Т.Айбергенов поэзиясындағы «Ақ» - «Қара» түстерінің танымдық сипаты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №20 (79) декабрь-1 2014 г.

Дата публикации: 03.12.2014

Статья просмотрена: 1121 раз

Библиографическое описание:

Нурсултанкызы, Жазира. Т.Айбергенов поэзиясындағы «Ақ» - «Қара» түстерінің танымдық сипаты / Жазира Нурсултанкызы, Тайындык Жоламанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 68-70. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14117/ (дата обращения: 26.04.2024).

Когнитивті лингвистика – танымдық тіл білімі немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентристік бағыттағы тіл білімінің бір саласы. Танымдық тіл білімінің негізгі зерттеу объектісі – таным мен ақыл, тіл мен сана, тіл мен таным, сөз бен ұғым, сөз бен мағына.

XX ғасырдың соңында Еуропада когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, терең зерттеліп, қанатын кеңге жая түсті. Осы бағытта көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Дж.Лакофф, Р.Лангакер, Т.Ван Дейк, Дж.Хэйман, Х.И.Шмидт, М.Джонсон, М.Виттенштейн, Г.Н.Сент сияқты шетелдік ғалымдар танымдық ғылымдар аясында тілдің «ғаламның тілдік бейнесін» сипаттаудағы қызметіне айрықша назар аударады. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивті грамматиканы ұсынамыз» атты мақалалары, Ж.Фоконьенің «Ментальды кеңістік» атты еңбегі, Р.Лангакердің «Когнитивті грамматика негіздері» атты зерттеуі, Дж.Лакоффтың «Әйел, от және қауіпті заттары», М.Джонсонның «Тән ойлау үстінде» атты еңбектері тілдің танымдық ерекшеліктерін әр қырынан сипаттап, когнитивтік лингвистиканың теориялық мәселелерін шешуге арналды.   

Тілді танымдық тұрғыда зерттеу қазіргі кезде қарқынмен дамып келе жатқан  жаңа бағыттардың бірі. Адамзат өзін қоршаған дүниедігі ғалам бейнесін қалай таниды, ұлттың дүниеге деген көзқарасы негізінде менталитеттік танымдар қалай пайда болады деген сауалдар осы когнитивтік лингвистикада зерттеледі. Қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко,  Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, С.Ақаев, Б.Ақбердиева, Б.Дина, Г.Снасапова, С.Жапақов, С.Жиренов т.б ғалым-зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылып жатыр.

Т.Айбергенов поэтикасының тілдік табиғатын халқымыздың таным-түсінігімен байланыстыра қарастыру қазақ тіл білімінде ұлттық танымға негізделген жаңа үрдістегі зерттеудің  мәнін ғылыми тұрғыдан байытады. 

Ғаламның тілдік бейнесінің универсал сипатын ашуда түр-түс әлемі ерекше мазмұнға ие. Осыған сәйкес түр-түсте кез келген этностың «ғаламды түсінуі» жақсы көрінеді. «Түр-түс адам санасында өмірлік тәжірибе негізінде берілген эмоционалды күй мен жағдайлар байланысы, шындық бейнесі, оны әлемді көрудің ерекше концептері ретінде қараудың мәні де осында. Осымен байланысты түр-түс атаулары бинарлы қатынастағы концепт жасауға қатысады» [1, 13].

Т.Айбергенов поэзиясында түр-түс атауларының түрлі аталымдары қолданылған. Ақын поэзиясында көрініс тапқан (ақ, сары, қара, көк, қоңыр, қызыл, жасыл, сұр) түр-түс атауларына қатысты тіркестер этностың мыңдаған жылдар бойы жинақтаған танымы мен білімін тануға септігін тигізеді. Әсіресе, ақ, көк, қара, қызыл түс атаулары жиі қолданылған тілдік бірліктер.

Т.Айбергенов поэзиясында қолданыс тапқан «ақ» сөзі тек номинативтік мағынада ғана қолданылмай, символдық, танымдық, ауыспалы мағынада да кездесіп отырады. Мысалы, 

Бар болған кездеріңе сүйсінемін,

Жоқ болған күндеріңе күйінемін.

Мен жалпы ақ перзенті болсам керек,

Үміті үзілмейтін дүниенің.

Өлең жолында кездескен ақ перзент – тазалықтың, пәктіктің белгісі болып танылған. Сонымен қатар ақын поэзиясында осы мағынаны беретін ақ бөпе, ақ бала, ақ босаға, ақ бесік сияқты тіркестер де кездеседі.

Аққудай мұнда қыздар ақ,

Тоймайды көзің жүз қарап,

Мұзбалақ болсаң білесің,

Ілесің болсаң мұзбалақ, - деп келетін өлең жолдарындағы ақ қыздар, ақ дидар,  ақ ару, ақ жұпар тіркестері «қас сұлу, ару» келбетін аша түсіп, «сұлулық», «әдемілік» ұғымдарымен астасып жатыр.

