Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы мен негізгі бағыттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Калтаева, С. А. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы мен негізгі бағыттары / С. А. Калтаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 29-32. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49773/ (дата обращения: 16.12.2024).



Ауыл шаруашылығының даму тенденциясы тікелей елдегі саяси жағдай, экономикалық конъюнктура және инновациялық ахуалмен анықталатындықтан, аталған процестердің аграрлық сектордың өсу қарқынына ықпал етуін реттеудегі мемлекеттің рөлін бағаламау мүмкін емес.

Агроөнеркәсіптік кешен – әртүрлі шаруашылық жүргізу мен меншік формасындағы кәсіпорындардан тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Мемлекеттік реттеу мүдделердің келісуі негізінде шаруашылық жүргізудің барлық формалары субъектілерінің тепе-теңдігін есепке ала отырып, бірыңғай механизм ретінде АӨК-нің нәтижелі қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұған қоса АӨК күрделі биотехнологиялық жүйе болып табылады. Ауыл шаруашылығында маңызды табиғи өндіріс құралы – жер, су және т.б. қолданылады. Шаруашылық қызмет нәтижелеріне табиғи-климаттық жағдайлар үлкен ықпал етеді, ол ауыл шаруашылығында өндірістің тәуекелді сипатын анықтайды.

Ауыл шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда капиталсыйымды және энергосыйымды болғандықтан инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін тартымды емес. Өзінің дамуы бойынша ауыл шаруашылығы тамақ және қайта өңдеуші өнеркәсіпке орын береді. Сондықтан АӨК-нің дамуын қолдау мен мемлекеттік реттеу – нарықтық экономиканың объективті қажеттілігі [1].

Қазіргі кезде республикада 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады. ҚР АӨК-сін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының 2016 жылғы
9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарына және «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес әзірленді. Осылайша, аталған Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерінің аса қажетті түрлері бойынша халықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты айқындауға бағытталатын болады.

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Германия мен Голландия сияқты индустриалды дамыған елдердің өзі жоғары технологиялық салалармен қатар АӨК-нің дамуына көп салым салады. Бағдарламаның басымдығы нарықта сұранысқа ие өнім түрлерінің өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады. Үкіметтің мәліметтері бойынша жақын бесжылдықта ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен қайта өңдеу әртараптандырудың негізгі көзі мен экономикалық өсудің драйвері болуы тиіс. АӨК-нің жаңа рөлін жүзеге асыру елдің тұрақты дамуын теңестіреді, еңбек өнімділігін ұлғайтады және тұрғындардың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Қосалқы шаруашылық жүргізетін ауыл тұрғындары мақсатты мемлекеттік қолдау мен кең ауқымды кооперация арқылы тауарлы өндіріске тартыла алады.

АӨК-нің негізгі мәселелерінің ішінде сарапшылар жеке қосылқа шаруашылықтар мен ұсақ шаруа, фермерлік шаруашылықтардың ірі ресурстарын толығымен пайдалана алмау, өнімді дайындау мен өткізу мәселелерінің шешілмеуін айтады. Қазір елде шамамен 1,6 млн. жеке қосалқы шаруашылықтар мен 185 мың шаруа және фермерлік шаруашылықтар әрекет етеді. Олардың үлесіне ет, сүт, жемістер, көкөніс пен картоптың 70-90 % тиесілі. Бұған қоса өнімді қайта өңдеу үлесінің төмен болуы әлі де мәселе күйінде қалып отыр: ет, сүт, жемістер мен көкөністердің 30 %-ғана қайта өңделеді, бұл кезде барлық 403 қайта өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығының жүктелуі небәрі 20-60 % құрайды. Өндірістің теңгерімсіздігі бар – бидайдың басқа дақылдардан басымдығы. Бұл жыл сайын бидай қорының 2-3 млн тоннаға дейін қорланып, жемшөп өндірісінің (1,3 млн. тонна), арпа, жүгері, жемдік және майлы дақылдардың (2,7 млн. тонна) жеткіліксіз өндірісіне алып келеді. Бұл кезде бидайды субсидиялау мөлшері өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың төрттен біріне дейін жетеді, бұл бюджет құралдарын шығындаудың тиімділігін қысқартады. Өз кезегінде жемшөптің жеткіліксіздігі мал шаруашылығының дамуын тежейді. Негізгі мәселелердің қатарына сонымен қатар экспорт деңгейінің төмендігі мен импорттың жоғарғы үлесін жатқызуға болады. Ет пен дәнді дақылдар өндірісі толығымен ішкі қажеттілікті қамтамасыз етеді және үлкен экспорттық әлеуетке ие. Бұл кезде елімізде өндіріле алатын қант, өсімдік майы, жеміс-жидек консервілері, шұжық өнімдері, құс еті сияқты азық-түлік тауарлары импортының жоғары үлесі (40–90%) байқалады. Қазіргі кезде әлі де инновацияны ендіру деңгейінің төмендігі байқалады. Әзірге әлемдік агротехнология трансфертінің жоқтығы мен әлсіз жүйесі орын алып отыр. Бұл жағдайды өзгерту үшін нарықта сұранысқа ие АӨК-нің бәсекелік қабілетті өнім өндірісін қамтамасыз ету мақсаты қойылған.

