М. Шоқай және Ғ. Бірімжанов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №44 (230) ноябрь 2018 г.

Дата публикации: 14.11.2018

Статья просмотрена: 75 раз

Библиографическое описание:

Жаримбет, Г. А. М. Шоқай және Ғ. Бірімжанов / Г. А. Жаримбет, Р. С. Сауытбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 44.1 (230.1). — С. 6-8. — URL: https://moluch.ru/archive/230/53763/ (дата обращения: 27.04.2024).



ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қозғалысы өзінің алдына қойған мақсаты мен ұйымдастырушы күші жағынан қазақ тарихындағы бұрын‑сонды қозғалыстардан пәрменді әрі мазмұнды болды. Себебі, «Күн сөнгенше сөнбейміз» - деп Алаш туының астына жиылған қазақ оқығандары: Ә. Бөкейхан, М. Шоқайұлы, Б. Қаратайұлы, Ж. Сейдалин, Ж. Досмұхамедұлы, Б. Құлманұлы, Ж. Ақпайұлы, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, А. Бірімжанұлы, Х. Ғаббасұлы, Ә. Ермеков, Б. Сыртанов, Д. Сұлтанғазин, Н. Төреқұлов және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор, Томск, Киев, Саратов жоғары оқу орындарында білім алған, қазақ халқының мемлекеттік құрылымын жасақтауға жұмыла кіріскен қайраткерлер болатын [1].

Қазіргі отандық тарих ғылымының өзекті бағыттарының біріне айналған тұлғатану саласы қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, саналы ғұмырын туған халқына қызмет етуге арнаған зиялы қауым өкілдерінің кейбірі зерттеушілердің назарынан әлі де тыс қалуда. Осыған байланысты есімі ұлықталған азаматтардың ұлы істері мен қайраткерлік тұлғасын аша түсуді, бүгінгі жұртшылық арасында насихаттауды жөн көрдім.

Тақырыптың өзектілігі 20 ғасырдың 20-30 жылдары Мұстафа Шоқайдың Еуропадағы мұғажырлық уақытында елмен байланыс орнатуына қалтқысыз қызмет еткен, жаратушы берген ғұмырын ұлтқа қызмет қылуды мақсат тұтқан алаш тарихындағы тұғырлы тұлғалардың бірі Ғазымбек Бірімжанов хақына арналмақ.

Ғазымбек ағайынды Бірімжановтардың ортаншысы, Алашорда үкіметінің мүшесі әрі іс атқарушысы, қаламгер. Ол Орынбор реалды училищесін, Орта Азия мемлекеттік университетінің дәрігерлік факультетінде білім алған, Алашорданың Башқұрт үкіметі жанындағы уәкілі қызметін атқарып, Колчак үкіметімен келіссөз жүргізуге қатысқан. Ал, ағасы Ахмет Бірімжанов Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларына Торғай облысы қазақтарының атынан депутат болып сайланған, Алаш партиясының белсенді мүшесінің бірі [2].

1917 жылдың 1 шілдесінде Торғай облысында мал-жан, шаруа, жер-судың есебі алынатын болып, осыған байланысты Алаш зиялыларының «Қазақ халқына» Ұлттық қозғалыстың ұйымдық негіздерін қалау деген үндеу мақаласы жарияланады. Торғай облысынан есеп алуға жіберілетін қазақ жігіттерінің тізімі жасаланып, Торғай және Ырғыз уездері бойынша мұндай жауапты жұмысқа Әлихан бастаған Алаш көсемдері «өзіміздің оқыған қазақ жігіттерін лайық көрдік» деп Ғазымбек Бірімжановты ұсынады. Ғазымбек Бірімжанов I және II Жалпықазақ съездеріне қатысып, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы т.б. арыстармен бірге «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын жасауға өз үлесін қосады. 1921-22 жылдары «Ақ жол» газетінде редактор қызметін атқарып, мақалаларын «Шеген» деген бүркеншік атпен жариялайды [3].

1922-1923 жылдары Түркістан Автономиялық Республикасыныңбасшылары Тұрар Рысқұлов, Абдулла Рахимбаевтың, Бұхара Халық Республикасының басшылары Файзулла Хожаев, Абдурауф Фитраттың басшылығымен Германияның түрлі жоғары және арнайы орта оқу орындарына жетпістен астам түркістандық жастар Берлин, Дрезден, Бонн, Гейдельберг, Дармштадт қалаларында (қазіргі «Болашақ» бағдарламасы секілді) электротехника, химия, медицина, тоқыма өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, кен ісі, социология, экономика, педагогика және т.б. мамандықтар бойынша білім алуға жіберіледі. Олар Ташкент, Хиуа, Бұхара, Ферғана, Самарқанд, Ходжент қалаларынан барған Абдулуақап Оқтай, Тахир Шағатай, Саидали Усмани, Саттар Джаббар, Ахмеджан Ибрагимов, Салих Мұхаммед, Марьям Сұлтанмұрадова, Хайринисо Маджидханова, Саида Шерахмедова, Шамсулбанат Идриси, Ахмад Шукри, Билал Фатхулла, Бахоулдин Амин және тағы басқалармен бірге қазақ даласынан оқуға түскен төрт қазақтың бірі болып, Әлихан Бөкейханның жөн сілтеуімен Берлин университетінің ауылшаруашылығы факультетіне Ғазымбек Бірімжанов та аттанады [4].

