Көркем аударма маңыздылығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №4 (399) январь 2022 г.

Дата публикации: 31.01.2022

Статья просмотрена: 91 раз

Библиографическое описание:

Умбетова, А. Б. Көркем аударма маңыздылығы / А. Б. Умбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 4 (399). — С. 476-479. — URL: https://moluch.ru/archive/399/88430/ (дата обращения: 26.04.2024).



Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелерді күн тәртібіне қойса, керісінше, белгілі бір мәселелердің шешімін табуы теорияны ілгерілетеді, соған орай аударма тарихы дами түседі. Бұл мақалада аудармаға қатысты теориялық мәселелер, көркем аударманың маңыздылығы баяндалады.

Түйін сөздер: аударма, көркем аударма, мазмұн,стиль, форма

Там, где есть художественный перевод, проводятся различные научные исследования, высказываются новые мнения. Всегда теория и история художественного перевода неразрывно связаны с его проблематикой. Развитие теории перевода ставит определенные вопросы в повестку дня, а, наоборот, решение тех или иных проблем продвигает теорию, в связи с чем развивается история перевода. В данной статье освещаются теоретические вопросы, связанные с переводом, важность художественного перевода.

Ключевые слова: перевод, художественный перевод, содержание, стиль, форма

Қазақ тіліне аударма үлгісі XVI-XVII ғасырда келген. Араб-парсы, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегілер, неше алуан мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей. Бұлар шын мағынасында аударма емес, мазмұндау — өзінше қайталап айту еді. Таза қазақ тілінде аударма тәрбиесі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды, дәлірек айтқанда, 1879 жылдары Ы.Алтынсариннің Киргизская хрестоматия кітабында көрінді. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді. 1882 жылдары орыс классиктері Абай аударды, 1892 жылы Ы.Алтынсарин аударған. 1900 жылы Унжіл аудармасы басылған.

Жалпы, қазақ тіліне орыс жазушы-ақындарының шығармаларымен қатар дүниежүзілік әдебиет классиктерінің де шығармалары аударылды.Халықтың шындық әділет, ақиқат ұранын алтын арқау еткен қазақ әдебиеті — қалың қауым арманының шапағатты нұрынан жаратылған ең үздік дәстүрлерді ілгері жалғастырған, адам баласы қан-қазынасына толымды қор қосқан жаңа сапалы құбылыс.

Ұлт әдебиет үлгілерінің өзара әсері мен бірін-бірі құнарландыруы, жанырлық формаларды дамуы мен баюы, үздік жетістіктер мен дәстүрлерді ортаң игіліке айналуы, асыланда, қазіргі әдеби процестің негізгі тенденциясы екендігінде рухани паспорты болып табылатын қазақ әдебиеті аз уақыт ішінде аса шапшаң даму кезеңдерінен өтіп, кемелденген өнерге тән жанырлық салалардың бәрін тудырып, жетілді өрлеу бағытында реализмнің кең, даңғыл айдынына шоқты.

Өнер мен әдебиеттің күллі мәдени қазынаның көзі ашылып, драматургия, опера, балет, симфония сияқты барша өркениетті елдерге тән жанырлық формалар қаулап өсті.

Туған топырақта тол, ұлттық драмамызбен қоса әдеби байланыс негізінде дүниежүзілік драматургияның алтын жауһарлары қазақ тіліне аударылып, ұлттық театр сахыналарында қойылып жүр.

Аударма дегеніміз — бір тілде ауызша айтылған ой — пікірді я болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби еңбек аударма туынды деп аталады.

Аударма, аудару деген сөз әдеби еңбектен басқа салаларда да көп қолданылады. Мәселен, Мен аударылған жүкті орнына қайта қойдым, Студент балама ақша аударып жібердім, Суреттің көшірмесі басқа қағазға аударылған — деген сияқты сөйлемдерде аударылған, аударып, аударылған деген сөздердің қолданылуымен байланысты білдірілген ой- пікір әдеби аударудан мүлде басқа жайларды баяндайды. [1;3]

Аударма шығарма деген ұғымның ауқымы кең. Ол адамның рухани өмірінің, мәдениетінің, ғылым — білімнің, әдебиеттің, адамдардың ауызекі қарым — қатынас әрекетінің бөлінбес бір саласы, соның дәнекері іспетті.

