Алматы қаласы бойынша атмосфералық тұрақсыздық индекстерінің таралуының климаттық ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №12 (302) март 2020 г.

Дата публикации: 18.03.2020

Статья просмотрена: 200 раз

Библиографическое описание:

Абыкан, А. О. Алматы қаласы бойынша атмосфералық тұрақсыздық индекстерінің таралуының климаттық ерекшеліктері / А. О. Абыкан, Н. Н. Абаев, А. С. Нысанбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 12 (302). — С. 314-320. — URL: https://moluch.ru/archive/302/68042/ (дата обращения: 16.12.2024).



Берілен мақалада, Алматы қаласына тұрақсыздықты сипаттау үшін кең қолданыстағы тұрақсыздық индекстердің еркін атмосферада 2012–2018 жж. аралығындағы радиозондылау мәліметтері бойынша статистикалық көрсеткіштері қарастырылды. Нәтижесінде, аталған аумақта атмосфераның тұрақсыздығы орын алуы маусым, шілде айларына сәйкес келсе, минималды мәндері суық мерзімдерге сәйкес келетіндігі анықталды. Алынған нәтижелер аумақтың климатын бағалауда және қауіпті конвективті құбылыстарды зерттеуде, ауа райын болжаудың сандық модельдерін дамыту жұмыстарын жүргізуде пайдаланылуы мүмкін.

Негізгі сөздер: атмосфераның тұрақсыздық индексі, конвективті құбылыстар, Шоуолтер индексі, көтерілу индексі, виртуалды температураны қолданып есептелінген көтерілу индексі, K индексі, жиынтық индексі, ауа райының қауіптілігі индексі, вертикалды индекс.

В данной статье на основе статистических данных радиозондирования, полученных за период с 2012 по 2018 гг. в Алматы, рассматривается индекс атмосферной нестабильности. В результате установлено, что минимальные значения соответствуют холодным периодам, если нестабильность атмосферы в этой области соответствует июню и июлю. Полученные результаты могут быть использованы для оценки климата территории и для изучения опасных конвективных явлений, для проведения работ по разработке цифровых моделей прогнозирования погоды.

Ключевые слова: индекс атмосферной нестабильности, конвективные явления, индекс Шоуолтер, индекс поднятый, индекс рассчитанный с использованием виртуальной температуры, индекс К, суммарный индекс, индекс опасности погоды, вертикальный индекс.

Кіріспе. Қазіргі таңда, климaттық өзгерicтердiң орын алуы тек қaнa темперaтурaлық өзгерicтер және ылғaл aйнaлымы прoцеcтерiнiң бұзылуымен ғaнa емеc, coнымен қaтaр, геoфизикaлық aлқaптaр күйiнiң өзгерулерiмен де бaйқaлудa [(Zhang, Ni, and Zhang 2017)]. Aтaп aйтқaндa, жер шaры мен күннiң aрacындaғы энергocыйымдылық қoрының aртуы нәтижеciнде конвективті құбылыстардың белcендiлiгі мaңызды түрде aртуы дa бaйқaлудa [(Raghavendra et al. 2018)].

Жұмыста, атмосфераның тұрақсыздық дәрежесін бағалау тропосфераның әртүрлі қабаттары мәліметтері бойынша есептелген тұрақсыздық индекстер көмегімен жүргізіледі. Мұндай индекстер қауіпті конвективті құбылыстардың белсенділігін бағалау үшін кеңінен қолданылады. Еліміздің жекелеген аудандарында аталған қауіпті құбылыстарды ауа райын болжау бөлімдерінде болжамдық мақсатта пайдалану үшін, бұл индекстердің таралу ерекшеліктерін білу аса маңызды.

Деректер және әдістеме. Атмосфералық тұрақсыздықты бағалаудағы мәліметтер ретінде, «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық бақылау желісінің Алматы қаласы бойынша аэрологиялық станциясының 2012–2018 жылдaр aрaлығындa жүргiзiлген радиозондылау мәлiметтерін, еркін қолданысқа ие, Вайоминг Универстиетінің сайтынан (http://weather.uwyo.edu) жинақталды. Жалпы қарастырылған жағдайлар саны 2969 құрады. Зерттеу аумағындағы найзағайлық әрекеттердің тұрақсыздық индекстерімен байланысын анықтау үшін, Алматы БГМС орташа 2012–2018 жж. аралығында найзағаймен күндер саны мәліметтері жиақталды.

