Қазақ мақал-мәтелдерінің узуальды қолданысы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (63) апрель 2014 г.

Дата публикации: 28.03.2014

Статья просмотрена: 782 раза

Библиографическое описание:

Рсалиева, А. М. Қазақ мақал-мәтелдерінің узуальды қолданысы / А. М. Рсалиева, Ж. Г. Смагулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 67-68. — URL: https://moluch.ru/archive/63/10022/ (дата обращения: 16.11.2024).

Ә.Т. Қайдар өзге тілдердің ММ қолданысы жөніндегі зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, «Мақал‑мәтелдердің узуальды (әдеби тіл нормасына тән қалпында), дәстүрлі қолданысында олардың құрамдық элементтері орын тәртібі жағынан да, саны мен тұлғасы жағынан да тұрақты болып келеді» деп көрсетеді. Мысалы:

Жақсы өтіріктен жаман шындық артық < >

Сұмырай келсе, су құрыр < >

Жол қуган қазынаға жолығады,

Сөз қуган пәлеге жолығады < >

Жақсы сөз – жарым ырыс < > т.б.

Алайда, бұл тұрақтылық олардың әдеби тіл нормасы құзырында қолдануында ешбір өзгеріске түспей, сол қалпында сақталады дегенге кепілдік бере алмайды. ММ-дер өздерінің өзгеріске бейім, жанды құбылыс екенін бұл жерде де байқатады. Мұнда ММ күрделі кұрамдық өзгерістерге бармайды. ММ-дердің узуальды варианттары көп емес, олардың жеңіл-желпі екі-үш түрлі өзгерістен туындайтыны байқалады. Оның бірі –парадигматикалық варианттар, екіншісі –синонимдік варианттар, үшіншісі –эллипсистік варианттар, тәртіншісі – метатезалық варианттар [2, 109 б.].

1. Парадигматикалық вариант. Бұл, негізінен, мақал-мәтелдердің сөз жүйесіне, сөйлем құрамына енуіне байланысты соңғы компонентінің келесі сөйлем мүшесімен синтаксистік байланысқа енуіне қажетті қарапайым тұлғалы көзгеріс. Мысалы, Сумырай келсе, су құрыр < > деген мақалды Сұмырай келсе, су құриды < > деп те қолдану бар. Міне, бұл тек мақалдың құрамдық вариантын тудыратын қарапайым прагматикалық өзгеріс нәтижесі. Одан ММ-дің мағынасына ешбір нұқсан келіп тұрған жоқ.

Бұл тәрізді өзгерістерді ММ-дердің жеке-дара тұрған статикалық қалпынан да, автор қолданысындағы динамикалық қалпынан да байқауға болады. Мысалы: Жаманның аузы асқа тигенде мұрны қанайды < > деген мақал Ә. Кекілбаевта: ... Әлдім-талдым деп биікке қолың енді жетіп отырған шетқақпай тұқымның төлі болсаң, жаманның аузы асқа тисе, мұрны қанайдының кебін киесің (Ә. Кекілбаев. Үркер, 96). Осындағы асты сызылған мақал компоненттері прагматикалық өзгерістің авторлык варианттары (тисе < тигенде, қанайдының < қанайды).

ММ-дер қолданысында прагматикалық өзгерістердің бұдан басқа да сан алуан түрін келтіруге болады. Мысалы, солардың біріне соңғы компоненті етістік болып келетін мақал-мәтелдердің осы мүшенің сөз ыңғайына, мәтін жүйесіне, сан алуан модификациялық өзгерістерге түсуіне байланысты варианттануын жатқызуға болады. Мысалы, мына макалдың: Өре табылса – шабақ, Талқан табылса – тамақ < >деген мақалдың: Өре табылса, шабақ бар (болады//табылады), Талқан табылса, тамақ болады // табылады < > деп айтылатын варианттары да бар. Бір күн дәмін татқанға қырық күн сәлем // сәлем де // сәлем бер < > т.с.с.

2.  Синонимдік варианттар. Бұл өзгерістің тетігі тілде қалыптасқан бір мақал, не мәтелдің бір, не екі компонентін өзгертіп, оны мағыналас (синонимдес) басқа сөзбен ауыстыруға байланысты. Мысалы, Жақсы сөз - жарым ырыс < > түрінде қалыптасқан мақалды кейде Жақсы лепес –жарты ырыс < > деп қолданады.Бұл екеуінің мән-мағынасы бірдей, бірақ, көріп отырғанымыздай, құрамында синонимдердің (сөз~лепес) алмасуы бар.

