Тұрақты даму мақсаттарының өңірлік деңгейде жүзеге асырылуын жетілдіру мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №15 (410) апрель 2022 г.

Дата публикации: 12.04.2022

Статья просмотрена: 86 раз

Библиографическое описание:

Жагпарова, А. Х. Тұрақты даму мақсаттарының өңірлік деңгейде жүзеге асырылуын жетілдіру мәселелері / А. Х. Жагпарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 15 (410). — С. 356-362. — URL: https://moluch.ru/archive/410/90250/ (дата обращения: 27.04.2024).



Мақалада Қазақстан Республикасындағы Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылу барысы және мақсаттарды өңірлік деңгейде оқшаулау, жергілікті институционалдық механизмдер, тұрақты даму мақсаттарының индикаторлары қарастырылады. Жаһандық мақсаттарды іске асырудағы азаматтық қоғамның ролі, шет елдер тәжірибесі зерделенген. Ұлттық деңгейде жаһандық мақсаттарды тиімді жүзеге асыруда өңірлік деңгейде атқарылатын шаралардың маңыздылығы баяндалған.

Түйінді сөздер: тұрақты даму мақсаттары, тұрақты даму мақсаттарының индикаторлары, статистикалық көрсеткіштер, азаматтық қоғам, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Вопросы совершенствования реализации целей устойчивого развития на региональном уровне

Жагпарова Айнаш Хайроллаевна, студент магистратуры

Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан (г. Нур-Султан, Казахстан)

В статье рассматривается реализация целей устойчивого развития в Республике Казахстан и локализация целей на региональном уровне, а также, институциональные механизмы локализации, роль гражданского общества в достижении целей и опыт зарубежных стран. Описывается важность мер на местном уровне для эффективной реализации глобальных целей на национальном уровне.

Ключевые слова: цели устойчивого развития, индикаторы целей устойчивого развития, статистические показатели, гражданское общество, социально-экономическое развитие региона.

Әлемнің тұрақты даму тұжырымдамасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі — БҰҰ) «Біздің әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі» [1] қарарындағы кедейшілік пен аштықты жою, халықтың денсаулығы мен амандығы, сапалы білім, гендерлік теңдік, таза су мен санитария, қолжетімді әрі таза энергия, лайықты жұмыс, экономикалық өсім, индустриализация, инновациялар мен инфрақұрылым, теңсіздікті қысқарту, қалалар мен елді мекендердің тұрақты дамуы, жауапты тұтыну мен өндіру, климаттың өзгеруі мен экожүйелерді қорғау, бейбітшілік, сот әділдігі мен мықты институттар мәселелерін жақсарту идеясына негізделген 17 мақсат жиынтығы.

Тұрақты дамудың ең көп таралған және жалпы қабылданған анықтамасы БҰҰ Халықаралық Комиссиясының баяндамасында көрсетілген: «тұрақты даму — бұл қазіргі уақыттың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірақ қауіп төндірмейтін даму, болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті. Тұрақты даму — технологияның жай-күйі мен қоғамның ұйымдастырылуына байланысты шектеулер ұғымы, қоршаған ортаның қабілеттілігіне қазіргі және болашақ ортаны қанағаттандыру қажеттіліктері " [2]. Түсіндірмеге сәйкес, тұрақты дамудың мәні мен шешілетін міндеттер ауқымы айтарлықтай кеңейді, нақтырақ алғанда, тұрақты даму қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын іздеуге бағытталған әлеуметтік, экономикалық және экологиялық ішкі жүйелерді үйлестіруге негізделген даму деп қарастырылады.

Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары (бұдан әрі — ТДМ) бойынша қабылданған міндеттемелерді іске асыруда ұлттық деңгейде нақты шаралар кешенін қабылдады.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының басшылығымен «Адамдар», «Өркендеу», «Планета», «Әлем» және «Әріптестік» бағыттары бойынша 5 Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

2019 жылы ТДМ-ның Қазақстанда іске асырылу барысы Ерікті ұлттық шолу арқылы БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумында баяндалды. Ұлттық шолу елдердің ТДМ міндеттері мен оны іске асырудағы олқылықтарын зерттеліп, бағаланады және елдерге неғұрлым тиісті саясатты жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қол жеткізу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық мақсаттарды қайта қарауға мүмкіндік береді.

Ерікті ұлттық шолу «Сапалы білім», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», «Теңсіздікті азайту», «Климаттың өзгеруімен күрес», «Әлем, сот төрелігі және тиімді институттар», «Орнықты даму мүддесіндегі Әріптестік» тақырыптық бағыттарына негізделді [3].

Бүгінгі күні Қазақстан (2021 жыл қорытындысымен) жаһандық мақсаттардың «Кедейлікті жою» мақсатына ғана жетті. Қазақстан мүмкін болатын 100 баллдан 71,6 ұпай жинап, 59-орынға ие болды [4]. 2020 жылмен салыстырғанда Қазақстан өз позициясын 6 пунктке жақсартты (65-орыннан 59-орынға дейін).

Сонымен қатар, есептік кезеңде ТДМ-ның аштық, құрлық экожүйелерін қорғау, бейбітшілік, әділеттілік және күшті институттар, тұрақты даму мүдделеріндегі әріптестіктер бойынша нашар нәтижелер байқалады.

2016 жылдан бастап әлем елдерімен іске асырылуы қолға алынған жаһандық мақсаттар ұлттық деңгейде мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізілуде баяу жүзеге асырылды.

2021 жылы ғана «Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарын, елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу әдістемесінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде БҰҰ-ның мақсатты индикаторлары ескерілу бойынша толықтыру енгізілді (ТДМ индикаторларын қамтитын 10 Ұлттық жоба бекітілді).

Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық бірлестікте даму көзқарасына негізделген жаһандық мақсаттарға қол жеткізу ел аумағының өңірлері мен аймақтарында жүзеге асырылатын шаралардың тиімділігіне тікелей байланысты.

Алайда, өңірлерде атқарылған шаралар кешені бүгінгі күні алғашқы қадамдармен ғана шектелуде, атап айтқанда, ТДМ іске асыруда сарапшылық-аналитикалық қолдау көрсетуші орган «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Хатшылығымен 2020 жылдан бастап семинарлар өткізілуде. Семинарларда мемлекеттік қызметкерлер мен халықтың әртүрлі топтарының қатысуымен интерактивтік дискуссиялар мен Миссия-2030 интерактивті ойыны арқылы ТДМ жүзеге асыру бойынша пікірлер жинақталып, проблемалық мәселелер кешені айқындалуда, яғни, осы ретте, жергілікті деңгейде іске асыру бойынша шаралар кешені жеткілікті деңгейде жүйеленбеген деуге негіз бар. [5]. ТДМ іске асыру әсерін арттыруда бизнес, азаматтық қоғам өкілдерінің ынтымақтастығы арқылы іске асыруды жеңілдететін және қолдайтын жергілікті институционалдық тетіктер айқындалмаған.

Ресми статистика ТДМ іске асырылу мониторингін және жаһандық міндеттерді жүзеге асыру барысында деректермен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. ТДМ көрсеткіштерінің жинақталу, мониторинг және таралу қызметін үйлестіруші орган Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы болып бекітілді. Сонымен қатар, ТДМ индикаторлары бойынша есептілік пен деректерді таратудың негізгі құралы — Ұлттық платформа (https://kazstat.github.io/sdg-site-kazstat/), алайда, платформа қазіргі уақытта альфа нұсқада, әлі де әзірлеу сатысында.