Зерттеу әдістемесі негізгі тұрақсыздық индекстеріне негізделеді. Қазіргі уақытта көптеген термодинамикалық параметрлер мен индекстер, әсіресе радиозонттар көмегімен, конвективті құбылыстардың алдын алуы үшін қолданылады. Showalter (1953) жұмысы — ғылымға серпіліс алып келді, одан кейін бірнеше индекстер пайда болды, атап айтқанда: көтерілу индексі (LI) (Голуэй, 1956), K-индекс (KI) (Джордж, 1960), жалпы жиынтық индекс (TTI), (Миллер, 1972), CAPE (Монкриф және Миллер, 1976), Бойден индексі (Бойден, 1963) және Джефферсон индексі (Джефферсон, 1963) және басқалар. Мұндай көрсеткіштер атмосфераның күрделі үш өлшемді құрылымын талдау мен бағалаудың қиын тапсырмасын жеңілдетеді және уақытылы жұмыс істеуге тура келетін жедел метеорологтар үшін өте пайдалы құрал болып табылады (Досвелл және Шульц, 2006) [Jefferson, G. J.: A modified instability index, Meteorological Magazine, 92, 92–96, 1963a. Jefferson, G. J.: A further development of the instability index, Meteorological Magazine, 92, 313–316, 1963b].

Конвективті құбылыстарды алдын-ала болжауға арналған «дәстүрлі» деп аталатын жиі қолданылатын индекстерге KI, LI, TTI және CAPE кіреді. Торнадо жиі болатын әлемнің басқа елдерінде қолданылатын көрсеткіштерге Showalter тұрақтылық индексі (ShwI) және SWEAT жатады. Аталған индекстерді есептеу формулары кесте 1 берілген.

Кесте 1

Тұрақсыздық индекстері

Атауы

Формула

1.

Шоуолтер индексі

(SHOW)

2.

Көтерілу индексі Lifted

3.

Ауа райының қауіптілігі индексі SWAET

4.

К индексі (Вайтинг коэффиценті) KI

5.

Қилыс индексі CT

6.

Вертикалды индекс VT

7.

Жиынтық индекс TT

8.

Қол жетімді конвективті потенциялды энергия CAPE

9.

Виртуалды температураны қолданып есептелінген, CAPE

Мұндағы, Т-сәйкес геопотенциалды биіктіктегі ауа температурасы;

сәйкес геопотенциялды биіктіктегі шық нүкте тапшылығы;

TT — жиынтық индексі;

— изобарлық беттегі виртуалды температура,

— көтерілетін ауа бөлшегінің виртуалды температурасы,

p — сәйкес геопотенциалды биіктіктегі қысым;

f — сәйкес геопотенциалды биіктіктегі жел жылдамдығы;

S — сәйкес геопотенциалды биіктіктегі жел бағыты;

g — ауырлық күші бойынша үдеу;

z — биіктік (м);

— еркін конвекция деңгейінің биіктігі;

— тепе-теңдік деңгейінің биіктігі;

— нақты ауданның виртуалды температурасы;

— қоршаған ортаның виртуалды температурасы (температура Кельвин шкаласымен беріледі)

Нәтижелер

Атмосфера тұрақсыздығы тік бағытта ауаның жеке көлемінің реттелген бөлігі немесе оны жылу конвекциясы деп те атайды. Жазда, стратификация тұрақсыздығы мен конвекция, әсіресе түстен кейін және күннің екінші жартысында жоғары болып келеді. Сондықтан конвекциямен байланысты жердегі будақ бұлттары, жауын-шашын және найзағай күннің екінші жартысында барынша жақсы дамиды (https://en.wikipedia.org/wiki/Atmospheric_instability).

Атмосферның а) тұрақты б) тұрақсыз күйі

1 — стратификация қисығы

2 — атмосфераның күйі қисығы

Тұрақсыздық индекстерін қолдана отырып, атмосфералық тұрақсыздықты бағалау әдетте бірнеше термодинамикалық параметрлерге негізделген есептеуді қажет етеді (Showalter, 1953; Джордж, 1960; Бойден, 1963; Джефферсон, 1963а, б; Миллер, 1967; Литинска және басқалар, 1976; Peppler), 1988; Peppler and Lamb, 1989; Jacovides and Yonetani, 1990; Reuter and Aktary, 1993), [Showalter, A. K.: A stability index for thunderstorm forecasting, Bull. Amer. Meteorol. Soc., 34, 250–252, 1953., George, J. J.: Weather forecasting for Aeronautics, Academic Press, New York, 409–415, 1960., Boyden, C. J.: A simple instability index for use as a synoptic parameter, Meteorological Magazine, 92, 198–210, 1963].

Атмосфераның тұрақсыздық индекстерін зерттеу Қазақстанда көп зерттелмеген тың тақырыптардың бірі болып табылады. Алайда аталған бағытта жекелеген авторлардың зерттеу жұмыстарын атап кетуіміз шарт [(Горбатенко 2001), Канаева Б.К, Нысанбаева А. С.].

