Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (60) январь 2014 г.

Дата публикации: 08.01.2014

Статья просмотрена: 449 раз

Библиографическое описание:

Усайнова, Г. М. Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы / Г. М. Усайнова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 1.2 (60.2). — С. 11-13. — URL: https://moluch.ru/archive/60/8927/ (дата обращения: 26.04.2024).

Қазақстан Республикасының Білім беруді да­мы­тудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Орта білім беру ұйымдарының 90%-ында электрондық оқыту жүйесі қолданылады» деп жоспарланған [1].

Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Осы мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

Электрондық оқыту адам ой-өрісінің ақпараттық және технологиялық дамуының әсері болып табылады. Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арасында адам өмірінің ортасы өзгерді, бұл оқу ортасының өзгеруін қажет етті.

Электрондық оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы болып табылады.Бүгінде, ақпаратты өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу– әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар, қазіргі маман ақпараттық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Сондықтан, функциональды дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу қажеттілігі тууда. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттердің ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл білім алушылар мен мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып білім алушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын ақпараттық қатынастық технологияларды пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын, өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және нақты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.

Электрондық оқытудың артықшылықтарын атап кетейік:

Икемділік - өзіне қолайлы уақытта, қолайлы темпте, өз орнында отырып айналысу мүмкіндігі. Пәнді игеру үшін уақыттың регламенттелмеген қиындысының болуы.

Модульділік. Тәуелсіз оқу курстар жинағынан – топтық немесе жеке талаптарға жауап беретін, оқу жоспарын құру модулінің мүмкіндігі.

Параллельділік. Кәсіби оқу қызметімен байланысы, яғни өндірістен бөлінбейтіндігі, қол үзбеу мүмкіндігі.

Қамтылуы. Білім алушылардың оқу ақпаратының бірнеше көздерін бір мезгілде пайдалануы(электронды кітапханалар, берілгендер қоры, білім базасы).

Тиімділігі. Оқу аймақтарын, техникалық құралдарды, транспорттық құралдарды, оқу ақпараты жайлы унифициялды түсінік және мамандарды дайындауда шығындарды азайту.

Технологиялығы. Адамның әлемдік постиндустриалды ақпараттық кеңістікте дамуына бағытталған телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялардың білім процесінде жаңа жетістіктерін қолдануы.

Әлеуметтік тең құқылылық. Оқып жатқандардың тұрған жеріне, оның денсаулығына, материалдық қамтамсыздандырылғанына тәуелсіз білім алудың тең мүмкіндіктерінің болуы.

Интернационалдылық. Білім қызметі рыногында әлемдік жетістіктердің экспорты және импорты.

Позитивтік ықпал. Білім алушы өзі ұйымдастыру арқылы шығармашылық және интеллектуалды потенциалын көтере отырып, білімге ұмтылуы, компьютерлік техникамен жұмыс жасай білуі және өз бетінше міндетті шешімдерді қабылдау арқылы электронды оқытудың білім алушыға оң ықпал етуі.

Электрондық оқыту сапасы. Электрондық оқыту формасы білім беруде оқудың күндізгі формасынан сапасы жағынан кем түспейді, белгілі кадрлык профессорлық-білім беру құрамын электронды оқыту формасына қызықтыру және оқу процесінде ең жақсы оқу-әдістемелік кешендерін қолдану немесе басқа пәндер бойынша тесттер арқылы бақылау жүргізіп, сапасын жақсарту [2].

Электрондық оқыту жүйесінің басқа жүйелер секілді өз кемшіліктері бар:

- мұғалім мен білім алушының арасында жеке қарым-қатынастың болмауы, яғни, тәрбие беру, білім алушымен жеке айналысу, жеке білім алушымен тәжірибе алмасу жүргізу тәрізді мүмкіндіктердің жоқтығы.