2021 жылы ТДМ-ның 262 көрсеткіштерінен (146 жаһандық көрсеткіш өзгеріссіз қабылданды, 44 жаһандық көрсеткіштерге шамалы өзгерістер енгізілді, 30 балама/прокси көрсеткіштер, 42 ұлттық көрсеткіш қосымша енгізілді) мониторинг үшін көрсеткіштер жүйесі әзірленді. Маңыздылығы бойынша индикаторлар келесі топтарға жіктелген: өзекті, мониторинг үшін, кейінге қалдырылған, релевантты емес. [6]

Алайда, ТДМ индикаторлары өңірлер бөлінісінде жеткілікті қалыптастырылмаған. [6] ТДМ «Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары» статистикалық жинағына сәйкес, 2016–2020 жж бойынша барлығы 31 индикатор бойынша (немесе жалпы индикатор санының 11 % үлесі) өңірлік көрсеткіштерге мониторинг жасалған. Сондай-ақ, ТДМ-ның № 1,10,12,16,17 мақсаттары бойынша өңірлік көрсеткіштер анықталмаған. (кесте 1)

Кесте 1

ТДМ қағидасына сәйкес, әлеуметтік, экологиялық, экономикалық дамудың тұтастығы тұрғысынан аумақтың тұрақты даму деңгейін негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде бағалауды даму әлеуеті жоғары өңірлердің бірі — Атырау облысы мысалында қарастырсақ, Атырау облысы — қарқынды дамып келе жатырған өңірлердің бірі және экономикасының негізгі тірегі-мұнай-газ. Өңірдің ЖӨӨ көлемі республиканың 11 %-ын құрайды. ЖӨӨ негізгі үлесін (46,4 %) өнеркәсіп құрайтындықтан республиканың ЖІӨ көлеміндегі облыстың үлес салмағы — 11,2 %. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ — 7 929,3 мың теңге. Облыстың республика өнеркәсібіндегі үлесі 23 % құрайды. [7] Тұтастай алғанда өңірде тәуелсіздік кезеңінде жалпы өңірлік өнім 600 млн. теңгеден 7,7 трлн. теңгеге дейін өсті. 31 трлн. теңге инвестиция тартылып, өмір сапасының маңызды көрсеткіштері бойынша облыс республикада бірінші орында, облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтылуы — 99,7 %, орталықтандырылған сумен қамту- 99,3 %. Облыс халқының саны соңғы 5 жылда жыл сайынғы 2 %-дық өсіммен 8 %-ға өскен, туылғандар саны сәйкесінше 8 %-ға өскенімен, туылғанда күтілудегі өмір ұзақтығы жасы 2016 жылмен салыстырғанда 2 %-ға төмендеген. Көші-қон айырмасы 2018–2020 жылдар аралығында теріс көрсеткішке ие болып отыр.

Өңірлер ТДМ индикаторларының 2016–2020 жж орындалу деңгейіне талдау жасасақ (Атырау облысы бойынша):

Кесте 2

р/с

2016

2017

2018

2019

2020

2-мақсат. 2.3.1 Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі, мың тенге.

1

5 338,7

6 407,0

7 037,0

8 201,8

9 633,3

3-мақсат. 3.1.1 Ана өлімінің коэффициенті, 100 000 тірі туылғандарға шаққанда

2

30,1

12,3

5,9

17,8

50,6

3.1.2 Білікті медицина қызметкерлерімен қабылданған босанулар үлесі, пайыз

барлығы

қалалық жер

ауылдық ж

2016

2020

2016

2020

2016

2020

3

99,9

99,9

99,8

99,9

99,9

99,8

4-мақсат. 4.4.1.1 Облыстар бөлінісінде 6–74 жастағы халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі, пайызбен

4

79,8

81,2

82,6

83,1

4.5.1.1 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі, пайызбен

5

11,6

7,9

20,2

24,4

25,7

4.a.1а) 4 мбит/с және одан жоғары жылдамдық пен Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілген мектептердің үлесі, пайызбен