Кез кезген климаттық параметрлердің таралу ерекшеліктерін қарастырғанда негізгі көрсеткіштер ретінде орташа мәндер және шектік мәндері туралы ақпараттар маңызды болып табылады.

2012–2018 жылдар аралығында жинақталған мәлімттер базасы бойынша есептелген индекстердің (SHOW, Lifted, LFT, SWAET, KI, CT, VT, TT, CAPE, CAPEV) таралу жағдайлары талданып, қарастырылды.

Кесте 2

Тұрақсыздық индекстердің орташа көпжылдық климаттық сипаттамалары

Индекс

2012–2018 жж

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

SHOW

орташа

4,7

2,19

0,26

0,21

1,83

3,63

5,60

мин

-7,69

-13,25

-12,88

-16,29

-11,85

-6,25

-13,7

макс

21,26

13,64

10,43

13,09

11,1

15,65

28,9

Lifted

орташа

4,4

0,9

-1,2

-0,8

0,5

3,2

11,8

мин

-5,24

-15,13

-12,37

-10,27

-10,08

-6,67

-17,43

макс

22,17

13

7,53

10,1

9,83

17,32

20,69

LIFT

орташа

4,4

0,7

-1,5

-1,2

0,2

3,0

11,8

мин

-5,72

-16,62

-13,53

-11,02

-11,08

-7,13

-17,69

макс

22,18

13,04

7,43

9,81

9,63

17,24

20,99

SWEAT

орташа

80,8

117,5

159,5

172,4

121,9

89,2

128,9

мин

13,6

11,66

15,54

15,54

13,6

11,66

13,6

макс

461,25

620,45

662,74

773,48

615,3

479,02

759,18

K

орташа

16,7

22,1

28,2

29,1

25,0

19,6

15,0

мин

-34,5

-19,9

-15,1

-10,1

-12,5

-19,1

-19,3

макс

39

52,8

48,3

56,9

48,7

39,6

40,3

VT

орташа

27,9

29,9

31,6

32,4

31,2

29,7

27,0

мин

15

17,3

18,9

18,9

20,1

17,4

11,9

макс

38,9

44,7

44,7

45,7

41,3

41,5

45,3

TT

орташа

45,5

47,6

49,4

48,9

46,6

45,0

44,1

мин

13

19,4

29,2

20,6

29,2

23,2

15,8

макс

62,6

66,2

72,4

73,6

65,6

62

81,6

CAPE

орташа

60,3

334,0

536,1

477,5

251,3

112,7

57,8

мин

0

0

0

0

0

0

0

макс

1552,4

7954,8

4435,5

3427,3

3307,2

2088,48

3980,5

CAPEV

орташа

67,6

363,0

589,2

530,6

286,1

124,6

62,2

мин

0

0

0

0

0

0

0

макс

1635,1

8357,1

4775,1

3662,2

3588,6

2185,5

4078,5

Шоуолтер индексі (SHOW). Шоуолтер индексі 850 мбар температурасы (ауа массасы) мен қоршаған орта температурасы 850 мбар арасындағы айырмашылық негізінде есептейді. Шоуолтер индексі атмосфераның жергілікті статикалық орнықтылығының қарапайым өлшемі болып табылады. Оң мәндер көтерілген ауа ағыны оның жаңа ортасына қарағанда суық екенін көрсетеді, демек атмосфера тұрақты.

Көтерілу индексі (LI). 500 мбар деңгейіндегі қоршаған орта температурасы мен ауа бөлшегі псевдо-адиабатты түрде 500 мбар деңгейге жеткен кездегі температурасының айырмашылығы ретінде анықталады.

Виртуалды температураны қолданып есептелінген, көтерілу индексі (LIFT). Виртуалды температура арқылы есептелінген көтерілу индекісінің есептелу жолдары әр түрлі болғанымен диапазондары көтерілу индекстен бірдей болады.

Индекстердің мәні минус 6-дан төмен болған жағдайларда максималды конвекция дамитыны белгілі, орташа көпжылдық жүрісі бойынша Алматы қаласы аумағы маусым, шілде айларында әлсіз конвекция аясында болады (SHOW=0,21...0,26, Lifted=-1,2...-0,8, LIFT=-1,5…-1,2). Температуралық конвекцияға қолайсыз максималды мәні SHOW=28,9, Lifted=20,7, LIFT=21,0 құраса, қарқынды атмосфералық тұрақсыздыққа аса қолайлы көрсеткен минималды мәндері SHOW=-16,3, Lifted= -12,4, LIFT= -13,5, шамасында тіркелді. Индекстің мәндері бойынша атмосфераның тұрақсыздығы жаз айларында артады, көктем және күз айларында кемиді.

