Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Еспенбетова, Ш. О. Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері / Ш. О. Еспенбетова, Г. А. Оракбаева, Айжан Тимуркызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 46-48. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17224/ (дата обращения: 16.12.2024).

Қазіргі таңда экологиялық мәселе аймақтық немесе республикалық қана емес, дүниежүзілік сипат алып, адамзат тағдырымен байланыста қаралатын дәрежеге жетті.

Осыған байланысты ел басының халқына жолдауы тарапынан облыс мектептері мен білім ошақтарына кең қолдау көрсетілді. Ол негізінен ХХІ ғасырда өмір сүретін жас ұрпақ арасында салауаттылық өмір салтын орнықтыруға арналған. Еліміздің қазіргі экологиялық жағдайларын сауықтыруды ілгерілетуге экологиялық білім міндеттерін шешу үшін мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде. Экологиялық білім мен тәрбие беруді күшейту – қазіргі өмір талабынан туындап отырған қоғамымыздың алдында тұрған басты мәселе. Өркениеттің даму үрдісінің ажырамайтын құрамды бөлігі болғанымен химия және химиялық өндірістер көптеген экологиялық проблемалар тудырып отыр. Дегенмен химия және химиялық өндіріссіз адам толық мәнді тіршілік ете алмайды. Бірақ қоршаған ортаның негізгі ластаушылары ретінде олардың зиянды әсерінен адамзат пен табиғат зардап шегуде. Сондықтан химияны экологияландыру адамзаттың адамгершілік борышы болып саналады. Химия мен экологиядағы кіріктірілген үрдістердің білім беруде маңызы зор [1].

Экололгиялық жағдайдың күн өткен сайын күрделене түсуі азаматтардың экологиялық мәдениетінің төмендігі. Дүниежүзілік мәселеге айналып отырған қоршаған ортаның тазалығы мен оны қорғаудың бірден-бір жолы жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап экологиялық білім беру. Елімізде мектеп бағдарламасында экологиялық пән ретінде енгізілмесе де, оқушыларға химия пәнінің негізінде экологиялық білім беруге болады. Экологиялық білімді мектеп қабырғасынан бойына сіңіре білген әрбір азамат болашақта қоршаған ортаны сақтауға, бүлдірмеуге жанашырлықпен қарайтыны анық.

Химияны басқа жаратылыстану пәндерімен бірге оқыту айналадағы қоршаған орта және оның заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптасып, сол арқылы оқушының жан-жақты дамуына, адамгершілік қатынасының және еңбекке даярлығының қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі заман талаптарына жауап бере алатын ұрпақ, алдағы болашақ өмірде қандай дағдарыстағы түсетіні бізге беймәлім. Табиғатты аялап, оның құндылықтарын тиімді пайдаланып, сақтауда жас ұрпақ өзінің бойындағы тәрбиесімен қарайтыны анық. Қоршаған ортаны – тау, орман, су, тірі организмдер, пайдалы қазбаларды адам баласы барлық қажеттілігіне пайдаланып отыр [2]. Кең байтақ Қазақстан еліміз ірі өндіріс орындарына өте бай, сондықтан экологиялық мәселенің маңызы зор. Өйткені өнеркәсіптен шығатын бейорганикалық және органикалық қалдықтар, автокөлік шығаратын зиянды заттардың қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін әсері зор болғандықтан, бейорганикалық және органикалық химия пәні барысында өнеркәсіп өндірістерін оқытуда экологиялық аспектілерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Осы қажеттіліктің негізінде алға қойған мақсатқа жету жолдары көрсетіліп, нақты шаралар белгіленеді. Бұл шаралар негізінде:

-        оқу жоспарлары жасалынады;

-        жаңа буын оқулықтары жазылып, дайындалады;

-        оқу-әдістемелік кешендері жасалынады;

-        оқытудың жаңа технологияларын енгізу жолдары белгіленеді;

-        базалық білім берумен қатар қосымша білім беру бағыттарын жетілдіру жолдары қарастырылады.

-        Бағдарламадағы оқыту процессін жақсарту мақсаты да оқыту процессін технологияландыру ісіне көмектесу үшін мамандар біліктілігін арттыру мақсатында қайта даярлау арқылы үздіксіз білімді дамытуды көздейді. Қазіргі кездегі қоғам мектеп бітіруші түлекке бірқатар талаптарды қояды. Оларға жауап беруші мектеп түлегі:

-        проблеманы көре алатын және оны шеше алатын;

-        барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, қажеттісін пайдалана  алатын;

-        өзінің көзқарасы бар;

-        өзінің көзқарасын нақты жеткізіп дәлелдей алатын;

-        алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын;

-        қоғамдағы кез келген топпен, жұмыс істей алатын болуы керек.

