Тарихи білім беру мазмұнын жаңартудың заманауи ұстанымдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Акбенбетова, Г. С. Тарихи білім беру мазмұнын жаңартудың заманауи ұстанымдары / Г. С. Акбенбетова, Р. О. Марсали. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 2-3. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67925/ (дата обращения: 26.04.2024).

Технология, коммуникация және ғылым салаларындағы айтулы өзгерістер әлемдік экономикаға, соның салдары, ХХІ ғасырда табысты болу үшін оқушылар меңгеруі тиіс білімдер мен дағдыларға айтарлықтай әсер етуде. Қазақстан Республикасындағы қазіргі замандағы мемлекеттік саясатты реформалаудың маңызды бағыттарының бірі «жаңартылған» деген атау алды. Жаңарту – бір нәрседегі немесе бір нәрсенің сапалы жағымды өзгеріс, ескірген элементтерді, буындарды ауыстыру арқылы өткеннің озық үлгілерін жақсарту, бұрынғы үлгілерді қалпына келтіру дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, жаңарту – іргелі негіздерін сақтай отырып, ескірген бөліктерін жаңа, барынша заманауи бөліктермен ауыстыру деген сөз. Мақала Қазақстан мектептеріндегі тарихи білім мазмұнын жаңарту саласындағы заманауи ұстанымдардың талдауына арналады.

Мемлекеттің орта білім беру жүйесін дамытудағы негізгі проблемаларының ішінде, сарапшылар оқушылардың оқу үдерісіне тыңдаушы ретінде енжар қатысуын, оқушылардың әрекетінің репродуктивті деңгейін айрықша атап отыр [2]. Осылайша, аталған және басқа да көптеген факторлар Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту туралы саяси шешімнің қабылдануына алып келді. «Дүниежүзі тарихы» мен «Қазақстан тарихы» курстарын оқыту 5 сыныптан басталады. Сондай-ақ, пәннің мазмұнының жаңа құрылымы енгізілуде.

Қазақстандық білім беру жүйесін ғаламдық мәселелерге бейімдеуде бүгінгі таңға дейін ауқымды ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жасалуда: пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалары, ұзақ мерзімді жоспарлар, жаңатылған мазмұндағы оқулық жобалары мен нұсқаулықтары, критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтар және т.б. әзірленді.

2016 жылы еліміздің жетекші білім беру орталықтарымен («Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы) «Дүние жүзі тарихы», «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының оқу бағдарламалары әзірленіп, 2017 жылдан бастап пән мұғалімдері жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жаппай сертификатталуда.

Негізгі мектеп пәндерін оқып-үйренудегі айтарлықтай басты өзгеріс-тердің қатарына «өтпелі» тақырыптардың болуы, оқыту (құндылықтық, тұлғаға бағытталған және коммуникатвиті) тәсілдері, күтілетін нәтиже түріндегі оқу мақсаттары, ұзақ мерзімді жоспарлардағы тақырыптардың проблемамен берілуі, оқу бағдарламасындағы тақырыптарды құрастырудың спиральділік қағидаты, оқыту нәтижелерінің күтілетін нәтижелерін тарихи концепттер негізінде жоспарлау, саралап оқыту, критериалды бағалау жүйесін ендіруді жатқызуға болады. Оқу бағдарламасы білім беру құндылықтарының және мектепті бітіру нәтижелерінің пәндердің оқу мақсаттарының өзара байланысы мен өзара әрекетіне негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын жүзеге асыруға бағытталған [1].

Тарих пәндерін орта мектепте оқытудағы өзгерістер неден көрінеді және олар оқушыға, сондай-ақ, еліміздегі білім сапасына қалай әсер етпек? «Дүниежүзі тарихы» мен «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламалары жаңартудың жалпы үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихи-құқықтық білім орта білімдегі тарихи білімдердің, тарихи үдерістер мен тенденцияларды түсінудің, олардың жастардың тарихи санасы мен құқықтық сауаттылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің практикалық маңыздылығымен анықталадын түйінді бағыттардың бірі болып табылады.

