Саяси ғылымдардағы консалтингтің рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 21 декабря, печатный экземпляр отправим 25 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Досманбетов, Д. Б. Саяси ғылымдардағы консалтингтің рөлі / Д. Б. Досманбетов, С. Б. Досманбетова, Б. Ж. Паридинова, М. Е. Далдабай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 26-27. — URL: https://moluch.ru/archive/63/9992/ (дата обращения: 09.12.2024).

Бүгінгі қоғамдық өмірде кеңес берудің маңыздылығы артып келе жатқандығы жасырын емес. Зерттеу нысанының мәселелері салық салу мен заң қызметін көрсетуде, экономикалық мәселелерді қамтитын аудит, бухгалтерлік есеп пен тексеру салаларында, басқарудың барлық салалары мен ақпараттық технологиялар жүйесі шеңберінде қолданылатындығы белгілі. Сонымен қатар, саяси қызмет саласында кеңес берудің өзіндік орнын саяси ғылымдар анықтап береді.

Осы уақытқа дейін зерттеу нысанына айналып отырған мәселені саяси ғылымдарының кандидаты, университетіміздің тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры М.Ө. Насимов тереңірек зерттеді. Зерттеу жұмыстары  «Life Science Journal» [1], «Молодой ученый» [2], «Социосфера» [3] журналдарында және бірнеше халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда [4] жарық көрді.

Саяси кеңес берудің негізгі қырлары саяси жарнаманың [5] рөлі мен мемлекет пен қала имиджін [6] қалыптастыру арқылы анықталатындығын айқындаумен бірге, пайда болуының тарихи тамырларын [7] анықтаған зерттеулер де жүргізілді. Сонымен қатар, кеңес берудегі кинематография [8] мен театрдың [9], музыканың [10] басымдықтары анықталған ғылыми мақалалар жарық көрді. Қоғамдық өмірде саяси жағдайды зерттеудің орны ерекше екендігіне байланысты, берілген жұмыстар құнды деп есептейміз.

Саяси кеңес беруді зерттеудің маңыздылығы - жаңа зерттеу пәні құрылымының саяси ғылымдарда мардымсыз қарастырылуы деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, осы уақытқа дейін «саяси консалтинг» түсінігінің пәні мен мазмұны толық ашылмаған. Бұл ұғымға сайлау науқаны кезеңдерінде мән берелетіндігі және кеңесшінің қызметіне сай емес жұмыстар атқаратындығы жасырын емес. Сонымен бірге, берілген түсінік саясаттану, әлеуметтану, экономика және психология сынды ғылым салаларымен пәнаралық байланысқа ие. Отандық саяси ғылымдарда аталмыш түсініктің қолданбалы саясаттануда жеке бөлім ретінде толық қарастырылмай жатқандығын мойындауымыз қажет.

Жалпы саяси кеңес беру арқылы даярланады:

-       саяси міндеттерді шешуге бағытталған ұсыныстарды дайындау;

-       көпшілік имиджін алға жылжыту;

-       репутациялық консалтинг;

-       тапсырыс берушінің ақпараты негізіндегі баяндамалар, есептер мен бағдарламаларды дайындау;

-       белгілі бір ұйымның бағдарламасы мен идеологиясын дайындау;

-       тұрғындармен тиімді үгіт-насихат жұмыстары әдістері;

-       саясаткер, кандидат, партияның имиджіне психологиялық сараптама мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

-       саяси бәсекелестер имиджіне салыстырмалы сараптама;

-       электоратқа ықпал етудің психологиялық тәсілдеріне сараптама;

- бәсекелестердің үгіт-насихат науқандарына қарама-қайшы әдістер, деструктивті саяси технологияларды жою;

-       бұқаралық саяси акцияларды өткізу ерекшеліктері;

-       жеке әлеуметтік категориялармен (жастар, зейнеткерлер және т.б.) жұмыс жүргізу ерекшеліктері;

-       мақсатты аудиторияның негативті ұстанымдары мен стереотиптерін жеңу жүйесін дайындау;

-       БАҚ, партиялық бағдарламалар мен басқа материалдар мәтіндерін арнайы зерттеу;

-       саяси баяндамалар мәтіндерін дайындау және психологиялық сараптама, спичрайтинг.

- саяси ұстаным технологиялары;

- сайлау науқанының менеджменті;

- ақпараттық қауіпсіздік ұйымдастыру;

- сараптамалық материалдарды дайындау;

- саясаткерлер мен саяси құрылымдарды ақпараттық-сараптамалық қолдау;

- ұзақмерзімді имидждік бағдарламаларды дайындау және енгізу.

Қазақстан Республикасы саяси консалтингі нарығының негізгі басымдығы ретінде саяси процестер мазмұнын терең талдау, саясаттағы негізгі ойыншылар қимылдарын модельдеу мүмкіндігі, оқиғаның дамуын болжау болып табылады. Біздің ойымызша, аталған тұжырымдар осы құбылыстың түрлі сипаттамалық феноменін айқындайды [11].

Әдебиет:

1.  Nassimov M.O., Dosmanbetov D.B., Dosmanbetova S.B., Paridinova B.Zh., Ensepov A.A. Political consulting: essence, specifics, technologies // Life Science Journal 2013;10(4):2866-2869.

2.  Насимов М.О., Енсепов А.А., Паридинова Б.Ж. Political Consulting: Main Problems // Молодой ученый. – 2013. - №11.1. – С. 25-26.

3.  Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Консалтинг как объект политической науки // Социосфера. – 2013. - №4. – С.183-185.

4.  Nassimov M.O., Primzhanov M.A., Paridinova B.Zh., Kopposynova M.K. Consulting as a subject of political sciences // «Cоциально-экономическое, социально-политическое и социокультурное развитие регионов»» материалы международной научно-практической конференции – Прага: Vědecko vydavatelske centrum «Sociosfera-CZ», 2013. – С. 102-104.

5.  Nassimov M.O., Kaldybai K., Paridinova B.Zh. Features of Political Advertisement in the Republic of Kazakhstan // Middle-East Journal of Scientific Research 14 (8): 1129-1134, 2013.

6.  Насимов М.О. Image of the country and the city on the example of the Republic of Kazakhstan and Astana // Молодой ученый. – 2013. - №5, Том ІІІ. – С. 564-566.

7. Насимов М.Ө. Саяси консалтинг пайда болуының тарихи тамырлары // ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, саясаттану, мәдениеттану сериясы. - 2011. - №1 (36). - 29-32 бб.

8.    Насимов М.О. Кинематография арқылы саяси кеңес берудің жолдары // «Қазіргі заманғы Қазақстанның инновациялық дамуы және ғылымға деген сұранысы» атты жас ғалымдардың VІ халықаралық конференциясы материалдары. 4 бөлім: қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар. – Алматы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, 2012. – 296-300 бб.

9.  Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Социология знания и театр: взаимосвязь с консультированием. // Гуманитарные научные исследования. – Июнь, 2013 [Электронный ресурс]. URL: http://human.snauka.ru/2013/06/3361

10.      Насимов М.Ө., Паридинова Б.Ж. Қоғам құндылықтарын насихаттау жолындағы музыканың кеңес берудегі басымдықтары [Priorities of consultation of promotion of values as to society through music] (in Kazakh) // Applied Sciences and technologies in the United States and Europe: common challenges and scientific findings, proceedings of the 1st International scientific conference: Volume 1. - New York: Cibunet Publishing, 2013. - P. 133-134.

11.     Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Кеңес берудің саяси ғылымдардағы орны // Молодой ученый. – 2014. – № 1-2. – С. 47-48.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, URL.


Задать вопрос