Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімнің педагогикалық шығармашылық әлеуетін дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сатаева, Д. П. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімнің педагогикалық шығармашылық әлеуетін дамыту / Д. П. Сатаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25.1 (367.1). — С. 15-16. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82725/ (дата обращения: 16.12.2024).



Бүгінгі күні қоғамда белең алып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени сфералардағы өзгерістер мұғалім тұлғасына қатаң талаптар орнатуда. Футурологтар мектептік білімнің көкейкесті мәселелерін шешу үшін біліктілігі жоғары, педагогикалық салада және өзінің пәні бойынша жоғары құзіреттіліктерге ие, шығармашылық өнімді еңбекке қабілетті, педагогикалық еңбектің шебер мұғалімдері керек деп болжам жасады.

Білім беру жүйесінде басты тұлға — педагог болып есептеледі. Сол педагогтың мәртебесін жоғарылату, абыройын көтеру — көп қырлы үдеріс. Педагог — жалпы білім беретін мектептегі бір немесе бірнеше пәннен беретін маман иесін атайды. Бүгінгі заман талабына сай педагогтарға қойылатын талап өте зор. Ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр — сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы керек. Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас құрам бөлігі ретінде оның кәсіби құзыреттілігі саналады. Құзыреттілік ұғымы адамның қызыметті атқаруға дайындығын сипаттайды [1].

А. С. Макаренконың айтуы бойынша, педагогикалық шеберлік тек аса дарынды адамдардың ғана қасиеті болып табылмайды. Кәсіби-педагогикалық шеберлікті қалыптастыру процесін жоғарылату тек болашақ мұғалімнің өз мамандығына дұрыс таңдау жасай білуі, сондай ақ педагогикалық жұмысқа қабылдау кезінде болашақ мұғалімдерді ғылыми негізді түрде іріктеу, болашақ мұғалімдердің қажетті білімдерді,педагогикалық қызметке деген қабілеттіліктердің болуы мен осы қызметке дайындық деңгейіне, кәсіби маңызы бар қасиеттердің болуы шарт.

Педагогикалық шеберліктің құрамында аса маңыздысы мұғалімнің кәсіби жарамдылығы болып саналады, өйткені оның негізінде ғана педагогикалық кәсіптіліктің жоғары деңгейі қалыптасып, дами алады. И. Ф. Харламов кәсіби жарамдылықтың мәнін былай түсіндіреді: «Бұл мұғалімнің еңбегінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған физикалық, жүйкелікпсихикалық және ар-ождандық қасиеттері мен қабілеттіліктерінің қажетті кешені». Харламовтың көзқарасы бойынша, мұғалімнің кәсіби жарамдылығы физикалық және жүйкелік денсаулықтың, жақсы сөйлей білу мәнерінің, салмақты мінездің болуымен байланысты [1].

Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда ұстаздарға қойылған міндет зор. Мемлекеттік білім беру стандартында қамтылған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы құндылықтары ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту, әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындатуда сапалы білім мен жоғары нәтижеге бағытталуға міндеттіміз.

Болашақ мұғалімнің педагогикалық қабілеттіліктері қатарын толықтырған И. А. Зязюн, М. С. Бургин, И. С. Дмитрик т. б. украиндық ғалымдар. Олар педагогикалық еңбек ету қабілеттілігін «жетістікті педагогикалық қызметтің индивидуалды-психологиялық алғышарты, мұғалімнің кәсіби өсуінің стимуляторы» ретінде түсіндірді. Олардың пайымдауы бойынша, аса маңызды педагогикалық қабілеттіліктерге мұғалімдердің басқа адамдармен диалогтық қатынастар орнатумен байланысты. Олар: коммуникативтілік (араласу қабілеті); кәсіби көріпкелдік,эмпативтілік (бақылай білу, адамдардың әлпеті мен әрекеттерінен олардың ішкі қобалжулары мен басқа адамдарға деген қатынасын анықтай білуі; басқа адамның психологиялық және физикалық ахуалын түсіне білуі, оған көңіл айта алуы, оның орнына өзін қоя білуі; мұғалім тұлғасының серпінділігі; эмоционалдық тұрақтылық (өзін өзі басқара алу, өз сезімдерін жұдырықта ұстай алуы және қажет болған жағдайда эмоцияларын жасыра білуі); педагогикалық оптимизм; шығармашылық пен креативтілік қабілеттері.

Осы айтылған қасиеттердің барлығы байланысты орнату және дамыту үшін қажет, олпедагогикалық шеберліктің критериі бола тұра, оқу-тәрбие процесін нәтижелі жүзеге асыруға ықпалын тигізеді [2].

Педагогикалық техника — педагогикалық шеберлік құрамындағы маңыздыларының бірі де бірегейі болып табылады. Ю. П. Азаров айтуынша «қажетті тәрбиелеу нәтижесіне қол жеткізу үшін шебер-тәрбиеші қолданатын құралдардың жиынтығы; техника — бұл шеберліктің бір бөлшегі. Шеберлік педагог өзін қалай ұстайтындығында, дауысын қалай меңгеретіндігінде, қандай шектерде ашуын, қуанышын, күмәнін, талабын, сенімін көрсете алатындығында, ұжыммен және баламен қалай араласа алатындығында көрінеді» [3].

Қорыта айтқанда, әрбір болашақ мұғалімнің педагогикалық қабілеттіліктері әр түрлі жолдармен қалыптасады. Оның серпінділігі мен қарқындылығы педагогикалық шеберліктің құрылымдық компонентінің маңызды сипаты болып табылады. Педагогикалық қабілеттіліктер дамуының мұндай сипаты кез келген педагогтың бойынан табыла бермейді, бұл оның кәсіби жарамдылығының болуы мен оның даму деңгейімен және мұғалім тұлғасының кәсіптік педагогикалық бағыттылығымен байланысты.

Әдебиет:

  1. Кузьмина Н. В. Очерки психологии труда учителя. — 2003. — 183 с.
  2. Основы педагогического мастерства: И. А. Зязюн, И. Ф. Кривонос, Н.Н. — 2009. — 302 с.
  3. Азаров Ю. П. Чувство, техника, мастерство. — М.: Знание, 2002. — С. 32.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Ағылшын тілін оқыту мен оқуда талантты және дарынды балаларды анықтау тәсілдері

12 жылдық білім беру және мұғалімнің кәсіби дайындығын қалыптастыру

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа тұрпатты болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындау мәселелері

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Азық-түлік жағдайы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуының құқықтық мәселелері

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселелері

Похожие статьи

Ағылшын тілін оқыту мен оқуда талантты және дарынды балаларды анықтау тәсілдері

12 жылдық білім беру және мұғалімнің кәсіби дайындығын қалыптастыру

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа тұрпатты болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындау мәселелері

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Азық-түлік жағдайы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуының құқықтық мәселелері

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселелері

Задать вопрос