Аударма әрқашан да адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экологиялық, рухани, ғылыми қарым — қатынасының алмасу құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибетағлым алмасудың дәнекері.

Аударма — көне де, жаңа да өнер. Өнер болғанда, ол- сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір саласы. Аударма адамдардың көш замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсіндіру құралы, олармен қарым — қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған.

Аудармашылық — нағыз шығармашылық өнер. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуы тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Нағыз шығармасы көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның стильдік, тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да, жатық етіп шығару. Осы екеуі ұштасқанда ғана аударма көркем болады.

Аудармашының алдында қашанда өзара қарама — қайшы, бірақ диалектикалық бірліктегі үлкен проблема тұрады; бір жағынан, түпнұсқаның әрпін, рухын сақтау қажет, екінші жағынан, аударма жасалып отырған тілдің ерекшеліктерін, сол тілді оқуға тиіс жұртшылық талап — талғамын да ескеру қажет. Аудармашы таразының басын тең ұстауға тиіс.

Аударма — сөз өнерінде өзіндік орны бар үлкен бір сала. Көркем аударманың ең негізгі атқарар қызметі — сол әдеби байланыс, яғни рухани үндестікке көпір болуы. [2;3]

Аудармалардың жасалуына жеңілдік туғызған көптеген себептер бар. Аударма әдебиетінің марқайып өсуіне әсер болған бірінші жеңілдік — ауысу, араласу арқылы ортақ сөз, ортақ ұғым көбейді. Екінші, төл әдебиетіміз де өсіп, аудармаға үлгі жасалды. Үшінші жеңілдік, тіліміздің қалыптасуы — тіл ғылымдарының ат салысуы. Осы үшеуіне қосылатын тағы бір жеңілдік — бөгде елдердің әдебиетіндегі, әсіресе орыс классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне, қазақ ұғымына жат еместігі.

Көрсетілген жеңілдіктер арқылы аударма әдебиет жедел өсті; ежелгі марғау аяқынан марқымды бағытқа ауысты. Бұл әсіресе орыс халқымен тығыз байланысып, қоян — қолтық алысқан кезеңде өрге өрледі. Орысшадан қазақшаға бұрын — соңды жасалған аудармаларды шолып өткенде, қазақ елінің әр қилы мәдени сатысына сай, аудармада орын алған үш түрлі әдістің бар екенін байқаймыз.

Бірінші, еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқаның тілін, әдеби ырғағын дәл білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділігін көрмеуден туады. Еркін аударма әрбір елдің балаң кезінде, мәдени шеңбердің тар кезінде пайда болады.

Аудармадағы екінші тәсіл — сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсіл, көбіне түпнұсқаның тілін мол түсінгендерге болады, соның әуеніне еріп, құлдық ұрудан шығады. Осыған қосымша ұлы елдің әдеби мұрасын аударғанда, ұсақ елдің уәкілдері жаза басудан қаймығады да, әрбір жеке сөздерін де, нүктелерін де дәл түсіруді күптейді. Осының салдарынан аударма сіресіп шығады, істеп отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырман жұртшылық та түсінбейтін болып шығады.

Аударманың үшінші тәсілі — балама (адекватный) аударма. Бұл ең қиын түрі: мұны екі тілді бірдей білумен қатар, сол шетел оригиналының ішкі сырын сарқа түсінетіндер орындайды. Оның үстіне авторлардың дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін, сөз қолдану мәнерін қалтықсыз ұғынатындар жасайды. Осыған қосымша екі тілдің (аударушы ел мен аударылатын елдің) мәдени сатысы бірдей болған мезгілде ымы — жымы білінбей, тігісі жатығып кетеді. Төл әдебиет пен аударма әдебиетінің арасында айырма болмай қалады. [3;4]

Нағыз таза түрінде еркін аударма да, сөзбе-сөз аударма да әдебиет тарихында кездеспейтін тәрізді. Бұл екі әдіс үнемі араласып отырады. Негізінен алғанда аударушының талантына қарай шешіледі. Шығармашылық балама аударма да осы екі сыңаржақ әдіспен астаса жүреді.