Осындай талаптарға сай жастарды тәрбиелейтін білім ордаларының бірі - мектеп өзінің оқу-тәрбие процестерінде оқыту технологияларын пайдаланып, жаңа ғасыр адамын тәрбиелеуде жаңа қадамдар жасаулары керек. Жалпы оқыту пароцессі- бұл шығармашылық жұмыс, ал әрбір мұғалім жеке шығармашылықт қызмет етуі тиіс. Әрбір мұғалім оқыту технологияларының түрлерін игеріп, өзіне қажетті, тиімдісін таңдап алуы қажет. Бұл ретте оқыту технолгиясын түсінбей, қажет, қажет еместігін ажыратпай, кез келгенін ала беруге болмайды. Өйткені әрбір нақты жағдайда мұғалімнің білімі оқушының біліміне, қажеттілігіне байланысты болуы керек.

Бұл жағдайда мұғалім оқушыға:

-        мектепте алған біліммен шектелмей, білімді өз бетінше ала білу қажеттілігін, өйткені өмірде өзінің білімін үнемі толықтыру және қажет болған жағдайда мамандықты өзгерту қажет екендігін;

-        өмірде кездескен жағдайларды шеше білуге, осы жағдайға байланысты өзінің жеке көзқарасының болуын, бұл көзқарас басқалармен сәйкес келмеген жағдайда оны дәлелдей білу қажеттігін;

-        өмірде кездескен жағжайларды шеше білуге, осы жағдайға байланысты өзінің жеке көзқарасының болуын, бұл көзқарас басқалармен сәйкес келмеген жағдайда оны дәлелдей білу қажеттілігін;

-        алған білімді өмірде пайдалана білу қажеттілігін;

-        қоғамдық ортада өзі басқалардың көзқарасын тыңдай алып, өзінің көзқарасын дәлелдей білк керектігін: түсіндірсе, осының барлығын оқушы қабылдай алатындай етіп, дұрыс ұйымдастырса, бүгінгі мектеп бітіруші жаңа әлуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге дайын болады [3].

Әрбір адам белгілі бір білімді қабылдау не ұғыну үшін өзінің ақыл-ой қабілеті арқылы, абстрактылы түрде қабылдайды. Бұл кезде оқушыда білім алуға деген қызығушылық туындаса, ол оқушыда эмоционалдық сезім туғызады. Эмиционалдық іс-әрекет адамның ішкі дүниесіне әсер етеді. Бұл өз ретінде оқушыда білуге деген қызығушылық туғызып, білім рухани қажеттілікке айналады, ол қандай да бір дене қозғалысын жасауға, ізденуге, еңбектенуге итермелейді.

Көтеген зерттеулерде экологиялық білім беру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеті, санасы, іс-әрекетке дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін үрдістің жаңа мәні қарастырылады. Жоғары оқу орындарында экологиялық мәдениетті қалыптастыру Қазақстанның тұрақты дамуының басты факторларының бірі болып саналады.

Экологиялық білім мен тәрбие беруге байланысты қазақстандық ғалымдармен бірқатар зерттеулер жүргізіліп, экологиялық білім мен тәрбие берудің қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен принциптері зерттелді, экологиялық ұғымдар жүйесі анықталды.

Осыған байланысты бейорганикалық және органикалық химия курсы арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтарды, оқу құралдарын талдау жасалынды. Оқушылардың экологиялық білімі мен біліктілігін анықтайтын диагностикалық сауалнамалар, бақылау жұмыстары әзірленді. Оқушылармен әңгімелесу, тест тапсырмаларын пайдаланып қорытынды білімдері тексерілді. Зертханалық жұмыстар ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдаланып экологиялық мазмұндағы тапсырмалар жүйесі жасалынды. Педагогикалық эксперимент жүргізіліп және сандық және сапалық жағынан талдау жасалынып оның нәтижесін математикалық жолмен қорытындыланды.

Дидактиканың, оқыту әдістемесінің принциптеріне сүйеніп, химия пәні бойынша, типтік бағдарламасына анализ жасай отырып, химия курсын оқыту үрдісінде оқушылардың экологиялық білімнің құрылымдық жүйесіне сүйеніп, химиялық, экологиялық және табиғатты қорғау ұғымдары негізінде экологиялық білім беру жоспары құрылды (1-кесте).

