Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың маңызды ролі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 10069 раз

Библиографическое описание:

Абдираманова, А. Т. Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың маңызды ролі / А. Т. Абдираманова, Ы. Ж. Анламасова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 116-118. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14798/ (дата обращения: 24.12.2024).

Еліміз іргелі ел болып ата дәстүріндегі салт-сананы қайта жаңғыртып жатқанда, оның тұғырлылығы мен орнықты өркендеуін қамтамасыз ету бағдарын қолға алған мемлекетіміздің  саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани даму бағыттары ұлттық болмысымызды қайта жаңғырту мен түлетуді нақты нысанаға алынды.

Қазақ қоғамы ұлт болмысын қалыптасқаннан  бері екі нәрсеге аса мұқият қарағандығын, оның бірі тіл, екіншісі әдет-ғұрып екендігін дәйектеушілердің пікірлері де, бұл құрылымның аса маңызды өмірмәнділік-дүниетанымдық құндылық екендігін айғақтап тұр [1, 77 б.].

Менталитет әрбір ұлтқа тән этнос рухаятының мінез-құлқынан, тұрмыс-тіршілігінен, тарихи-мәдени дүниетанымынан аңғаруға болады. Менталитет ұғымының этникалық анықтамасы (mens-латынша, ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы) бір тұлғаға тән емес, тұтас бір халықтың өзіндік ойлау санасына тән психологиялық және аксиологиялық бағдары деп қалыптастыруға болатын жүйе. Ұлттық менталитеттің адамның өмір сүру тіршілігіне рухани күш жігер беріп қана қоймай күрделенген құбылыстардың  қоршаған ортаға сенім арта отырып белгілі бір күнделікті тілсім дүниеден тыс ерекшеліктерді аңғаруға мән береді. Халықтың ой-санасын, тәртіпке бағындырумен шектелмей мақсатты түрде болашақ ұрпақтың кепіліне  айналуы тиіс. Бүгінгі таңда  адамдардың тұрмыс-тіршіліне өзара қарым-қатынасындағы  дін мен тіл, іс-әрекет этикасында байқалатын қасиеттерін негіздеуге болады.

Тарихи-мәдени қыры оның сан мыңдаған жылдар бойы арғы қазақтар дәуірінен бері жағасын тауып, ұлттық болмысымызбен, тұрмыс тіршілігімізбен  біте  қайнасқан атрибут болып табылуымен  айқындалады. Дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Әр халықтың сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесінде өзіндік рухани тарихы, ой-пікірі, қорытынды түйіні болады. Күн санап халқымыздың дәстүрлі  құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ұмтылыс өсіп келеді.

Тақырыпта қозғалып отырған басты мәселеміз бойынша, алдымен, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың құрылымдық фукционалдық негіздерін сараптап, одан соң ұлттық руханиятты қалыптастырудағы рөлі мен маңызына тоқталамыз. Себебі, бұл құрылымды феноменологиялық тұрғыдан сараптау оның ұлт руханиятын құрудағы маңызы мен тетіктерін нақтырақ аша түсуге септігін тигізетін қадам болып табылады.

