Райымжан Мәрсековтың өмірі мен шығармашылығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №6 (401) февраль 2022 г.

Дата публикации: 08.02.2022

Статья просмотрена: 145 раз

Библиографическое описание:

Меирбаева, И. С. Райымжан Мәрсековтың өмірі мен шығармашылығы / И. С. Меирбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 6 (401). — С. 281-283. — URL: https://moluch.ru/archive/401/88703/ (дата обращения: 01.05.2024).



Мақалада Қазастан Республикасының XX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихына үлес қосқан ұлы тұлға заңгер Райымжан Мәрсеков туралы деректер берілген.

Кілтті сөздер : заңгер, тарих, саясат.

В статье изложены сведения о Райымжане Марсекове — выдающейся личности, правоведе, внесшем огромный вклад в историю Казахстана первой половины XX века.

Ключевые слова: юрист, правовед, история, политика.

Тәуелсіздігімізді алған соң көптеген тарихи тақырыптар қайта қарала бастады. Бұрын бір жақты ғана қаралған тарихи кезеңдерге жаңаша баға берілді. Айтылмай келген есімдерді тани бастадық. Сондай есімдердің бірі — Райымжан Мәрсеков. Райымжан Мәрсеков жайлы біреу білсе, біреу білмес. Райымжан Мәрсеков деген кім? Оның ел тарихында алар орны қандай деген сұрақ төңірегіне тоқталдым.

Еліміздің жарқын болашағы үшін күрескен ірі қоғам қайраткері — Райымжан Мәрсеков. Ол Ресейдің Санкт-Петербург университетінің заң факультетін тәмамдаған. Жақып Ақпаевпен қатарлас бітірген білімді заңгер. 1902–1911 жылдары Семей географиялық қоғамына мүше болған, өлкемізді зерттеуге өз үлесін қосқан Алаштың елеулі азаматтарының бірі.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы алмағайып дәуірде қазақ зиялылары саяси аренадан бой көрсетіп, ел өміріне белсене араласа бастаған. Сол бір тұрақсыз дәуірде елінің болашағын ойлап, жоғын жоқтаған ұлт зиялылары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақпаев, Әлімхан Ермеков, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды арыстар қатарында Райымжан Мәрсеков те болды.

Раймжан Мәрсеков есімі өлке тарихында жарқын істерімен есте қалған аяулы тұлға. Қалың елі қазағының қамын жеген қайраткер жайлы зерттеу жүргізген келесі тұлғаларды атап кетсек, олар — Бейсенбай Байғалиев, Қарпық Егізбаев, Светлана Сымағұлова, Марат Әбдешов, Омарбек Қайса, Раиса Әлина. Олар Райымжан Мәрсеков туралы зерттеу жүргізу арқылы көпшілікке таныстыра білген жандар.

Райымжан Мәрсеков 1879 жылы бұрынғы Семей облысының Өскемен уезі Айыртау болысында дүниеге келген. Әкесі Сасықбайұлы Мәрсек дәулетті адам болған. Әкесінің орта жүздің руы найман Терістаңбалы, анасының руы — Жанай, атақты Тана мырзаның ұлы Омар мырзаның қызы Бейілхан ханым. Ата-анасы ұлдары Райымжан мен Шериязданды уездік орыс-қазақ мектебіне берген. Орта білімін Омбы классикалық гимназиясында оқумен толықтырған жасынан зерек Райымжан енді Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі [1].

Райымжан жас кезінен ақ еті тірілігімен көзге түседі. Оның тұлға ретінде қалыптасуы осы кезеңде жүрсе керек. Студенттік шағында қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Қазақ жерінен келіп білім алып жатқан жастармен тығыз араласады.

Сол кезеңде қоғамда болып жатқан өзгерістер, патша үкіметіне деген наразылық, толқулар Райымжанды да ойландырды. 1899 жылғы ақпан-наурыз айларында болған отаршыл саясатқа қарсы студенттер қозғалысына қалыптасқан саналы күрескер ретінде қатысты. Бұл әрекеті үшін ол билік назарына ілігіп, тиісті жазасын алып, оқудан шығарылып, астанадан қуылды.

