Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 21 декабря, печатный экземпляр отправим 25 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (63) апрель 2014 г.

Дата публикации: 28.03.2014

Статья просмотрена: 692 раза

Библиографическое описание:

Ахметова, Д. Е. Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар / Д. Е. Ахметова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 33-35. — URL: https://moluch.ru/archive/63/9990/ (дата обращения: 10.12.2024).

Әдетте, ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асырылып, нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталып белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Тұлғаның ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау процесі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұратыны белгілі. Ойлаудың осы амалдарының қолдана алуынан оқушылардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде: М.Жұмабаев: «Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» [1], – деген.

Тұлға логикасының дамуын есеп шығару ерекшеліктерінен байқауға болады. Ойлау қабілетін дамытатын, әр пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойын есептері. Зерттеушіғалым З.Успанованың пайымдауынша, «Логикалық есептерді шығару тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауына, салыстыруға әсер етеді» [2, 21]. Ж.С. Мұханмедина «Тұлға бойындағы қабілетті ашу оқушылардың шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады» , - деп топшылайды. Даму саласындағы диагностика мұғалімдердің жоғары біліктілік пен жауапкершілікті талап ететін, маңызды практикалық әрекеті болып табылады. Жоғары сынып оқушыларының ойлаулары нақты-бейнеліден абстрактылы-логикалық ойлауға қарай дамиды. Ол үшін ойлау әрекетінің мотивациясының стилінің компоненттері мен сапалық сипаты қандай және оларды қалай диагностикалауға болады деген мәселеге қатысты пәндік әдебиеттерді талдау маңызды. Пәндік ойлау ерекшелігі – оны сипаттауда әдетте арнайы терминдермен (нақты және абстрактылы, интуитивті және т.б) айқындалатын өзіне тән ерекше түрлері болатындығында. Жұмыста ойлаудың әрбір түрі талқыланып, оларды қалыптастыруға нақты нұсқаулар беріледі. Мұндай көзқарас мұғалім әрекетіне тиісті бағдар беріп, ойлау мотивінің әрбір түрінің бірқатар сипаттамалары жайлы түсінік беруімен маңызды.

Жұмысты ойлау түрлері, ойлау операциялары және пәндік зерттеу әдістері арасындағы байланыстардың анықталуы құнды көрсеткіш болып табылады. Сол мағынада оқу құралында көрсетілген білік логикалық ойлау мотивінің дамуының диагностикалық параметрлері бола алады. Кеңістік ойлауы кеңістіктегі бейнені немесе қарастырылып отырған объектілердің кестелік құрылымын ойша құрастыру және объектілердің өзін орындалуға тиісті сәйкес амалдар қолдану білігімен сипатталады. Ойлаудың бұл түрімен пәндік объекті, операциялар немесе объектілер арасындағы қатынас пен түрлі кестелер көмегімен өз ойын байланыстыра білуі тығыз байланысты. Сондықтан жоғары сынып оқушыларының кеңістікті ойлауының даму деңгейін диагностикалауда ырықты түсінуге қабілеті, саналы ақыл-ой әрекетінің дәрежесі, тапсырманы орындауға кеткен уақыты т.б. тәрізді көрсеткіштер назарға алынуға тиіс. Психологияда ойлау дамуының жеке ерекшеліктері мен ойлау операцияларын зерттеудің көптеген әдістемелері бар А.З.Зак, А.А.Венгер, И.С.Якиманская, В.Ф.Талызина, т.б. Осылардың негізінде математикалық мазмұндағы материалдардың көмегімен оқушылардың дамуының жекелеген жақтарын бағалау әдістемесін құруға ұмтылыс жасалуда. Бұлар А.З.Зак, Г.Г.Микулина ұсынған есептері, Г.Айзенктің тесттері, “Сандар қатары” әдістемесі, т.б.

