өткерген адам күйзеліске ұшырайды. Психолог-мамандардың айтуынша, әсіресе, күз, көктем мезгілдерінде адамдар күйзелістік күйге тап болады. Бір қызығы, әлемде әрбір жиырмасыншы адам қандай да бір депрессиялық күйзелісті бастан кешіреді екен. Америкалық мамандар күйзелісті «психологиялық тұмау» деп айдар таққан. Яғни, бұл дерт бүгінде қарапайым тұмау сияқты қаптап кеткен дегенді білдіреді. Мәселен, Америка ҚұрамаШтаттарындажылсайын 15 миллион адам «психологиялықтұмауға» тап болады. Ал жаһанхалқының 5 пайызыдепрессиялықкүйзелістежүредіекен. «Күйзеліс - адамныңөмірсүругебейімділігінсипаттайтынжаһандықдерт» дегенпікір бар. Ең қызығыжер-жаһанныңмиллиондағанадамыаталмышдертпенбетпе-бет кездессе де, оданшығужолын, пайда болу себептеріндөпбасыпешкімайтаалмайды.

Психологтар дерттен айығу үшін адам ең алдымен ішкі жан дүниесінің мәнін ашу керек дейді. Яки кез келген адам өз-өзімен тілдесіп, сұраққа жауап іздеуі тиіс. Күйзелістік күйге түскен адам тек өзіне ғана емес, қоршаған ортаға да кері әсер етеді, мұндай адамдар қоғамнан алшақтанып, алдамшы ғұмыр кешеді деген пайымды да алға тартып отыр. Қалай десек те, күйзеліс - дерт. Бірақ оны емдеудің сан түрлі әдіс-тәсілі бар. Шым-шытырық оқиғаға толы бүгінгі жаһандық қоғамда ішке енген «қара төбетпен» күресу заманауи адам үшін маңызды-ақ. Әйтпесе, жауапсыз махаббаттың ащы запыранын тартқан жастар да, ҰБТ-ны тапсыра алмай сан соғып қалған жасөспірімдер де, күнделікті күнкөріс көзінен айырылып, өмірінің мәнін жоғалтып, араққа салынған ерлер де намыстан қорланып, ақыр аяғында тәнін саудаға салған бойжеткен де, бір балаға зәру боп, Алладан ұрпақ тілеген ана да, баспанасыз далада қалған тұтас жанұя да күйзелісті жағдайды бастан кешіріп, күйзеліс атты әбжыланның аузына ілігуде... Бір қарағанда мұның барлығы өмірдің елеуге тұрмайтын сәті сияқты, бірақ зардабы мен салдары тым ауыр-ақ...

Cуицидалды синдромның (белгінің) диагностикасы алдын алуда маңызды рөл атқарады. Суицидалдық кезеңдегі тұлғалар жеке дара, топтық және (немесе) отбасылық психотерапияны қажет ететін адамдар. Ерекше тәжірибелік маңызға ие – балаларды өзін-өзі өлтіруге кедергі болатын факторлар талдауы. Оған жататындар: депрессиялық күйзелістер кезінде болатын психикалық (жүйке) аурулардың болмауы; отбасындағы өте жақсы қарым-қатынас; нақты немесе формалды ойлау дәрежесіне жетпеген когнитивтік іс-әрекет; суицидті аз қабылдауға тырысатын мәдени және рухани-адамгершілік факторлардың болуы және т.б.

Суицидалды әрекеттерді болдырмау: Жүйке зақымданған жағдаяттарда психологиялық қобалжудан босату; суицидалдық мінез-құлыққа апарған әрекеттің себептің психологиялық тәуелділігін азайту; мінез-құлықтың компенсаторлық тетігін қалыптастыру; өмір мен өлімге шынайы қарым-қатынасты қалыптастыру.

Суицидті анықтау: алдын алу. «Превенция» (алдын алу) сөзі латынның «praevenire» – «алдын ала білу, алдын ала сезу» деген сөзінен шыққан. Суицидтің әлеуметтік және психологиялық хабаршысын білу бізге оны түсінуге және оны болдырмауға көмек болар еді. «Ол неге өз күші мен ақыл-ойын осы күш пен ақыл-ойды бұзуға тырысты?» Өзін-өзі өлтірудің құрбанын білетін адамдардың барлығы дерлік осы сұрақты қояды.

Түзету. Күйзелісті жеңудің әлеуметтік дағдылары мен білігін оқыту. Жасөспірімдерге отбасын, мұғалімдерді, достарын және т.б. тарту арқылы әлеуметтік қолдау көрсету, мінез-құлқының қиындықтарын шешетін әлеуметтік-педагогикалық тренингтер жүргізу, әлеуметтік қолдауды іздестіру, оны көрсету және қабылдау, өзін-өзі бағалауын көтермелеу бойынша жеке дара және топтық психологиялық түзету сабақтарын ұйымдастыру, өзінің жеке басына, эмпатиясына шынайы қарым-қатынасты дамыту.

Потенциалды суицид кезіндегікөмек: интервенция (зорлықпен қол сұғу). «Интервенция» сөзілатынныңinter (аралық) жәнеvenire (келу) сөздеріненшыққан. Суицидалды интервенция «аралықкелу» бола тұрып, өзін-өзібұзуактісінболдырмауүдерісінбілдіреді. Олөмірденкүдерүзгенадамменбетпе-бет келіп, оғанәлеуметтік, психологиялықжәнеэкзистенциалдыкүйзеліскезіндеэмоционалдыққолдау мен аяушылықбілдіруменаяқталады.

Әдебиет:

  1. Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье. — 2-е издание, переработанное и доп. — М.: Физкультура и спорт, 1990. — 208 с.
  2. Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник для вузов. — М.: Флинта: Наука, 2011. - 448 с
  3. Н. М. Амосов. Энциклопедия Амосова. Алгоритм здоровья. — Москва, 2004. -204 с.
  4. Афанасенко Г.Л. Охрана здоровья здоровых: некоторые проблемы теории и практики. М.; Просвещение, 1987.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос