Дін және оның халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Жандарбек З., Жандарбеков К. Б. Дін және оның халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығы // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 15-17. — URL https://moluch.ru/archive/141/39702/ (дата обращения: 18.08.2018).



Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы адамның дін туралы әр түрлі көзқарастарынан туындайды және жоғарғы құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Осы күнге дейін діннің бірыңғай ұғымы берілмеген. Себебі діндер мен діни ағымдар дінге өздерінің түсініктерін берген. Осы тұрғыдан алғанда діннің ұғымдары әртүрлі болғанымен олардың мәні ұқсас болып келеді. Дін дүниені түсінудегі және қоғамның, индивидтің жоғарлауында, өмірдің мағынасын мойындаудағы адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма. Дін – қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін – адамдардың Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, идеялардың, әрекеттердің жиынтығы.

Жалпы, діннің бұдан да басқа толып жатқан ұғымдары бар. Дегенмен, біздің қозғайтын тақырыбымыз, қазіргі кең етек алған дін мен дәстүр қарым-қатынасы туралы. Соңғы уақыттағы жат ағымдардың кері әсерінен дәстүріміздің дінге қайшы тұстары көп айтылып жүр. Дәстүрлі дін мен салт-санамыздың ара жігі неге ажырап бара жатыр. Дін мен дәстүр арасы қандай болуы керектігі мәселесі уақыт тудырған проблемалардың бірі.

Қайндай дін болмасын егер сол елдің мәдениетімен, дәстүрімен сіңіспесе қатерге айналады. Ислам әлемі біртұтас болғанымен, әр халық оны өзінше тұтынаған.

Атақты тарихшы Л. Гумилев: «бір халықты идеологиялық тұрғыда жаулап алу, қару қолданып, күш жұмсаудан арзан, әрі анағұрлым тиімді» - екенін айтып кеткен. Бүгінгі алпауыт мемлекеттер әскери күшпен жаулап алудан гөрі ұлтты пассивтендіру әдісін де кең қолдануда. Қазір болып жатқан дәуір идеологиялық күрес дәуірі, саяси тактикалар дәуірі. Оның нақты айғағы еліміздегі миссионерлік. Олардың бүгінгі әрекеті халықтың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлерін жоққа шығару, тұтас бір халықтың ішіне іріткі салу, халқын фатализмге сүйреу.

Қайсы бір ұлтты алып қарасақ та дініне, географиялық мекеніне байланысты өзіндік салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болады. Сол себептен де дін мен дәстүр бір-бірімен тығыз байланысты ұғым. Салт-дәстүрін жоғалтқан халықтың болашағы бұлыңғыр. Әйгілі психолог В. Франклдың мына сөзіне мән берсек. «Жұрт менен: «вакум қалай пайда болады?» - деп сұрайды. Көбіне былай жауап беремін:

- Әдетте, жануарларға не істеу керектігін инстинкт білдіреді. Адамда ондай сезім жоқ. Бұрын адамға не істеп, не қою керегін киелі салттар мен мағыналы дәстүрлер нұсқайтын. Қазір олар жоғалды. Дәстүрдің орнын нигилизм басты. Адам өзіне не керегін таппай, рухани күйреп, ақылы тұйыққа тірелді. Жұрт не істесе, соны ойланбай жасайтын миы жоқ қуыршаққа айналып, конформизм құрбаны болды. Вакум пайда болғанда, адамның жүйкесі жұқарады. Бұл кеселді «ноогенді невроз» деп атадым. Сонымен қатар мына бір мысалды келтіреді. Беркли университетінің ғылыми қызметкері Диана Янг ашқан жаңалық. «Мән таппай өмірден жалығу шкаласы алдыңғы буынмен салыстырғанда жастар арасында тым жоғары. Оның түпкі себебі киелі салт-дәстүрден бас тартқан деп түсіндіремін. Кейінгі буын салт пен дәстүрдің киесін тәрк ететін нигилизмге ұрынған. Оның соңы тіршіліктен жалығу фазасына ұласқан» [1]. Виктор Франклдың жазған еңбектерінің барлығы дерлік өзінің жеке өмірлік тәжірибесінен өткенін ескерсек, онда салт-дәстүрдің адам өмірінде қаншалықты рөл ойнайтындығын байқаймыз. Сонымен қатар, қaзaқ хaлқының мәдeниeтiн, салт-дәстүрін caқтaп қaлуғa қaтыcты тaнымaл мәдeниeттaнушы Мұрaт Әуeзoв тe назар aудaрaды. Oның пiкiрiншe, тaрихи тaмырыңнaн бac тaрту, рухaни дәcтүргe нигилиcтiк қaтынacтa бoлу ұлттық мәдeниeт үшiн қaciрeт. Бoлaшaққa қaдaм бacуғa тeк әлeмгe дeгeн өзiндiк бaғдaрлaмaлық жәнe eрeкшe көзқaрacы бaр, өткeннiң мұрacымeн, өзгe дe хaлықтaрдың тәжiрибeciмeн бaйытылғaн мәдeниeттiң ғaнa құқы бaр [2].