Ойлану процесін жүзеге асыру үшін тәжірибе ықпалын тексеру үшін 11 «А» сыныптағы бір оқушыға мынадай тапсырма ұсынылды. Оған ретімен мынадай қосалқы ұғымдар беріледі:  қорғасын-жез;  трактор-транспорт;  қой-сиыр;  бес-сиыр;  қайың-қарағай;  стол-ер;  торғай-көгершін. Бұл эксперименттің мақсаты: әркім өз тәжрибесімен біліміне қарай осы ұғымдардың қандай түріне жататындығын тексеру болып табылады.    Зерттеуші: «Мен қазір сіздерге қосалқы ұғымдарды ұсынамын, ал сіздер маған осы ұғымдардың жалпы белгісін айтып берулеріңіз керек», - деп ескертеді де, сол қосалқы сөздерді оқиды. Оқушылар қорғасын мен жез металға жатады деп жауап беруі ықтимал. Бұл жауап дұрыс. Алайда, оқушылар осы қосалқы ұғымдардың екуіне бірдей тән өзге де белгілерін ашып көрсетуі мүмкін. Мысалы, қорғасын-жез - түсті метал деп анықтауы мүмкін. Трактор мен транспорт бір салаға жататын ұғымдар болғанымен, олардың бұл белгісі түрлі дәрежені білдіреді. Демек, трактор деген транспорт деген ұғымның көлеміне енеді т.б. (1 кесте).

Кесте 1. Зерттеу қортындыларының үлгісі

Сөздердің рет саны

Қос сөздер

Белгілері

(бірінші)

..................

(үшінші)

Қорғасын жез

................

Қой сиыр

Түсті металдар

....................

Үй хайуанаттары

Адам бағыты оның ойлануына қаншалықты ықпал ететін байқау үшін оқушыларға арифметикалық есептер ұсынылады. Берілген есептер бір тектес екі топтан құралып, оның бір тобын шығару тәсілі белгілі бағытта арналады. Мұнан кейін оқушыларға екінші топтағы есептерді шығару ұсынылады. Осы эксперименттің мақсаты - бірінші топтағы есептерді шығару жолы, екінші топтағы есептерді шығаруға қаншалықты әсер ететінін тексеру.  Экспериментті жүргізу үшін зерттеуші әрбір оқушы екі топтағы есептерді шығаруға әрқайсысына қанша уақыт жібергені мен кездескен қиыншылықтарын жазып отырады. Бұл зерттеуден оқушылардың есептерді шығаруда жиі кездесетін сәтсіздіктің бірі - жаңа есептерді бұрыннан дағдыланған тәсілдерді қолданып шығаруы. Бұл жәйттен біздер адамда бұрыннан қалыптасқан бағыттан жаңа есептерді шығаруға тигізетін әсерін байқамаймыз. Біз өзіміздің зерттеу мақсатымызға байланысты А.Лачинстің оқушыларға мынадай есептер ұсындық.

1. Үш ыдыста 37,21 және 3 литр су бар. Осылардан 10 литр суды құйып алуға болады.

2. Үш ыдыста 37,24 және 2 литр су бар. Осылардан 9 литр суды қалай құйып алуға болады.Осы есептерді былай шығаруға болады.

1. 37-21-33=10;           2. 37-24-2-2=9.

Осындай есептерге жаттықаннан кейін өзге амал қолданып шығаратын ұқсас есептер беріледі. Зерттеуге қатысқандардың көпшілігі соңғы есептерді де әуелгі есептер амалын қосып шығарысы келеді. Демек, бұл мысалдар адамның бұрынғы тәжірибесі келесі мәселені шешуге кейде кедергі тигізетінін көрсетеді.  Логикалық ойлау дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлау. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қалыптан тыс ойлауға үйрету. Шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Өйткені әрбір жаңалық әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді. Шығармашылық қабілеттер ойлау арқылы жүзеге асады. Ал шығармашылық ойлау деп – ойлаудың жылдамдығы, икемділігі, дәлдігі айтылады. Осы проблеманы шешу жолында төмендегі ұсыныстар арқылы логикалық ойлау мотивациясын жоғарлатуға септігі тиеді деген ойдамыз.

Әдебиет:

Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 394 б.

Успанова З.У. Мышление как высшей познавательной процесс. -Кызылорда, 2002.

Основные термины (генерируются автоматически): литр су бар, мена, оса.


Похожие статьи

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Ағылшын тілін оқыту мен оқуда талантты және дарынды балаларды анықтау тәсілдері

Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде

Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын?

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы шарттары

Қашықтықтан оқыту жүйесін психологиялық тұрғыдан тиімділігін арттыру

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Бидай дақылы құрамындағы азоттың мөлшері және жинақталуы

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

Похожие статьи

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Ағылшын тілін оқыту мен оқуда талантты және дарынды балаларды анықтау тәсілдері

Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде

Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын?

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы шарттары

Қашықтықтан оқыту жүйесін психологиялық тұрғыдан тиімділігін арттыру

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Бидай дақылы құрамындағы азоттың мөлшері және жинақталуы

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

Задать вопрос