Біз балама аударманы жақтағанда аударушы түпнқсқалық стиль ерекшелігін, ой ырғағын, дыбыс екпінін сақтаумен қатар өз тіліне тән нормадан шықпауын қажет етеміз. Әрине, ой ырғағын, дыбыс екпінін аудару мүмкін емес, бұлар аударушының өз басында болу керек. Екіншіден классиктерде кездесетін жеке образды беру үшін сол шығарманың дәуірін түсінсін, өзін берсін, бірақ аударушы өз заманының ұғымынан да ауа жайылмасын. Өйткені көркем аударма, сол елдің төл әдебиетінің асыл қазынасына кіреді. [4;24]

Түпнұсқаның барлық ерекшелігін сақтап, екінш тілде кемеліне келтіріп, дәл беру үшін аударушы оның (түпнұсқаның) ішкі сырын жете ұғынуы керек. Түпнұсқа тіліндегі сөздердің әдемілігін де, өз тіліндегі сөздердің көркемдігін де бірдей білуі шарт. Сонда ғана ол түпнұсқа иесінің ой өрісін, дыбыс ырғағын, сөз саптау әдісін көңілдегідей етіп шығара алады. Ендеше аударушы түпнұсқа авторынан кем түспейтін, сонымен өзі әдістес, стильдік жазушы болады.

Көркем аударма атаулыға екі түрлі зор талап қойылуға тиіс: мұның бірі және ең бастысы — сол аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншісі — шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы. Соңғы талап сол аударылып отырған жазушының тек өзіне ғана тән тілектерін, белгілі дәрежеде сөз бояулары арқылы, әдемі суреттеулері арқылы, характерлердің сан алуан болып қатысулары арқылы бүркемелеп қойған жасырын сырларын аударушының түсінуіне байланысты. Әрине аударма екінші тілде қайта жасалған көркем шығарма болғандықтан, аудармашылар түпнұсқаны жай ғана түсініп қоймай, оны екінші тілге көркем етіп жеткізу үшін творчестволық електен өтізеді. Бұл елек аударушының жеке басының күшіне, мәдениетіне, аудармаға сіңірген еңбегіне қарай нәтиже береді. Әдебиеттегі зор талант иелерінің тамаша классикалық шығармаларының аударушылары да жазушы-ақын болғаны, әрі біздің заманымызда да солай болу керек екені осыдан шығатынына аударма мәдениетімен таныс адамдар таласпаса керек. [5;156]

Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің неше алуан жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Мұны айрықша жазу стилі жағынан оңай анықтауға болады. Айтайын деген ойды белгілі бір қанатты сөздермен өткірлей түсті, сөйлем арасына бөгде бір ойды не анықтау, не мысқылдау, не қарату ретінде қыстыра кету сияқты әдістер қолданылып отырады. Мұндайлардың көбі аударма әдебиетінде қарышты дамитыны белгілі. Көркем шығарма дегеніміз мазмұны мен түрі біртұтас бүтін жатқан дүние. Оның идеясын, яғни мазмұны мен ой тереңдігін, сезім нәзіктігін немесе идеясы мен формасын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Демек, әр қайсысын әр түрлі әдіспен бөлек-бөлек аударуға да болмайды. Көркем шығарма объективтік болмысын образды түрде бейнелеген нақты көрінісі. Ал көркем аударма болса, сол шығармада суреттелген объективтік болмысты түпнұсқаның тілі арқылы реалистік тұрғыда ұға отырып, екінші тілдің образдың жүйесі арқылы шынайы бейнеленген нұсқасы. Олай болса объективтік болмысты суреттеуде түпнұсқаға қандай талап қойылса, оның аудармасына да дәл солай талап қойылады. Демек, өмірдің белгілі бір құбылысына реалистік көзбен қарап, оны шынайы суреттеу үшін автор қандай құрал, нендей тәсіл қолданған болса, соның бәрі аудармашы үшін де заң. [6;105]

