Ұлттық қол өнер арқылы оқушыларды - эстетикалық тәрбиеге баулу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (112) апрель-2 2016 г.

Дата публикации: 04.05.2016

Статья просмотрена: 1908 раз

Библиографическое описание:

Нурланова, У. Н. Ұлттық қол өнер арқылы оқушыларды - эстетикалық тәрбиеге баулу / У. Н. Нурланова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 56-59. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29220/ (дата обращения: 24.04.2024).



Мәңгілік ел азаматы – патриоттық сезімі биік, иманды, парасатты, сонымен қатар ұлттық құндылықтың сұлулығынан ләззат ала білетін, мәдени және өнегелік деңгейі жоғары дамыған болуы керек. Бұл өз заманының талабына сай өмір сүруге қабілетті, эстетикалық талғамы жоғары, өмірдің әсемдік құндылықтарын жоғары бағалай алатын болашақ мұғалімдерді даярлауға алып келеді. Оқушы жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру проблемасын шешуде болашақ мұғалімдерді жоғары білім беруге даярлау осы күннің басты талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуды бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр...оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс, – деп халқына бағыт бере отырып – жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек», – деді [1].

Оқушылардың эстетикалық қызығуын қалыптастыру дегеніміз – оларды әсемдік, әдемілік әлемін түсінуге, сезінуге баулу. Бұл жөнінде орыстың белгілі педагогі В.Белинский былай дейді: «Әсемдікті сезіну – адамгершілік қасиетінің шарты. Тек осы сөздің төңірегінде ғана ғылым дүниежүзілік идеяларға дейін шарықтай алады, табиғат пен құбылысты оларға ортақ тұрғыдан түсіндіреді, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, оның барлық ауыртпалығына белі қайыспайды....».

Жас ұрпаққа қолөнер кәсібінің бір саласын меңгерту өздеріне байланысты деп түсінген ата-ана өздеріндегі бүкіл жақсы қасиеттерді солардың бойына сіңіруге тырысты. Ер адамдар шеберлігі, өнері ат әбзелдерінен көрініс тапса, әйел затының қолөнерлерінің сипаты қызға төсек-орын беру дәстүріндегі үйге қажетті бұйымдардың көркемдігімен, шебер қолдар өрнегімен көрініс тауып, бағаланған. Бұл тұрғыда, аналар қыз балаларды қолөнердің кең тараған түрлері – киіз басуға, сырмақ сырып, киіз үйдің ішкі-сыртқы керек жабдықтарын әзірлеуге, шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасап, киім, кілем, алаша, ши, кесте, шілтер тоқуға үйретсе, ер балаларды зергерлік бұйымдарды әзірлеуге, ер-тоқым, құрал-жабдық, сауыт-сайман жасауға үйретіп отырған. Осы айтылғандардың барлығы дерлік қолөнер өрнектерімен безендіріліп, әшекейлі жасалатын болғандықтан, жасаушыдан ерекше талғампаздықты, нәзік икемділікті, жоғары эстетикалық талғам мен шеберлікті талап етеді.

Бүгінде егеменді елімізде жастарға әсемдік тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасы айрықша рөл атқарады. Академик М.Қаратаев «Әсемдікке үйреткен ұстаз» атты кітабында тұс киіз, кілем, оюлы текемет, сүйікті өнер – міне осы өнердің бәрін халық жасағандығын, халықтың әсемдікті сүю сезімі, талғамы осы өнерде бейнеленгенін айта келіп: «Өнердің халықтық арғы негізінен қол үзбеу керек, себебі өнердің өшпес шын мәніндегі халықтікі ғана, жақсы талғамы, өміршендіктің өшпес әсемдіктің кепілі болып табылады» - деді [3]. Демек, халықтың өзіндік ерекшелігін бейнелеген өнер жастарға үлкен тәрбие берудің құралы бола алады.

Әсіресе, ер балаларды тәрбиелеуде эстетикалық талғамның қалыптасуына шығармашылық іс-әрекетінің дамуына әр қилы материалдардан бұйым жасауға, көбіне олардың малшы, егінші, сәулетші, зергер болуы мен әлеуметтік кәсіп үйренуі, негізінен іскерлігі мен жауапкершілігінен туындаған.

Қазақ халқы ұл-қызын 13–15 жасқа дейін өмірге дайындап, білгенін үйретіп шығаруға тырысқан. Яғни, қазақ халқы қыздары мен балаларының тәрбиесіне, эстетикалық көзқарасының дамуына үлкен мән бергені байқалады. Қазақ халқы қыздар мен ер балаларды сәндік-қолданбалы қолөнерге үйрете отырып, әсемдікті, сұлулықты түсініп, өмірді өнегелі етуге, қоршаған ортаның түрі мен бояуын қабылдай білуге қалыптастырады. Осы ежелден қалыптасқан қолөнер кәсібі, оның сан-алуан түрлері, әдіс-тәсілдері мен амал-жолдары ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз беріліп келеді. Көркемдік өнер мен халық шеберлерінің туындысы бүгінгі жастарымызға үлгі және халықтың ғасырлар бойы жинаған көркемдік тәжірибесінің сарқылмас көзі болып отыр.