Бүгінгі күні қанатын қомдап, пәк түлеп,

Шәмшіден ұшты сендерге деген ақ тілек.

Алыста жүрсе сүю де жақсы аңсаумен,

Жақынға келсе құшақтап сүйген тәттірек.

Ұлттық танымымызға сәйкес алынған түс атауларының тіліміздегі семантикасы мынадай болып келеді: Ақ көңіл, ақ жүрек, ақ жан, ақ ниет сияқты ұғымдар тілімізде адам мінезіне сай өріс алса, ақ бесік, ақ отау, ақ босаға, ақ бөпе, ақ бала – тазалықтың, пәктіктің белгісі болып, ақ жаулық, ақ тілек, ақ бата, ақ жол – адамның шынайылық көңілі, аққу, ақ сұлу, ақ жібек, ақ жақұт, ақ сүйрік – сұлулықтың символы іспеттес ұғымдарды қамтиды. Тіліміздегі «ақсақал» тілдік бірлігі «қадірлілік», «құрметтеу», «көрегендік» концептілерін білдіреді. «Ақсақал» тілдік бірлігінің «қадірлілік», «құрметтілік», «көрегендік» концептілеріне ие болуы түркі халықтарына ғана тән идиоэтникалық ерекшелік болып табылады. «Ақсақал» тілдік бірлігі этнос тарихымен, салт-дәстүрімен байланысты бола келе, үлкендік пен көрегендікке жеткен сый-құрмет символы.

Жас қала тұр Атырау жағасында

Көкірегі толған арман – ән,

Аппақ гүл дерсің қауызын әлі жармаған.

Сарғалдақ өңді сәбимен құрдас қала бұл

Әлі мектепке бармаған.

Қара. Бұл түстің анықтамасын түсіндірме сөздіктерде «ақтың қарама-қарсы түсі» деп берілген. Қара сөзінің негізгі мағынасы – «күйенің, көмірдің түсіндей түс, бояу». Бұл оның негізгі, номинативтік мағынасы. Мәселен, қара көмір, қара күйе, қара түтін, қара шаш, сүліктей қара айғыр дегендегі «қаралар» оның негізгі мағыналары болып саналады. Қара сөзінің ауыспалы мағынасы оның номинативтік мағынасына қарағанда әлдеқайда көп. 

Табиғатта, қоғамда басқа түр-түстер сияқты қара түстің де толып жатқан ауыспалы, шартты, символикалық мағыналары бар. Бұл тек қазақ тіліне ғана емес, бүкіл түркі дүниесіне ортақ құбылыс. Мысалы, қара тұту, қара жамылу, қара басы, қара жаулық, қара шаңырақ, қара борбай, қара домбыра, қара ниет, қара бет, қара қазан т.б.

Қара – сиыр, жылқы, түйе сияқты ірі мал. Қара – алыстан бұлдырап, қарауытып көрінетін бейне, жанды және жансыз зат тұлғасы. Қара – хан, ақсүйектер, төре тұқымына жатпайтын, жалпы халық, не сол қалықтың өкілі: қарадан шығып хан болған (жай халықтың арасынан шығып хан болған), Қарахан (қара халықтан шығып хан болған хан есімі), қара қазақ (мұнда да түр-түсінің қаралығы емес, «қарапайым қазақ» мағынасында айтылып тұр), қара халық, қара тобыр, қара шаруа (жұмыспен ғана шұғылданып, мал бағып күн көретін шаруа адамы), қара тобыр, қара жұрт, қара бұқара (бұлар да мағыналас сөздер).

Қара – майсыз, дәмсіз, қатықсыз, сүтсіз дайындалған ас (ет, көже, сорпа, нан, шай, т.б.): қара сорпа (майсыз сорпа), қара көже (құрт, айран т.б. қатық қатпаған көже), Қайғысы жоқ адамға қара көже балмен тең; қара ет (майсыз, көк, жасық ет); қара нан (қара түсті, бірақ майға пісірмеген нанның түрі), қара шай (сүт, қаймақ қатып ағартпаған шай), қара су (қайнатқан, не қайнатпаған ауыз суы).

Түндіктен төгіп тұр нұрын,

Жұлдызбен миллион таласа ай,

Шайнектен сары қыр мұрын

Құйылып жатыр қара шай.

