Шетел тілін үйрену – жас ұрпақтың бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №6 (86) март-2 2015 г.

Дата публикации: 19.03.2015

Статья просмотрена: 784 раза

Библиографическое описание:

Атажанова, З. М. Шетел тілін үйрену – жас ұрпақтың бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі / З. М. Атажанова, Лиза Нурмаганбетова, Таншолпан Ережеп. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 63-64. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16528/ (дата обращения: 17.12.2024).

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан 2014 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» - «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Тіджердің үш тұғырлылығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың ірнесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Бұл жоспар Қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей, өзіндік даму стратегиясын белгіледі.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігі ерекше аталып өтілді. Осы жолдауда ғылым мен білімнің модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саныкемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін де терең меңгеруі керек. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылында елімізде жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқу бағдарламасына енгізілді.

Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жәмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонатан Свифт, Вальтер Скотт,Чарльз Диккенс сөйлеген. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2-1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең кең қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала бастады. Ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады.

Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым-қатынас жасаудың барлық қырларын жан-жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрету арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пән аралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.

Жалпы білім беретін жлғары оқу орындарында және орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отрады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсатты көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша студенттер білім алады. Олар: “beginner”, “elementary”, “pre-intermediate”, “intermediate”, “upper-intermediate”, “advanced”.

Ағылшын тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз- пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым – қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модульдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, жобалай оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.

Ағылшын тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл бет бұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.

Осы шаралардың барлығы Елбасының «Сапалы білім Қазақстанды индустрияландыру мен инновациялық дамытудың негізі болуы тиіс» деген міндетін орындауға бағытталған. Көптілді оқыту- жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

 

Әдебиет:

1.         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан 2014 жылғы «Егеменді Қазақстан», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» - «Триединство языков» ,«Егеменді Қазақстан»

2.         Назарбаев Н.А. «Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан»1998-2012ж., қаңтар.

3.         Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Егемен қазақстан» 2014ж 18-қаңтар.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса.


Задать вопрос