Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 30.03.2015

Статья просмотрена: 6170 раз

Библиографическое описание:

Абдраманова, Г. Б. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі / Г. Б. Абдраманова, Г. О. Байзулдаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 4-6. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16662/ (дата обращения: 26.04.2024).

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке — ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық — психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлаудың сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту,... білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». — деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын мектеп практикасына белсенді түрде ендіру — қоғам талабы.

Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады.

Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, А. Я. Найн, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.

Қазақстанда білім беру саласындағы инновациялық технологиялар арқылы оқытудың мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог-ғалымдар зерттеген.

Педагогтардың кәсіби сапасын арттыру, олардың педагогикалық білігін қалыптастыру О. А. Абдуллина, С. И. Архангельский, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, Г. А. Уманов, Н. Д. Хмель зерттеулерінде; мұғалімнің инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру М. И. Дьяченко, Г.Қ.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова еңбектерінде, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру А. Е.Әбілқасымова, Б. Б. Баймұханов, Е. Ы. Бидайбеков, К. К. Закирьянов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Қабдықайыров, Е.Ө.Медеуов, Д.Рахымбек, С. Е. Шәкілікова, Б.А.Әлмұханбетов еңбектерінде зерттелген.

Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі — инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерде мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты болып табылады.

«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.

Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немербай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдісі деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді [1].

“Технология” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда технология және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ [1].

«Технология» термині алғаш рет 1940–50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология — өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы.

Ш. Т. Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған [2,3].

Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:

Білім беруді ізгілендіру технологиясы — оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату (Ш.Амонашвили).

Ойын арқылы оқыту технологиясы — дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс — әрекеттің педагогикалық механизмі жеке бастық, өзіндік талап — талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді (Л. С. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, З.Фрейд).

Проблемалық оқыту технологиясы — оқушының өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы — (В. Ф. Шаталов) мынаны көздейді — білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдету.

Түсініктерді қабылдау арқылы оқыту технологиясы — (С. Н. Лысенкова) барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы, бағдарламаның кейбір тақырыптатырының қиыншылықтарын жеңу, қиын тақырыптады біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.

Деңгейлеп саралап оқыту — міндетті нәтижелерге негізделген. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

Бағдарламалап оқыту — (Б.Скиннер, Н.Краудер, В. Г. Беспалько) ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.

Оқытудың компьютерлік технологиясы — ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы — (Л.Джинна Стил, С.Куртик). Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.

Өз-өздігінен даму технологиясы — (М.Монтессори) баланы жан — жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемімен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда бала өзін — өзі дамытады.

Дамыта оқыту технологиясы — (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. Б. Давыдов) баланы оқыта отырып жалпы дамыту, яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар — намыс қасиеттерін дамыту.

Модульдік оқыту тетехнологиясы — (В. Б. Монахов) оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдісті түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтын алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. В. А. Максимова технологияларды былай ұйымдастыруды ұсынды:

1.      Ойын технологиалары;

2.      Терминдік технологиялар;

3.      Ақпараттық технологиялар;

4.      Диологтық технологиялар;

5.      Құрылымдық ойлау технологиялары

Казіргі кезде В. А. Максимованың бұл топтастыруы әрі қарай дамытылып, күрделендіріле кеңейтілді. Жалпы педагогикалық технологиялар 3 топқа бөлінеді.

Сондай-ақ әрбір инновациялық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе — оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқытудағы басты нәрсе — бұл білім алу және өздігінен блім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие.

Сонымен, инновациялық білім беру өз құрамына жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.

 

Пайдаланылған әдебиет:

1.       Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. — Алматы, 2005. –137 бет.

2.       Таубаева Ш. Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп -1999.- № 4. — Б.5–12.

3.       Таубаева Ш. Т., Лактионова С. Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. Алматы, 2001.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, инновация.


Похожие статьи

Рынок инноваций и его структура | Статья в журнале...

Коммерческий обмен различными объектами инновационного продукта осуществляется на рынке инноваций. Рынок инноваций представляет собой совокупность...

Новшества, нововведения, инновации: определения и сущность

Приведем результаты анализа материалов, посвященных инновациям, и затрагивающих вопрос выявления смысла данного явления.

Сущность понятия «инновация» как экономической категории

В настоящее время усиливается значение инновационного фактора в экономике страны. В современных условиях развитие науки становится непременным условием создания...

Проблемы и перспективы участия России в международном...

Однако, не вызывает никакого сомнения, что это значительно снижает темпы развития российских инноваций и подрывает потенциал дальнейшего участия России в...

Роль инновационных изменений в организации

В данной статье рассмотрены проблемы управления инновационным процессом на предприятии. Выявлена классификация инноваций...

Инновационный потенциал российского гостиничного бизнеса

Инновации — это использование в той или иной сфере общества результатов интеллектуальной (научно-технической) деятельности...

Малое инновационное предпринимательство как часть...

Как показывает мировая практика, инновации в большей степени создаются в секторе предпринимательства, преимущественно...

Инновационная деятельность предприятия | Статья в журнале...

Ключевые слова: человеческий потенциал, организационное развитие, инновации, инновационная деятельность.

Виды инновационных технологий и их характеристики

Инновационная деятельность — это особый вид педагогической деятельности. – Инновации определяют новые методы, формы, средства, технологии...

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития.

Похожие статьи

Рынок инноваций и его структура | Статья в журнале...

Коммерческий обмен различными объектами инновационного продукта осуществляется на рынке инноваций. Рынок инноваций представляет собой совокупность...

Новшества, нововведения, инновации: определения и сущность

Приведем результаты анализа материалов, посвященных инновациям, и затрагивающих вопрос выявления смысла данного явления.

Сущность понятия «инновация» как экономической категории

В настоящее время усиливается значение инновационного фактора в экономике страны. В современных условиях развитие науки становится непременным условием создания...

Проблемы и перспективы участия России в международном...

Однако, не вызывает никакого сомнения, что это значительно снижает темпы развития российских инноваций и подрывает потенциал дальнейшего участия России в...

Роль инновационных изменений в организации

В данной статье рассмотрены проблемы управления инновационным процессом на предприятии. Выявлена классификация инноваций...

Инновационный потенциал российского гостиничного бизнеса

Инновации — это использование в той или иной сфере общества результатов интеллектуальной (научно-технической) деятельности...

Малое инновационное предпринимательство как часть...

Как показывает мировая практика, инновации в большей степени создаются в секторе предпринимательства, преимущественно...

Инновационная деятельность предприятия | Статья в журнале...

Ключевые слова: человеческий потенциал, организационное развитие, инновации, инновационная деятельность.

Виды инновационных технологий и их характеристики

Инновационная деятельность — это особый вид педагогической деятельности. – Инновации определяют новые методы, формы, средства, технологии...

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития.

Задать вопрос