Жоғарыдағы пікірлерге қарап бүгінгі жастарымыздың жат ағымдарға кіріп кетуінің бір себебі, осы дәстүрімізді білмегендіктен немесе дұрыс түсінбегендіктен деуге болады. Болмаса теріс ағымдардың ықпалына түсіп, дәстүрімізді жоққа шығаруынан туындаған мәселелер. Демек, бұл жерде салт-дәстүріміздің ислам дініне қайшы емес екенін, керісінше дін мен дәстүр сабақтас екенін түсіндіріп, дәлелдеу қазіргі күннің өзекті мәселесі болып тұр.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тек тұрмыстық деңгейде емес, сонымен бірге мемлекет басқаруда, биілкке басшы сайлауда, әскери істер т.б. сияқты істерде маңызды орын алғандығына тарих куә. Бұл туралы профессор Д. Кенжетай: «Исламның ең басты негізі – Құран. Екінші бір ықпалды негіз – бұл арабтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы. Пайғамбар да көптеген мәселелерді араб мәдениетінің дәстүріне сүйеніп шешетін. Мысалы, соғыс жағдайында немесе бейбіт кезеңде пайда болған мәселелердің ең бастысы “Мәдиналықтар келісімшартының” мазмұнында араб дәстүрі басым болатын, ел басқару, әлеуметтік қаулы-қарарлар, Қағба қызметі, әскери істер, байлықты бөлісу, отан қорғау, кісі өлімі, құн төлеу және т.б. туралы ереже-үкімдердің басым көпшілігі араб дәстүрінің жемісі мен көрінісі екендігі айқын. Хз.Мұхаммед Пайғамбар өлгеннен кейін Хз.Әбубәкірдің халифа сайлануы да осы екі негіз Құран мен араб дәстүрі бойынша жүзеге асты. Сондықтан алғашқы мұсылмандықтың болмысында екі негіз үстемдік етті. Біріншісі Құран – құндылықтары, екіншісі – араб мәдениеті мен дәстүрі. Бұл араб мұсылмандығының үстемдік құрған дәуірі еді. Олар араб дәстүрінің елеулі бөлігін исламдандырып жіберді, қалған бөлігі әр түрлі дәстүрлі формаларда әлі күнге дейін жалғасып келеді. Негізінде әдет-ғұрып, дәстүр (мейлі ол араб, парсы, түркі болсын) де ислам дінінің негізгі ұстындары мен дәлелдерінің бірі. Ислам ешқашан дәстүрді, әдет-ғұрыпты толығымен жоққа шығармаған, оларды діннің негізгі принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалаған. Керек десеңіз, әдет-ғұрып исламдағы құқықтың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады. Ислам кейбір әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді жаңғыртып, кейбірін сол қалпында пайдалануды мақсат етеді. Дегенмен әдет-ғұрып, дәстүр ешқашан діннің орнын баса алмайды және діннен үстем қабылданған емес» дейді [3].

Сондай-ақ, кейінгі уақытта кейбір салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз ұмытылып барады. Дінтанушы З. Жандарбектің: «Қазіргі күні осыдан бар-жоғы 20-30 жыл бұрынғы әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көпшілігінің халық санасынан өшкенінің куәсі болып отырмыз. Олардың ешбірі шариғат талаптарына қайшы келмейтін және қазақ халқының табиғи-географиялық ерекшеліктеріне негізделген болатын» - дей келе, қазақтың ағайын-туыстық қатынасының әлі күнге дейін ажырамағандығын мысал етеді. Қазақта кісі қайтыс болса, қазан көтеріліп, тамақ пісіріледі. Өйткені, қазақ әлі күнге өз ағайын-туысынан ажырамаған, қоғамдасып өмір сүріп келе жатқан халық. Кісі қайтқан үй бар ауыртпалықты жеке көтермейді. Ағайын, туыс, жекжат болып, бірлесіп көтереді.

