Жaрыc oйын түрлeрiн биoлoгия caбaқтaрындa пaйдaлaну | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 179 раз

Библиографическое описание:

Абдраманова, Г. Б. Жaрыc oйын түрлeрiн биoлoгия caбaқтaрындa пaйдaлaну / Г. Б. Абдраманова, К. Б. Ажмолдаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 30-32. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22503/ (дата обращения: 16.12.2024).

            Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесімен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Ойынды психологогиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және әдістемелік негіздері А.Фрейд, К.Роджерс, Д.Леви, Д.Торф және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.

Ойын әрекетінің бала психологиясының дамуына шешуші қызмет атқаратындығы жайында Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Кұдайбердіұлы т.б. қоғам қайраткерлерінен бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша атап өтілген [1-5].

            Биология сабағында жарыс ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттырады. Мәтінмен жұмыс «КВН» ойыны, «Сиқырлы сандық», Шеңбер бойынша мәтіннің мазмұнын айт», «Сурет арқылы мәтін құрастыр», «Мені дұрыс түсін», «Сөз тіркесінен ситуатция құра», «Даналық ағашы» ойындары арқылы өтеді.

Бұл ойындардың барлығы жарыс түрінде өтеді, ұпай сандары арқылы бағаланады. Ойын қызық және тартымды болуы үшін ойынға керекті материалдарды көрнекі, түрлі түсті түрде дайындаған дұрыс. Бағалау парақтары. Топтардың нөмірлері, жетондар т.б. ойынға керекті заттар түрлі түсті қағаздан дайындалады.

Әрине, оқыту технологияларының қайсысын болмасын қолдану, оқушыны осындай ойынға бейімдеу, қызықтыру оңай іс емес. Ол оқытушыдан білімділікті, еңбекқорлықты, үлкен шығармашылық пен жаңашылдықты, мол дайындықты қажет етеді. Бұл жағдайда мектеп басшылығынан мұғалімдерге көмек қажет, компъютер, техникалық құралдар, үлестірмелі материалдар болуы тиіс.

            Оқушылардың ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту биология саласындағы проблеманың бірі. Әрбір сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды. Мәселен, биология сабақтарында жарыс ойын түрлерін пайдалану арқылы мынадай тақырыпта сабақ өткізуге болады.

            §43. "Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері" тақырыбындағы жарыс сабақтың өткузі әдістемесі
            Мақсаты:

            Білімдік: Жұмыр құрттардың құрылысын біліп, олардың жалпақ құрттардан ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйренеді және маңызын түсінеді. Типке тән белгілерді талдауды үйренеді.

            Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін, сөйлеу, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

            Тәрбиелік: Оқушыларға санитарлық-гигиеналық, адамгершілік, экологиялық тәрбие бере отырып, достыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Топта жұмыс істей білуге дағдыландыру.

            Сабақтың типі: Аралас сабақ

            Сабақтың түрі: Жарыс сабағы

            Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, таблица, электрондық оқулық.
Қолданылатын әдістер: Жекелей-іздену, эвристикалық, пікірлесу, проблемалық, интерактивтік.
            Сабақтың құрылысы:

            Ұйымдастыру

            Үй тапсырмасын сұрау

            Жаңа сабақ

            Бекіту

            Бағалау

            Үйге тапсырма беру

            Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

            Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Сыныпты 5 топқа бөлу. Сергіту жаттығуын өткізу.

            Сабақта оқушылардың өз ұсыныстарымен келісім немесе ереже қабылдау.
            1. Сабақта тыныштық сақтау

            2. Қол көтеріп жауап беру

            3. Кезектесіп сөйлеу

            4. Басқаны тыңдай білу

            5. Мұғалімді тыңдау

            6. Сұрақ қою

            7. Көмектесу

            8. Идеяларды, пікірлерді топпен талқылау

            Үй тапсырмасын сұрау. Тест тапсыру

            Жаңа тақырып алдында оқушыларға сұрақ қойылады.
Адам денесінде құрттар кездесетінін білесіңдер. Олардың қандай
түрлерін атай аласыңдар? Құрттардың айырмашылықтарын білесіңдер ме?
            Жаңа сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
Жұмыр құрттардың құрылысын білу, олардың жалпақ құрттардан ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйренеміз және маңызын түсінеміз. Типке тән белгілерді талдаймыз. Ендеше, біз бүгін сол құрттардың түрлерімен танысамыз.

            Жаңа тақырыпты жазыңдар: §42. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

            Сіздерді бағалап отыратын мұғалім және 2 оқушыдан сарапшы тобын құрамыз. Олар өз бағаларын қойып отырады, ортақ балл шығарады.