Әдет-қоғамдық қатынастарда күнделікті өмір-тіршілік пен салттарды атқару кезіндегі  жосын-жоралғыларды біріздендіретін және ұлттық таным ауқымында атқарылатын нормаларды, талаптардың, шарттардың практикалық бітімі мен мазмұнының бірлігіндегі  үдерістер бола отырып, өзінің орындалу бағдарымен үндесетін ғұрып ұғымымен тіркестіріліп, әдет-ғұрып деп те көбінесе күрделенген ұғымдық формада айтылады. Сан ғасырлар бойы формасы өзгерсе де, мазмұны өзгермеген белгілі бір этностың имманентті әдет-ғұрпынан тыс, сырттан, өзге халықтан енген мәдени шартты құбылыстар да бірте-бірте әдетке айналып кетіп отырылады. Салт-сырттан да, ұлттың өз ішінен де туындап шығатын, белгілі бір нормалардың жеке-жеке  көрініс болып отырып, тұрмыста үш-төрт ұрпақ бойы қолданыста болып, ұлттық таныммен, талғаммен үндесе келе, белгілі бір деңгейде мәдени-әлеуметтік тұрғыда иеленіп, жалпылама ұғым-дәстүр ауқымына еніп, орнығып отыратын ұлттың шанайы рухани-мәдени, әлеуметтік-практикалық имманентті  болмысына сәйкестеніп жатады. Салт туралы «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген тұжырым оның белгілі бір кеңістік аясында өзгешеленген, формасы өзгертілген түрде әртүрлі ғұрыптар бойынша сақталып, бәрінің түп тамырының бір арнаға  тоғысатындығымен байыпталады. Бұл шартты түрде әдет-ғұрыпты субстраттар, салт-дәстүрлерді суперстраттар деп ажыратып алуымызға мүмкіндіктер ашады. Бірақ бұл тұста керісінше, инверсия пайда болады, әдет-дәстүр барынша абсолютті, ғұрып-салт салыстырмалы болып айқындалып тұрады. Олардың қай-қайсысының да генетикалық, эволюциялық тарихи, құрылымдық негіздері таразыланбағандықтан, яғни, қай салттың, не дәстүрдің қай кезде пайда болғандығы, қабылданбағандығы, өзгертілгендігі ашылмағандықтан, уақыт пен кеңістік аясы бойынша оларды горизонтальді-вертикальді түрде иерархияға орналастырудың өзі қиын. Ал ырым-белгілі бір халықтың ішкі рухтың ниеттері аясына басымдылық беретін, өмірлік әрекеттермен, мақсаттармен сыртқы келбеті жағынан (мүмкін  ішкі шынайы себептері бойынша) психологиялық ассоциация туғызатын немесе оның осы байланыстары көмескіленгендіктен логикалық қатынас өресі түсініксіз болып сақталып қалған өмірмәнділік ишаралар [2, 197 б.].

Рухани құндылықтар адамзат білімі, дүниетаным принцпі, философиялық тұжырым, адамгершілік нормалары мен саяси білім, яғни әлемнің рухани жетістіктеріне байланыстылардың бәрін жатқызуға болады. Рухани  құндылықтың маңыздылығы әрбір адам (әлеуметтік субьект) өз бойында дамыту арқылы сезіне алады. Руханилықтың өзі – адам бойындағы ізгілік пен адамгершілікті, қайырымдылық пен мейірімділікті айқындаудың мөлшер, жеке болмыстың ұғым-түсінігінің көрінісі. Басқаша айтқанда әр адамның өзіндік қалыптасуы, өсіп-жнтілуі, дүниедегі алдына қойған мақсаты және өмір сүруінің тәсілі мен сара жолдары [3, 127 б.].

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып сан ғасырлар бойы қалыптасқан әрбір тарихи дәуір бойына  толықтырылған, заманауи талаптар мен шарттардың  қажеттіліктері мен сұраныстарына орай, үстемеленген күрделі түбірлестік құрылым. «Бұл жерде дөп басып айту өте қиын, аңыздардың бізге келіп жеткендерінің қайсысы ертеден, қандай діннің ұғымынан пайда болды, қандай сенімнің әсеріне ұшырады деген мәселенің төңірегінде қарама-қайшы,  әртүрлі пікірлер бар» деген Ш.Уәлихановтың тұжырымы осы салт-дәстүр мен  әдет-ғұрыптың эволюциялық қалыптасу құрылымын анықтауға да қатысты соншалықты күрделі мәселе болып табылады  [4, 560 б.].

Қазақ халқының өз ұлтының мәдени-этникалық, тарихи жетістіктерімен шектеліп қалмай, басқаны да үйрену қажеттілігн ескеруі ұлттық тәрбиенің өркениеттілік жолдағы қадамдары болып саналады. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты жалпы халықтық дүниетаным тұрғысынан байыптап, концептуалды  түсініктеме бере келіп, қалыптасуы мен дамуын  эволюциялық хронологиялық бірізділік бойынша болмағанымен, құрылымдық-функционалдық тұрғыдан таразылап алуымыз қажет.