Ислам бейбітшілікке, тыныштыққа үндейтін дін. Алайда, соңғы жылдары ислам атын жамылған радикалды топтардың кез келген халықтың танымын жоюға талпынып жатқаны өтірік емес. Қазақтың дүниетанымын мансұқтап, салт-дәстүрді жоққа шығарып, келіннің сәлем салуын Құдайға серік қосуға балаған, зират басында оқылатын Құранды теріске шығарғандар да сол содырлар.

Қазіргі кезде Қазақстанда Исламдық бағытты жамылып адасып жүрген әртүрлі ағымдар өздері түсінбегендіктен қазақтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын арабтандыру немесе қандайда бір жалпыға ортақ исламдандыру бағытында шатасып жүр.

Теріс ағымдағы Исламдық бағыттар қазақтардың тарихи дәстүрлері: бата беру, құда түсу, қыз ұзату, беташар жасау, қайтыс болған кісінің жетісін, қырқын, жылын беру, жеті нан пісіру, әруақтарға құрмет ету, қасиетті жерлерге зиярат жасау, қажет десеңіз қазақтардың ұлттық киімі мен қазіргі жалпы адамзатқа тән киім кию үлгілерін және басқа да ұлттық сипаттағы қасиеттерін тәрк етіп, жоққа шығаруда. Оның орнына араб, парсылардың киім үлгілерін, салт-дәстүрін тағы басқа қасиеттерін ендіру үшін әрекеттенуде.

Арабтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ұстанбай-ақ мұсылман болу мүмкін екендігін дәлелдеп берген Қожа Ахмет Йасауи бабамыз болатын. Ол дін тілін түрік тілінде сөйлетті. Түріктердің исламдағы жолы Йасауи жолы шеңберіне сыйғызылды. Түріктер осы жол шеңберінде ғана өзінің түріктік ерекшелігін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болды. Бұл шеңберден тыс ислам дінінде қалу мүмкін болғанымен түрік мәдениетінде қалу мүмкін емес еді. Йасауидің бұл бастамасы түрік жұртына арналғанымен, өзге халықтарға өнеге болды. Өзге халықтар да Йасауидің ізімен әр түрлі таритқаттарды дүниеге келтіріп, өздерінің рухани-мәдени тәуелсіздіктерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алды.Біз қазіргі күніқазақ халқының дәстүрлі діні дегенімізде осы Йасауи жолы деп білеміз. Өйткені, қазақ халқының Йасауиден соңғы 850 жыл бойына жинақталған рухани мұрасы мен мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы осы Йасауи жолы негізінде қалптасты.

Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік атеистік жүйенің өзінде қазақтың қазақ екенін, діні ислам екенін ұмыттырмаған да осы дәстүрі еді. Осы дәстүрдің арқасында халық дінінің ислам, Пайғамбарының Мұхаммед, жүрер жолы Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Йасауи негізін салған сопылық жол екенін, киелі мекенінің әуелгісі Мекке, екіншісі қазақтың бар жақсысы мәңгілік сапарға аттанған басын қосқан Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесі екендігін қазақ ешқашан есінен шығарған емес [4].

Егер жат ағымдар біздің салт-дәстүрімізді түбегейлі жоққа шығарып тастағысы келсе, демек біздің мықты тұсымызда осы жерде деп түсінуге болады. Сол себепті де дәстүрімізді келешек жастарға дұрыс дәріптей білсек басымыз аман, еліміз тыныш боларына сенімім мол.