K индекі. K есептеуі төменгі тропосферада температураның вертикалды градиентіне, ауа ылғалдылығына негізделеді, сондай-ақ ылғалды ауа қабатының тік деңгейін ескереді. K тұрақсыздықтың пайда болуы мен дамуы үшін қажетті ауа массасының конвективті тұрақсыздығының дәрежесін сипаттайды (J. J. George, 1960).

Жиынтық индексі. К индекс мәндерімен ұқсас келеді (Miller R. C., 1972). Найзағайлық жағдайлардың дамуына қажетті диапазон мәні жоғарылаған сайын, тұрақсыздық дәрежесі артады (44-тен жоғары), яғни атмосфералық тұрақсыздыққа қолайлы жағдайлар.

К индексінің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым атмосфералық тұрақсыздық дәрежесі жоғарылайды, яғни штормдық жағдайлардың ықтималдығы арта береді. Ал, найзағайлық әрекеттер орын алу үшін К мәні 20-дан жоғары болу керек. Кесте 7 сәйкес, орташа көпжылдық жүрісі бойынша, атмосфераның тұрақсыздығы мамыр-тамыз айларының аралығында байқалады, яғни К=22,1… 29,1 құрайды. Индекстің максималды мәні Кmax = 56,9, шілде айында байқалса, минимумы Кmin=-34,5 сәуір айына сәйкес келді. Ал, жиынтық индекс мәнінің орташа айлық көрсеткіштері сәуір-қазан айлары аралығы конвекцияның дамуына қолайлы екенін көрсетеді. Максималды мәндері маусым-шілде айларында TTmax=72,4... 73,6 байқалса, минимумы сәуір жене қазан айына сәйкес келеді TTmin=13...15,8.

Ауа райының қауіптілігі индексі (SWEAT). SWEAT индексі бірнеше параметрлерді бір индекске біріктіру арқылы қауіпті ауа райы үшін потенциялды бағалайды. Бұл параметрлер төмен ылғалдылықты (шық нүктесі 850 мб), тұрақсыздық (жиынтық индекс), төменгі және орта деңгейдегі жел жылдамдығын (850 және 500 мб) және жылы ауаның адвекциясын (850 және 500 мб арасындағы тербеліс) қамтиды. Сондықтан кинематикалық және термодинамикалық ақпаратты бір индекске қосу әрекеті жасалады. SWEAT индексін кәдімгі найзағай потенциялын емес, қауіпті ауа райын бағалау үшін пайдалану керек (George J. J., 1960; Miller R. C., 1972).

Вертикалды индекс. Тропосферада найзағайдың қалыптасуына жеткілікті конвективті тұрақсыздықтың жоғары мүмкіншілігін анықтайды. Қауіпті ауа райы индекстің (SWEAT index) таралу ерекшеліктеріне ұқсас келеді.

Орташа көпжылдық жүрісіне сәйкес, Алматы қаласы SWEAT = 159,5...172,4 аралығында әлсіз конвекция жағдайына болатыны байқалады. Ал, қарқынды атмосфералық тұрақсыздыққа аса қолайлы жайғдай SWEAT мәні 400-ден асқанда орын алады. Индекстің байқалған максималды мәндері SWEAT =662,7...773,5 аралығында тіркелді. Индекстің мәндері бойынша атмосфераның тұрақсыздығы жаз айларында артады, көктем және күз айларында кемиді. Ал, вертикальді индекстің мәні 28-ден асқанда, атмосфераның тұрақсыздығы артып, конвективті құбылыстар орын алады. Орташа көпжылдық мәндері бойынша мамыр-тамыз айларының аралығы атмосфералық тұрақсыздықтың жиі қайталанатынын көрсетті. Қарастырылаған жылдарда тұрақсыздық жағдайларының максимумы 45,7, ал минимумы қазан айында 12,9-ға сәйкес.

Қол жетімді конвективті потенциялды энергия (CAPE) және Виртуалды температураны қолданып есептелінген Конвективті потенциялды энергия (CAPEV). Конвективті тұрақсыздықтың потенциалдық энергиясы, ол жоғары бағытталған ағындардың қарқындылығымен байланысты. Тұрақсыздық энергиясының аса жоғары мәндері бұлттағы қарқынды конвекцияны, яғни ауа райының аса қауіпті құбылыстарын көрсетеді.

CAPE, CAPEV мәндері 400-ден асқанда тұрақсыздық қарқындылығы артады, мәліметтерге сәйкес Алматы қаласында тұрақсыздықтың орын алуы маусым, шілде айларында байқалады. Ал, максимумдары CAPE=7954,8 және CAPEV=8357,1 Дж/кг шамасында тіркелді.