2020

барлығы

қалалық жер

ауылдық жер

6

97,0

96,1

92,4

4.a.1.1 Орта білім беру. 4.a.1.2 3 ауысымды мектептердің үлесі, пайызбен

7

2,0

5,7

7,2

6,1

5,3

4.a.1.3 Апатты жағдайдағы мектептердің үлесі, пайызбен

8

3,1

3,1

2,6

2,0

1,9

4.c.1.2 Орта білім беру педагогтерінің жалпы санынан шебер-зерттеушінің, педагог-сарапшының және педагог-модератордың біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі, пайызбен

9

2019

2020

32,1

49,9

5-мақсат. 5.a.1 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілген әйелдердің үлесі, пайызбен

10

1,78

1,51

1,76

2,36

0,81

6-мақсат. 6.3.1 Өткізілген ақаба сулардың жалпы көлеміндегі толық биологиялық тазарту (толық тазартуды қоса алғанда) жолымен тазартылған ақаба сулардың үлесі, пайызбен

11

35,4

32,3

42,5

41,8

39,0

6.3.2 Судың сапасы жақсы су объектілерінің үлесі, пайызбен

12

100,0

80,0

80,0

0,0

16,7

7 — мақсат. 7.3.1 ЖІӨ энергия сыйымдылығы, мың АҚШ долларына тмэ, 2000 жылғы бағамен

13

1,46

1,40

1,13

0,78

8 — мақсат. 8.1.1 Халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсу қарқыны, 2005 жылға қарай пайызбен

14

155,2

176,2

195,4

212,6

195,6

9–мақсат. 9.2.1.1 Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі,өткен жылға пайызбен

15

125,3

111,7

108,7

107,3

99,1

9.2.2 Өңдеу өнеркәсібінде жаңа жұмыс орындарын құру, мың адам

16

1,4

0,7

0,4

0,1

0,6

9.5.1 ЖІӨ-ге пайыздық қатынастағы ҒЗТКЖ ішкі шығыстары, пайызбен

17

0,05

0,06

0,06

0,06

0,07

9.5.2 ҒЗТКЖ орындаған зерттеуші мамандардың саны (толық жұмыспен қамтылу баламасында), 1 000 000 тұрғынға шаққандағы адам

18

442

504

605

594

683

11 — мақсат. 11.1.1 Апатты жағдайдағы үйлерде тұратындар саны,адам

19

1 309

1 462

1 887

1 897

3 572

11.2.1.1 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдар үлесі,пайызбен

20

49,0

51,0

54,0

54,0

61,0

11.6.2 Бақылау жүргізілетін қалалардағы атмосфералық ауадағы РМ 2,5 және РМ10 қалқыма бөлшектердің орташа жылдық шоғырлануы, мг/метр 3

РМ-2,5 қалқыма бөлшектер

РМ-10 қалқыма бөлшектер

21

2016

2020

2016

2020

0,003

0,03

0,01

0,05

11.b.2 Апаттардың қаупін төмендетудің ұлттық стратегияларына сәйкес апаттардың қаупін төмендетудің жергілікті стратегияларын қабылдаған және жүзеге асыратын жергілікті билік органдарының үлесі, пайызбен

22

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

13 — мақсат. 13.3.1б) Қоғамдық пайдалы қызметке тартылған ТжКБ ұйымдарындағы білім алушылардың үлесі, пайызбен

23

13,5

52,7

55,5

38,3

14 — мақсат. 14.7.1 ЖІӨ-дегі «Балық аулау және акваөсіру» үлесі, пайызбен

24

0,3

0,3

0,3

0,2

0,2

15 — мақсат. 15.1.1 Құрлықтың жалпы алаңына пайыздық қатынастағы ормандар алаңы, пайызбен

25

0,1

0,1

0,2

0,1

0,2

15.2.1 Орманмен жабылған аудан,мың га

26

16,5

16,6

18,7

18,7

18,7

Ормандардағы жер үсті биомассасының қорлары, млн. м3

27

0,5

0,5

0,4

0,4

0,4

Таза орман алқаптарының өзгеруі, мың га

28

0,0

0,1

2,1

0,0

0,0

Заңмен қорғалатын аймақтардағы орман алаңының үлесі, пайызбен

29

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Оларға қатысты орман шаруашылығын басқарудың ұзақ мерзімді жоспары әзірленген орман алаңының үлесі, пайызбен