1-кесте

Химиялық өндіріс, экология, табиғатты қорғау ұғымдары негізінде экологиялық білім беру жоспары

Тақырыптар

(химиялық түсінік)

Қарастырылатын экологиялық түсініктер

Өткізілетін сабақтың түрі

Табиғатты қорғау

түсініктері

10-сынып бойынша

Күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндіру.

Күкірт қышқылын өндіру барысындағы экологиялық жағдайының жалпы сипаттамасы.

Дәстүрлі емес пәнаралық сабақ

Қоршаған ортаның бірлігі мен жүйелігі

Аммиак синтезі.

Аммиак өндірісі барысында кездесетін экологиялық мәселелер.

Дәстүрлі емес проблемалық сабақ

Ластанудың тұрақтылығы.

Азот қышқылын өндіру әдісі.

Азот (ІІ) оксидінің және азот (ІV) оксидінің процесс барысында түзілуі

Дәстүрлі емес топсеруен сабағы

Табиғатты қорғау және адам денсаулығы.

Силикат өнеркәсібі.

Шыны өнеркәсібі

Әктас, сода және кварцты құмды қыздырғанда көміртегі(ІV) оксидінің түзілуі.

Дәстүрлі емес панорамалық сабақ

Түзілген қалдықтарды залалсыздандыру

Шойын өндіру.

Көміртегі (ІІ) және көміртегі(ІV) оксидінің түзілуі.

Дәстүрлі емес конференция сабағы

Табиғаттағы зат айналымы. Қоршаған ортаның бірлігі мен жүйелігі.

Болат өндіру.

Өндіріс қалдықтары, көміртегі (ІІ) көміртегі(ІV) оксидінің түзілуі.
Экологиялық аспектілері.

Дәстүрлі емес конференция сабағы

Ластанудан сақтау шаралары.

11-сынып бойынша

Мұнайды өңдеу.

Күкірт және азот оксидтері түзіледі (жергілікті жер материалын қолдану)

Дәстүрлі емес панорамалық сабақ

Түзілген қалдықтарды залалсыздандыру

Коксохимия өндірісі.

Күкірт, көміртегі және азот оксидтері түзіледі.

Дәстүрлі емес конференция сабағы

Ластанудан сақтау шаралары.

Метанолдың өнеркәсіптік синтезі.

Күкірт, көміртегі және азот оксидтері түзіледі.

Дәстүрлі емес конференция сабағы

Табиғатты және адамзатты қорғаудағы әлеуметтік экономикалық аспекті

Синтетикалық жуғыш заттар өнеркәсібі.

Биологиялық толық ыдырамай, тіршілікке қауіп төндіреді.

Дәстүрлі емес проблемалық сабақ

Табиғатты қорғау және адам денсаулығы.

Химиялық талшықтар өндірісі.

Органикалық молекулалар адам ауруына қарсы.

Дәстүрлі емес панорамалық сабақ

Табиғатты қорғаудың саяси әлеуметтік және ластанудан сақтау шаралары.

 

Соңғы жылдары мектепте химиялық өндірісті оқыту біраз қысқартуға ұшырады. Бірақ, 12 жылдық оқытуға көшу кезінде жағдай өзгеруі мүмкін. Химиялық өндірісті оқытудың мақсаты – оқушыға ғылымның қол жеткен табыстарының халық шаруашылығында пайдаланылуы, өндіріспен прогрестің қозғаушы күші ретінде рөлін көрсету. Химиялық өндірісті оқыту химияның экологиялық жағын ашып, химиялық өндірісті сауатты ұйымдастыру арқылы экологияны сауықтыруға болатындығы жайлы тәрбие беруге мүмкіндіктер ашады. Химиялық өндірісті оқыту кезінде пәнаралық және пәншілік байланыстар, әсіресе химияның физикамен (аппараттармен танысу кезінде), биологиямен (ауыл шаруашылығын химизациялау), сызу, математика және соның ішіндегі негізгі саланың бірі болып табылатын, қазіргі кездегі көкейтесті мәселенің алдынғы қатарында тұрған экология пәндерімен байланыстарын жүзеге асырған жөн.

 

Әдебиет:

 

1.      Каримов А. //Экологияландырылған практикум. «Химия мектепте» журналы №4, 2004ж, 9-11б.

2.      Нұрахметов Н., Ысқақова Г. Химиялық – экологиялық берудің негізгі аспектілері. //Химия мектепте журналы №1, 2004ж, 25-29 б.

3.      Сакарьянова Қ., Шакирова А. Органикалық химияны оқыту барысында экологиялық мәселелерді қамту жолдары. // Химия мектепте журналы №5, 2004ж, 49-53 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Химия, азот.


Задать вопрос