Еркіндік ұғымының мәні | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №13 (460) март 2023 г.

Дата публикации: 31.03.2023

Статья просмотрена: 1306 раз

Библиографическое описание:

Абдираманова, А. Т. Еркіндік ұғымының мәні / А. Т. Абдираманова, Г. М. Ибраев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13 (460). — С. 332-334. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101168/ (дата обращения: 28.04.2024).

Берілген мақалада еркіндік ұғымы діни, этикалық, құқықтық, тарихи категориялар тұрғысынан қарастырылады. Авторлар философия тарихындағы еркіндік тұжырымдарына талдау жасайды.

Кілт сөздер: еркіндік, философия тарихы, ойшылдар.

В данной статье понятие свободы рассматривается с точки зрения религиозных, этических, правовых, исторических категорий. Авторы проводят анализ концепций свободы в истории философии.

Ключевые слова: свобода, история философии, мыслители.

Еркіндік терең мағыналы ұғым. Классикалық философияда еркіндік дегеніміз бұл іс-әрекеттің сипаттамасы: объективті шектеулерді білумен және түсінумен; өз еркімен (мәжбүрлеусіз); мүмкіндіктерді таңдау жағдайында; дұрыс шешім нәтижесінде; ақылдың арқасында адам өз таңдауын жасай алады; адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттай отырып жамандықтан ауытқып, жақсылыққа бейім болатындығы айтылады. Адам үшін еркіндікке ие болу оның еңбек етуімен дамуының басты шарты болып табылады. Адамзат осы еркіндіктің негізінде қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, оны өз мақсаттарына сәйкес өзгерте алады.

Философия тарихына көз жүгіртсек, адам баласының негізгі арманы еркіндік, еркін өмір сүру екенін көреміз. Еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды. Этикада «еркіндік» адамның ерік бостандығының болуымен байланысты. Ерік бостандығы адам мойнына жауапкершілікті салады. Бұл мағынада этика адамның еркіндігін және жауапкершілігін өзара байланыста болатынын көздейді. Ерік бостандығы-бұл қалыптасқан жағдайға тәуелсіз таңдауды жасау мүмкіндігі.

Еркіндік екі типке: позитивті еркіндік және теріс (негативті) еркіндік болып бөлінеді. Теріс (негативті) еркіндік «мен ешкімге құл емеспін» және позитивті еркіндік «мен өз-өзіме қожайынмын» арасындағы айырмашылық кейде бір нәрседен «еркіндік» пен бір нәрсе істеуге «еркіндік» арасындағы айырмашылықтар тұрғысынан көрінеді. Позитивті еркіндік-бұл адамның потенциалының жеткілікті болуы және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ресурстардың болуы. Жалпы қоғамда азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуында көрініс береді. Негативті еркіндік сыртқы шектеулерден және басқа адамдардың қысымынан азат болу. Осы тұрғыдан, негативті еркіндік дегеніміз бұл шектеуден еркіндік болса, позитивті еркіндік дегеніміз ол әрекет ету еркіндігі болады.

Еркіндік мәселесі адамзаттың қоғамда еркін және еркіндігі жоқтарға бөлінуіне байланысты антика философиясында мәселе ретінде қойыла бастады. Бұл мәселені алғаш философия тарихында Сократ көтерген болатын. Сократ үшін шын азат адам өзінің ішкі түйсіктері мен қажеттіліктерін билей алатын адам, ал өзінің ішкі түйсігін бағындыра алмаған адам олардың құрбаны, құлына айналатындығын айтады. Ал Платон болса еркіндікті жақсылықтың болмысы деген тұжырым жасайды, іс-әрекеті жақсылыққа жетуге бағытталған адам еркін. Ерік ұғымын жоғары идея ретінде жақсылықтың бар болуымен байланыстырады. Яғни еркіндік ұғымын «игілік болмысы» мағынасында ежелгі гректердің полистік өміріндегі бостандық түсінігі шеңберінде қолданған. Аристотель еркіндікті адам іс-әрекеттерінің еркіндігі мәжбүрлеуден немесе қателіктен ада әрекеттен туындаған немесе табан астында туындаған еркіндік ретінде қарастырған.