- нәтиже білім алушының өзінің таңдаған пәніне байланысты. Электронды оқытуда ең бастысы таным және өзіндік бақылау дәрежесі қажет. Көптеген тұлғаларға күнделікті бақылау жасау мүмкіндігінің болмауы еркіндік факторы болып табылады.

- білім сапасы жасалған стандарттардың талаптарына сай көп жағдайда орындала бермейді.

- техникалық жабдықталуы. Барлық қолданушылардың интернет пен компьютерге барлық кезде дерлік мүмкіндіктері бола бермейді.

- практикалық білімнің жетіспеушілігі. Күндізгі бөлімнің студенттері оқытушы бакылауымен алған білімдерін практикада қолдана алса, ал электронды оқыту формасында мұндай мүмкіндік жоқ.

- оқытудың жазбаша түрі. Негізінен, электронды оқытуда оқытудың жазбаша түрі қолданылады, егер білім алушы ақпаратты тыңдау арқылы қабылдайтын болса, немесе оған өз ойларын ауызша айту ыңғайлы болса, онда бұл оқу түрі оған зеріктіретіндей болып көрінеді [3].

Электрондық оқыту жүйесіне цифрлық білімдік ресурстар орналастарылатын болады. Оларға қатынас құру логин мен құпия сөздің негізінде жүйеге кіру арқылы жүзеге асырылады.

Цифрлық үйрететін контенті дайындаудың жаңа деңгейі оны сабақ бойынша жоспарлаумен анықталады.

Цифрлық білімдік ресурстар (ЦБР) – бұл сабақта электрондық оқытуды немесе оқушылардың үйде өзіндік дайындықты іске асыру үшін арналған цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар. ЦБР-дың мазмұны пән оқу бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл оқу материалының мазмұнын цифрлық форматта абсолютті аударып алды дегенді білдірмейді. Электрондық оқыту оқытудың дәстүрді әдістерімен кірігуді білдіреді және мұғалімнің түсіндіруін, оқушының кітаппен, карталармен жұмыс істеуін, ауызша және жазбаша жауаптарын және т.б. өзгертпейді.

ЦБР-дың электрондық оқулықтардан айырмашылығы сонда, электрондық оқулықтар оқу курсы үшін пән бойынша білімнің барлық жүйесін қамтиды, ал цифрлық білімдік ресурстар ықшам білімдерді береді, бір нақты оқу тақырыбы бойынша біліктер мен машықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ электрондық оқулықтар, әдеттегідей, кейстік технология бойынша (СD-да) әзірленетінін және таратылатынын, сол уақытта ЦБР қалай порталда орналасатын және желі бойынша берілетін болатынын, бұл ресурстың көлеміне белгілі бір шектеулер қоятынын ескеру керек [4].

Әрбір ЦБР 4 құрамдас бөліктен тұрады:

1) мультимедиалық дыбысталған таныстырылым; 2) мәтін; 3) тапсырмалар; 4) тестілер.

Цифрлық білімдік ресурстардың құрамдас бөліктері өзіндік бірліктер ретінде дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақтың әр түрлі кезеңінде: жаңа материалды түсіндіру кезінде, өзіндік жұмысты бекіту кезінде, қорытынды қайталау кезінде және т.б. пайдаланылатын болады. Бір сабақта барлық 4 құрамдас бөлікті пайдалану тіпті міндетті емес: мұғалім ЦБР-ды пайдалануға байыпты түрде қарауы және оларды сабақтың нақты мақсатын, дидактикалық міндеттерін, нақты сыныптың дайындық ерекшеліктерін ескеріп қолдануы тиіс.

ЦБР жиынтығы білімдік процесс қатысушыларының интерактивтік арақашықтықтық өзараәрекеттестігі ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасын жасауды қамтамасыз етеді. Цифрлық контентті пайдалану, әдістемені дайындау жағдайларында оқытудың әр түрлі типтері кезінде білім алушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың дидактикалық тәсілдері мен білімдік процесс субъектілерінің ақпарқатынастық өзараәрекеттестігін ұғыну және жүйелеу қажет.

