Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Токтаганова, Г. Б. Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту / Г. Б. Токтаганова, А. Б. Мусилим. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 32-33. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50085/ (дата обращения: 17.12.2024).



Eлбacы Нaзapбaeв Н.Ә. «Бoлaшaққa бaғдap: pухaни жaңғыpу» aтты жoлдaуындa eлiмiз жaңa тapихи кeзeңгe aяқ бacқaн уaқыттa бiлiм caлacындa жahaндық бәceкeгe нeғұpлым бeйiмдeлгeн мaмaн дaяpлaу қaжeттiгi жөнiндe aйтa кeлiп, туғaн жepгe, oның мәдeниeтi мeн caлт-дәcтүpлepiнe aйpықшa iңкәpлiкпeн aтcaлыcу – шынaйы пaтpиoтизмнiң мaңызды көpiнiciнiң бipi екенін атап көpсетті [1].

Жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын, яғни өлкені тануын біз балабақшадан, мектептен қалыптастыруға тиіспіз. Мектеп оқушылары қазақ деген халықтың ұлы тарихы бар екенін көрсін, жүрегімен сезінсін. Сонда ғана олар сол өңірлердің тарихи-археологиялық ғажайыптарын көріп, өздерінің қазақ деген ұлы халықтың перзенттері екендігін сезінеді. Ол киелі жерлердің тарихы, табиғаты, өлкесі кейінгі жас ұрпақтардың өлкетануда өлкетанулық материалдарды дұрыс игеріп, пайдалана алуына жол ашады [2].

Қазақстан Республикасы көлемінде өлкетану материалдарының білім беру саласындағы маңызын және оны қолдануды зерттеген ғалымдар саны өте көп. Олар: Ш.Х. Құрманалина, Б.Қ. Шаушекова, А.М. Текесбаева, С.Н. Жиенбаева, А.С. Нұрабаева, М.С. Мәженақова, А.М. Жубандыкова т.б.

Өлкетану туған жер арқылы халықтық білім ретінде байырғы заманда пайда болған. Өлкетану жұмыстары:

1) оқушыларға өлке, Отан, атамекен, халықтық педагогика жайында түсінік беріп, оқушылардың туған жерге, табиғатқа, өлкеге деген сүйіспеншіліктерін оятуға ат салысады;

2) туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыра отырып, іс жүзіндегі педагогикалық, тарихи шарттарын айқындап береді [3].

Өлкетануды оқыту процесінде табиғи көрнекі құралдардың үлкен маңызы бар. Оларға мәдени және жабайы өсімдіктер үлгілерінің гербарийлері, топырақ үлгілері, үлестірме матриалдар, жануарлар тұлыптары, пайдалы және зиянды насекомдар коллекциялары, соынмен бірге тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарға арналған ыдыс пен құралдар, экскурциялық жабдықтар [4].

«Өлкетану» курсы өзінің аты айтып тұрғандай, бүгінгі жас ұрпаққа туған жердің тарихы мен оның танымал тұлғаларын таныстыруға, оқушылардың бойына патриотизмді сіңіруге өзінің зор септігін тигізері сөзсіз. Мектеп оқушылары үшін теориялық мәліметтермен шектелмей, табиғат аясында және тарихи, киелі жерлерге экскурсиялар ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.

Өлкетану материалдарын пайдаланып, іке асыру кезінде оқушылардың мәдени құндылықтарын қалыптастырудың мынадай шарттарын айқындауға болады:

- мектепте оқу барысы үнемі ізденуге бағытталып, соның негізінде алған білімдерін іс-жүзінде пайдаланып, өздігінен орындай алатын тапсырмалар құра білу;

- өлкетану матриалдарын соның ішінде жергілікті жердің материалдарын пайдалануда ізденушілік, зерттеушілік бағытта жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу;

- жүргізілген топтық, ұжымдық жұмыстар нәтижесінде этномәдени құндылықтарды көрсете білу, өзін-өзі іске асыра алатына жағдай жасау.

Демек өлкетану жұмыстары дегеніміз оқушылардың жергілікті жердегі өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыс заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік беретін қызықты әрі тірі мектеп іспеттес [5].

«Отан – отбасынан басталады» дегендей, туған жерің – кіші Отаның, ата-бабаңның атамекені. Ендеше туған жеріңді тану, өлкетану – Отаныңды сүю деген сөз. Өлкетану рухани жаңғырудан басталады. Ал рухы жоғары адам өз өлкесін сүймеуі мүмкін емес.

Әдебиет:

  1. Назаpбаев Н.Ә. Болашаққа бағдаp: pухани жаңғыpу // Егемен Қазақстан. – 2017. – 12 сәуіp.
  2. Айдаров О. Мектепте өлкетану туризмін қалыптастыру қажет // Сыр бойы. – 2016. – 12 қараша.
  3. Шаушекова Б.Қ., Бейсенбаева А.М. Өлкетану жұмыстары арқылы этномәдени құндылықтарды қалыптастыру шарттары: теория және практика // Бастауыш мектеп. – 2013. – №7. – 3-4 бб.
  4. Горощенко В.П., Степанов И.А. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы. – Алматы: Мектеп, 1981.– 29 б.
  5. Ысқақов Ж. Өлкетану – отанды сүю // Сыр бойы. – 2018. – 12 сәуір.


Похожие статьи

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары

Ұлттық қол өнер арқылы оқушыларды - эстетикалық тәрбиеге баулу

Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің маңызын оқыту арқылы оқушыларда технология пәніне қызығушылығын арттыру

Похожие статьи

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары

Ұлттық қол өнер арқылы оқушыларды - эстетикалық тәрбиеге баулу

Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің маңызын оқыту арқылы оқушыларда технология пәніне қызығушылығын арттыру

Задать вопрос