Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №14 (409) апрель 2022 г.

Дата публикации: 06.04.2022

Статья просмотрена: 246 раз

Библиографическое описание:

Султанбаев, Ы. Б. Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында / Ы. Б. Султанбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 14 (409). — С. 355-359. — URL: https://moluch.ru/archive/409/89763/ (дата обращения: 28.04.2024).

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада егемендік дәуірдегі Нұрсұлтан қаласының мысалындағы Қазақстанның сәулет өнері қарастырылады.

Түйінді сөздер: Қазақстан сәулет өнері, елорда, сәулеттік көрініс.

Казахстан играет роль культурного моста между странами Европы и Азии, находясь в центре материка Евразии. В своей архитектуре столица страны имеет особое своеобразное содержание, сочетая азиатский, западный и советский стили. В данной статье рассматривается современная архитектура Казахстана, на примере столицы Нурсултан в эпоху сувернитета.

Ключевые слова: архитектура Казахстан, столица, архитектурный облик.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін алды. Дәл осы күні еліміздің Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы» заңды қабылдады. 1997 жылы Елбасының "Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» атты ұзақ мерзімді мақсаттардың алғы шарттарын қойды.

Тәуелсіздік алғаннан бері сәулет өнерінің дамуы жаңа деңгейінде болды және оны екі кезеңге бөліп қарастыруға болады:

  1. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі алғашқы бес жылдықты (1991–1996) қамтиды. Алматы — «Оңтүстік астана» — бірқатар ескерткіштер мен заманауи сәулет кешендерінің салынуымен байланысты;
  2. 1997 жылы астананы Алматыдан Астанаға көшіруге, мемлекеттің жаңа орталығын кең ауқымды жайластыруға және перспективалық жобалауға байланысты болды.

Жаңа елорда үшін қаланың сәулет келбеті үлкен маңызға ие болды. Елорданың көшірілуінің бірінші жылдарында Президенттің бастамасымен қаланың эскиз-идеясына халықаралық конкурс жарияланды. Байқауға қатысуға әлемге әйгілі көптеген сәулетшілері өздерінің оң жауаптарын берді. 2030 жылға дейінгі елорданың дамуының бас жоспарын әзірлеген, әйгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокова жеңінпаз атанды.

1 сурет. Нұрсұлтан қаласының бас жоспары. а) қала аумағын аймақтарға бөлу схемасы б) қала дамуының негізгі бағыттары [1]

Жоспар бойынша Есіл өзені қаланың дамуын бағыттайтын және өмір сүрі барысын бейнелейтін табиғы жасыл және су осі болып қабылданды. Жиырма бірінші ғасырда қалаларды дамытудың механикалық принципінен өмір сүру қағидатының үстемдігіне өту дәуірі деп жариялайтын тұжырым Кисе Курокованың идеясында айқын көрініс тапты. Өмір сүрі қағидаты метаболизм, жаңару, симбиоз, экология және жаһандық орта сияқты ұғымдармен анықталады. Сондықтан бас жоспардың ерекшелігі қаланың қалыптасқан және жаңа бөліктері арасындағы композициялық бірлікке қол жеткізу болып табылады(1). Бұл көлік коммуникацияларының дамыған жүйесі, ескі орталықтың негізгі композициялық осьтерін бекіту және ыңғайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру арқылы оны жаңа орталыққа көшіру арқылы жүзеге асырылады [2].

Қаланың бас алаңын Сенат пен Мәжіліс (Парламент) ғимараттары, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы, бірқатар басқа үкіметтік ғимараттар құрайды. Ғимараттың сәулеттік бейнесіде заманауи және де классикалық сәулет өнерлерінің құралдары мен әдістерінің синтезі көрініс алады. Нәтижесінде, постмодернизм стиліндегі заманауи әкімшілік ғимараттың мәнерлі және қайталанбас бейнесі жасалды. Бас алаңдағы келесі доминант орталық алаңның басты перпендикуляр осьтерінің қиылысу осінде орналасқан Бәйтерек монументі болып табылады. Орталық алаңның бойлық осі бойымен қозғалыс бірқатар биік ғимараттармен, сондай-ақ Жоғарғы Сот пен Киноконцерт залының маңызды ғимараттарымен ерекшеленеді. Алаңның перспективасы басты осьте орналасқан Президент сарайымен аяқталады [3].