Қара – 1) өлім-жітім, қайғы-қасірет, ылаң. Мәселен: не қара көрінді?,- дегенде «не басыңа күн туды, қандай қасіретке душар болдың?» мағынасын аңғарамыз. Отан соғысы жылдарында пайда болған қара қағаз тіркесі «өлім-жітім, қаза жайындағы хабар» деген мағына бергені елдің бәріне аян, немесе: қара уайымға салыну – қатты қайғыру, қасіреттену; 2) өлім-жітімге, қайғылы қазаға байланысты жамылатын, киінетін, тұтынатын азалы киім, зат: қара жамылу – аза тұту, қайғылы күйді бастан кешіру мағынасын білдіреді. «Қазақтың ежелгі салтында өлген ердің бір жыл бойы найзасы босағада қадаулы тұрады. Аты жал-құйрығы күйзеліп жылқыға жіберіледі, жұбайы шашын тарқатып, басына  қара жамылып, күніне үш мезгіл жоқтау айтады. Марқұмның жылы болған соң атын сойып, найзасын сындырып, асын береді. Әйелінің басындағы қара жамылғы алынады» [2, 19].

Бір кезде қанды соғыстан,

Қаралы болған Түркістан.

Садақтан самсап оқ ұшқан,

Жаралы болған Түркістан.

«Қара» түр-түс атауының қасиетті, киелі деген мәнді білдіретін символдық мағыналары да бар. Бұл тіліміздегі қара шаңырақ, қара домбыра, қара қазан сияқты тіркестерден байқалады. Этнограф С.Кенжеахметұлы қара қазанның символикалық белгісі жайлы былай дейді: «Қазанның басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол – күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарханына түсетін тағамдардың барлығы да, ең алдымен, осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана «қазан» демей, оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді. «Жеті жарғыда» өлім жазасына бұйырылған адам жеті айып төлеп құтылса, оның біріншісі – «қара қазан төлеуі» деп аталады [3, 128].

Сонымен қатар «қара шаңырақ» тіркесі де үлкен, қасиетті, киелі, қадірлі ұғымын білдіреді. Қара шаңырақ – ел қадірлейтін әкенің, атаның, не бабаның отырған немесе дәстүр бойынша кенжесінің еншісіне тиген үлкен үйі.

Өтті анам – үш баламның пайғамбары,

Үш сәби жүрегінің сайран бағы.

Жыр қылып жатты біздің қара шаңырақ,

Менің сор маңдайымның тайған бағын...

Қара – қою, қалың, тығыз: қара орман – қалың орман, жыңғыл. Қара – ауыр, зілбатпан: қара уайым (еңсені басқан қайғы-қасірет), көңілім қара қазандай болды (көңілім қатты қалды, сауықпастай ауыр таңба салды). Қара – қатыгез, қаныпезер, ұятсыз, пиғылы жаман. Қара – жердің беті, қабаттары, топырағына қатысты ұғымдар. Мәселен, қара жол – ауыл арасын қосатын, жер бетіндегі шыңдалған жол; қара су – ойпаттау, саздау, тегіс жердің астынан шығып ағатын су. Қара – күшті, екпінді, тегеурінді; қара дауыл – жер бетіндегі заттарды қиратып, бұзып кететін, қатты соғатын дауыл; қара күш – тепсе тебінгі үзетін адамның, күшті хайуанның т.б. заттардың зор күші. Қара – көңілсіз, сүреңсіз, тұңғияқ терең, қалғып-мүлгіген, бейғам. «Түн» деген ұғым қараңғылықты білдірсе де, қазақтар қараңғы түнде немесе жеті қараңғы түнде деп плеоназм ретінде қолдана береді. Сонда осындағы қара сөзінің мағынасы дәл «қараның» өзі емес, көзге түртсе көргісіз, қараңғылықты, тірі жанның бәрі ұйқыға кетіп, қалғып-мүлгіген бейғам мезгілді аңғартатын сияқты. Қара іңір – кеш батып, ымырт жабылған, елдің қарасы көрінгенімен, бірақ кім екенін тануға болмайтын сүреңсіз, көңілсіз уақыт, қара кеш.

Үмітімді жатқанда сеңдер бөліп,

Құтқардыңдар, адамдар, сендер келіп,

Қара түнде қара орман адастырды,

Қарсы алдымнан жол көміп қар асқынды.

Қорыта келгенде, түс атауларының тіліміздегі мәні халықтың тұрмыс тіршілігінің, дүниетанымның кеңдігінің нәтижесі деп түйсінгеніміз жөн. Бұл ұғымдағы түр-түс атаулары ақынның тілінде адам психологиясын, дүниені танудағы өзіндік көзқарасын, таным-талғамының биіктігін көрсетуде жиі қолданылады. Өмірдегі сан алуан құбылыстар мен заттық деректердің ерекше белгісін сипаттауда түстердің маңызы ерекше екенін Т.Айбергенов лирикасынан аңғаруға болады. Бұл ақынның сөз саптаудағы талғампаздықты жетік меңгергенін байқатса керек.

