Оқу-тәрбие процесіне шағын зерттеу жүргізу арқылы білім беру сапасын басқаруды жетілдіру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Прмаханова, А. Х. Оқу-тәрбие процесіне шағын зерттеу жүргізу арқылы білім беру сапасын басқаруды жетілдіру / А. Х. Прмаханова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 27-28. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67929/ (дата обращения: 19.12.2024).



Білім беруді басқарудың заманауи қағидаттары, бір жағынан басқарушылық қызметтің обьективті критерийлері мен әдістеріне негізделсе, екінші жағынан, менеджменттің жаңа жүйесінің іргесіне сапа саласындағы саясат салынған. Осыған орай, білім беруді басқару жалпы орта білім беру жүйесін оның сапалық сипаттамалары тұрғысында дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

Заманауи философиялық көзқарастар тұрғысынан, «сапа» категориясы заттар мен құбылыстардың, сондай-ақ заттардың арнаулы топтарының, ұжымдардың, жүйелердің, абстрактылы түсініктердің біртұтастығының обьективті, мәнді, салыстырмалы орнықты ішкі нақтылығы деп сипатталады.

Егер аталған ұғымның философиялық түсіндірмесі материалдық әлемге қатысты болып, өнімдердің барлық қасиеттерін қамтитын болса, онда нормативті-әдістемелік құжаттарда (МЖМС-да) сапа анықтамасы бұйымның (қызметтің) оның бекітілген немесе болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетіне жататын, тек сол өнімге қатысты қолданылатын қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы ретінде беріледі. Қарастырылып отырған анықтама ISO 9000:2008 (ХС) халықаралық стандарттарында: «Сапа – тиісті сипаттамалардың талаптарға сәйкестік дәрежесі» деп белгіленген.

Білім сапасы ұғымында өнім сапасының қазіргі заманғы: «сапа – өнім немесе қызметтің белгіленген немесе болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін беретін қасиеттер мен сипаттамалар жиынтығы» деген тұжырымдамасына сүйенген жөн (ИСО 8402ХС). Білім берудің басты ерекшелігі өнімдерге қарағанда, барынша күрделі тұтыну құрылымы. Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерінің тұтынушыларына білім алушылар, олардың отбасылары, қоғам және мемлекет жатады. Сондықтан білім сапасын жекелеген азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білім мен дағдыларға деген қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттерін беретін оқу-тәрбие процесінің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы деуге болады. Оқу-тәрбие процесінің сапасын анықтайтын қасиеттер мен сипаттамалар 1-кестеде берілген:

Кесте 1. Оқу-тәрбие процесінің сапасын анықтайтын қасиеттер мен сипаттамалар

Білім беру сапасын басқаруды оқу-тәрбие процесіне шағын зерттеу жүргізу арқылы жетілдіру - білім сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін жаңа технологиялар арқылы жұмыс жасау керектігін білдіреді. Оқу-тәрбие процесі талапқа сай жүргізілуі үшін, оны басқару ғылыми негізде жүргізілуі қажет. Ал ғылыми басқару үшін жоспарлау оңтайлы, ұйымдастыру ұтымды, ынталандыру дұрыс, ал бақылау тиімді болуы керек. Ол үшін жоспарлау диагностикалық әдістермен, ұйымдастыру ситуациялық жағдайға сай, педагогтарды ізденіске ынталандыру мотивациялық негізде, ал бақылау мониторинг арқылы жүзеге асуы тиіс.

Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру үшін, оны ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігі туындағандықтан, білім беру ұйымы өз жұмысында педагогикалық менеджмент ұстанымдарын басшылыққа алады. Өйткені, педагогикалық менеджмент – басқару қызметінің адамға бағытталған ерекше түрі болғандықтан, мұғалімдермен жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстарда жақсы нәтижелер алуға ықпал етеді.

Мектепте басқару қызметінің ұйымдастыру шараларының ең басты-лары – мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, оқушылар комитетінің отрысытары. Мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес бір-бірін қайталамайды, олар бір-бірін толықтырады.

Мектепті басқарудың ұйымдық формаларын тиімді пайдалану оның дайындық деңгейі мен бағыттылығына тікелей байланысты. Педкеңес, директор жанындағы кеңес немесе ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогикалық процеске қатысушылардың ынтымақтастығы мен мүдделілігіне қарай мақсатқа жеткізеді.

Мектеп басшысының басқару біліктілігінің кәсіби деңгейінің жоғарылауы білім берудегі инновациялық үдерістердің табыстылығының басты шарты болып табылады және ол білім менеджменті саласында да жүзеге асырылуы тиіс. Бүгінгі мектеп басшылары стратегиялық жобалау, мекемедегі болып жатқан процесстерді жүйелі модельдеу мен педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру дағдыларын меңгеруге ынталы.

Сапаны жақсарту білім мазмұнын зерттеу арқылы жүзеге асатын болса, білім мазмұнына өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын жақсартуға зор мүмкіндік аламыз.Түпкі нәтижеге бағытталған білім беру сапасын басқару процесі мектепішілік басқаруды өзгерту үшін не береді?

1) басқару процесі психологиялық жағынан жаңарып, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа апарады;

2) вертикаль жоғарыдан төмен қарай басқарудан қауымдастыққа негізделген көлденең басқаруға көшуге мүмкіндік туады;

3) әр тұлғаның әлеуетін толық пайдалана отырып, ұжым жұмысын үйлестіруге жағдай жасайды;

4) жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ұжымның жалпы мәдениетін көтеруге мүмкіндік жасайды.

Әдебиет:

  1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. - А., 1991.
  2. Габдуллин Г.Г. Менеджмент или школоведение: как развивается сегодня теория управления образованием // Народное образование. - 2014. - № 10. - С. 99.
  3. Байжұманова Н.С. Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент. – Қарағанды, ҚарМУ, 2013.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, ISO.


Похожие статьи

Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі

Оқушыларды кәсіпке баулу мәселесінің зерттелу жай-күйі

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Топырақты өңдеу жүйесін жетілдіру арқылы алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы күрішті көшеттік тәсілмен өсіру

Дәлелдер мен дәйектер келтіру арқылы оқушылар бойында сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Дереккөздермен жұмыс бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту құралы ретінде

Похожие статьи

Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі

Оқушыларды кәсіпке баулу мәселесінің зерттелу жай-күйі

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Топырақты өңдеу жүйесін жетілдіру арқылы алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы күрішті көшеттік тәсілмен өсіру

Дәлелдер мен дәйектер келтіру арқылы оқушылар бойында сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Дереккөздермен жұмыс бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту құралы ретінде

Задать вопрос