30

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

15.3.1 Тозған жерлердің ауданы ауыл шаруашылық жерлердің жалпы ауданына пайыздық қатынаста, мың га

31

3 133,9

3 133,9

3 133,9

3 133,9

3 133,9

ТДМ индикаторлары нәтижелерінен байқағанымыздай, өңірдің денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым, жұмыспен қамту салаларында жекелеген проблемалық мәселелер бар. Бұл мәселелер Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында алдағы бесжылдықта шешілуі қажет өңірлік өткір проблемалар ретінде айқындалған: 1) өңірдегі тұщы су көздерінің тапшылығы; 2) тұрғын үй кезегінде тұрғандар санының көбеюі; 3) өңірдің өзекті экологиялық проблемалары, сарқынды суларының булану алаңдарын рекультивациялау; 4) Жайық және Қиғаш өзендерінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту; 5) су құбыры желілерінің тозуы, Жайық өзенінің таяз болуы, сүзгі станцияларының тозуы және су тапшылығы; жерасты көздерінің сарқылуы; 6) электр желілеріндегі авариялар; 7) ана мен бала өлімінің өсуі. 8) үш ауысымды оқыту проблемалары; 9) спорттық инфрақұрылымды, әсіресе облыстың ауылдық жерлерінде дамыту мәселесі; 10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі психоневрологиялық орталықта кезекте тұрған психоневрологиялық аурулары бар адамдар санының өсуі. Кешенді жоспарда жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жасақталып, оларды жүзеге асыруға қаржыландырудың барлық көздерінен шығыстар көлемі барлығы 8 983 573,0 млн.теңгеге (2021 ж.- 3 052 254,9 млн.теңге 2022 ж.- 2 227 661,8 млн.теңге 2023 ж.- 1 629 017,1 млн.теңге 2024 ж.- 937 577,4 млн.теңге, 2025 ж.-1 137 061,9 млн.теңге) жоспарланған. [8] 2016–2020 жж Аумақтық даму бағдарламасын ТДМ-мен сәйкестігін бағалауға сәйкес бағдарлама ТДМ 17 мақсаты бойынша 11–100 % аралығында қамтылған. Осы бағытта, қолданыстағы барлық өңірлік бағдарламалардың ТДМ сәйкестігіне талдау жүргізу маңызды.

ТДМ-ның «ешкімді де тыс қалдырмау» қағидасы бойынша жергілікті деңгейдегі тиімділік әр түрлі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар, бизнес, азаматтық қоғам өкілдерінің ынтымақтастығы, жергілікті институттардың белсенділігімен өлшенеді. ТДМ жүзеге асыруда азаматтық қоғамның белсенділігі маңызды роль атқарады. Осы бағытта жекелеген елдер тәжірибесіне үңілсек [9]:

Ямайка халықты ақпараттандыру тарту үшін 2019–2022 жылдарға арналған ТДМ коммуникация және үгіт-насихаттық Жол картасын әзірлеген.

Арменияда ТДМ Ұлттық статистикалық платформасы азаматтық қоғам ұйымдары және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

Испанияда Тұрақты даму кеңесі ғылыми орта, азаматтық қоғам, жеке сектор және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері, сондай-ақ 2030 күн тәртібіне қатысты әртүрлі салалардағы сарапшылардан тұратын кеңесші орган ретінде құрылған. Азаматтық қоғам ТМД-ны жүзеге асыруға белсене қатысу мысалы, тұрақты даму туралы хабардарлықты арттыруға көмектесу үшін азаматтық қоғам ұйымдарын біріктіруге арналған сектораралық платформа.

