Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №48 (286) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 01.12.2019

Статья просмотрена: 16205 раз

Библиографическое описание:

Уразова, З. З. Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері / З. З. Уразова, А. К. Абсейтова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 48 (286). — С. 500-502. — URL: https://moluch.ru/archive/286/64635/ (дата обращения: 26.04.2024).

В статье рассматривается роль семьи в формировании личности ребенка, особенности воспитания в казахской семье и возможности использования национальных ценностей и многовекового опыта казахского народа в воспитании детей.

Ключевые слова: воспитание, семья, народная педагогика, формирование личности ребенка, этнопедагогика.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына арналған Стратегиясында «Бізге жергілікті деңгейде отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.

Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты [1]. Ұлттық тәрбие –жалпы адамзаттықты ұлттық пен бірлікте ұштастыратын азаматтарды, ұлт мүшелерін қалыптастыру; мәдениет, тілді білуімен қатар ол қазіргі білімді де меңгеруі тиіс.

Үлгі- өнеге — жеке адамның басқаға үлгі көрсетіп, өнегесін үйретуі. Жеке тұлғаның білімділігі, еңбекқорлығы, имандылығы, үлгілі мінезқұлқы жастарға үлгі-өнеге болады [2]. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті.

Отбасындағы адамгершілік, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік Шығыстың ұлы ғұламалары Әл–Фараби, Қ.А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни еңбектерінен кең көрініс тапқан. Ол идеялар гуманист педагогтар мен ағартушылар тарапынан бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Әл–Фараби, Ж.Баласағұн және т. б. ұсынған отбасы тәрбиесі идеяларын ғылымға алып келіп ұштастырған чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский болды. Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский, Н. К. Крупская және т. б. педагогтар еңбектерінен кеңінен орын алған.

Қазақ отбасылық тәрбиесінің теориялық, педагогикалық және психологиялық негіздерін жасауға Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т. б. үлкен үлес қосты. Қазақ қауымы, ондағы отбасының тарихы, оның ерекшеліктері, ондағы бала тәрбиесі туралы Х.Арғынбаевтың, С.Мұқановтың, Д.Кішібековтың, С.Кенжеахметұлының, А.Жүнісовтың, Қ.Толыбаевтың, С. Қалиевтың, М.Оразаевтың, М.Смайлованың т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазіргі қазақ қоғамында отбасы тәрбиесі мәселесі кеңінен орын алып отыр. Мәселен, ана тілін, ата тарихын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар; тастанды жетім балалар мен «қиын» балалар; отбасын құрмаған немесе ажырасқан жастар; ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі т.б [3].

Жоғарыда аталған жағымсыз құбылыстардан алдын-алу күрделі процесс. Аталған проблеманы шешудің ең тиімді жолы — қазақ халқының отбасындағы бала тәрбиесіндегі ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие беру.

Әлеуметтік институт ретіндегі отбасы қызметтерін анықтау көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда отбасы — бұл шағын әлеуметтік топ, ерлі-зайыптылық одаққа және туыстық байланыстарға, яғни бірге тұрып, ортақ шаруашылықты жүргізіп жатқан ер мен әйелге, ата-ана мен балаларға негізделген жеке тұрмыс құрудың маңызды формасы.

Психологиялық-педагогикалық тұрғыда отбасы — бұл ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи жүйесі болып табылады. Қазақ тілі түсіндірмелерінде «Отбасы — өзіне, неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ», — деген анықтама берілген.

Отбасы, біріншіден, шағын әлеуметтік топ ретінде қарастырылады және оның қызметі тиімділігі топ ішіндегі коммуникация, яғни отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас, билік және көшбасшылық мәселелеріне, жанжалдарды шешуге, әлеуметтік орталармен топаралық өзара әрекеттесулерге байланысты.

Екіншіден, шағын әлеуметтік топ ретіндегі отбасының ерекше сипаты — жоғары аффективті қарқындылықпен және отбасы мүшелері арасындағы қатынастардың эмоциялық «қанықтылығымен», бір жағынан — махаббатпен, сүйіспеншілікпен, басқа жағынан алғанда — өшпенділікпен, жек көрушілікпен, шеттетілумен байланысты [4].

Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты — баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ отбасындағы тәрбиенің міндеті — балалардың жеке даралық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз тәрбиелеу процесі.

Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

− баланың тағдырына, физиологиялық өсіп-жетілуіне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау;

− бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін реттеу;

− баланың өзіндік бағалауымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даярлау;

− еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, баланы күнделікті үй шаруашылығындағы еңбекке дағдыландыру;

− отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын үлгі етіп көрсетіп, ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;

− білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдет-дағдыларын қалыптастыру;

− баланың икемділігін, қабілетін байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау;

− әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу;

− баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау;

− тәртіпке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу [5].