Ғазымбектің Алаш қозғалысының танымал өкілі екендігі және Германияға барған бойда ұлттық қозғалыс істеріне белсенді араласуы және сол уақытта шетелде жүрген Мұстафа Шоқайға жақын жүруі біраз жайтты аңғартса керек. Себебі, Мұстафа Шоқайдың елмен байланысы 1920-жылдардың бас кезінде Германияға оқуға жіберілген қазақ, өзбек жастары арқылы да нығая түскен болатын.

1923 жылдың қыркүйек-қазан айларында Түркістандық студенттердің жағдайымен танысып қайту үшін Германияда Т. Рысқұловтың басшылығымен үкімет делегациясы келеді. 1923 жылы 30 қазанда Халық комиссарлары кеңесінің отырысында Т. Рысқұловтың Германияға барып қайтқан іссапарының нәтижелері туралы мәселе тыңдалып, онда шетелдердегі студенттердің ісі бойынша Уақытша басқару бюросын құру туралы жоба бекітіліп, бюро төрағалығына Ғазымбек Бірімжанов тағайындалады. 1930 жылдың 1 желтоқсанында М. Тынышбаев Алматыда ОГПУ саяси өкілдігі шығыс бөлімінің тергеушілеріне берген жауабында1922 жылдың жазында оған М. Дулатұлы пен Д. Әділовтің келгенін, содан соң олардың Ғ. Бірімжановтың Германияға оқуға бара жатқанын айтқанын, оған М. Шоқайды қазақ халқының жағдайымен таныстыру, ал Мұстафаға қазақ халқына төніп тұрған апат жөнінде әлем жұртшылығын хабардар етуді тапсыру керек дегенін айтады [5]. Арада екі жыл өткеннен соң Ғ. Бірімжановтан қазақ зиялылары М. Шоқайдың Парижден Берлинге келіп студент-жастармен кездесіп тұратыны және шетелдерде бірсыпыра жұмыс атқарып жүргені туралы мағлұмат алады. Осы мақсатта Ғазымбек Бірімжановқа Кеңес өкіметіне қарсы ішкі және сыртқы күштер арасында байланыс орнату жөнінде қауіпті де жауапты міндеттер жүктеледі. Ғазымбек Бірімжанов Германияға барған бойда С. Қожановқа хат жолдап, «Мұстафа өте нашар тұрады, студент-практиканттар оған көмектескісі келеді, бірақ ол одан бас тартты және «бұл ақша өздеріңе керек болады, өйткені алда көп істер күтіп тұр» дегенді айтты» деп хабарлайды. Ғ. Бірімжанов Германияда оқи жүріп, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлының бірнеше жауапты тапсырмаларын орындаған. 1929 жылы ОГПУ өкілдерінің алған жауаптарында 1922 жылы Ә. Бөкейханның М. Шоқайға Ғ. Бірімжанов арқылы жабықхат жібергенін, онда Кеңес өкіметіне қарсылық әрекеттерді ұйымдастыру туралы айтылғанын көрсететін маңызды деректер келтірілген. Мұстафа Германиядағы студенттер жеткізген баспасөзден Орынборда 1924 жылдың 12-18 маусымында қазақ және қырғыз интеллигенциясының бірінші съезі өткендігін естиді, ол жөнінде А. Байтұрсынұлының Ғазымбек Бірімжанов арқылы жіберген хатынан да хабардар болады. Съезге Ә. Бөкейхан, Н. Төреқұлов, Х. Досмұхамедов, М. Әуезов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, қырғыз қайраткері К. Арабаев қатысады. А. Байтұрсынұлының қысқа қайырылған хатында: «Барлықтарыңа бәрімізден сәлем» делінеді [5].