Қа­зақ халқының дәстүрлі діні – ислам діні. Бұл ойды мем­лекет те мойындайды және өзінің ресми идеологиясының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Оған дәлел «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылы 11 қазанда қабылданған мемлекетіміздің Заңы, Елбасының ресми сөздері, оның ішінде «Қазақстан–2050 Стратегиялық бағдарламасы» секілді маңызды құжаттардағы ислам діні туралы айтылатын ойлар. Аталмыш заңның преамбуласында: «Ханафи бағытындағы исламның халықтың мәдениеті мен рухани өміріндегі тарихи рөлін Қазақстан Мемлекеті ресми мойындайтынын және танитынын бекітеді», – делінген. Ал, Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан–2050 Стратегиялық бағдарламасында»: «Біз мұсылманбыз. Оның ішінде Әбу-Ханафи масхабын ұстанатын сунидтерміз», – деп қадап айтты [5]. Және де Елбасы: «Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-анасы сыйлауға негізделген. Ендеше бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін ислам дінін қадірлей отырып, ата-дәстүрін ардақтағаны абзал», – деді. Бұдан шығатын қорытынды, егер ислам діні қазақ халқының дәстүрлі діні болса, қазақтың дәстүрі де ислам дініне негізделуі тиіс. Ал, қазіргі біздің қоғамдағы исламда ұлтты, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты жоққа шығарып, намаз оқымайтын ата-анасын кәпірге теңеп, қабірлерді зиярат етудің орнына оларды қирату керек деп ұрандатып жүргендердің барлығы да халқымыздың салт-дәстүрінен хабары жоқ, діни сауатсыздықтың, ұлттық тәрбие алмағандарының айғағы.

Сондай-ақ, Елбасымыз ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады,» — деген еді. Елбасының «Мен жастарға сенемін!» деп айтқан сөзінен бізге үлкен сенім артып отырғанын байқауымызға болады. Ал жастарымыздың патриот болуы үшін, еліне адал қызмет етіп, халқын, отбасын қорғау үшін, алдымен оның бойында ұлтына деген жанашырлық сезімі болуы керек. Бұл сезімдерді адам бойына дарытатын ол – салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымыз бен ырым-тыйымдарымыз. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адам бұл мәселеде ағаттыққа ұрынбайтыны белгілі.

Әдебиет:

  1. Керімбай С., Логотерапия немесе өмірге құштарлық. - Алматы, 2016. – 26 б.
  2. Әуeзoв М.М. Иппoкрeнa. – Aлмaты: Жiбeк жoлы, 1997. - 37 c.
  3. Кенжетай Д. Діни білім мен таным негіздері және зайырлылық // http://old.abai.kz/content/dosai-kenzhetai-dini-bilim-men-tanym-negizderi-zhene-zaiyrlylyk
  4. Жандарбек З. Жат діни ағымдардың қазақ халқының діни танымына кері әсері // http://www.e-islam.kz/qazaqstandagy-islam/ishki-kategoriyalar/islam-zh-nindegi-zertteuler/item/353-eislam
  5. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы. - 14.12.2012 ж.
Основные термины (генерируются автоматически): ислам, мена, араб, бар, оса, Ахмета.


Похожие статьи

Жыраулар поэзиясындағы сопылық сарындар | Статья в журнале...

Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде жүрек соқырлығын қатты сынайды. Құранда Алла Тағала мал-байлық пен бала-шағадан қайыр болмайтын қиямет күні таза жүрекпен келген құлдарына қайыр бар дейді.

Шайтан да осы нәпсіні қоздырушы күш.

Особенности исламской экономики и банковской системы

Также в экономике, основанной на принципах Ислама запрещается так называемая «риба» [2, с. 53]. (с араб. «приращение», «превышение»).

В исламской экономической системе огромное значение придается эквивалентному обмену товаров.

Ортағасырлық ислам теологиясының негізгі проблемалары

ҮІІ ғасырда Араб түбегінде пайда болған ислам діні өзінің діни сенімдік негіздерін Құран мен Мұхаммед пайғамбар хадистерінен алатындығы белгілі. Бірақ осы Құран аяттары мен хадистерге түсініктеме жасауға...

Основы исламской экономики – правовые и экономические...

В исламской экономической системе огромное значение придается эквивалентному обмену товаров.

Другие считают, что слово «закят» попало в арабский язык из сирийского благодаря арабам-христианам.

Отражение мировоззренческих основ суфизма в казахской...

Попыток обобщить опыт ислама (прежде всего, классического, средневекового ислама) в истории и культуре казахов еще не предпринималось.

Абуов А. П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави.

Дәстүрлі исламның Қазақстан қоғамын біріктіруші күш ретінде

Ислам құндылықтары мен ислам филосифиясын, ислам мәдениеті мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты.