Салт-дәстүрдің күрделі жақтарын қарастыра келе оның көпмәнділігін және күнделікті қажеттілігін атай келе мынадай топтауға болады:

- руханилықтың адам өміріне қажетті фактор екенін ескере отырып әртүрлі  психологиялық  талаптармен  тәжрибелік нәтежеге қол жеткізуді айта аламыз.

- өмірдің маңыздылығын ескере отырып халықтың талғамы эстетикалық руханияттық ләззат алу адамның ішкі әлемін кеңейту, қарапайымдылықтан күрделенген әсемдіктің идеалын іздеу

- қоғамдағы тәртіп   әлеуметтік қатынастар, адамдар арасындағы қарым-қатынастың реттеушілік құралы болып табылады, бұл халықтың моральдық құндылығын ескере отырып қалыптасатын тәртіп не конституция.

- адамның қоршаған ортаға, әлемге, дүниеге деген кеңпейілділік, барына қанағат танытушылық, өзі ғана емес елдің  қамын ойлай отырып бірігу не  синкретизм   ұғымын айта алар едік.

- ұлтжандылық не отансүйгіштік   осы сөздің астарында көп мағына жатыр, еліне деген махаббат, сүйіспеншілік дала адамының кеңістіктегі көзқарасы, табиғатты пір тұтуы барлығы да адамға, жеріне, еліне деген аса бір құрметті білдіріп тұрғандай.

- қазақ дүниетанымының  ұлттық  дәстүрлі онтологиясына келсек тарихи руханиятқа бай  тұтас этностың философиялық көзқарасын атамыз. Көшпелі мәдениеттің   ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан сабақтастығы бүгінгі жаңарған мәдениетке де өз септігін тигізіп отыр. Қазақ руханиятының тамыры тереңнен орын алғандықтан өміршеңдігіде белгілі бір шексіздікке ұласады.

Ұлттық руханият көшпелі қазақ дүниетанымының тарихында қалыптасқандай  немесе бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның кезеңінде бірден туа салған құрылым, саяси-идеологиялық қондырма емес, адамның қанына сіңген ұрпақтар сабақтастығы арқылы  ұлт рухының тарихи-мәдени түп тамырларынан жалғасын тауып келе жатырған байырғы ата тектерімізден тасыламданып, бүгінгі күнгі Қазақ елінің руханиялық дәрежесі мен өмір сүруінің витальдік күшінің біріктірілген құндылығын әшкерлеп бергендей. Ұлттық Руханият белгілі бір этностың тұтас рухани мәдениет болмысымен, тіршілік ету салттарымен, өмірлік құндылықтар жүйесімен, оның ішкі дүниесімен етене жақындасқан тұрақты, қағидалардың, даналық бастаулардың жүйеленген, обьективтендірілген  жиынтығынан құралатын болғандықтан, оның зерттеліп қарастырылуы да әр қилы.