            Мұғалім іс-әрекеті. Оқушы іс-әрекеті

            1. Балалар, дәптерлерімізді ашып, тақырыпты жазамыз.

            §42. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Оқушылар дәптерге тақырыпты жазады.

            2. Тақырыпты ашып, барлық топ жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасымен оқып,танысыңдар. Ол үшін оқулықтың 191-бетін және 192-беттің алғашқы 2 - абзацына дейін оқисыңдар. Оқып болған соң, мына кестені толтырыңдар.
            Оқушылар тақырыпты оқулықтың 191-192 бетінің 2- абзацына дейін оқиды. Оқушылар кестені толтырады.

            3. Әр топтан 1 оқушыдан, шығарып, өз қалауларымен, схема бойынша отырған оқушыларға түсіндіреді.

            Оқушылар өз топтарында оқығандарын бір-бірімен пікірлесе отырып түсіндіреді де, барлық оқушыларға түсіндіру үшін бір оқушыны ұсынады.
            4. Оқушылар тобына 5 түрлі тапсырма беріледі. Топ қатысушылары ол тапсырмаларды өздері бөлісіп алады. Тапсырма немесе сұрақтар жауабын беру үшін, оқулықтағы тақырыпты әрі қарай оқиды да, бір-бірлеп кезегімен жауап береді. Жауап беру тәртібі төмендегіше: әр топтан 1 - тапсырманы орындаған оқушылар шығып, тапсырма жауабын ортаға салады. Олардың тапсырмасы талқыланып болған соң, келесі тапсырмаға көшеді. Осы тәртіппен барлық 5 тапсырма талданады. Оқушылар тапсырмаларды өзара бөлісіп, дайындалады да өз тапсырмаларының жауабын сыныптағы оқушыларға ұсынады.

            5. 3 минут тақырыпты оқуға, 3 минут тапсырма мен сұрақтардың жауабын дайындауға беріледі. Әрбір сұрақ пен тапсырманы талдауға 5 минуттан беріледі. Оқушылар жауабын оқулықтан оқып, схеманы толтырады.
            6. 1. Мына жұмыр құрттар қайда тіршілік етеді? Жауабыңды схемаға түсір.
            2. Үшкір құрт туралы не білдіңіз?

            3. Ішексорғының құрылысы қандай екен?

            4. Ішексорғының дамуы қалай жүзеге асады екен? (Сурет беріледі)

            5. Жұмыр құрттардың пайдасы мен зияны қандай?

            Оқушылар тапсырма мен сұрақтар жауабын дайындайды да, ауызша айтып шығады. Оқушылдар схеманы толтырады.

            Әр топтан 1 оқушы тапсырма мен сұрақтарына жауап береді.
Оқушыларға сұрақтар:

            1. Үшкір құрт пен ішексорғының дене пішіні ақ сұлама сияқты жалпақ, әрі денесінде кірпікшелер болса не болар еді?

            2.Үшкір құрт пен ішексорғы адам денесінен тамақ қалдықтарымен неге шығып қалмайды? Түсіндіріп көрші.

            Бекіту.
           

  1. Схема тақтада көрсетіледі, оқушылар өз жауаптарын айтады.

 

Сипаттамасы

Жалпақ құрттар

Жұмыр құрттар

Дене пішіні

 

 

Дене қуысы

 

 

Дене қабаттары

 

 

Түр саны

 

 

Класс саны

 

 

Өкілдері

 

 

 

            2. Тип неліктен жұмыр құрттар деп аталған?

            3. Сірқабық, гиподерма дегенді қалай түсіндіңіз?

            4. Сірқабықтың ағза үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

            Балалар, бүгінгі жаңа тақырыпты түсінгендерің бас бармақтарыңды жоғары көтеріңдер, түсінбегендерің төмен түсіріңдер.

            1. Кері байланыс: 1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? 2. Ұнаса неге?
            3. Ұнамаса неге? 4. Сабақ қызықты өту үшін не істеу керек?
            2. Бағалау.

            Үйге тапсырма беру: § 43. Осы құрттардың аттарынан анаграмма, ребус, кроссворд жасау.

            Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына биология сабағында ойын – тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемім.

 

Әдебиет:

1.         Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. -Алматы: 2014.-360 б.

2.         Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2007.-144 б.

3.         Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, "Рауан".-1992.

4.         Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.-384 б.

5.         Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы: "Өлке", 2009.-232 б.

Основные термины (генерируются автоматически): алматы, мена.


Задать вопрос