Ғазымбек Бірімжанов Берлинде оқыған кезде ерекше білімдарлығымен көзге түскен. Неміс тілін жетік меңгергені соншалық, сол уақытта Мұстафа Шоқаймен бірге Францияда эмиграцияда жүрген Заки Валидидің неміс шығыстанушысы, ғалым И. Марквартпен әңгімелескен кезінде аудармашылық рөл атқаруы және cол уақытта Ғазымбектің шетелге оқудан гөрі М. Шоқай бастаған ұлттық қозғалысқа көмекке келгендігінің белгісі еді. М. Тынышбаевтың тергеуде берген жауабында (1930 жылдың 1 қазаны): «Германиядан оралған Бірімжановтан Шоқаевтың Парижде екендігін, Берлиндегі студенттермен кездескенін, оның біздің ұстанымымызды жақтайтындығын және елдегі ұйым жұмысына сырттан қолдау көрсету бағытында іс-әрекет жасайтындығын білдік» делінеді [6].

1925 жылдан бастап Мұстафа Шоқай мен түркістандық жастардың байланысқа түсуі жайлы Германиядағы кеңес елшілігінің хабарлары есін жинай бастаған Кеңес өкіметін мазалай бастайды. Берлиндегі Кеңес Одағының арнайы қызметкерлері түркістандық студенттерді бақылауға алып, жалпы алғанда үкімет олардың біразын елге қайтаруға жұмыс жасайды. Елшілік бәрінен бұрын түркістандықтардың шетелде қалып қоймауына көңіл бөледі. Осыған қарамастан 1930 жылдың көктеміне қарай бір ғана Берлинде елге жеті түркістандық оралмай қалады. Олардың ішінен Бұхарадан барған жәдитші Ахмад Наим Нусратулабек, Сабыр Түркістанли (химик) және Наим Октем (экономика ғылымының докторы) Түркияға кетеді. Тахир Шахирзаде Шағатай (экономика ғылымының докторы), Саадет (Сағадат) Исхаки (профессор), Абдулуақап Оқтай (дәрігер) және Саида Оқтай (философия ғылымының докторы) Берлинде қалып, М. Шоқайдың баспа жұмысына көмектеседі. Ал, Кеңес Одағына қайтып келген студенттер түгелдей жауапқа алынады.

М. Шоқайдың сол уақытта Германияда Кеңес органдарының қудалаушылығынан қорғап қалғысы келген адамы да Ғазымбек Бірімжанов еді. М. Шоқай жастарды қолдаудың да, қорғаудың да керектігін айтудан тайынбай, оқуға келген жастардың материалдық қиындықтарға ұшырап отырғанына, олардың оқу бітіріп, жұмысқа орналасу мәселесінің тұрғанына және жоғары оқу орнын бітіруге көмектесудің қажеттілігіне тоқталып, шетелдік баспасөз беттерінде мәселелер көтереді. 1928 жылы оқуын аяқтап, елге оралған Ғазымбек Бірімжанов Мәскеуде тұтқындалады. Ғазымбектің елге оралуымен 1930 жылға қарай М. Шоқайдың елмен байланысы сирейді, оған тек Түркияға, Франция немесе Германияға бара жатқан адамдар арқылы жіберілген хат-хабарлар ғана жетеді.

Германияға оқуға барған жастардың кейбірі елге оралмады, келгендері «фашист шпиондары» деген желеумен атылды. Сол сияқты Ғазымбек те 1928 жылы Карелиядағы Медвежегорск қаласына 10 жылға жер аударылды. 1937 жылы Ақтеңіз – Балтық каналының құрылысына қара жұмысқа жегіліп, 1938 жылы ату жазасына кесіледі [5, 266 б.].

Қорыта айтқанда Мұстафа Шоқайдың Алаш қайраткерлерімен атамекенімен байланыс орнатуда қызмет қылған Ғазымбек Бірімжановты тану алаш қозғалысының тарихымен байланысты. Алаштың тарихын тану – ұлтқа қызмет етудің жарқын формасы. Ә. Бөкейханның сөзімен айтсақ: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек». Аға ұрпақ өздеріне артқан жүкті жетер жеріне толық апарды. Біздің мақсатымыз олардың еңбектерін бағалау, ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына үлес қосу.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. - 156-157 бб.
  2. Кенжалин Ж. Алаш оқығандары // Ана тілі. – 2012. – 02 ақпан.
  3. Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы. – Алматы: Сардар, 2014. - 134-135 бб.
  4. Қойгелдиев М. Ғ. Бірімжанов туралы // Қазақ әдебиеті. – 2016. – 02 қыркүйек.
  5. Мұстафа Шоқай шығармаларының толық жинағы. 12 томдық, 1-том. – Алматы: Дайк-Пресс, 2012. – 265 б.
  6. Алаш. Алашорда: Энциклопедия. / Құраст. Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы: Арыс, 2009. – 123 б.
Основные термины (генерируются автоматически): алаш, Берлин.