Жас ұрпақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымын, көркемдік талғамын қалыптастырудың басты құралы – оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру.

Жалпы эстетикалық тәрбиенің жолдары мен бағыттары аясының кеңдігі сияқты, көркемдік білім негіздерін игерудің де саласы жеткілікті.

Мектепте оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруді қамтамасыз ететін оқу – тәрбие үрдісінің бір саласы – технология пәні.

Пәннің мақсаты оқушыларға түрлі іс - әрекеттер арқылы белгілі істі орындау технологиясын игертуге бағытталғанымен, мазмұндық жүйесі оқушылардың бейнелеу, мүсіндеу, көркем құрастыру, жапсыру, әшекейлеу сияқты көркем материалдық құндылықтарды қабылдауға, өнімді шығармашылық қабілеттілікті, әлеуметтік, табиғи, заттық ортаға деген танымдық, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың эстетикалық сезімі мен талғамының қалыптасуына ықпал ететін, тәрбиелейтін құралдар аз емес. Соның ішінде көркемөнердің, әсіресе, дәстүрлі қолөнерінің алатын орны ерекше. Әр өнер түрі қоршаған өмір болмысын өзіне тән көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның рухани танымына зор ықпал етеді.

Қазіргі заманда эстетикалық тәрбие беруді жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі – бұл оқушылардың қоғамдық өмірдегі, табиғаттағы, шығармашылық туындылардағы әдемілікті, сұлулықты бағалай білу, оны аялай алу қасиеттерін қалыптастыру және оны одан әрі дамыту, оқу үрдісінде, одан тыс уақыттағы әрекеттерінде әр түрлі құралдардың көмегімен мектеп оқушыларының көркем – шығармашылық белсенділіктерін арттыру болып табылады. Осылардың ішінде, әсіресе, эстетикалық циклдегі бұйымдардың орны ерекше болып келеді, оған қолданбалы қолөнер заттарын жатады.

Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында үй интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды. Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Бұған себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стилдегі ұсынысы болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Бейнелеу өнерінің әртүрлі салалары көп. Мысалы, ағаш өңдеу, жүн,қыл өңдеу. Бұл тек ұлттық өнерге қатысты саласы. Осылардың барлығына дерлік ортақ ою-өрнек. Халықтың ұлттық нақышын көрсететін, өзге ұлттан ерекшелейтін ою-өрнек.

Қазақ халқының ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғалымдарының ғылыми түрде саралай бастағанына небәрі елу жылдың жүзі болыпты. Төл өнерімізді зерттеуге Еуропа ғалымдары мен жиһангездері елеулі үлес қосты. Мысалға айтсақ, В.Вопсалов, А.Хедона, саятшы Дженкинсон, Р.Карутц, С.Дудин, В.Радлов, М.В.Рындин т.б. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен олардың жасаған тұжырымының бәріде қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т.Бәсенов былай дейді: «Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеулер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, шетелдік жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілімен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылыққа, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды». Осыған қарағанда осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар екенін аңғартады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың жанашыр ғалымдары көп еңбектер жасай бастады. Мысалы, ою-өрнекті зерттеген ғалымдардың еңбектерін біріктіріп «Қазақ ою-өрнектері» атты жаңа энциклопедия жарық көрді. Оның авторы М.Ш.Өмірбекова (Алматы кітап 2003) [2].

Кітапқа мыңнан астам ою-өрнектің ежелгі және осы заманғы түрлері енгізілген. Автор айтқандай «қазақ ою өнері басқа халықтардан тайға таңба басқандай дара тұрады» [3].

Белгілі өнертанушы В.Чеплев: «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп жазады [4].

Шынында да қазақ тұрмысында ою-өрнектің араласпайтын саласын табу қиын, қисса-жырлар мен дастандарда, батырлардың ат-әбзелдерін немесе арулардың киімдері мен күймесін суреттегенде тыңдаушының көз алдынан ғажайып нақыштар өтері анық. Осындай әсемдік әлемін өз көзімен көрген ғалым А.С.Фелькерзам қолөнерді, әсіресе, кілемді терең зерттей келе, Азияны «Үлкен этнографиялық» музей деп атаған [2].

Халқымыздың рухани байлығының қайнар көзі болып табылатын осынау құндылық бүгінде азаматтығымыздың нысаны – көк байрағымызды да көріктендіріп тұр. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерімен бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз. Өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу өнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Ал осындай құндылықтың маңызын бірі білсе, бірі білмейді.

Эстетикалық тұрғыдан дамымаған адам өзін қоршаған ортадан тек оқулықтан нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған нәрселерді ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан маңайдағы әдемі заттарды сындырып, бүлдіріп кететінін байқаймыз, ол эстетиклық түсінігінің таяздығы және дұрыс қалыптаспағаны деп білемін. Басына қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім қабылдарын білмей дал болады. Қиял – қоршаған орта әлемін қабылдауға адамның белсенділігін қамтамасыз ететін жан-жақты адами қабілеттілігі болып табылады.