Синонимдік өзгерістерден туындаған варианттарға мына мақал-мәтелді де жатқызуға болады:

Бәлен жерде бақыр бар, барсаң, бақыр тұрмак, шақа да жоқ < >

Бәлен жерде бақыр бар, барсаң, бақыр тұрмақ шелек те жоқ < >

Бұл екеуі бір мақалдың екі варианты. Олардың "вариантқа" айналуының себебі құрамындағы бір компоненттің мағыналас (синонимдес) екі сөзбен "бақыр" мен "шелек"ауыстырылуына бай­ланысты. Бірақ, бұл қолданыста бір мағыналық кілтипан бар. Ма­кал вариантындағы "мыс ақша" мағынасындағы бақыр сезі бірінші вариантта "майда тиын" мағынасындағы "шақа" сөзімен салысты-рылып тұрса, екінші вариантта мыстан жасалған ыдыс мағынасын-дағы "бақыр" сөзімен қаңылтырдан т.б. заттардан жасалған "ше­лек" сөзімен салыстырылып түр. Бірақ, мақалдың жалпы (ауыс) ма-ғынасына нұқсан келіп түрған жоқ.

3. ММ-дердің эллипсистенген (ықшамдалған) варианттары. Паремиологияда мұны "узуальды-эллипсистенген" ("узу­ально-эллиптированные варианты"), не ықшамдалған варианттар" деп те атайды. Бұл құбылыстың мәні мақал-мәтелдердің кұрамынан о бастағы құрамдық элементтерінің (компоненттерінің) біреуін, не екеу-үшеуін, жалпы мән-мағынасына нұқсан келмейтіндей етіп түсіріп айтуға және олардың тілде сол қалпында қалыптасуына байланысты. Мақал-мәтелдердің дамуына тән "әрі қысқа, әрі нұсқа" атанатын үрдісіне байланысты жүзеге асырылатын бұл құбылыстың тілде түрлері көп. Соның біріне, мысалы, о баста екі тағаннан (жолдан) тұратын ММ-дің бір тағанын түсіріп айту дәстүрі жатады. Қазақ тіліндегі біраз қос тағанды ММ-дердің бір тағандыға айналып, дәстүрлі қолданысқа ие болу себебі де содан. Мысалдар:

Көрмес түйені де көрмес < >

Көрмес түйені де көрмес, танымас Құдайын да танымас < >

аШегірткеден қорыққан егін екпес < >

Шегірткеден қорыққан егін екпес, барымтадан қорыққан мал жимас < > т.б.

ММ-дердің ықшамдалған (эллипсистенген) варианттарына қос тағанның соңында қайталанып келетін мүшенің біріншісін түсіріп айтып, оның функциясын екіншісіне жүктеу нәтижесі де жатады. Мысалы:

Болса, досыңмен кеңес, болмаса, бөркіңмен кеңес < >

Болса, досыңмен, болмаса, бөркіңмен кеңес < >

Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан < > т.б.

Сұлуынан жылуы жақсы// артық < >

Сулуынан – жылуы < >

Аш құлақтан тыныш құлақ артық < >

Аш құлақтан – тыныш құлак < > т.б.

Бұл тәрізді ММ-дердің жеке компоненттерін түсіріп, ықшамдап айтудан олардың жалпы мән-мағынасына нұқсан келмейді.

4. Метатезалық варианттар. Метатеза, әдетте сөз құрамындағы жеке дыбыстардың, не буындардың орын ауыстыруын білдірсе, оны біз шартты түрде ММ-дер құрамындағы жеке компоненттердің, не сөз тіркестерінің орын алмастыруына қатысты қолданып отырмыз. Өйткені, бұл кұбылыс ММ-дерде де кездеседі. Мұны кейбір қос тағанды ММ-дердің тағандарының орнын ауыстырып қолданудан көруге болады. Мысалы, Сиыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді < > деген мақалдың бір варианты - Сиыр сипағанды білмейді < > ықшамдалған (эллипсистенген) вариант болып қалыптасса, енді біреуі Жаман сыйлағанды білмейді, Сиыр сипағанды білмейді < > де­ген метатезалық варианттары тағы кездеседі. Бірақ, бұлар кұрамы жағынан қалай өзгерсе де, мағыналарын баз калпында сақтайды.

Міне, ММ-дердің бұл көрсетілген узуальды варианттары да олардың қолданысына байланысты өзгерістерінен туындаған заңды құбылысқа жатады.

Әдебиет:

1.   Қайдар. Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу). Алматы. Тоғанай Т., – 2004. – 559 б.

2.   Қайдар Ә.Т. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері: Актуальные проблемы қазахского языка. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б.

3.   Сағындыков. Қ. Саңлақ сандар // "СҚ". – 1985. – 16 ақпан.

4.   Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2004. – 152 б.

5.   Әлімқұлов.Т. Сырлы саз.- Алматы, 1961. – 360 б.

6.   Адамбеков.C. Атылған қыз туралы аңыз. - Алматы, 1980. – 310 б.

Основные термины (генерируются автоматически): Алматы, Аша, бар.


Задать вопрос