Сонымен қатар қазақ отбасында тәрбие мына бағыттарды Ш.Ахметов төмендегідей көрсетті:

− тәрбие басы — әдептілікке үйрету;

− мейірімді бала тәрбиелеу, тіл алғыш, елгезек бала тәрбиелеу;

− адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеу;

− білгір болу, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңдату;

− үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйрету-басты міндет.

Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп кісілердің табиғи кемдігін көрсетпе деген сөз; Ел қорғаны батыр болу, халық алдында қызмет ету, өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.

Қазақ отбасында ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасына тән жарасымдылық олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Әдебиет:

  1. Арғынбаев Х. А. Қазақ отбасы.— Алматы: Қайнар, 1996. -288 б.
  2. Курагина, Г. С. Социально-педагогическое сопровождение подростка из многодетной семьи: автореф. дис....на соиск. уч. степ. канд. пед. наук: — СПб, 2009. — 198 с.
  3. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. — Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. — 304 б.
  4. Ғаббасов С, Халық педагогикасы негіздері.— Алматы: Ғылым, 1995.— 464б.
  5. Жданова, С. Ю. Особенности представлений матери об индивидуальности ребенка в связи с количеством детей в семье / С. Ю. Жданова, Е. Л. Аликина // Вестник КГУ им. Н. А. Некрасова. — 2010. — Том 16. — С.140–143
Основные термины (генерируются автоматически): бал, ата-ана мен, Жданов, нек мен, топ, формирование личности ребенка.

Похожие статьи

Көпбалалы oтбacында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының...

Ата - ана арасындағы, ата - ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері

Развитие речи у детей с ТМНР на основе ознакомления... В настоящее время проблема коммуникативной сферы у детей с тяжелыми...

Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы жағдайында дapынды...

Бала бойындағы жоғары сезімталдық қасиет атаана мен мұғалімнің бірігіп іс — әрекет жасауы бойынша қадағаланып отыруы шартты нәрсе.

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік...

Балалардың рухани үйлесімді дамуындағы мектеп пен ата-ана...

Осы мақсатта мен өзім жетекшілік ететін сынып ата-аналармен «Бала тәрбиесі

Нәтижесінде бірінші топ бәйшешек гүлін салып, мақал –мәтел пайдалана отырып, жауап

Ата-аналардан кері байланыс жүргізіліп, сабақтан алған әсерлерін қағаз түсіріп, өз ойларын білдірді.

Балалардың дамуында ауытқулардың пайда болу себептері

Жатыр ішілік даму ана мен ұрықтың қанының резуспен үйлесімсіз болғанда да бұзылады және

Ата-аналардың хромосомалық жиынтықтарының аномалияларынан туындаған құрылыстағы және

Ананың алкоголизмі ұрықтың орталық жүйке жүйесінде, оның сүйек жүйесі мен ішкі...

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және...

Баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы, оның жеке қасиеттері мен әлеуметтік

Ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігінің феноменологиясын және оны қазіргі заманғы

Осылайша, біздің ойымызша, қазіргі ата-ана мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу...

Семейное воспитание как основа формирования личности...

Это является основой формирования позитивного самоощущения ребенка. Эмоционально-благоприятные взаимоотношения в семье стимулируют у всех ее членов чувства, поведение, действия, направленные друг на друга. Благополучие человека в семье переносится на другие...

Сәбилік кезеңдегі баланың психикалық даму ерекшеліктері

Бала кезінде баланың психикалық дамуы оның биологиялық және әлеуметтік жағынан дәрменсіздігімен және айналасындағылармен қарым-қатынас жасау мен өзара іс-қимыл жасаудың ең аз мүмкіндіктерімен анықталады.

Валлон А. Психологическое развитие ребенка.

Жанұя құрамы ерекшеліктеріне байланысты баланың әлеуметтенуі

Көбіне бір ата-аналы жанұялар әйел-ана мен оның балаларынан ғана құралады. Бір ата-анадан ғана тұратын жанұя баланың тұлғалық дамуына

Ата-ананың әлеуметтік бейімделмегендігі қиын сипатты және бала үшін қиын нәтежелі, өйткені бала жетім қалуы мүмкін, балалар үйіне...

Оқу процесінің қатысушыларына арналған ата-аналардың...

Ата-ананың өмір-салты мен мінез-құлқы баланың дамып келе жатқан тұлғасының моральдық позициясын алдын ала

Ата-ана махаббаты адамдардың адамға деген кейінгі адами және мейірімді

Егер бала жүрексіз ортада өссе, ол жақсылық пен сұлулыққа бей-жай қарамайды.

Задать вопрос