Қазіргі таңда бұл мәселелерді шешу жұмыстары жүйеленуде, мысалы, имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар, араб тілі мен...

Халық медицинасы және сырқатты емдеу жолдары

Осы айтылғандар үлкен әлемде болса, мұның бәрі Адам баласында да бар.

Хадис (Ал – жамиғ Ас – сахих) Абу Абдуллах Мұхаммед ибн Ислам Ал – Бухарий.(Закиржон Ислам

Қожа Ахмет Йассауй «Диуани Хикмет»(ақыл кітабы) М.Жармұхаммедұлы т.б. (түп нұсқа, қолжазба араб...

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Ислам ақидасындағы ұстаным бойынша: Алла кеңістікті, мекенді жаратпастан бұрын бар болған.

Ол діни мәтіндер Құран мен хадистерді тек тура мағынасында қолдануды ыңғайлы санайтын кейбір ислам құқықшылары мен хадисшілерге қарсы шықты.

Қисас-ул әнбия-рухани мұра | Статья в журнале «Молодой ученый»

Араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген. Жергілікті түріктерден шыққан Н. Рабғузи Рабат қаласын мекен еткен.

Парсы тілінен түркі тіліне аударылған бұл қолжазбаның бірнеше көшірмелері бар.

Ол – өзі, өзінің адамдық қалпы мен имани шындығы.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Похожие статьи

Жыраулар поэзиясындағы сопылық сарындар | Статья в журнале...

Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде жүрек соқырлығын қатты сынайды. Құранда Алла Тағала мал-байлық пен бала-шағадан қайыр болмайтын қиямет күні таза жүрекпен келген құлдарына қайыр бар дейді.

Шайтан да осы нәпсіні қоздырушы күш.

Особенности исламской экономики и банковской системы

Также в экономике, основанной на принципах Ислама запрещается так называемая «риба» [2, с. 53]. (с араб. «приращение», «превышение»).

В исламской экономической системе огромное значение придается эквивалентному обмену товаров.

Ортағасырлық ислам теологиясының негізгі проблемалары

ҮІІ ғасырда Араб түбегінде пайда болған ислам діні өзінің діни сенімдік негіздерін Құран мен Мұхаммед пайғамбар хадистерінен алатындығы белгілі. Бірақ осы Құран аяттары мен хадистерге түсініктеме жасауға...

Основы исламской экономики – правовые и экономические...

В исламской экономической системе огромное значение придается эквивалентному обмену товаров.

Другие считают, что слово «закят» попало в арабский язык из сирийского благодаря арабам-христианам.

Отражение мировоззренческих основ суфизма в казахской...

Попыток обобщить опыт ислама (прежде всего, классического, средневекового ислама) в истории и культуре казахов еще не предпринималось.

Абуов А. П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави.

Дәстүрлі исламның Қазақстан қоғамын біріктіруші күш ретінде

Ислам құндылықтары мен ислам филосифиясын, ислам мәдениеті мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты.

Қазіргі таңда бұл мәселелерді шешу жұмыстары жүйеленуде, мысалы, имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар, араб тілі мен...

Халық медицинасы және сырқатты емдеу жолдары

Осы айтылғандар үлкен әлемде болса, мұның бәрі Адам баласында да бар.

Хадис (Ал – жамиғ Ас – сахих) Абу Абдуллах Мұхаммед ибн Ислам Ал – Бухарий.(Закиржон Ислам

Қожа Ахмет Йассауй «Диуани Хикмет»(ақыл кітабы) М.Жармұхаммедұлы т.б. (түп нұсқа, қолжазба араб...

Матуридилік – Абай дүниетанымының негізі | Статья в журнале...

Ислам ақидасындағы ұстаным бойынша: Алла кеңістікті, мекенді жаратпастан бұрын бар болған.

Ол діни мәтіндер Құран мен хадистерді тек тура мағынасында қолдануды ыңғайлы санайтын кейбір ислам құқықшылары мен хадисшілерге қарсы шықты.

Қисас-ул әнбия-рухани мұра | Статья в журнале «Молодой ученый»

Араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген. Жергілікті түріктерден шыққан Н. Рабғузи Рабат қаласын мекен еткен.

Парсы тілінен түркі тіліне аударылған бұл қолжазбаның бірнеше көшірмелері бар.

Ол – өзі, өзінің адамдық қалпы мен имани шындығы.

Задать вопрос