Сыр өңіріндегі діни-ағартушылық бағыттың қалыптасуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №7 (297) февраль 2020 г.

Дата публикации: 15.02.2020

Статья просмотрена: 199 раз

Библиографическое описание:

Оразалиева, Г. И. Сыр өңіріндегі діни-ағартушылық бағыттың қалыптасуы / Г. И. Оразалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 7 (297). — С. 349-352. — URL: https://moluch.ru/archive/297/67466/ (дата обращения: 26.04.2024).

Берілген мақалада Сыр өңіріндегі ахундық, ишандық, діни ағартушылық бағыттар қарастырылады.

Кілт сөздер: ислам, ағартушылық бағыт, Қалжан ахун, Әбжали ишан, Айқожа ишан, Мырзабай ахун, Садық ахун.

В статье рассматривается религиозно-просветительская деятельность ахунов, ишанов земли Сыра.

Ключевые слова: ислам, просветительское направление, Калжан ахун, Абжали ишан, Айкожа ишан, Мырзабай ахун, Садык ахун.

Киелі Сыр өңірінің бойында 30-ға тарта ахундар мен ишандар өмір сүрген. Адамзат баласына жақсылық жасап, рухани тазалық пен ізгілік дәнін сепкен Ислам діні VII ғасырда Арабия түбегінде пайда болғаны тарихта белгілі. Мұхаммед пайғамбар негізін қалаған жаңа дін VII-VIIІ ғ.ғ. Азия, Африка және Еуропаның біраз жерлеріне тарап үлгерді. Алғашқыда Көк Тәңіріне сыйынған бөрілі байрақты түркілер бұл дінді мойындамағанымен ІХ-Х ғ.ғ. исламды мемлекеттік дінге айналдырып, қазақ жеріне біржолата орнықтырды. Сол дәуірдегі ислам нәрімен сусындаған Сыр өңірінің билеушілері де сандаған мешіттер, діни медреселер салып, исламның қанат жайып таралуына ахундар мен ишандар зор мүмкіндіктер жасады.

ХІХ-ХХ ғ.ғ. қазақ жерін Патшалық Ресей тарапынан отарлау саясатының күшеюі дінге әсер етті. Орталық Азияның атақты медреселерінде Көкілташ, Мир Араб т.б діни білім алған адамдар қазақ даласындағы халықты діни сауаттандыру жолында аянбай еңбек етті. Жүздеген ахун-ишандардың арасында халыққа танымал болғандар — Қалжан ахун, Әбжали ишан, Айқожа ишан, Садық ахун, Мырзабай ахун т. б. Жалпы ислам дінінің Сыр өңіріне таралуы VIII-ІХ ғғ. басталды. Ислам дінін насихаттауда алғашқылардың бірі болған Қалжан ахун Бөлекбайұлына тоқталайық.

Қалжан Ахун Бөлекбайұлы (1862–1916) — дін қайраткері, дін ілімін жете меңгерген ғұлама ұстаз. Қалжан Ахунның арғы тегі Ақтөбе облысы Жаманқарғалы деген жердегі табын руынан шыққан. Әкесі Бөлекбай жігіт кезінде Қарақалпақстандағы туыстарына келіп, сол жерде үйленіп, қалып қояды. Кейін Қарақалпақстандағы қазақ жұртына басшылық жасайды. Хиуа хандығының бегі болады. 1875 жылы 90 жасында дүниеден қайтқан. Қалжан Ахун Хиуа хандағы діни мектепте, кейін 1879 жылы Көкілташта оқып білім алған. Араб, парсы, тілдерін жетік білген [1, 308 б.].

Осында Сырдарияның Қорқыт Ата аймағынан келген Ораз ахун Бекетайұлымен сырлас дос болады. Қалжан Ахунның білімдарлығын танып-білген. Ораз ахун оған қызы Зәйтекті 1890 жылы оны шыққан тегі бір табындардың ортасына қосады. Қалжан Ахун ширек ғасыр бойына өзінің атымен аталатын мешітте имам болды. Ол патша әкімдерінің қудалауына ұшырап, түрмеге қамалады [2, 320 б.]. Қалжан ахун өз мешітіндегі қорымда жерленген [3]. Ахунның мешіт-медресесі Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай, үлкен жолдың жиегінде орналасқан.