Қаланың Қазақстанның елордасы ретінде дамуына қарай жергілікті жердің сәулеті классицизм, дәстүрлі түркі сәулеті мен қазіргі заманғы бағыттардың синтезін қамтыды. Бұл көркемдік бағыттардың синтезі эклектикалық стильді сипатына алып келді және олардың бейнесі Хан шатыр, Астана Опера театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі тағыда басқа ғимараттарында айшықталды(2). Астана Опера театрының сәулеттік көркемдігінде шетелдік сәулетшілер ұлттық көрінісітерді қолданды. Ғимараттың декорациясында грек-рим мәдениеті мен Қазақ ұлттық дәстүрлерінің арасындағы теңгерім сақталған, сондай-ақ маньеризм мен барокко ағымдары пайдаланылған. Үлкен бұрышты, сәл көлбеу шатырдың ерекше бейнесінің арқасында Хан шатыр қаланың символдарының біріне айналды. Ғимаратта тез тұрғызылатын дала құрылымдардың мотивтері, біздің ата-бабаларымыздың көшпелі тұрмыс сипатын бейнелейтін және де заманауи стильдердің ерекшелігі көрініс тапты.

Государственный театр оперы и балета «Астана Опера» | Ассоциация музыкальных театров ТРЦ Хан Шатыр - YouTube

2 сурет. а) Астана Опера театры, 2013. б) Хан Шатыр, 2010.

Национальный музей Республики Казахстан

2 сурет. в) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі

Елордадағы 2017 жылы өткен ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі Қазақстанның халықаралық қатынастарындағы серпіліс болды және оның әлемдік аренадағы мәртебесін айтарлықтай арттырды. Көрмеде ұсынылған барлық нысандар EXPO-2017 «Болашақтың қуаты» тақырыбының айналасында бірыңғай тұжырымдамамен біріктірілген.

Көрменің негізгі түйіні «Сфера» ғимараты болып табылады. «Нұр әлемі» сферасы әлемдегі ең үлкен шыны сфералық ғимаратқа айналды. Күн батареялары мен жел қондырғысының арқасында диаметрі 80 метр ғимараттар өзін-өзі энергиямен қамтамасыз етеді. Сфераның мөлдір күмбезі өнер нысандарын жыл мен күннің уақытына байланысты өзгеретін табиғи жарықта қабылдауға мүмкіндік береді, ал оның ашық террассасы керемет бақылау алаңы ретінде қызмет етеді(3).

EXPO 2017 в Астане: архитектура Adrian Smith + Gordon Gill

3 сурет. Нұр Әлем сферасы, 2017ж.

Абу Даби Плаза — елорданың сәулет өнерінің тағы бір айқын көрінісі ретінде қаралатын ғимараттардың бірі(4). Нысан қаланың сол жағалауының әкімшілік орталығында орналасатын Орталық Азиядағы ең биік көпфункционалды кешен. Жобаны Британдық Foster and Partners сәулет бюросының мамандары жасаған. Абу-Даби (Біріккен Араб Әмірліктері)-Aldar Properties PJSC құрылыс — инвестициялық компаниясы осы әзірлемені жүзеге асырумен айналысады.

https://el.kz/tilda/4291236/img/tild3861-3735-4464-a666-363339373835__4780-6-_abu-dabi_pla.jpg

4 сурет. Абу Даби Плаза

Қорытынды:

Шағын қала негізінде пайда болған Қазақстанның астанасы дамып, тәуелсіз мемлекеттің перспективалық ұмтылыстарының мәнін көрсете бастады. Нұрсұлтан қаласында белгілі бір сәулет өнерінің көркемдік бейнесі жоқ. Нысандардың кейбірінде тек қана еуропалық, кейбірінде азиялық сәулет өнерлерінің көріністері бар. Бірнеше ғимараттардың бейнесінде қытайлық жәе кавказдық мотивтер айшық белгіленген. Бұл заманауи қала, оны жобалау мен дамытуға ат салысқандардың барлық алуан түрлілігі мен мәдени айырмашылықтарын бойына сіңірді. Синтез бен симбиоз үрдістерінің нәтижесі түркі ұлттық мәдениетінің декор элементтерімен үйлескен классикалық сәулетке еліктейтін сәулет құрылыстарының үлгілерімен ұсынылған жасанды түрде жасалынған жаңа стиль болды. Мұндай әдістер әкімшілік орталықтың негізгі үкіметтік құрылымдарына тән болды.

Елорданың мәдени-архитектуралық портфолиосы жыл сайын көркейе түсуде және өткеннің бай мұрасы мен қазіргі заманның үздік жетістіктерін үйлесімді үйлестірді.

Әдебиет:

1. Звезда Астаны на небосклоне мировых столиц в соответствии с градостроительными и архитектурными стандартами ХХI века. Б. Ф. Досмагамбетов, Вестник. Зодчий. 21 век. 2011г.

2. Формирование и развитие архитектуры столичного города, Д. М. Хайрулин, 2009г.

3. Особенности формирования архитектурного образа Астаны — новой столицы Казахстана. Иванова О. А., 2017г.

Основные термины (генерируются автоматически): Астана Опера, мена, PJSC, Азия, бас, Казахстан.

Ключевые слова

Қазақстан сәулет өнері, елорда, сәулеттік көрініс

Похожие статьи

Методы организации и управления обеспечением экономической...

Библиографическое описание: Глеков, Э. Я. Методы организации и управления обеспечением экономической безопасности коммерческого предприятия / Э. Я. Глеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 3 (398). — С. 158-159.

Жаңа Жібек жолы «Бір белдеу, бір жол» жобасының экономикалық...

Бүгінгі таңда Еуразия елдері мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) бірлесіп «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыруда.

«Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы жатқан елдердің өзара байланыстары мен өзара әрекеттесу мәселелерін танып-білу, кемшіліктерін айқындау...

Центральная Азия и место Казахстана в международных...

Будущее Казахстана — и в Азии, и в Европе, и на Востоке, и на Западе. Проводя именно такую политику, мы сможем исключить какие

Основные термины (генерируются автоматически): Казахстан, Центральная Азия, внешняя политика Казахстана, отношение, Россия, государство...

Современное состояние и перспективы ветроэнергетики в мире

В Азии Китай останется крупнейшим участником в течение этих 5 лет, за ним будут следовать Тайвань, Вьетнам, Япония и Южная Корея. В Африке и Среднем Востоке мощность новых установок будут удвоены к 2021 году и утроены к 2022 году по сравнению с 2020 годом.

Анализ пожаров в торгово-развлекательных центрах

Статья посвящена анализу пожаров в торгово-развлекательных центрах по теме выпускной квалификационной работы «Повышения эффективности обеспечения пожарной безопасности торгово-развлекательного центра путем внедрения системы автоматической противопожарной...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999.

Сәрсеке М. Ермұхан Бекмаханов. Ғұмырнама. – Астана: Фолиант, 2010.

Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. – М., 1957.

Особенности осуществления таможенного контроля после выпуска...

В статье рассмотрены особенности применения таможенного контроля после выпуска товаров в странах-участницах Евразийского экономического союза; определены основные направления совершенствования согласно Стратегии развития ФТС России до 2030 г.; изучена...

Структурная и параметрическая идентификация котельного...

В данной статье рассмотрен водогрейный котел как многомерный объект управления. В соответствии с технологическим процессом определены входные и выходные параметры объекта. Построена математическая модель многомерного, многосвязного объекта в виде...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Сейчас Казахстан является членом разных международных организаций, одной из авторитетных — Организации Объединенных Наций.

Оқушылардың мемлекет тарихын, саяси жүйесі, үкімет құрылысы, сайлау жүйесі, Қ Р саяси партиялары мен қоғамдық бірлестігі

Астана-бас қала. 1.

Задать вопрос