Камерунда Азаматтық қоғам ұйымдары ТДМ-ға ұлттандыруды нығайту бағытында ТДМ-ын жергілікті тілдерге аудару, орта мектепте білім беруді жеңілдету үшін орта мектептер мен колледждерде тұрақтылық клубтарын құру, жастардың түсінуін жеңілдету үшін ТДМ комиксін құру және жастардың әлеуетін арттыру үшін азаматтық қоғам басқаратын ортақ бірлескен платформа құру шаралары атқарылуда.

Бірнеше азаматтық қоғам ұйымдары мен коалицияларының қолдауымен Мали 2018 жылы 2030 күн тәртібін жүзеге асыруда азаматтардың назарға алынуын қамтамасыз ету үшін My Worldview 2030 бағдарламасын іске қосты.

БАӘ ТДМ жүзеге асыру жоспарын әзірлеуге азаматтық қоғам мен жеке секторды насихаттау және тартудың кешенді жоспарын әзірленген. ТДМ туралы ақпараттандыруды арттыру үшін әртүрлі ұлттық науқандарды жүргізіп, жұртшылық үшін ТДМ порталын жасаған.

Швейцария азаматтық қоғаммен және жеке сектормен тығыз жұмыс істейді. 2030 жылға дейінгі күн тәртібі бойынша консультативтік топ құрылды, оның құрамына коммерциялық емес ұйымдар, академиялық орта және саясатты әзірлеуге қатысатын жеке сектор кіреді. Сондай-ақ «Тұрақты даму 2030 диалогы» тақырыбымен ақпарат алмасу және талқылау алаңы құрылды.

Көптеген елдерде азаматтық қоғам ТДМ жүзеге асырудағы ілгерілеудің жай-күйі туралы өз ұстанымын ұсынатын ресми Ұлттық шолулардан бөлек Альтернативті шолуларды дайындайды. Атап айтқанда, Ресейде елдің тұрақты дамуы жөніндегі Коалиция бастамашыл тобы. [10] Коалицияның шолулар даярлаудағы мақсаты –ТДМ жүзеге асыру бойынша мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастық жолдарын іздеу және мемлекеттік секторға ұсынымдар беру.

ҚР Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының V бағытында Қазақстандағы БҰҰ-ның ТДМ имплементациялауға азаматтық қоғамды тарту. Азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуымен ТДМ іске асырудың қоғамдық мониторингін ұйымдастыру» тармағы енгізілген. [11] Алайда, облыстық іс-шарада аталған бағыт қарастырылмаған. [12] ТДМ іске асыру бойынша облыстық азаматтық қоғам ұйымдарымен нақты іс-шаралар кешені жүйеленбеген.

Қорытындыласақ, жаһандық мақсаттардың тиімді іске асырылуында өңірлік деңгейдегі іс-шаралардың маңыздылығы жоғары. Жоғарыда аталған мәселелер ТДМ іске асырудың өңірлік даму саясатының қолданыстағы тәсілдері мен іске асырылуы жеткілікті деңгейде жетілдірімегендігінің дәлелі. Осы ретте, жергілікті деңгейде тиісті әдіснамалық және институционалдық сипаттағы өзгерістер енгізу өзекті, оның ішінде ТДМ іске асыру әсерін арттыруда әр түрлі мүдделі тараптардың қатысуы, бизнес, азаматтық қоғам өкілдерінің ынтымақтастығы бойынша жұмысты жандандыру қажет. Атап айтқанда, ТДМ жергілікті деңгейде іске асырылуына мемлекеттік емес, тәуелсіз, сарапшылық, азаматтық қоғаммен Ерікті Шолулар жүргізу тәжірибесін енгізу, өңірлік деңгейде өңірлік даму бағдарламаларын талдау арқылы, өңірлік даму бағдарламалары мен стратегиялық құжаттарының тұрақты даму мақсаттарымен сәйкестігін, тиімділігін зерделеу, азаматтық қоғамды дамытудың облыстық іс-шарасына үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) қатысуымен ТДМ имплементациялау шараларын іске асыру бағытын енгізу, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен ТДМ жүзеге асыру тақырыбында өңірлік ауқымды форумдар өткізу, ҮЕҰ ТДМ бойынша білімін жетілдіру шараларын ұйымдастыру, өңірдің ҮЕҰ арасында экологиялық жобалардың үлесін арттыру, гранттар үлесінде осы бағытқа басымдық беру.