Алғашқы мешіттің құрылысы кесектен салынып, пайдаланылған. Одан кейін кесекті күйдіру арқылы кірпіш шығарылып, қазіргі Қалжан ахун мешіті салынған. Мешіттің ұзындығы 44 м., ені 44 м., биіктігі 5 м болған. Мешіттің алғашқы құрылысында 21 бөлме болып, ол ау баста балаларды оқытатын діни оқу орнына айналған.

Қалымбетұлы Әбдужалил (Әбжәли) [4] мешіт ұстап, бала оқытқан діни ағартушы. Әбжәли ишан ХҮІІІ-ХХ ғасырларда Сыр бойынан шыққан көптеген діни ғұлама, оқымыстылардың соңғы легіне жататын өкілі. Ол кісі шамамен 1870/1874 жылдары қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылдық округіне қарасты Мырзабай ахун ауылы төңірегінде дүниеге келген. Әбжәли сауатын Мырзабай ахуннан алады. Кейіннен Бұқара қаласындағы Көкілташ медресесінде он төрт жыл оқып, шатырхат алып шығады. Әбжали Қалымбетұлы ишан атанған кісі. Әбжәли ишанды руы Ақбет Керейт Мәмбетұлы Сегізбай деген кісі елді діни-рухани, оқу-ағарту ісімен айналысып, игілік пен имандылыққа тәрбиелеу мақсатында алдыртады. Сегізбай бидің ауылында молда болмаған соң ағайындардың бұл ұсынысын Әбжәли қабыл алады да Қорғаншыға көшіп келіп, бала оқыта бастайды. Алғашқы жылдары Әбжәли ишан қамыстан тұрғызылып, іші-сырты сыланған мешітте дәріс жүргізеді. 1929 жылы Әбжәли ишан мешіті мемлекет қазынасына алынады [5, 4 б.].

Мешіт жоспары төртбұрышты, күмбезді. Жалпы өлшемдері 11,90х8,30 м, биіктігі 6,5 м, кіре-беріс бөлмеден, михрабы бар намаз оқу залынан және осы зал арқылы кіретін шағын бөлмеден тұрады. Кіре-беріс бөлменің жоспары төртбұрышты, бір терезесі бар. Әбжали ишан мешіті туралы тарихи деректер 2005 жылы авторлары Ж. А. Жонтаева мен Ш. Әбдібаевтың «Сыр елінің мәдени мұралары» атты еңбегінде, 2010 жылы Қызылорда облысының мәдениет басқармасының арнайы тапсырысымен жарық көрген авторлары Қ. Құдайбергенов, Ж. Сыдықова, С. Біләлов, Н. Мыңжасовтың «Сыр елінің тарихи-мәдени мұралары» атты еңбегінің 3 томында жарық көрді. 2014 жылы Т. Дайрабай мен М. Ахметовтың «Сыр еліндегі ескерткіштер — Памятники низовья Сырдарьи» атты еңбегінде жарияланды [5, 282 б.].

Туған халқы үшін еңбек еткен Әбжәли ишан өкіметке деген теріс әрекеті, ешбір қылмысы болмаса да 1934 жылға дейін бір мәрте, 1934 жылы екінші рет (неше жыл қамауда отырғандығы белгісіз қамауға алынып, көптеген қиыншылықтарды басынан өткереді. Әбжәли ишан үшінші рет 1937 жылдың маусым айында қамауға алынады. Бұл туралы Әбжәли ишанның зайыбы Досқызы Қатира (1904–1972 жж.) өз естелігінде: «Қауын қызғалдақтап тұрған кез, салт атты үш НКВД қызметкерлері келіп: — Әбеке, біз тағы да келдік. Бізбен бірге жүріңіз, — деді. Қожайыным: — Жарайды. Мен, қамаудан қорықпаймын және ешқайда да қашпаймын. Отбасыммен қоштасуға мұрсат беріңіздер, — деді де, бесікте жатқан Сәруфаны көтеріп алып, бетінен сүйіп, иіскеп, одан соң менің маңдайымнан сүйіп тұрып, — Иншалла, келсем он сегіз жыл өткен соң келермін, келмесем қырық жылдан соң ақыретте кездесерміз, — деп, әлгілердің жетегінде кете барды. Әбжали ишан содан қайта оралмаған [6, 3 б.].

