Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №6 (86) март-2 2015 г.

Дата публикации: 19.03.2015

Статья просмотрена: 905 раз

Библиографическое описание:

Досмамбетова, Ш. Б. Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны / Ш. Б. Досмамбетова, Н. М. Акышова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 39-41. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16531/ (дата обращения: 17.12.2024).

Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны әлеуметтендіріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға ыңғайлы болу болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу орындарындағы тәрбиешінің функциясын атқаратын барлық қызметкерлердің негізгі мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты. Дегенмен бұл жерде отбасының да алатын ролі ерекше. Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша "Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады".

Дүние жүзінде, оның ішінде біздің отанымыз Қазақстанда, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру барысында адамгершілік тәрбиесі - үзідіксіз жүргізілетін процесс. Ол адамның өмірге келген күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұнын оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде отбасы мен мектептің орны ерекше. Өйткені бала туған күннен бастап ата-анасының аясында өсіп, өмірлік тәжірибесі қалыптаса бастайды. Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны тәрбиелеумен қатар ана-аналарға тэлім-тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, оларда орын алатын жағымсыз мінездерді қайта құру жолдары, оқыту мазмұнын балаларға толық меңгертудегі отбасының көмегі т.с.с. мәселелер бойынша көптеген проблемаларды түсіндіру мектеп қызметкерлеріне жүктеледі.

Отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі, ұясы. Қай заманда болса да, үйелменнің адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі, үйелмен мүшелерінің бір-біріне кісілік қарым-қатынас, эмоциялық сезімдері, ілтипат-ықыластары өмірінің жайымен, жанының табиғи бірлігіне, тұтастығына негізімен жақындық, үйелмен тәрбиесінің күші осында.

Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу мұрасы, оның негізгі мақсаты балалар тәрбиесі. Әрбір отбасыда балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Біз бұл бөлімде отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орнын және отбасы тәрбиесімен ұстаздар арасындағы байланыстарға тоқталамыз.

Үйелмен тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату-тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұйымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұрақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай ортада өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.

Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Арманшыл талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер, негізінен, солар.

А.С.Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай деген: "Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиедегі бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз-онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше". Ол өз еңбектерінде ата-аналар беделі туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбиесінде бұл беделдің алатын орнын көрсеткен.

Әрине отбасында баланы мадақтау, оларға түрліше сыйлықтар беру сияқты дәстүрлер болуы мүмкін, бірақ жақсы қылықтар көрсеткені үшін сыйлықтар ұсыну мүмкін емес. Мұндай жағдайда бала жақсы істерді қоғам игілігі үшін емес, ата-анасынан сыйлық алу үшін деп ұғып, үлкен сыйлық алу мақсатында олар саудаласуды үйреншікті әдетке айналдырады. Ондай бала отбасы мен мектеп және Отан алдындағы борышын толық сезбейтін болып өсуі мүмкін. Әрбір ата-ана баласының тәрбиесі үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін ұмытпағаны абзал.

Ата-анасына балалардың мінез-құлқын, бейімділігін сынып ішінде оқушылардың қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын, мектептегі сабаққа ынта-жігерін айта келіп, осы отбасына тән ерекшеліктерді ескеру. Мінез түрлілігі сияқты әр отбасы айтқан ойларды әртүрлі қабылдап жатады. Бірі ерекше ілтипат көрсетсе кейбіреулері жақтырмайды. Сынып жетекшісі, психолог екінші ата-ана болғандықтан олармен тіл табысып отыруы керек. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады. Сондықтан адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының мақсат міндеттері бір екенін ата-аналар жақсы түсіністе болуы қажет.

Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өзінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады сәтсіздікке ұшырайды. Ал отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиетінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Даму процесінде баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі негізгі өзгерістердің бәрі үйрету барысында меңгерілетін психологиялық қасиеттердің көрініс беруі.

Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата-аналарды педагогикалық минимуммен үйретіп, оларды ғылыми тұрғыда қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Әке мен шеше өз жанының бір бөлігін басқаларға беретін адамдардың қуанышы мен қайғысын бүге білмейтін отбасыларында ізгі жанды, сергек, сезімтал болып өседі. Ең жаман нәрсе жекелеген ата-аналардың өзімшілдігі, жеке басын күтіп кетуі. Кейде мұндай жаман нәрсе өз баласына деген инстингтілігі, соқыр сүйіспеншілікке айналады. Егер әке мен шеше өз жүрегінің барлық күнін басқаларға беріп олардың тасасынан басқа адамдарды көрмейтін болса, бұл дөрекі сүйіспеншілік ақыр аяғында бақытсыздыққа айналады.

Бала отбасының айнасы, бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда солай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті- әр балаға бақыт беру. Бақыт алуан қырлы. Ол адамдардың өз қабілетін ашып, еңбекті сүйіп, жасампаз бала білуінде де және қоршаған дүниенің кеңдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасаулар да, басқа адамды сүйіп өзі де біреудің сүйіктісі болып, балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде.

Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты қасиеттері мен ақыл сөздері, жастардың оларға деген сый-құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай үйде өскен балалар бақытты, олардың өмірінен алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.

Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен, олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек және баланың бойындағы теріс қылықтардың пайда болу себебі отбасыдағы үлкендердің жеке басындағы кемістіктермен байланыстылығын түсінгені қажет. Сондықтан балаларды тәрбиелеуде олардың ата-аналарына тәрбиелік ықпал жасаудың ролі өте үлкен.

Мектепте оқушыларды оқыту барысында мектеп пен отбасының ортақ күшімен балалардың барлық таным процестері дамып, интеллектуалдық қабілеті көрініс береді. Ата-аналармен жүргізілген кездесулер барысында оларға балалардың интеллектуалдық даму негізінде таным процестері жататыны, үйренудің түрлері және үйге берілген тапсырмаларды орындау барысында, жүре үйрену барысында ата-аналар үлкен роль атқаратыны көрсетіледі.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер мысалы күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады және оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Байланыс формаларының екінші түрі - педагогтардың оқушылар үйлеріне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының үшінші формасы - педагогикалық-психологиялық білімдерді насихаттай, яғни ата-аналарға педагогикалық-психологиялық білім беру. Қазір ата-аналар мен қалың бұқара халық арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихаттау барысында оқушыны тәрбиелеу міндеттерін шешу жолдары талқыланып, отбасында шешетін көптеген проблемалардың мән-мағынасы анықталып, оны шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік туады.

Халықтың өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана өз күшінде бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы: әр адам ең алдымен өз халқының перзенті екендігін сезінуі, екіншіден, өз халқының болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінеді.

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының ролі, ата-анасының қарым-қатынасқа балаларын үйретуі, барлық адами қасиеттерді қалыптастыруда жетекші орын алатыны анық. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі болғандықтан психологиялық қызмет көрсетуде ата-аналарға балалардың теріс деп бағаланатын қасиеттерін диагностикалау нәтижелерімен таныстырып, оларға бұл проблеманы шешу жолдарын анықтаудың ролін көрсету қажет. Тәлім-тәрбие процесі тиімді болуына халық педагогикасының элементтерін пайдалану халық ағарту саласындағы кейбір теріс жағдайлардың орын алуы, мектеп, гимназия, лицейлердің оқу-тәрбие жұмысының мазмұнында халықтың ежелгі тәрбиесінің ескерілмеуінде екені көптеген зерттеулерде дәлелденген.

 

Әдебиет:

1.      Сухомлинский А.В. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.

2.      Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1977.

3.      Макаренко А. С. Шығармалар. 5-том. - М., 1958.

4.      Балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу. - Алматы, 1991. - 162 б.

5.      Қожахметова К. Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – Алматы, 1993.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал, оса, пена.


Похожие статьи

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Ойын технологияларындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың шарттары

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Өңделетін жердегі тоңкесектердің қоршаған ортаға байланысты қаттылығының өзгеруі

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы шарттары

Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі баламалары

Похожие статьи

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Ойын технологияларындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың шарттары

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Өңделетін жердегі тоңкесектердің қоршаған ортаға байланысты қаттылығының өзгеруі

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы шарттары

Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі баламалары

Задать вопрос