Әдебиет:

1.      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2.      Тихомиров В.П. Дистанционное образование в России // Дистанционное образование. – 1996. - №1. - С. 7-10.

3.      Классическое высшее образование: достижения, проблемы, перспективы. Материалы международной научно-методической конференции. – Владивосток: Изд-во Дальневосточного ун-та, 1999. – 288 с.

4.      Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас. – Алматы: «ҰАО» АҚ, 2011. – 87 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Дистанционное образование.


Похожие статьи

Moodle — свободная система управления обучением

Moodle относится к классу LMS (Learning Management System) — систем управления обучением.

Ориентированная на дистанционное образование, система управления...

Внедрение LMS Moodle в учебном процессе | Статья в журнале...

Ориентированная на дистанционное образование, система управления обучением Moodle обладает большим

Мудл, дистанционное обучение, ДЕЛО. distance learning, Moodle, CASE.

Анализ мирового рынка дистанционного образования

Первые попытки внедрения технологий дистанционного обучения в странах Западной Европы и США были предприняты в 60-х годах двадцатого века.

Особенности смешанного и дистанционного обучения в вузах

Дистанционное обучение способствует [2]: – получению качественного образования в ведущих вузах у лучших преподавателей

История развития дистанционного обучения | Статья в журнале...

Ключевые слова: дистанционное обучение, образовательный процесс, компьютерные сети.

− повышение качества образования и уровня образованности общества

Актуальность дистанционного образования | Статья в журнале...

В связи с реалиями сегодняшнего дня актуальность дистанционного обучения заключается в том, что результаты общественного прогресса...

Роль дистанционного обучения в современном образовании

Дистанционное образование — особая, совершенная форма, сочетающая элементы очного, очно — заочного и заочного обучений на основе новых информационных технологий и...

История развития дистанционного обучения в России

В настоящее время дистанционное обучение является одним из перспективных направлений в образовании.

Внедрение в образовательный процесс дистанционных...

Дистанционное обучение — это образовательная технология, способ передачи знаний обучаемым, который может быть применен для любой формы образования...

Дистанционное обучение – способ получения образования

Одним из перспективных способов получения образования в наше время является дистанционное обучения, с помощью возможностей...

Похожие статьи

Moodle — свободная система управления обучением

Moodle относится к классу LMS (Learning Management System) — систем управления обучением.

Ориентированная на дистанционное образование, система управления...

Внедрение LMS Moodle в учебном процессе | Статья в журнале...

Ориентированная на дистанционное образование, система управления обучением Moodle обладает большим

Мудл, дистанционное обучение, ДЕЛО. distance learning, Moodle, CASE.

Анализ мирового рынка дистанционного образования

Первые попытки внедрения технологий дистанционного обучения в странах Западной Европы и США были предприняты в 60-х годах двадцатого века.

Особенности смешанного и дистанционного обучения в вузах

Дистанционное обучение способствует [2]: – получению качественного образования в ведущих вузах у лучших преподавателей

История развития дистанционного обучения | Статья в журнале...

Ключевые слова: дистанционное обучение, образовательный процесс, компьютерные сети.

− повышение качества образования и уровня образованности общества

Актуальность дистанционного образования | Статья в журнале...

В связи с реалиями сегодняшнего дня актуальность дистанционного обучения заключается в том, что результаты общественного прогресса...

Роль дистанционного обучения в современном образовании

Дистанционное образование — особая, совершенная форма, сочетающая элементы очного, очно — заочного и заочного обучений на основе новых информационных технологий и...

История развития дистанционного обучения в России

В настоящее время дистанционное обучение является одним из перспективных направлений в образовании.

Внедрение в образовательный процесс дистанционных...

Дистанционное обучение — это образовательная технология, способ передачи знаний обучаемым, который может быть применен для любой формы образования...

Дистанционное обучение – способ получения образования

Одним из перспективных способов получения образования в наше время является дистанционное обучения, с помощью возможностей...

Задать вопрос