 

Әдебиет:

 

1.      Айтова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы. Филология ғылымдарының канидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Қолжазба. Алматы, 2005.-146б.

2.    Нұрсұлтанқызы Ж. Бейвербалды амалдардың танымдық табиғаты // «Подготовка конкурентоспособного специалиста как цель современного образования». Материалы ІІІ международной научно-практической конференции. 20-21 ноябрь. Vědecko vydavatelske centrum «Sociosfera-CZ»,  –Прага-Чехия, 2013. -18-20 с.

3.      Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы, 1997.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, хан.


Похожие статьи

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Вопрос о том, какие династии правили среди кыпчаков XI-XIII веков, является очень запутанным. Среди ученых-историков не существует никакого консенсуса по этому вопросу.

О происхождении Урус-хана | Статья в журнале «Молодой ученый»

Одним из самых дискуссионных вопросов генеалогии Джучидов на сегодняшний день является вопрос о происхождении Урус-хана.

Происхождение Кутлук-Тимура, эмира хана Узбека

Происхождение Кутлук-Тимура покрыто тайной, с одной стороны он широко известен в письменных источниках, с другой стороны, мы очень мало знаем о его происхождении.

Казахские ханы в монгольских источниках второй половины XVII...

Сообщения о казахских ханах и Казахском ханстве в монгольских источниках скудны. Можно встретить всего несколько сообщений в различных источниках.

Знаменитые женщины Казахского ханства | Статья в журнале...

Хан есть хан, имам, у которого под покровительством были хорошие земли, по шесть-семь домов в Казани и Уфе, кожные и мыльные заводы, который отправлял корабли по Ишиму...

Специфика русско-монгольских отношений во второй половине...

Прервав обмен посольствами с Алтын-ханом, московское правительство старалось проводить политику невмешательства в его дела и демонстрировало свое нежелание поддерживать с ним...

О происхождении Урус-хана | Статья в журнале «Молодой ученый»

Одним из самых дискуссионных вопросов генеалогии Джучидов на сегодняшний день является вопрос о происхождении Урус-хана.

К вопросу о составе войск Шейбани-хана | Статья в журнале...

В историографии слабо разбирался вопрос о количестве и качественном составе войска Мухаммеда Шейбани. Отдельные мнения по этому поводу высказывали разные ученые.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

хан, сын, Ногайская Орда, мнение, Султан, казах, тысяча, Казахское ханство, казахский хан, Иртыш.

К генеалогии Астанакула кошбеги — премьер-министра Бухарского...

Поездка эмира в Россию в 1393 году имела конкретную цель — он вез с собой наследника престола Мир-Алим-хана, которого намеревался определить на учебу.

Похожие статьи

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Вопрос о том, какие династии правили среди кыпчаков XI-XIII веков, является очень запутанным. Среди ученых-историков не существует никакого консенсуса по этому вопросу.

О происхождении Урус-хана | Статья в журнале «Молодой ученый»

Одним из самых дискуссионных вопросов генеалогии Джучидов на сегодняшний день является вопрос о происхождении Урус-хана.

Происхождение Кутлук-Тимура, эмира хана Узбека

Происхождение Кутлук-Тимура покрыто тайной, с одной стороны он широко известен в письменных источниках, с другой стороны, мы очень мало знаем о его происхождении.

Казахские ханы в монгольских источниках второй половины XVII...

Сообщения о казахских ханах и Казахском ханстве в монгольских источниках скудны. Можно встретить всего несколько сообщений в различных источниках.

Знаменитые женщины Казахского ханства | Статья в журнале...

Хан есть хан, имам, у которого под покровительством были хорошие земли, по шесть-семь домов в Казани и Уфе, кожные и мыльные заводы, который отправлял корабли по Ишиму...

Специфика русско-монгольских отношений во второй половине...

Прервав обмен посольствами с Алтын-ханом, московское правительство старалось проводить политику невмешательства в его дела и демонстрировало свое нежелание поддерживать с ним...

О происхождении Урус-хана | Статья в журнале «Молодой ученый»

Одним из самых дискуссионных вопросов генеалогии Джучидов на сегодняшний день является вопрос о происхождении Урус-хана.

К вопросу о составе войск Шейбани-хана | Статья в журнале...

В историографии слабо разбирался вопрос о количестве и качественном составе войска Мухаммеда Шейбани. Отдельные мнения по этому поводу высказывали разные ученые.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

хан, сын, Ногайская Орда, мнение, Султан, казах, тысяча, Казахское ханство, казахский хан, Иртыш.

К генеалогии Астанакула кошбеги — премьер-министра Бухарского...

Поездка эмира в Россию в 1393 году имела конкретную цель — он вез с собой наследника престола Мир-Алим-хана, которого намеревался определить на учебу.

Задать вопрос