Келесі негізгі мәселе, ТДМ мониторингілеуде өңірлер бөлінісіндегі статистиканы жетілдіру. Атырау облысы экономикалық тұрғыдан жоғары даму әлеуеттегі өңір болуына қарамастан, өңірдің шикізаттық мамандануы болашақта саланың автоматтануына және мұнай көлемінің азаюына байлынысты жұмыс орындарының қысқару қатерлерінен экологиялық және әлеуметтік сипаттағы мәселелердің жоғары тәуекеліне ие. Жайық өзені экожүйесі мен ауаның ластануы және балық қорына келетін залалдар қазіргі уақытта өте өзекті. Экологиялық ахуалды жақсарту бағытында азаматтық қоғам, ғылыми ортаның қатысуымен ТДМ № 13,14,15 бойынша өңірлік ТДМ статистикасын жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жобаларын қаржыландыруды дамыту ұсынылады. Сондай-ақ, жоғарыда аталғандай, ТДМ № 12 мақсаты бойынша өңірлік деңгейде индикаторлар қалыптастырылмаған, ал, экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру және насихаттау, қоғамдық санада экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тәрбиелеу ресурстарды жауапты тұтыну идеясын жетілдіру кепілі, осы бағытта өңірлік білім беру бағдарламаларында ТДМ туралы бағыттарды басымдықпен дамыту өзекті.

Әдебиет:

  1. United Nations (2017) Resolution adopted by the General Assembly on 6 July 2017, Work of the Statistical Commission pertaining to the 2030 Agenda for Sustainable Development;
  2. https://ru.wikipedia.org устойчивое развитие;
  3. file:///C:/Users/asus/Desktop/РС %20020621/для %20ИП/матер/obzor_nat_rus.pdf
  4. https://dashboards.sdgindex.org/downloads, отчет об устойчивом развитии за 2021 год; file:///C:/Users/asus/Desktop/SDR-2021-kazakhstan.pdf
  5. https://economy.kz/ru/Celi_ustojchivogo_razvitija/Sobytija_CUR/
  6. https://stat.gov.kz/for_users/sustainable_development_goals
  7. https://stat.gov.kz/region/252311
  8. Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары
  9. https://sustainabledevelopment.un.org/content/documents
  10. http://kurs2030.ru/
  11. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2000000390 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығы
  12. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру бойынша облыстық іс-шаралар жоспары (бірінші кезең: 2020–2025 жылдар)
Основные термины (генерируются автоматически): дама, атырау, мена, устойчивое развитие, Казахстан, бар, гражданское общество, орт, оса, региональный уровень.


Ключевые слова

азаматтық қоғам, тұрақты даму мақсаттары, тұрақты даму мақсаттарының индикаторлары, статистикалық көрсеткіштер, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Похожие статьи

ҚР шағын және орта бизнесі даму тенденциялары

Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев...

Особенности и возможности стратегического развития...

 Социально-экономическое развитие каждого из регионов Республики Казахстан в период экономического кризиса при внезапности изменений внешней и внутренней сред, инфляций и темпов экономического роста, нуждается в применении системы...

Правовые механизмы обеспечения устойчивого...

Правовые механизмы обеспечения устойчивого развития на региональном уровне.

Устойчивое развитие региона — это процесс, ведущий к повышению уровня и качества жизни на основе рационального использования всего...

Социально-экономическое развитие малых...

3.Уровень социального развития города зависит от материального и

Искаков У.М. Города Казахстана: проблемы социально-экономического развития

Балкияев Н. Социально-экономические проблемы развития малых городов юга Казахстана в...