Орта ғасырда еркіндік мәселесін теологиялық көзқарас тұрғысынан шешуге талпыныстар жасалынды. Бұл әсіресе христиан дінінің үстемдік етуімен байланысты. Ондағы негізгі идея адамның «күнә мен күнәдан құтылу» жолдарын таңдауы болды. Еркіндік алдын ала Құдаймен анықталып қойылатындығын жақтаушылардың ең көрнекті өкілі Августин болды. Орта ғасырдағы ұлы христиан ойшылы ақыл мен еріктің айырмашылығын адамның Құдай алдындағы күнәһарлығы еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан тайқуынан көреді. Екінші бағытқа ерік бостандығын дәріптеуші Фома Аквинскийдің ілімін жатқызуға болады.

Ал Қайта өрлеу дәуірі және Жаңа заман ойшылдары орта ғасырлық ойдан арылып, адам еркіндігін дәріптеуге ұмтылады. Еркіндік ұғымын индивидтің басқа адамдармен, қоғаммен қатынасы тұрғысынан қарастырып, оны жоғарғы адамдық құндылықтық деңгейіне көтерді. Еркіндікті адам өз-өзіне және өз әрекетіне туа біткен немесе қалыптасқан қатынасы ретінде түсінеді, еркіндік — істей аламын деген мағынада көрініс табады. Еркіндік ерік бостандығы ретінде немесе трансценденталды еркіндік тұрғысында түсіндіріледі.

Эразм Роттердамский католик шіркеуіне қарсы бағытталған христиандық гуманистік бағыттың өкілі адам еркіндігі мәселелеріне байланысты былай тұжырым жасайды: «Адам өмірін баста йтын да, аяқтайтын да — Құдай, бірақ екі ортадағы өмір ағымында адамға еркіндік қажет. Бұл еркіндік белгілі бір мөлшерде: ерікті ақыл-ой реттеп отыруы қажет. Шамадан, мөлшерден көп ештеңе болмауы керек» [1. Мартин Лютер құдай ештеңені де кездейсоқ болжамайды, құдай бәрін өзінің тұрақты, мәңгілік және күнәсіз еркімен алдын ала көре біледі, барлық мақсат-мұраттар күні бұрын жазылып қойған және сол ізбен жүзеге асады. Адамның материалдық заттарға қатысты ерік бостандығын мойындайды. Адамдар күнә қылықтарын өз еркімен жасайды деген ой түйеді.

Джованни Пико делла Мирандола ерік бостандығы турасында «…адамның ерекшелігі және абыройы оның Құдайдан сый ретінде берілген ерік бостандығында. Ерік бостандығының болуы адамға қоршаған ортаны өзгертуге және шығармашылықпен айналасуға жол ашады. Өз еркіне бағынып, адам жұлдыздар деңгейіне де көтеріледі, төмен, аласалық қалпына да түсіп кетеді» [2.

Томас Гоббс еркіндік ұғымының саяси өлшемін енгізді: адамның мемлекеттегі өмірдің еркіндік мөлшері табиғи қалыптағы өмірдің еркіндік мөлшерінен көбірек. Еркіндік — әр адамның түсінігі мен өз ойы бойынша істеуге болатын іс-әрекеттері тұрғысынан қарастырған. Ал Джон Локк: индивидтер кез-келген бағытта жылжудың шексіз еркіндігінен гөрі құқықтық мемлекеттегі еркіндікті дұрыс деп таңдайды, себебі ол жайлы өмір сүруге жағдай туғызады деп тұжырымдайды. Вольтердің пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болатындығын айтады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды танып білумен, оны игерумен байланыста түсіндіреді. Ф. Энгельстің пайымдауынша еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Адам еркіндік арқылы қоғамдағы байланысын реттеп, өз орнын таба алады және жауапкершіліктен бас тартпауы тиіс. Еркін екенмін деп адамзатқа зияны тиетін теріс әрекетке бармауы керектігін атап көрсетеді.

Адам еркіндігінің тарихта дамуы Руссоның ойынша табиғи еркіндіктен басталады, бұл жерде тек қана өз жеке басының күшіне байланысты. Келесі сатысы азаматтық еркіндік, бұл келісім-шартқа сәйкес бір адамның өз бостандықтарының бір бөлігінен бас тартуы, себебі ол қоғамның басқа мүшелеріне қамқорлығын білдіреді. Бұнан кейін моральдық еркіндік — еркіндік дамуындағы жоғарғы деңгейі. Осы деңгейде адам «өз-өзіне қожайын» болып шығады, себебі ол «өз-өзіне жазып қойған заңдарды жетекшілікке алады».