Келесі кезекте, Алматы БГМС бойынша жинақталған найзағайлық әрекеттер жағдайлары санымен тұрақсыздық индекстердің 2012–2018 жж. аралығындағы орташа айлық мәндері бойынша корреляциялық байланысы есептелінді.

Кесте 3

Тұрақсыздық индекстері мен найзағаймен болған күндер санының корреляциялық байланысы

Тұрақсыздық индекстері

Showalter

Lifted

LIFTV

SWEAT

K

Cross

Vertical

Total

CAPE

CAPEV

Найзағаймен болған күндер саны

-0,69

-0,76

-0,76

0,67

0,73

0,43

0,38

0,65

0,74

0,74

Кесте 3 сәйкес, найзғаймен болған күндер санымен тұрақсыздық индекстерінің орташа айлық мәндерінің корреляциялық көрсеткіштері бойынша ең жоғарғы мәні, Totals, CAPE, CAPEV индекстеріне сәйкес келеді. Корреляциялық талдау негізінде, тұрақсыздық индекстері оң және теріс таңбалы мәндерді құрады. Теріс мәнді индекстерге Showalter, Lifted, LIFTV индекстерін жатқызуға болады. Теріс мәндерде де тұрақсыздық индекстері жоғары сәйкестікті көрсетеді. Ал Cross және Vertical индекстері найзағаймен болған күндер санымен корреляциялық байланысы төмен (0,43 және 0,38) екендігін көрсетті. Алынған нәтижелер бойынша Totals, CAPE, CAPEV, Showalter, Lifted, LIFTV, Cross, Vertical индекстердің Алматы қала бойынша найзағайлық әрекеттердің климаттық таралу ерекшеліктерін сипаттайтындығы анықталды.

Қорытынды. Алматы қаласы бойынша аэрологиялық зондылау мәліметтерінің негізінде тұрақсыздық индекстерінің таралуының көпжылдық ерекшеліктері қарастырылды. Тұрақсыздық индекстерінің көпжылдық мәндері келесідей сипатқа ие:

Шоуолтер индексі. Көтерілу индексі. Виртуалды температураны қолданып есептелінген көтерілу индексі. Алматы қаласы бойынша орташа көпжылдық мәндері бойынша индекстердің мәндері минус 6 мәнінен төмен болған жайғдайда конвекцияның даму қарқындылғы басым болады. Атмосфералық тұрақсыздыққа аса қолайлы болған минималды мәндері SHOW=-16,3, Lifted= -12,4, LIFT=-13,5, шамасында тіркелді. Индекстің мәндері бойынша атмосфераның тұрақсыздық жағдайы жаз яғни, маусым, шілде айларында артады, көктем және күз айларында кемиді.

K индекі. K тұрақсыздықтың пайда болуы мен дамуы үшін қажетті ауа массасының конвективті тұрақсыздығының дәрежесін сипаттайды (J. J. George, 1960). Оның мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым атмосфералық тұрақсыздық дәрежесі жоғарылайды, яғни штормдық жағдайлардың ықтималдығы арта береді. Атмосфераның тұрақсыздығы мамыр-тамыз айларының аралығында байқалады, яғни К=22,1… 29,1 құрайды. Индекстің максималды мәні Кmax = 56,9, шілде айында байқалса, минимумы Кmin=-34,5 сәуір айына сәйкес келді.

Жиынтық индексі. Найзағайлық жағдайлардың дамуына қажетті диапазон мәні жоғарылаған сайын, тұрақсыздық дәрежесі артады (44-тен жоғары), яғни атмосфералық тұрақсыздыққа қолайлы жағдайлар. Қарастырылып отырған мәліметтер қатары бойынша жиынтық индексінің мәнінің орташа айлық көрсеткіштері сәуір-қазан айлары аралығы конвекцияның дамуына қолайлы екенін көрсетеді. Максималды мәндері маусым-шілде айларында TTmax=72,4... 73,6 байқалса, минимумы сәуір жене қазан айына сәйкес келеді TTmin=13...15,8.

Ауа райының қауіптілігі индексі. SWEAT индексін кәдімгі найзағай потенциялын емес, қауіпті ауа райын бағалау үшін пайдалану керек (George J. J., 1960; Miller R. C., 1972). Орташа көпжылдық жүрісіне сәйкес, Алматы қаласы SWEAT = 159,5...172,4 аралығында әлсіз конвекция жағдайына болатыны байқалады. Ал, қарқынды атмосфералық тұрақсыздыққа аса қолайлы жайғдай SWEAT мәні 400-ден асқанда орын алады. Индекстің байқалған максималды мәндері SWEAT =662,7...773,5 аралығында тіркелді. Индекстің мәндері бойынша атмосфераның тұрақсыздығы жаз айларында артады, көктем және күз айларында кемиді.