Елге қайтып оралған шағында Семей облысы әскери губернаторы сыртынан полицияның қатаң бақылауын қойған. Осы жағдайға қарамастан сол жылдың тамыз айында Петербургке барып, арыздана жүріп үлкен қиындықпен қайта оқуын жалғастыруға қол жеткізеді. Тәртіпке бағынып 1902 жылы оқуын бітіріп шығады. Оқуын тәмамдаған соң Райымжан Мәрсеков Семейдің округтік сотына қызметке тағайындалады.

Райымжан Мәрсеков өзін толғандырған қоғамдағы мәселелерге арнап мақалалар жазып отырды. Оның алғашқы жұмыстары 1899–1900 жылдары «Дала уалаяты» газетінде жарияланып тұрған. («Сайлау һәм оның ақырғы залалы» (Дала уалаяты газеті, 1899, № 44, 45, 46; «Қазақ билерінің тексерулері» 1900,№ 1, 2; «Бір ауылдан бір ауылға шықпақ турасында» 1900, № 6).

Ол 1902 жылы 22 желтоқсанда Семей орыс географиялық қоғамына мүше болуға өтініш беріп, мүше-қызметкер ретінде қабылданады. Оның 1901 жылы «Санкт-Петербургское въдомство» газетінің № 68 санында жарияланған «Киргизы и переселенцы» атты мақаласы аса құнды еңбек ретінде кітапхананың сирек кітаптар қорына енгізіліп 1902 жылғы каталогына тіркеледі. Соныменқатар, кітапханакаталогына Р.Мәрсековтың: «Сайлау (выборы) и его вредные послъдстия», «Киргизский народный судъ» және «По поводу статьи въ киргизской Степной Газете «Женщина»» мақалаларыенген. Ол 1899 жылғы «Дала уалаяты» газетініңбіріншісанында В. М. деп қол қойған автордың қазақ әйелінің қоғамдағы, отбасындағы ролі туралы пікіріне: «…Қазақ әйелінің басынан билік мүлдек етпейді. Қайтакөбібайыныңақылдас, серігіболыпкетеді. Ері үй жамағатының бастығы. Жалғыз онан үлкен емес. Шаруа тұрыс-жүрісінің көбін-ақ қатынымен ақылдасып істейді. Қырда қатыны шаруа жүріс-тұрысын билейтін үйлер көп жолығады. Байының атын атамай, қатынының атын атап: «пәленшенің ауылына барамыз» дейді, байы тірі болса да…» деп «По поводу статьи въ киргиз. Степной Газете «Женщина»» мақаласымен жауап жазып, аталған газеттің екінші санында жариялаған [2].

1903 жылдың 30 наурызында Р. Мәрсеков географиялық қоғамның мәжілісінде қазақ өлкесіндегі басқару ісіне, болыстық соттар мен старшындарды сайлауға қатысты «О выборном начале у киргизов» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол сайлау барысында қазақтардың бірнеше партияға бөлініп, ел басқару ісіне дау-жанжал арқылы, сондай-ақ әртүрлі заңсыз жолдармен сайланатынын баса айтып, қазақ өлкесін басқаруда болыстық соттар мен старшындарды сайлауда ақсақалдар сайлауы емес, тікелей қара халықтың сайлауын, яғни төте сайлау енгізу жөнінде ұсыныс жасайды. Райымжанның бұл ұсынысы қызу пікір-талас туғызған.

1908–1912 жылдары Р. Мәрсеков Омбы сот палатасының шақыртуымен сол жаққа қоныс аударып, адвокатура саласында қызмет жасады.

Ал 1912 жылы Райымжан Мәрсековтың отбасымен Семейге көшіп келеді. Райымжан Мәрсеков білікті заңгер-маман ретінде ел арасында аты шығып, өзін қорғай алмаған қара халыққа, жалған айыптан жазалы болғандарға бостандық әперген.

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың бастамасымен А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақпаев, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедовтермен бірге Р. Мәрсеков те Алаш автономиясын құруға ат салысқан.

Р. Мәрсеков жас Алашорда үкіметінің Семей облыстық басшыларының бірі болды. Барлық алаш қызметкерлері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында қызмет жасады. Р.Мәрсеков те Семей облыстық Қазақ комитетінің төрағасы қызметін атқарып, облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланған. Сонымен бірге ол жаңадан құрылған Облыстық қазақ сотының төрағасы лауазымын қоса атқарған [1].

Р.Мәрсеков 1917 жылы 27-сәуір-мамыр аралығында өткен Семей облысының қазақ съезін ұйымдастырушылардың бірі болып, күзде Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына депутат болып сайланады.

Ол С.Сейфуллин тілімен айтсақ «Алашорданың ресми тілі» болған «Теңдік» серіктестігінің демеуімен Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» (1917–1919) газетіне Х.Ғаббасов, Р.Марсеков редакторлық етті. «Сарыарқа» газеті «Алаш» партиясының бағдарламасы, қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қазақ жеріне қоныстанған орыс шаруалары мен қазақтар арасындағы қарым-қатынас, құрылтай жиналысы, қазақ елінің мәдениеті, тіл, оқу-ағарту ісі сияқты өзекті мәселелерге қалам тартқан Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, Р.Мәрсеков, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Б.Малдыбаев, Ж.Ақпаев, М.Тұрғанбаев, Б.Сәрсенов, Т.Құнанбаев және тағы да басқалардың мақалалары жария көрген.

Алашорда төрағасы Ә.Бөкейхановтың 1918 жылдың 25 маусымындағы «Әскери полк туралы» Жарлығына сәйкес Р.Мәрсеков Алаш милициясын құру ісіне басшылық етті. Милиция қатарына әр облыстан 30 бен 35 аралығындағы 30 ерікті адам жинау үшін уездерді аралады. Осы жылы шілденің 13-інде Алашорда үкіметінің қазақтан шыққан большевиктерді жазалау мақсатында құрған ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясының мүшесі болды.

Түпкілікті жеңіске жете алмаса да штаб-капитан Хамит Тоқтамышов басшылығымен бұл полк өзінен күші де, саны да басым қызылдармен ерлікпен шайқаса білген.

Ал 1918 жылы Семей облыстық Земствосының төрағасы Р. Мәрсеков Сібір Үкіметінің «Алашорда» милициясын Ресей ішкі істер Министрлігіне бағынуы жөніндегі озбыр шешімін қабылдамай, Уақытша үкіметтің жоғарғы инстанциясына хабарлайды.

Р. Мәрсековтың іскерлігі 1916–1917 жж. аласапыранда босып, шекара асуға мәжбүр болған қазақтар мүддесін қорғауда айрықша танылған. Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Садық Аманжоловты Қытай жерінде тұрып жатқан қандастарының тұрмыс жағдайымен таныстыру үшін Шәуешекке бастап барған. Бұл сапар өз нәтижесін беріп, босқан қазақтардың біразы атамекенге қоныс аударған.

Бауыржан Момышұлының жеке архивінен алынған бұл суретте табылмай жүрген Р.Мәрсековтің де бейнесі сақталған. Ол жылдары шаруашылығы күйреп, қашқан ақтар мен қуған қызылдардың майдан даласына айналып, жадап-жүдеген қазақ ауылдарының жағдайлары ауыр халде еді. Халық күйзелісі жанына сая бермеген Р.Мәрсеков Қиыр Шығыстағы Владивосток қаласына сапарға шығып, Американың «Мейер» фирмасынан Семей облыстық земствосы атынан 15 миллион сомның тауарын жергілікті шикізатқа айырбастап, бұқара халықты мұқтаж заттарымен қамтамасыз етіп, жоқшылықтан құтқаруға көмек көрсетеді.

Қазақстанда Большевиктік режим орнағаннан кейін өзге алаш зиялылары қатарлы ол да кеңестік жүйе мекемелерінде қызмет жасады. 1922 жылдың 5 көкегінен 4 маусымына дейін Семей губерниялық атқару комитетінің ақпараттық нұсқаушылар бөлімінде нұсқаушы тексеруші қызметінде болғанын өзі толтырған жеке қызмет ісінде жазған екен. Бұл Р.Мәрсековтың өз Отанында соңғы істеген қызмет орны [4, 76].