Д. Дидро еркіндік жансыз дүниеге де тән. Әлемде қозғалмайтын зат жоқ. Бәрі қозғалыста, егер кейбір қозғалмайтын зат болса, оны ұстап тұрған кедергінің бар болғаны. Егер сол қозғалмай тұрған заттың кедергісін алып тастаса, ол қозғалысқа түседі. Олай болса, сол қозғалыстың өзі де еркіндік деп атайды [3.

Д. Кішібеков «Тәуелсіздік еркіндіктен туындайды. Тәуелсіздік ол ешкімнен қаймықпау, ешкімге бағынышты болмау, ойға алған ісіңе еркін кірісу [4. Адамның еркіндігі қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық жағдайының негізі болып табылады. Еркіндік — жан қасиеті болғандықтан, адамның тұлғалануына керек бірден-бір шарт және өлшем.

Әдебиет:

  1. Кант және Гегель философиясы. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. — Алматы: Жазушы, 2006. — Т. 8. — 520 б.
  2. Әбішев Қ., Әбішева Ә.Қ. Философия. — Алматы: Қазақ университеті, 2020. — 450 б.
  3. Рысқалиев Т. Х. Философия тарихы. — А., 2015. — 508 б.
  4. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. — А., 2005.
Основные термины (генерируются автоматически): история философии, мена, Философия.

Ключевые слова

еркіндік, философия тарихы, ойшылдар

Похожие статьи

Философия истории как основной вектор осмысления...

Исходя из этого уже в XX в. происходит разделение философии истории на две разновидности

Главная задача философии истории — это основной вектор, направленный на метафизику истории, сущностно-онтологическое осмысление исторической жизни.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»...

Аталған оқу орнында 30 жылдан астам еңбек еткен. «Философияның қысқаша тарихы» атты кітапта философия ғылымдарының дамуына ерекше үлес қосқан Сократ және Платон, Аристотель, Эпикур мен Зенон, Ф. Аквинский, Р. Декарт, Дж.

Философия античности: общая характеристика | Молодой ученый

Борьба между ними представляет классическую страницу истории философии. Как раз к этому периоду относится возникновение так называемых «двух линий в философии» — «линии Демокрита» (материализма) и «линии Платона» (идеализма).

Қазақтың философиялық дүниетанымының қалыптасуы

VII, Ахмета, мена. Похожие статьи. Искусство слова Ахмета Байтурсынова – это его духовный мир.

Философия и методология науки | Статья в журнале...

Как особенная общефилософская дисциплина «Философия науки» появляется в половине XIX в., в взаимосвязи с усилением самодостаточности науки в культуре и возрастанием значимости в постановлении все наибольшего количества трудностей социального формирования.

Бог — это несотворенное сущее. На философию Августина...

Таким образом, философия Фейербаха предстает переходной между немецким классическим учением и материализмом XIX века, а также выступает как комплекс идей, предшествующих марксизму.

Фейербах Л. История философии. Соб. сочинений в 3 т. М.: Мысль, 1967.

Рубрика: Философия

Он полагал, что религии свойственна одна истина, а философии — другая. То есть, эти две области не следует смешивать и пытаться совместить, так как в вопросах веры не стоит рассчитывать на разум, а проблемы науки и познания нельзя решить при помощи веры.

Рубрика: Философия

В отрыве от истории, от её динамики, от развития мысли любые истины для современного человека были и останутся загадочными и сложными.

Великий мыслитель закончил свой земной путь трагично в борьбе с тиранией. Но остался в истории философии.

Философия науки как самостоятельная отрасль знания...

 Философия сегодняшнего дня — это философия XXI столетия. Наш век считается продолжением стремительного научно-технического прогресса и революционных подходов во всех областях жизни, начатых еще в прошлом столетии.

Содержание и особенности философии Средневековья в период...

 Религиозный тип мировоззрения становится основой философии Средневековья. Христианские истины очерчивали возможности средневекового европейского философствования, исламские — арабо-мусульманской философии.

Задать вопрос