Қазақ менталитеті тарихи сабақтастықпен ұласа келе заман ағымына сәйкес өз құндылығын байыта түсуде. Салт-дәстүр халықтың біте қайнасқан ішкі әлемін бейнелей отырып өміршеңдігін тұтас бір әлемге жаңартқандай.  Тарихи руханияттың обьективтендірілген құрамдас бөліктері бүгінгі қазақ дәстүрінің маңызды факторларының бірі. Сондықтанда бүгінгі күнгі жар сала қарастырылып жатқан қазақ баласының дала өркениетіне тән ойлау психологиясы, тілдік қоры, мінез-құлқы аса бір танданарлық дүние бола алмайды.  Ұлттық руханият – қазақ менталитетінің сақталып қалған өзегі екені ақиқат.  Адам баласы өз жаратылысынан –ақ  дүниені ақиқат қалыпында қабылдауға құштар екені белгілі. Қазақ дүниетанымына ғылыми танымның үдерісі қалыптаспас бұрын диалектикалық әдіспен онтологиялық қарым-қатынастың  халық санасында орын алғаны көрініп отыр. Халықтың дүниетанымдық  болмысы күнделікті өмір сүру тіршілігіне етене бірлесе отырып жақын орналасты. Қазіргі кездегі  ғылымда адамның биоәлеуметтік  табиғаты туралы пікір қалыптасты.  Адамның жаратылысының алғы шартын  теріске шығара алмаймыз, бірақ тұлға ретінде қалыптастыратын әлеуметтілік  екені сөзсіз. Адам өмір сүруінің  табиғи-биологиялық  жағы әлеуметтік-мәдени факторлармен  «адамданады»  және сол ортаға түсіріледі. Ұлттық сана тарихи жәдігерге бай, философиялық дүниетанымы кең етек жайған, халықтың этномәдениеті өркендеп белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген елде ғана өз мақсатына жете алады.

Жалпы ұлттылық ұғымы белгілі бір қауымдастықтың әр түрлі әлеуметтік, табиғи қасиеттерге байланысты ішкі бір қауымдастықтың әр түрлі әлеуметтік, табиғи қасиеттерге байланысты ішкі бірлігін білдірсе, Ұлтжандылық жолындағы кісі осы ұлттық  біртұтастықты  барынша  нығайту үшін барынша тер төгуді мақсат еткен жан болып табылады. Ал ұлтшылдық болса осы мақсаттың кейбір тұстарын абсолюттеуден туындайтын пайымдаулар мен әрекеттер жүйесі ретінде көрініс береді. Ұлттық рух белгілі бір халық өкілдерінің ғасырлар бойы қордаланған дүниеге деген қатынасының өзіндік қаймағы (квинтэссенциясы) ретінде көрініс берсе, ұлтжандылық оның әрбір мүшесінің дүниетанымында қалыптасқан өз жұртына деген қатынасының деңгейі болып табылады [5, 178 б.].

Қазақ халқының өмірлік аса қажетті ұлттық дүниесінің жалпы адамзаттық дүниеге қарай тасқыны оның адамгершілік ұстанымдарынан басталады.  Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін аса баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға тән бүгінгі ұрпаққа  сабақ болатын қажетті дүниені жеткізе білу керек. Ұлт жастары өз өткенінен хабардар ғана болмай күн талабына сәйкес сол әлемді өз болмысында түсіну қажет.

Өзін қазақпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.  Ғасырлар қойнауынан жігері арта түскен, мәдениет біткенмен өз руханиятын тең ұстай алған, аса күрделенген  үндестігі,  бірлігі,  түптеп келгенде, адамдықтың, руханилық пен имандылықтың негізі іспеттес дүние адам жанына жақын келеді. Ұлт рухын қарастыра келе  қазақ философиясының,  мәдениетінің  келешек  жас ұрпаққа  берері мол деп білеміз.  Ұлттық менталитет туралы қарастырғанда дін, тіл, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, әлеуметтік, философиялық, психологиялық дүние талдамына да тоқталып өттік.  Тарихи бір тұтастыққа ие болған ұлт руханияты қаншама ғасырлар өтсе де өз құндылығын жоймай белсенді қарастырылуда.

 

Әдебиет:

1.      Жүнісов А. Бабалар дәстүрі. – Алматы, 1992. – 77 б.

2.      Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және  этномедени негіздері. - А., 2013. – 197 б.

3.      Абдрашева Б.Ж. Халық дәстүріндегі ұлттық құндылықтар // Халықаралық ғылыми конференция материалдары. А., 2007. – 127 б.

4.      Қазақтардағы шамандықтың қалдығы // Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.

5.      Нұрмұратов С.Е., Сағиқызы А. Ұлттық рух мәселесі хақында // Халықаралық ғылыми конференция материалдары. - А., 2006. – 178 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, ас, оса, пена, сан.


Задать вопрос