Большевиктік үкімет тарапынан қуғын көріп, тәркілеуге ұшыраған Р.Мәрсеков 1923 жылы Қытайға өтуге мәжбүр болады. Соңғы анкетасындағы мәліметтерінде өз жасын қырық үште, әйелі-Гүлназибұлбұл, Жанша атты ұлы, Гүлғасыл, Гүлрауза атты қыздары барлығын жазған. Үлкен балалары Гүлғасыл мен Жанша 1920 жылы 20 ақпанда Семейде қайтыс болған бірінші жолдасы Рахимадан туған. Екінші әйелі қазақтар арасында беделді татар байы Бекметьев Ғабдулғазиздің қызы — Бұлбұл-Гүлназдан кіші қызы Гүлрауза дүниеге келген. Басқан ізі аңдулы болған Р. Мәрсеков отбасын Қытайға алып өте алмаған.

Алғаш Алтай аймағына өткен ол, кейіннен Мамырбек төренің баласы Қызыр үкірдай ауылында тұрып Алаш партиясының ең басты мақсаттарының бірі — халықты өнер-білімге үйрету ісімен айналысты. Жүрген жерінде туған халқына сая бола білген ел ардақтысы Райымжанның беделі зор болды. 1936 жылы Шың Шицай үкіметі інісі Шерияздан екеуін тұтқындалғанға дейін, орысша және төте жазумен бала оқытып, парасатты ел ағасы Қызыр үкірдайдың қолдауымен Байбосынқызы Нұржамалға үйленіп, отбасын құрып, Гүлихан, Гүлсипат, Сәлихан атты қыздары мен Жаһанхан атты бір ұл сүйеді [5]. Толы аудандық үкіметке Алашордашыларды қамау туралы жарлық түскенін Қызыр төреден естіп, Құлжаға кетіп, бай татарларға жасырынып, атын өзгертіп, бұл арада да бала оқытумен айналысады. Артынан бала-шағаларын алдырғанымен көп ұзамай өзі тұтқындалып, Үрімжі қаласындағы Шың Шицай зынданына қамалған. Сол кезде аталған түрмеде жатқан інісі Шерияздан тамақ тасушылардан ағасының бар екенін сұрастырып, біліп отырған. Кейіннен ағасының із-түзсіз жоғалғанын естиді. Аштық пен қинаудан денсаулығынан айрылған Шерияздан алты жылдан соң аурулығы себепті түрмеден шығарылғанмен көп ұзамай дүниеден өткен, ал Райымжан туралы ешбір дерек болмаған.

Райымжан Мәрсековтың еңбектеріндегі көзқарастары әлі де зерттелуге жаттады. Алаш орда қайраткерлерінің көрнекті қайраткері ретінде танылған Рвйымжан Мәрсеков елі үшін аянбай еңбек еткен елеулі тұлға ретінде әлі де болса дұрыс бағасын ала алмай келе жатыр деген ойдамын.

Әдебиет:

  1. Байғалиев Б. Адвокат РайымжанМәрсеков //Түркістан.- 2003.- 16қаңтар.
  2. Бапанова Ә. Алашарыстарыныңбірі — РайымжанМәрсеков //Семей таңы.- 2007.- 30 тамыз.
  3. Егізбаев Қ. Алаштың арысы — Райымжан Мәрсеков //Қазақ тарихы.- 1999.- № 2.- б.38–43.
  4. Жайнақов Ы. Райымжан Мәрсеков — атаусыз қалған алаштың арыстары //Қазыбекұлы Н. Ағалардан қалған із.– Алматы, 2011, б.75–82.
  5. Жұмаділұлы Қ. Шыңжаңдағы қазақ зиялылары //Қазақ тарихы.- 1997.- № 3
Основные термины (генерируются автоматически): алаш, Семей, мена, Санкт-Петербург.


Ключевые слова

тарих, заңгер, саясат

Похожие статьи

Основные термины (генерируются автоматически): Алаш, Мена...

Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Алаш...

Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген кезінде Мұстафаның түрлі саяси ағымдарымен таныс болуы, түркі жастарының шерулеріне қатысуы, Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы жанындағы Кеңесші бюро жұмысына араласуы...

Роль алашординцев в становлении независимого Казахстана

Деятели Алаш Орды были выпусниками университетов Москвы, Петербурга, Казани, Томска, Омска, которые обладали глубокими знаниями в социально-гуманитарном и естественно-научном областях знаний. В своих работах, на страницах журналов и газет...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

1933 жылы Семейдегі Жұмысшы факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Д.Әбілев Ермұханға шолақ белсенді жерлестерің сенің төре...

Абьюзивные отношения в современном мире | Статья в сборнике...

— Абьюз в семье — очень страшное явление; при этом родители, пользуясь своей властью над ребёнком, показывают ему своё превосходство. Они подавляют волю ребёнка, унижают его, травмируют его психику, применяют и физическое воздействие. Абьюз может использоваться и...

Дипломатические и торговые связи Бухары с Россией XVI-XVIII вв.

Сборник князя Хилкова. Спб. 1879. С.545, 550, 558. Уляницкий В. А. Сношение России с Средней Азии и Индией в XVI-XVII вв.

Бухара, Россия, Бухарский эмират, Центральная Азия, бухарский эмир, Российская империя, Русский, товар, Туркестанский генерал-губернатор, Петербург.

Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам» концепциясы

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды. оса, мена. Похожие статьи. Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый.

История в загадках. Петр I. Царь-реформатор | Статья в журнале...

В статье автор показывает на конкретном примере загадок собственного сочинения, что сложный исторический материал можно творчески переработать и представить в доступном формате для успешного восприятия информации детьми младшего школьного возраста.

Эволюция института брака в римском праве | Статья в журнале...

Ключевые слова : семья, брак, брачные отношения, виды браков в римском праве, эволюция брака, римский брак, конкубинат. Римское право — правовая система государства античного мира, которая, пережив множество изменений за все время своего существования, в силу...

Похожие статьи

Основные термины (генерируются автоматически): Алаш, Мена...

Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Алаш...

Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген кезінде Мұстафаның түрлі саяси ағымдарымен таныс болуы, түркі жастарының шерулеріне қатысуы, Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы жанындағы Кеңесші бюро жұмысына араласуы...

Роль алашординцев в становлении независимого Казахстана

Деятели Алаш Орды были выпусниками университетов Москвы, Петербурга, Казани, Томска, Омска, которые обладали глубокими знаниями в социально-гуманитарном и естественно-научном областях знаний. В своих работах, на страницах журналов и газет...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

1933 жылы Семейдегі Жұмысшы факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Д.Әбілев Ермұханға шолақ белсенді жерлестерің сенің төре...

Абьюзивные отношения в современном мире | Статья в сборнике...

— Абьюз в семье — очень страшное явление; при этом родители, пользуясь своей властью над ребёнком, показывают ему своё превосходство. Они подавляют волю ребёнка, унижают его, травмируют его психику, применяют и физическое воздействие. Абьюз может использоваться и...

Дипломатические и торговые связи Бухары с Россией XVI-XVIII вв.

Сборник князя Хилкова. Спб. 1879. С.545, 550, 558. Уляницкий В. А. Сношение России с Средней Азии и Индией в XVI-XVII вв.

Бухара, Россия, Бухарский эмират, Центральная Азия, бухарский эмир, Российская империя, Русский, товар, Туркестанский генерал-губернатор, Петербург.

Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам» концепциясы

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды. оса, мена. Похожие статьи. Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый.

История в загадках. Петр I. Царь-реформатор | Статья в журнале...

В статье автор показывает на конкретном примере загадок собственного сочинения, что сложный исторический материал можно творчески переработать и представить в доступном формате для успешного восприятия информации детьми младшего школьного возраста.

Эволюция института брака в римском праве | Статья в журнале...

Ключевые слова : семья, брак, брачные отношения, виды браков в римском праве, эволюция брака, римский брак, конкубинат. Римское право — правовая система государства античного мира, которая, пережив множество изменений за все время своего существования, в силу...

Задать вопрос