Научный журнал «Молодой ученый» №24...

Развитие рекреационного кластера как основа в устойчивом развитии горных территорий Чеченской Республики.

Роль доверия в гражданском обществе.

Плюсы и минусы частного образования в Республике Казахстан. Курчина В. В.

Региональное сотрудничество стран Центральной Азии: взгляд из...

В статье анализируется регионально сотрудничество стран Центральной Азии, история сотрудничества, перспективы, а также факторы, влияющие на политику регионального сотрудничества.

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

1. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын мұнай-газ

Берілген облыстар үшін қара және түсті металлургияның ірі ресурстары, болашағы бар қайта өңдеу

3. Солтүстіктегі Қостанай облысын және оңтүстіктегі Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан...

Современные проблемы развития малого и среднего...

Отсутствием региональных программ поддержки предпринимательства и др

В этой связи, в настоящее время для поддержки развития малого и среднего

Таким образом, в настоящее время в Республике Казахстан созданы все условия для...

Развитие местного самоуправления в Казахстане как...

Полноценное развитие гражданского общества может быть осуществлено посредством внедрения и

Однако, до сих пор, местное самоуправление является одним из наименее развитых институтов гражданского общества в Казахстане.

Анализ особенностей организационно-экономического механизма...

В Казахстане в настоящее время присутствует ряд проблем, связанных с региональной политикой, которые

Северо-Казахстанская область, являясь аграрным, торговым и транзитным регионом Казахстана представляет особый интерес для изучения её экономического развития.

Похожие статьи

ҚР шағын және орта бизнесі даму тенденциялары

Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев...

Особенности и возможности стратегического развития...

 Социально-экономическое развитие каждого из регионов Республики Казахстан в период экономического кризиса при внезапности изменений внешней и внутренней сред, инфляций и темпов экономического роста, нуждается в применении системы...

Правовые механизмы обеспечения устойчивого...

Правовые механизмы обеспечения устойчивого развития на региональном уровне.

Устойчивое развитие региона — это процесс, ведущий к повышению уровня и качества жизни на основе рационального использования всего...

Социально-экономическое развитие малых...

3.Уровень социального развития города зависит от материального и

Искаков У.М. Города Казахстана: проблемы социально-экономического развития

Балкияев Н. Социально-экономические проблемы развития малых городов юга Казахстана в...

Научный журнал «Молодой ученый» №24...

Развитие рекреационного кластера как основа в устойчивом развитии горных территорий Чеченской Республики.

Роль доверия в гражданском обществе.

Плюсы и минусы частного образования в Республике Казахстан. Курчина В. В.

Региональное сотрудничество стран Центральной Азии: взгляд из...

В статье анализируется регионально сотрудничество стран Центральной Азии, история сотрудничества, перспективы, а также факторы, влияющие на политику регионального сотрудничества.

Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

1. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын мұнай-газ

Берілген облыстар үшін қара және түсті металлургияның ірі ресурстары, болашағы бар қайта өңдеу

3. Солтүстіктегі Қостанай облысын және оңтүстіктегі Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан...

Современные проблемы развития малого и среднего...

Отсутствием региональных программ поддержки предпринимательства и др

В этой связи, в настоящее время для поддержки развития малого и среднего

Таким образом, в настоящее время в Республике Казахстан созданы все условия для...

Развитие местного самоуправления в Казахстане как...

Полноценное развитие гражданского общества может быть осуществлено посредством внедрения и

Однако, до сих пор, местное самоуправление является одним из наименее развитых институтов гражданского общества в Казахстане.

Анализ особенностей организационно-экономического механизма...

В Казахстане в настоящее время присутствует ряд проблем, связанных с региональной политикой, которые

Северо-Казахстанская область, являясь аграрным, торговым и транзитным регионом Казахстана представляет особый интерес для изучения её экономического развития.

Задать вопрос