Вертикалды индекс. Вертикальді индекс мәні 28-ден асқанда, атмосфераның тұрақсыздығы артып, конвективті құбылыстар орын алады. Орташа көпжылдық мәндері бойынша мамыр-тамыз айларының аралығы атмосфералық тұрақсыздықтың жиі қайталанатынын көрсетті. Қарастырылаған жылдарда тұрақсыздық жағдайларының максимумы 45,7, ал минимумы қазан айында 12,9-ға сәйкес.

Қол жетімді конвективті потенциялды энергия (CAPE) және виртуалды температураны қолданып есептелінген конвективті потенциялды энергия (CAPEV). Конвективті тұрақсыздықтың потенциалдық энергиясы, ол жоғары бағытталған ағындардың қарқындылығымен байланысты. CAPE, CAPEV мәндері 400-ден асқанда тұрақсыздық қарқындылығы артады, соған сәйкес, тұрақсыздықтың орын алуы маусым, шілде айларында байқалады. Ал, максимумдары CAPE=7954,8 және CAPEV=8357,1 Дж/кг шамасында тіркелді.

Алматы БГМС бойынша жинақталған найзағайлық әрекеттер жағдайлары санымен тұрақсыздық индекстердің 2012–2018 жж. аралығындағы орташа айлық мәндері бойынша корреляциялық байланысы келесідей:

Найзғаймен болған күндер санымен тұрақсыздық индекстерінің орташа айлық мәндерінің корреляциялық көрсеткіштері бойынша ең жоғарғы мәні, Totals, CAPE, CAPEV (0,65, 0,74 және 0,74) индекстеріне сәйкес келеді. Корреляциялық талдау негізінде, тұрақсыздық индекстері оң және теріс таңбалы мәндерді құрады. Теріс мәнді индекстерге Showalter, Lifted, LIFTV (-0,69, -0,76 және -0,76) индекстерін жатқызуға болады. Теріс мәндерде де тұрақсыздық индекстері жоғары сәйкестікті көрсетеді. Ал Cross және Vertical индекстері найзағаймен болған күндер санымен корреляциялық байланысы төмен (0,43 және 0,38) екендігін көрсетті. Алынған нәтижелер бойынша Totals, CAPE, CAPEV, Showalter, Lifted, LIFTV, Cross, Vertical индекстердің Алматы қала бойынша найзағайлық әрекеттердің климаттық таралу ерекшеліктерін сипаттайтындығы анықталды.

Алматы қаласына тұрақсыздық индекстерін зерттеу барысында, атмосфералық тұрақсыздық жағдайын бақылау мүмкіндігі зерттелді. Осы зерттеудің келесі кезеңі индекстердің нәтижелерін жақсарту мақсатында қолданыстағы индекстердің критерий мәндерін сынау. Бұл нәтиже тұрақсыздықты бағалауға жақсы үлгі бола алады және жергілікті деңгейде ауа-райын болжауға ықпал етеді.

Әдебиеттер:

  1. Канаева Б.К, Нысанбаева А. С. Алматы облысында мезомасштабты конвективті жүйелердің дамуын болжауға қажетті термодинамикалық индекстердің шектік мәндерін MODIS AQUA/TERRA жер серіктерінің мәліметтері арқылы анықтау// Гидрометеорология және экология — Алматы — 2018. -№ 2. — Б. 33–42.
  2. University of Wyoming. Upper Air Date [Электронды ресурс] — URL: http://weather.uwyo.edu
  3. National Weather Service [Электронды ресурс] — URL: https://www.weather.gov/epz/wxcalc_showalter
  4. A. Marinaki, M. Spiliotopoulos, H. Michalopoulou. Evaluation of atmospheric instability indices in Greece. Advances in Geosciences, European Geosciences Union, 2006, 7, pp.131–135. hal-00296864.
  5. Boyden, C. J.: A simple instability index for use as a synoptic parameter, Meteorological Magazine, 92, 198–210, 1963.
  6. Chrysoulakis, N., Spiliotopoulos, M., Domenikiotis, C., and Dalezios, N. R.: Investigation of the atmospheric instability using remotely sensed data, in: Proceedings of the International Symposium on GIS and Remote Sensing: Environmental Applications, edited by: Dalezios, N. R. and Dobesch, H., Volos, Greece, 7–9 November 2003, 155–166, 2005.
  7. Dalezios, N. R. and Papamanolis, N. K.: Objective assessment of instability indices for operational hail forecasting in Greece, Meteorol. Atmos. Phys., 45, 87–100, 1991.
  8. Raghavendra, Ajay, Liming Zhou, Yan Jiang, and Wenj ian Hua. 2018. “Increasing Extent and Intensity of Thunderstorms Observed over the Congo Basin from 1982 to 2016.” Atmospheric Research. https://doi.org/10.1016/j.atmosres.2018.05.028.
  9. Zhang, Qinghong, Xiang Ni, and Fuqing Zhang. 2017. “Decreasing Trend in Severe Weather Occurrence over China during the Past 50 Years.” Scientific Reports. https://doi.org/10.1038/srep42310.
  10. Горбатенко, Валентина. 2001. “Синоптические Условия Образования и Развития Гроз Над Территорией Западной Сибири и Казахстана.” Вестник Томского Государственного Университета.
  11. George, J. J.: Weather forecasting for Aeronautics, Academic Press, New York, 409–415, 1960. Haklander, A. J. and Van Delden, A.: Thunderstorm predictors and their forecast skill for the Netherlands, Atmos. Res., 67–68, 273– 299, 2003.
  12. Jacovides, C. P. and Yonetani, T.: An evaluation of stability indices for thunderstorm prediction in Greater Cyprus, Weather Forecast, 5, 559–569, 1990. Jefferson, G. J.: A modified instability index, Meteorological Magazine, 92, 92–96, 1963a.
  13. Jefferson, G. J.: A further development of the instability index, Meteorological Magazine, 92, 313–316, 1963b. Litynska, Z., Parfiniewicz, J., and Pinkowski, H.: The prediction of air mass thunderstorms and hails, W. M. O., No. 450, 128–130, 1976.
  14. Boyden, C. J.: A simple instability index for use as a synoptic parameter, Meteorological Magazine, 92, 198–210, 1963.
  15. Showalter, A. K.: A stability index for thunderstorm forecasting, Bull. Amer. Meteorol. Soc., 34, 250–252, 1953.
  16. Miller, R. C.: Note on analysis and severe storm forecasting procedures of the Military Weather Warning Center, AWS Tech. Rep. 200, USAF, Scott AFB, IL, 94 pp., 1967.
  17. Peppler, R. A. and Lamb, P. J.: Tropospheric static stability and central North American growing season rainfall, Mon. Wea. Rev., 117, 1156–1180, 1989.
  18. Reuter, G. W. and Aktary, N.: A slantwise Showalter index based on moist symmetric instability: Results for Central Alberta, Atmosphere-Ocean, 31, 379–394, 1993.
Основные термины (генерируются автоматически): CAPE, SWEAT, CAPEV, SHOW, LIFT, LIFTV, Алматы, индекс, SWAET, TTI.


Ключевые слова

атмосфераның тұрақсыздық индексі, конвективті құбылыстар, Шоуолтер индексі, көтерілу индексі, виртуалды температураны қолданып есептелінген көтерілу индексі, K индексі, жиынтық индексі, ауа райының қауіптілігі индексі, вертикалды индекс

Похожие статьи

Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы

Осы мақалада жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен онлайн кері байланыс жүргізу туралы, осы үрдістің қазіргі заманда кері байланыс жасаудың маңызды, басымды құралы екені сипатталады. Ақпараттық технологиялар әлемде дамып, өмірдің барлық салала...

Екінші деңгейлі банктердің дамуының қазіргі жағдайы

Мақалада Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қазіргі даму жағдайы және перспективасы айтылған. Қазіргі таңда қаржылық сектор — ең танымал салалардың бірі болып табылады. Төлемдер жасау, ақша айырбастау, ақша аударымдары — осының бар...

Тұтынушыларға арналған адалдық бағдарламаларын қалыптастыру кезеңдері

Өркениеттің дамуымен тұтынушылық адалдық қазіргі нарықтағы маңызды мәселеге айналды. Адалдық бағдарламалары клиенттердің адалдығы мен сенімін қалыптастыруға арналған құралдар жиынтығы болып табылады. Бәсекеге қабілетті нарықтарда клиенттердің адалдығ...

Блокчейнде генезис блоктың маңызы

Бүгінгі күні blockchain технологиясы туралы көп әңгіме жүргізілуде.Бірақ цифрлық валютаны енгізу негізі тұрғысынан емес, ақпаратты көптеген салаларда орталықтандырылмаған сақтау мәселесін шешуге қолданылатын технология ретінде. Блокчейн — бұл блоктар...