Айқожа ишан 1773 жылы Жаңақорған өңірінде дүниеге келген. Есейгенде Ташкент, Бұхара шаһарларына барып медреселік білім алады. Бұдан кейін Ауғанстандағы атақты ғұлама, қара суды теріс ағызатын Ислам шахқа барып, оның қолында төрт жылдай Құлболды, Марал, Қосым ишандармен бірге оқып, жоғары білім алады. Айқожа ишан Темірұлының зеректігі және білімдарлығымен қоса оның бойында адам сезе бермейтін бір тылсым күштің барын ұстазы Ислам шайх оқып жүргенде білген [2, 301 б.]. Ел аузындағы аңыз әңгімелерде Айқожа мектеп, медресе ашып, ағартушылық қызметін халыққа дарытқан деседі. Айқожа ишан кесенесінің күмбезі — ХҮІІІ-ХІХ ғғ. жататын сәулет өнерінің ескерткіші. Бесарық станциясының оңтүстігінде орналасқан күмбезді ишан қабірінің басына үлкен ұлы Ибадулла бұхарадан келген Хамит есімді шеберге орнаттырады. Айқожа бабамыз халыққа білім беріп қана қоймай имандылыққа тәрбиелеген [7, 289 б.].

Мырзабай ахун Азаматұлы (1833–1916 ж.ж.) ел ішінде беделді, сыйлы болғаны сонша алдынан ешкім кесе өтпейтін болған. Өте білімді Мырзабай ахунның алдында төселіп сөйлеп кету екінің бірінің қолынан келмесе керек-ті. Елге танымал, ағартушы қайраткер, оқымысты емші, ауылындағы бастауыш сауат ашудан кейін Бұхарадағы «Көкілташ» медресесін 1854 жылы бітіріп, Өзбекстандағы Бируни қаласы маңында бала оқытады. Елге оралған соң мешіт-мектеп ашады. Түлеп өскен жері — қазіргі Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық аумағы. 1996 жылға дейін Қазақстанның 20 жылдығы аталып келген бұл мекен қазір Мырзабай ахун есімімен аталады [8, 14 б.].

Садық ахун Қодарұлы (1860–1937 ж.ж.) — діни-ислам ағартушылығы дәстүрінің көрнекті тұлғаларының бірі. Алғашқы білім негіздерін 14–15 жасында Тапал ахуннан, 16 жасында Ораз Мұхаммед ахуннан игерген. Ахундардан алған білімімен 1884 жылға дейін мешіт-мектепте шәкірттерді оқытады. Одан кейін Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінде 4 жыл оқиды, дәрігерлік біліммен де танысып, емшілікке маманданады. 1898–1930 жж. қазіргі Қармақшы ауданындағы Иіркөл мекенінде мешіт — мектеп ашып, ұстаздық пен емшілік қызметін қатар ұстанады[8, 7 б.].

Жоғарыдағы айтылған теңдесі жоқ мол мұрамыз халқымыздың әдебиеті мен мәдениетінің тарихы тым тереңде екенінің нақты айғағы. Бабаларымыздың осыдан мың жыл бұрын тек қана ислам дінін қабылдағанын ешкімде жоққа шығара алмайды. Өңіріміздің қасиетті орындары мен кешендері, ел тұтқасы болған тарихи тұлғаларымыздың ұлттық тарихымыздағы маңызды орнын, халықтың әлеуметтік-саяси өміріндегі діни ағартушылық бағытының маңызды деректерін заманауи БАҚ өкілдері арқылы жұртшылыққа кеңінен насихаттауды жөн көрдім. Сондықтан да, исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау- бүгінгі ұрпақтың киелі міндеті.

Әдебиет:

1. Ахметбек Б. М., Екімбаева А. С., Елеуов Е. А., Садықов Ғ.Ж. Қасиетті Қазақстан энциклопедиясы. 3 том. — Нұр-Сұлтан, 2019.