Көркем аударма дәл болуы керек, сонымен қатар оны белгілі дәрежеде еркіндікке де құқығы бар. Бірақ сол еркіндіктің өзі түпнұсқада бейнеленген мазмұн мен түрді, яғни нақтылы өмір көріністерін дәл суреттеу мақсатынан туып жатуға тиіс. Сонда ол еркіндік дегеніміздің өзі тек дәлдікке жетудің жолы ғана болып қалады. Жай сөзбен айтқанда, аудармашы түпнұсқаны тастап ешуақытта да ауа жайылып еркін кете алмайды. Олай ету деген сөз — түпнұсқаны ғана емес, сол түпнұсқада бейнеленген өмір шындығының өзін өрескел бұрмалауға апарып соқтырады.

Жоғарыда аударма әдістеріне тоқталсақ, енді аударма түрлерін сөз етелік. Аударма түрліше тұрғыдан мынадай түрлерге бөлінеді:

1) аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілден аудару, өзге тілден өз тіліне аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілден басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегідей бола қоймайды. Сондықтан да екі тілге бірдей жетік аудара білу әрқандай аударушы қол жеткізуге құлшынатын биік нысана болып есептеледі.

2) Аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ, екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуінің де өзіне тән қиыншылықтары мен жеңілдіктері бар. Ауызша аудармада аударушыдан тез түсініп, қолмақол аудару талап етіледі. Бірақ сөйлеушінің стилін сақтауға, нақтылыққа, жинақылыққа ерекше шарт қойылмайды. Бейнелеу жағында көп еркіндікке ие болады. Бір сөзді бір мазмұнды бірнеше түрлі синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларда түсінбей қалған сөздерді біреуден сұрауға, сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. Ал жазбаша аудару аударушыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойұсынуға міндетті болады. Сөз — сөйлемге, грамматикаға, нақтылыққа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздіктерден пайдалану, қайта — қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады.

3) Аударма материалдық өзгешеліктеріне қарай саяси — теориялық шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми — техникалық шығармалар аудармасы және іс — қағаздар аудармасы деп төртке бөлінеді. Жанрлардың ерекшеліктеріне қарай оларға қойылатын талап та түрліше болады.

4) Аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару деп тағы да төртке бөлінеді. Бастан — аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару — бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару делінеді. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу құрастырып аудару болып табылады. Бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше қажетке қарай болады. [7;6] Біздің жұмысымызда аударманың аталған түрлерінің ішінен көркем шығарма аудармасы қарастырылады.

Бізде орысшадан қазақшаға аударудың өзінің жүз жылға жуық тарихы бар. Сол уақыттың ішінде қазақтың көркем сөз қайраткерлері бұл саладан орасан көп жұмыстар істеді. Олардың еңбектері аса зор мәні бар тарихи еңбек. Қазір біздегі көркем аударманың белгілі дәрежеде қалыптасқан дәстүрі, небір тамаша үлгілері бар. Аударма мәдениеті барған сайын өсіп, шеберлігі артып келеді. Аударма жөніндегі пікірімізді қорыта айтар болсақ:

  1. Көркем аударма әдебиетіміз бен мәдениетіміздің үлкен және маңызды саласы.
  2. Оның көп жылдық тарихы, өсу жолы, қалыптасқан дәстүрі бар.
  3. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы: бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың дүкені.
  4. Көркем аударма теориясы филология ғылымының бір саласы. Оның тәжірибені қорыту, пікір жарыстыру негізінде айқындалған принциптері, танылған тәсілдері, шеберлік жүйесі бар.
  5. Көркем аудармаға қойылатын ең басты шарт — шығарманың көркемдік идеялық күші мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Ол ең алдымен, көркем болсын, әсерлі де тартымды оқылсын.
  6. Аударма нағыз қазақша болсын, қазақша болғанда қазақтың қарадүрсін жаты тілімен емес, қазіргі өскелең әдеби тілінің ең жоғары үлгісінде, қоғамды әрқашан алға сүйрейтін озық дәрежеде болсын.
  7. Көркем аудармада өзінен сөз қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, қарадүрсіндікке саяды, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп ұғымсыз етіп сірестіріп қою — тіл бұзарлық болады. Мұның екеуі де сорақы. Нағыз творчестволық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік, стильдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару. Осы екеуі шебер ұстасқанда ғана аударма көркем болады.
  8. Аудармашылық — нағыз шығармашылық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей еріккенің ермегі емес. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне тәжірибесіне байланысты.
  9. Көркем аударма туындылары қазақ әдебиетінің өз мүлкі, өз табысы. Сол себепті де жұртшылық әрқашан оның жақсысына сүйініп, жаманына күйініп отырады.

Әдебиет:

  1. Құлманов С. Аударманың өзекті мәселелері. — Алматы: «Palitra-Press», 2015. — 3 б.
  2. Алпысбаев Қ.Қ., Қазыбек Г.Қ. Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. — Алматы: Қазақ университеті, 2001. — 3 б.
  3. Жақыпов Ж. А. Аударматануды аңдату. — Астана: «Аударма» баспасы, 2004. — 4 б.
  4. Алдашева А. М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. — Алматы, 1999. — 124 б.
  5. Әуезов М. О. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері // Көркем аударманың кейбір мәселелері: (Аударма теориясының өзекті мәселелеріне арналған жинақ). — Алматы: Қазмемкөркәдбасп., 1957. — 156 б.
  6. Әлімқұлов T. Жемісті жолда // Көркем аударманың кейбір мәселелері: (Аударма теориясының өзекті мәселелеріне арналған жинақ). — Алматы: Қазмемкөркәдбасп., 1957. — 105 б.
  7. Сатыбалдиев Ә. В. Г. Белинский шығармаларының аудармасы // Көркем аударманың кейбір мәселелері: (Аударма теориясының өзекті мәселелеріне арналған жинақ). — Алматы: Қазмемкөркәдбасп., 1957. — 6 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар, художественный перевод, XVI-XVII, Алматы, оса.


Похожие статьи

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

 Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа бейне жасау процесі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процесі.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Ұлттық идеясы мен арманы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекеті болған Алашорда үкіметі де осыдын жүз жылдай бұрын: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз» - деп ұрандаған болатын. «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

Облыстық және Алматы, Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма-ларынан алынған мәліметтер бойынша 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еңбек делдалдымен 510 мың адам хабарласқан.

Ұлттық қол өнер арқылы оқушыларды - эстетикалық тәрбиеге баулу

Осыған қарағанда осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар екенін аңғартады.

Кітапқа мыңнан астам ою-өрнектің ежелгі және осы заманғы түрлері енгізілген. Автор айтқандай «қазақ ою өнері басқа халықтардан тайға таңба басқандай дара...

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлі

Электронный ресурс, бар, мена, оса. Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Похожие статьи

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

 Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа бейне жасау процесі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процесі.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Ұлттық идеясы мен арманы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекеті болған Алашорда үкіметі де осыдын жүз жылдай бұрын: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз» - деп ұрандаған болатын. «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

Облыстық және Алматы, Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма-ларынан алынған мәліметтер бойынша 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еңбек делдалдымен 510 мың адам хабарласқан.

Ұлттық қол өнер арқылы оқушыларды - эстетикалық тәрбиеге баулу

Осыған қарағанда осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар екенін аңғартады.

Кітапқа мыңнан астам ою-өрнектің ежелгі және осы заманғы түрлері енгізілген. Автор айтқандай «қазақ ою өнері басқа халықтардан тайға таңба басқандай дара...

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлі

Электронный ресурс, бар, мена, оса. Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Задать вопрос