«Дүниежүзі тарихы» мен «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша типтік оқу бағдарламаларын сараптау нәтижесінде келесі негізгі ұстанымдар айқындалды, олар:

  1. Жаңа бағдарламаның басты мазмұнды ерекшелігі – бір білім беру саласының ішіндегі пәндер арасында және түрлі білім беру салаларының арасында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда «өтпелі» тақырыптардың болуы. Қазір «Қазақстан тарихы» пәнін оқып-үйренуде оқушыларда ұлт тарихы әлем тарихының және жалпыәлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі деген қалыптасады. Өтпелі тақырыптар белгілі бір үдерістерді, құбылыстарды жалпыәлемдік және ұлттық деңгейде біріктіріп зерделеуге мүмкіндік береді.
  1. Педагогикалық тәсілдер. Оқу бағдарламасының жаңа құрылымында заманауи педагогикалық тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде көрініс тапқан, олардың қатарында құндылықтық-бағдарлық, әрекеттік, тұлғаға бағытталған, коммуникативті сияқты тәсілдер бар. Олар оқу мақсаттарының жүйесі мен оқу үдерісінің нәтижелерінің басымдылығын күшейту үшін қолданылады [3].
  2. Оқу бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелер оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген. Оқу бағдарламаларының айрықша ерекшелігі – олардың пәндік білімдер, біліктер мен дағдылардың кең ауқымын қалыптастыруға бағыттылуында. Сонымен бірге оқу пәндерінің мазмұны оқу мақсаттарына байланған және оқушылардың тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.
  3. Ұзақ мерзімді жоспарлардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде белгіленген. Бұл мұғалімге оқушылардың ойлау әрекетін белсендендіруге мүмкіндік береді. Тақырыптарды құрастырудағы бұл тәсіл оқушыларда сыни ойлау дағдыларын, проблемалық сұрақтар қою және өз бетінше талдау дағдыларын дамытуға жағдай жасайды.

Аталған бағдарламаның мәні - оқушылардың функционалды сауаттылығын, мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білу дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан, бұл бағдарламаның негізі «өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болуға қажетті дағдыларды дарытуда үлкен жауапкершілік міндеттелді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Әдебиет:

1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы. http://adilet .zan.kz/ kaz/docs/V1600013619/links

2. «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог қызмет-керлердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. - Астана: «НЗМ» ДББҰПШО, 2016. – 117 б.

3. «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. - Астана: «НЗМ» ДББҰ ПШО, 2016. – 118 б.

4. Профессиональное образование. Словарь. Ключевые понятия, термины, актуальная лексика. - М.: НМЦ СПО. С.М. Вишнякова, 1999. [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://pedtehno.ru/content/differencirovannoe - obuchenie

Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер

Өткен ғасырдың аяғындағы өндіріс, ғылым мен техникадағы өзгерістер қоғамның жаңа түріне көшуге ықпал етті. Нәтижесінде ғылым мен білім қоғамның дамуына ықпал жасайтын күшке...

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена , Секта, бар , немес , христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте...

АЛЖИР лагері мен тұтқындарының өмірі | Статья в журнале...

Тарих тағлымында тарланып, тотаритарлық жүйеге қорланып, ақиқаттың шынайы шыңынан орын ала-алмаған тарихымыздың ақтаңдық беттері мен ұлтымыздың азаттығын сақтау үшін...

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Болашақ мамандарды даярлаудағы сындарлы сабақты...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Лингводидактические основы обучения студентов...

Биология пәні бойынша көрнекі құралдарды қолдан дайындау

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена

мена, Секта, бар, немес, христианин. Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология»...

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

Қазіргі әлемнің өзгерісі, оның жаһандануы, технологиялардың пайда болуы адам алдында жаңа мәселелерді шығаруда. Дәстүрлі өмірдің бұзылып, адамдардың қалаға көшіп...

Домбыра аспабын орындауда оқушының шеберлігін арттыру

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың киелі домбырасының атқаратын орны ерекше.

Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамыту...

Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается...

Задать вопрос