2. Әбдіғалиұлы Б. Қазақстанның Өңірлік Қасиетті Нысандары Энциклопедиясы. — Астана: Фолиант, 2017.

3. Қалжан Ахун Бөлекбайұлы // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://kk.wikipedia.org/wiki/Қалжан_Ахун_Бөлекбайұлы

4. Әбжали ишан мешіті // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://kyzylorda-pamyatniki.kz/kz/monuments/kzo/ger410

5. Шөмекей М. Әбжәли ишан // Жалағаш жаршысы. — 2016. — 30 тамыз.

6. Есжанов Т. // Ақмешіт ақшамы. — 1999. — 3 қыркүйек.

7. Әшімұлы Ш. Сыр ғұламалары. — Шымкент, 2002. — 279 б.

8. Музей қоры түсім кітап. — № 4, № 6.

Основные термины (генерируются автоматически): ишан, ислам, Сыр, VII, мена.

Ключевые слова

ислам, ағартушылық бағыт, Қалжан ахун, Әбжали ишан, Айқожа ишан, Мырзабай ахун, Садық ахун

Похожие статьи

Маңғыстаудың мешіттері мен медреселері | Статья в журнале...

Айдар ишан өзінің қажыр-қайратының мол кезінде мешіт ашумен қабат, ел арасындағы әр түрлі дауларға

Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ елі Ислам діні мен араб жазуын қабылдағаны ҮІІІ

Мұсылман мешіттері мен медреселерінің өріс алуы ІХ-ХІІ ғасырлар аралығында келді.

Ортағасырлық ислам теологиясының негізгі проблемалары

ҮІІ ғасырда Араб түбегінде пайда болған ислам діні өзінің діни сенімдік негіздерін Құран мен Мұхаммед пайғамбар хадистерінен алатындығы белгілі. Бірақ осы Құран аяттары мен хадистерге түсініктеме жасауға...

Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер | Статья в журнале...

В статье рассматриваются социальные проблемы в религии ислам. Также большое значение придается сиротам в нашем обществе. Какова их роль, какую помощь им нужно оказывать, какое влияние они имеют в социальной жизни людей.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасыжәне Сыр өңіріндегі...

Мәдени мұра бағдарламасы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарды сақтап, көбейту жолындағы қамқорлық, ғаламдану жағдайына бейімделу моделінің өзіндік үлгісі болып табылады.

Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға...

Ислам өмірлерінің барлық жақтарын: дүниетанымдарын, тұрмыстарын, құқықтық институттарды, өзбектердің отбасылық

Жұмысын енді бастап келе жетқан ишан үшін ең жақсы орта бұл — Торғай, Ақмола және

Издание Сыр-Дарьинского Областного Статистического Комитета.

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

Қазіргі әлемнің өзгерісі, оның жаһандануы, технологиялардың пайда болуы адам алдында жаңа мәселелерді шығаруда. Дәстүрлі өмірдің бұзылып, адамдардың қалаға көшіп, қазіргі өмір қысымымен адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгерісі адамның этикалық түсінігінің...

Дін және оның халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығы

Дін мен дәстүр арасы қандай болуы керектігі мәселесі уақыт тудырған проблемалардың бірі. Қайндай дін болмасын егер сол елдің мәдениетімен, дәстүрімен сіңіспесе қатерге айналады. Ислам әлемі біртұтас болғанымен, әр халық оны өзінше тұтынаған.

Основные термины (генерируются автоматически): ислам, мена, VII.

Ислам құндылықтары мен ислам филосифиясын, ислам мәдениеті мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты.

VII ғасырдан тарала бастаған Ислам, Х ғасырдың соңында қазақ жерінде құрылған мемлекеттердің ресми діні деңгейіне дейін...

Қоғалыкөл көлінің географиялық жағдайы және тарихы

Сонымен қатар, XVIII ғ салынған Құлболды ишан мазары, Бәлтік мешіті бар [2–4]. Гидрологиясы және гидрографиясы.

3. Облыстық су шаруашылығы мекемесінің мәліметі. 2012.,- 35б. 4. «Сыр елі» Қызылорда облысы энциклопедиясы, 2005 ж — 522 бет.

Задать вопрос