Похожие статьи

Берлинский кризис 1948–1949 гг. Разработка плана... | «Молодой

Летом 1948 года начался берлинский кризис, связанный с проведением Москвой денежной реформой в Берлине и ограничением транспортного сообщения Западного Берлина с...

Судьба представителей казахской интеллигенции Западного...

Лидерами Западного отделения Алаш Орды были Ахмет Байтурсынов, Алихан Букейханов, Жаханша и Халел Досмухамедовы. Как известно, Западно-Казахстанская область была...

Казахская интеллигенция в борьбе с советской властью: новые...

В данной статье рассматривается деятельность казахской интеллигенции, участвовавшей в совместной борьбе против установления советской власти в Центральной Азии. В их число...

Роль алашординцев в становлении независимого Казахстана

Правительство Алаш Орда было создано 13 декабря 1917 года на Втором Всеказахском съезде в

Но начало формирования партии Алаш было заложено, еще на первом всеказахском...

Литературная и издательская деятельность русских эмигрантов...

Деятельность русской эмиграции за рубежом в начале и в 20-е гг. XX в. с давних пор являлась объектом изучения для российских и зарубежных исследователей. Как правило, в изучении...

Творческая деятельность русских писателей и поэтов в Берлине...

Среди актуальных вопросов культурной деятельности русской эмиграции в Берлине в 20- е годы, особое место занимает творческая деятельность русских писателей и поэтов. Изучение их...

Казахские жузы и клановая система Золотой Орды

а. Тысяча Алаша (имя владельца тысячи — Алаш). Возможно, этот Алаш жил во времена детства Керея и Джанибека и был одним из главных эмиров войск, оставшихся верными дому...

Социал-демократическая партия Германии в годы Первой мировой...

Статья посвящена истории немецкой социал-демократии в начале XX в. Большое влияние на развитие СДПГ оказала Первая мировая война. В статье рассматривается деятельность...

М. Шоқайдың шығармашылығы жөніндегі ізденістер

И Алаш и Агиш от того что становились «казахами» не переставали быть мангытами, а Жалантос не переставал быть. История Казахстана в русских источниках.

Роль бронетанковых войск в Берлинской стратегической...

Начиналась заключительная часть берлинской операции — уничтожение окружённой вражеской группировки и взятие Берлина. В штурме города наравне с общевойсковыми армиями...

Похожие статьи

Берлинский кризис 1948–1949 гг. Разработка плана... | «Молодой

Летом 1948 года начался берлинский кризис, связанный с проведением Москвой денежной реформой в Берлине и ограничением транспортного сообщения Западного Берлина с...

Судьба представителей казахской интеллигенции Западного...

Лидерами Западного отделения Алаш Орды были Ахмет Байтурсынов, Алихан Букейханов, Жаханша и Халел Досмухамедовы. Как известно, Западно-Казахстанская область была...

Казахская интеллигенция в борьбе с советской властью: новые...

В данной статье рассматривается деятельность казахской интеллигенции, участвовавшей в совместной борьбе против установления советской власти в Центральной Азии. В их число...

Роль алашординцев в становлении независимого Казахстана

Правительство Алаш Орда было создано 13 декабря 1917 года на Втором Всеказахском съезде в

Но начало формирования партии Алаш было заложено, еще на первом всеказахском...

Литературная и издательская деятельность русских эмигрантов...

Деятельность русской эмиграции за рубежом в начале и в 20-е гг. XX в. с давних пор являлась объектом изучения для российских и зарубежных исследователей. Как правило, в изучении...

Творческая деятельность русских писателей и поэтов в Берлине...

Среди актуальных вопросов культурной деятельности русской эмиграции в Берлине в 20- е годы, особое место занимает творческая деятельность русских писателей и поэтов. Изучение их...

Казахские жузы и клановая система Золотой Орды

а. Тысяча Алаша (имя владельца тысячи — Алаш). Возможно, этот Алаш жил во времена детства Керея и Джанибека и был одним из главных эмиров войск, оставшихся верными дому...

Социал-демократическая партия Германии в годы Первой мировой...

Статья посвящена истории немецкой социал-демократии в начале XX в. Большое влияние на развитие СДПГ оказала Первая мировая война. В статье рассматривается деятельность...

М. Шоқайдың шығармашылығы жөніндегі ізденістер

И Алаш и Агиш от того что становились «казахами» не переставали быть мангытами, а Жалантос не переставал быть. История Казахстана в русских источниках.

Роль бронетанковых войск в Берлинской стратегической...

Начиналась заключительная часть берлинской операции — уничтожение окружённой вражеской группировки и взятие Берлина. В штурме города наравне с общевойсковыми армиями...

Задать вопрос