Зияткерлік мектепте немесе лицейде тұрақты электр тогын оқыту

Электродинамика объектілерін зерттеу барысында зияткерлік мектептер мен лицейлердің оқушыларының білім жүйесін қалыптастыру процесін жетілдіру мәселесі ашық болып табылады. Бір зерттеуде осы мәселенің барлық аспектілері мен жақтарын бірдей толық қара...

Кіріс қанықтылығы бар белгісіз робот-манипуляторды адаптивті басқару

Бұл мақалада біз белгісіз роботты белгісіз кіріспен кіру қанықтылығы бар манипуляторды басқару, масштабтау мен бұзылулар мәселесін қарастырамыз. Осы мақсатта кірісті өңдеу үшін адаптивті басқару моделі (MRAC-тәрізді) қолданылады.Модельге сілтеме тұра...

Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Қашықтықтан оқыту — білім, білік, дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процесінің тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының жергілікті алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыр...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Орталық Азия аймағының су-энергетикалық мәселелері

Орталық Азия елдері үшін ең күрделі мәселелердің бірі тұщы судың тапшылығы және осыған байланысты трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері. Орталық Азиядағы қалыптасқан шындық жүргізіліп жатқан экономикалық саясатпен, су ресурстары...

Алматы қаласының саябақ ландшафты екпелерінің экологиялық жағдайын бағалау

Мақалада Алматы қаласының Тұңғыш Президенті паркінің негізгі ағаш түрлерінің қазіргі түр құрамы, жай-күйі және экологиялық амплитудалары зерттелді. Интродуценттер түрлерінің жалпы санының % құрайды. Парктерде өсетін ағаш-бұта түрлерінің сандық құрамы...

Похожие статьи

Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы

Осы мақалада жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен онлайн кері байланыс жүргізу туралы, осы үрдістің қазіргі заманда кері байланыс жасаудың маңызды, басымды құралы екені сипатталады. Ақпараттық технологиялар әлемде дамып, өмірдің барлық салала...

Екінші деңгейлі банктердің дамуының қазіргі жағдайы

Мақалада Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қазіргі даму жағдайы және перспективасы айтылған. Қазіргі таңда қаржылық сектор — ең танымал салалардың бірі болып табылады. Төлемдер жасау, ақша айырбастау, ақша аударымдары — осының бар...

Тұтынушыларға арналған адалдық бағдарламаларын қалыптастыру кезеңдері

Өркениеттің дамуымен тұтынушылық адалдық қазіргі нарықтағы маңызды мәселеге айналды. Адалдық бағдарламалары клиенттердің адалдығы мен сенімін қалыптастыруға арналған құралдар жиынтығы болып табылады. Бәсекеге қабілетті нарықтарда клиенттердің адалдығ...

Блокчейнде генезис блоктың маңызы

Бүгінгі күні blockchain технологиясы туралы көп әңгіме жүргізілуде.Бірақ цифрлық валютаны енгізу негізі тұрғысынан емес, ақпаратты көптеген салаларда орталықтандырылмаған сақтау мәселесін шешуге қолданылатын технология ретінде. Блокчейн — бұл блоктар...

Зияткерлік мектепте немесе лицейде тұрақты электр тогын оқыту

Электродинамика объектілерін зерттеу барысында зияткерлік мектептер мен лицейлердің оқушыларының білім жүйесін қалыптастыру процесін жетілдіру мәселесі ашық болып табылады. Бір зерттеуде осы мәселенің барлық аспектілері мен жақтарын бірдей толық қара...

Кіріс қанықтылығы бар белгісіз робот-манипуляторды адаптивті басқару

Бұл мақалада біз белгісіз роботты белгісіз кіріспен кіру қанықтылығы бар манипуляторды басқару, масштабтау мен бұзылулар мәселесін қарастырамыз. Осы мақсатта кірісті өңдеу үшін адаптивті басқару моделі (MRAC-тәрізді) қолданылады.Модельге сілтеме тұра...

Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Қашықтықтан оқыту — білім, білік, дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процесінің тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының жергілікті алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыр...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Орталық Азия аймағының су-энергетикалық мәселелері

Орталық Азия елдері үшін ең күрделі мәселелердің бірі тұщы судың тапшылығы және осыған байланысты трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері. Орталық Азиядағы қалыптасқан шындық жүргізіліп жатқан экономикалық саясатпен, су ресурстары...

Алматы қаласының саябақ ландшафты екпелерінің экологиялық жағдайын бағалау

Мақалада Алматы қаласының Тұңғыш Президенті паркінің негізгі ағаш түрлерінің қазіргі түр құрамы, жай-күйі және экологиялық амплитудалары зерттелді. Интродуценттер түрлерінің жалпы санының % құрайды. Парктерде өсетін ағаш-бұта түрлерінің сандық құрамы...

Задать вопрос