Осындай құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін жастардың санасына осы күннен бастап сіңірту қажет. Ол үшін көркем педагогикалық білім беретін оқу орындарында суретші-ұстаздарды даярлаудың сапасын арттыру қажет. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезекте жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылатын, оны айырықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беруді басты міндет етіп қою қажеттілігіне басты назар аударылған. Тұжырымдамада былай делінген: «Жоғары білім беру мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру». Ғылым мен техниканың жаңа қазіргі уақыттағы саласы ғылыми техникалық өркендеудің жобалы-өндірістік үрдістеріне қатысушылардың әрқайсысының кеңістіктік ойлау қабілетін ерекше талап етеді [2].

Қазіргі кейбір жастарымыз суретші-ұстаз болған өздерінше қор деп санайды, қаржыгер, заңгер болсам деп армандайды, менің ойымша, суретші-ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін табиғаттың тек адамға берген бір сыйы екенін ұмытпағанымыз жөн. Жоғарыда айтылған мәселелер шешімін табу үшін біріншіден, суретші-ұстаздардың кәсіби дайындығын, білім беру сапасын арттыру, екіншіден, суретші-ұстаздардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдағы статусын яғни заңды құқығын көтеру керек, үшіншіден, ұлттық өнер мен мәдениетке деген қамқорлықты күшейту және мемлекет тарапынан қаржылай көмекті күшейту қажет. Жастарға қолөнері арқылы қоршаған шындық болмысының сәндік-әсемдігін танытып білгізу, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру қолөнері іс-әрекеттерінің барысында айырықша орын алуы тиіс.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы 18.01.2014. http://www.akorda.kz/
  2. «Энциклопедия» Алматы кітап 2003 М.Ш.Өмірбекова
  3. «Хабаршы» журналы №1 (6) Алматы,и 2005
  4. Каган М.С. Некоторые вопросы взаимосвязи философии и педагогики IСов. педагогика. - 1981. - №10. - С.62.
  5. Педагогика. Учебное пособие для студ. пед. учеб. заведений / В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко. Е.Н.Шиянов. - М.: Школа-Пресс, 1998.-640 с.
  6. ЖарықбаевҚ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі: /Оқу құралы. –Алматы: Санат, 1995. -352 б.
  7. Трудовое обучение и воспитание учащихся. (Городские 84
  8. Қазақ Совет энциклопедиясы. X том. –Алматы, 1977, -78 б. 90
  9. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан, 1995.-240
Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, Алматы.


Похожие статьи

оса, бола, мена.

- Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, мена.

- Алматы, Өлке, 2001.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Лингводидактические основы обучения студентов...

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Учебник.- Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. — стр. 272. Аяпова Т. Онтогенез речевой...

Opтa мeктeптe өлкeтaну мaтepиaлдapын пaйдaлaну apқылы...

Алматы, 1993.

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Сорт ‒ ауыл шаруашылығы өндірісі құралдарының бірі. Өндіріске жергілікті және селекциялық жақсы сорттарды енгізуден өнімнің мөлшері мен шығымдылығы көбейеді...

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

– 185 с. Удербаев С.С. Эффективный строительный материал арболит на основе сельскохозяйственных отходов. – Алматы: Ғылым, 2008.

Резиналық ұнтақтың асфальт жолдарында қолданылуы мен...

Мақалада тозған автокөлік шиналарын ұсақтау арқылы алынған резиналық ұнтақтың асфальт бетіне қосу технологиясына талдау жасап оның экологиялық, экономикалық маңызын анықтау.

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

Осы тамылжыған табиғаттың ғажайып шағын аңлдаған соң, сыртқа тезірек шығуға асықты.

Мен шалдың баласымын,-дедім. [4, с. 180]. This dialogue is made up between creative individuals and...

Похожие статьи

оса, бола, мена.

- Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, мена.

- Алматы, Өлке, 2001.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Лингводидактические основы обучения студентов...

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Учебник.- Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. — стр. 272. Аяпова Т. Онтогенез речевой...

Opтa мeктeптe өлкeтaну мaтepиaлдapын пaйдaлaну apқылы...

Алматы, 1993.

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Сорт ‒ ауыл шаруашылығы өндірісі құралдарының бірі. Өндіріске жергілікті және селекциялық жақсы сорттарды енгізуден өнімнің мөлшері мен шығымдылығы көбейеді...

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

– 185 с. Удербаев С.С. Эффективный строительный материал арболит на основе сельскохозяйственных отходов. – Алматы: Ғылым, 2008.

Резиналық ұнтақтың асфальт жолдарында қолданылуы мен...

Мақалада тозған автокөлік шиналарын ұсақтау арқылы алынған резиналық ұнтақтың асфальт бетіне қосу технологиясына талдау жасап оның экологиялық, экономикалық маңызын анықтау.

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

Осы тамылжыған табиғаттың ғажайып шағын аңлдаған соң, сыртқа тезірек шығуға асықты.

Мен шалдың баласымын,-дедім. [4, с. 180]. This dialogue is made up between creative individuals and...

Задать вопрос