Негізгі міндеттердің ішінде 500 мың жеке қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ фермерлік шаруашылықтарды тауарлы өнліріске тарту үшін ауқымды ауыл шаруашылық кооперациясын дамыту мен өнімді өткізу мен қайта өңдеу жүйесін құру қарастырылған. Мақсатты бағытталған экспорттық саясатты жүзеге асыру мен органикалық ауыл шаруашылық өнімдерінің қазақстандық брендін қалыптастыру, ауыл шаруашылық тауарөндірушілерін мемлекеттік қолдаумен максимальды қамтудың қолжетімдігі мен тиімділігін қамтамасыз ету қарастырылған. Сонымен қатар жоспарда мал шаруашылығының тиімділігін40%-ға, егін шаруашылығының тиімділігін 30%-ға арттыру, қайта өңдеу үлесі мен кәсіпорындардың жүктемесін 1,3 есе ұлғайту, агротехнология трансфертінің тиімді жүйесін қалыптастыру, АӨК-ді мемлекеттік реттеуді жетілдіру міндеттері қойылған.

Бағдарламаның тұжырымдамалық тәсілі ауылдағы өмір сүру деңгейі мен өндірістің өсуінің объективті факторы ретінде жеке қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ шаруа, фермерлік шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану үшін кооперацияны кең дамытудан тұрады. Ауыл шаруашылық кооперативтері арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты сатып алу мен өткізу мәселелері бұдан әрі қайта өңдеуші кәсіпорындарға бағыттай отырып, шешілетін болады.

Қолдау кооперативтердің шығындарын жеке қосалқы шаруашылықтарға ветеринарлық, агрохимиялық, қаржылық, өткізу және сервистік қызметтер көрсету бойынша субсидиялау арқылы көрсетіледі. Ауыл шаруашылық кооперациясын дамытудан ауыл тұрғындарының қосымша жыл сайынғы табысы 300 млрд. тенге көлемінде болады деп күтілуде.

Қазақстан өткізу нарықтары азық-түлік өнімдеріне потенциалды сұранысқа ие Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерімен шектеседі. Азық-түлікке жаһандық сұраныс тұрақты өсіп келеді, сатудың жылдық көлемі $7 трлн. астам құрайды. Бағдарламаның жүзеге асырылуы субсидия алушылардың ауқымын 7 есе, несие серіктестерінің қатысушылары мен жеңілдетілген несиелеу бойынша қарызгерлерді 1,4 есе кеңейтуге мүмкіндік береді. Бір теңге субсидияның қайтарымы 2 есе, жалпы өндіріс көлемінің 50%-ын қамти отырып, өндірілген өнімнің 7,5-тен 13 тенгеге дейін артуы күтілуде.

Жеңілдетілген несиелеудің негізгі шарты қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз ету болады, ал арзан ауыл шаруашылық техникасының инвестициялық субсидиясы есебінен 1,5-2 есе техникалық паркті жаңарту қарқыны ұлғаятын болады. Мал шаруашылығының тиімділігін 40%-ға арттыру үшін жем-шөп базасы қамтамасыз етіліп, асыл тұқымды мал шаруашылығының үлесі ұлғаятын және суармалы жайылымдықтар алаңы кеңеетін болады.

Егістіктерді әртараптандыру, тыңайытқыш енгізуді ұлғайту, сапалы тұқымды қолдану, сондай-ақ өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылық техникасын жаңарту қарқынының артуы өндіріс тиімділігін 30 %-ға арттыра отырып, егістікті басқа рентабельді және сұранысқа сай дақылдармен толықтыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның жүзеге асырылуы кооперация арқылы ауыл шаруашылық өнім өндірісі жүйесінің ірі қатысушысы ретінде жеке қосалқы шаруашылықтарды құру, олардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту және өнім сапасын арттыру үшін жағдайлар құрады. Төлемқабілетті сұранысты ұлғайту мен ауылда өмір сүру сапасын жақсарту ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғалу процестерін тұрақтандырудың негізіне айналады.

2017 жылғы қаңтарда тұтастай республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 105,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қаңтарынан 1%-ға жоғары.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі тірі салмақтағы мал мен құстың сойылған көлемінің 0,7%-ға, сауылған шикі сүттің – 3%-ға өсуімен түсіндіріледі.2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өңімдері өндірісінің ұлғаюы республиканың 9 өңірінде байқалған. [2].

2017 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемі 137,78 млрд. тенгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға жоғары. Олардың төрттен үші (75,8%) еліміздің ірі ауыл шаруашылық аудандарына (СҚО, Ақмола және Қостанай) және екі алдыңғы қатарлы мал шаруашылық аудандары – ОҚО мен Алматы облысына тиесілі. Осы бес аймақ 2016 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үштен екісін қамтамасыз етті.

2017 жылы бағдарламаға біршама өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, несиелердің мақсатты бағыты мен мерзімі өгерді, шарттары ауысты. Негізгі тірек кәсіпорындардың айналым құралдарын толықтыруға бағытталған жылдық несие желісін жаңартуға жасалды. Айталық, кәсіпорындарда ашық несие желісінде белгілі бір сома бар. Кәсіпкерлер оны жыл ішінде өз қалауы бойынша пайдалана алады. Мысалы, шикізат сатып алу, тасымалдау қызметтері және басқа да өндірістік қажеттіліктер. Қорытындысында сол пайдаланылған соманы субсидиялау мүмкіндігі бар. Бағдарлама тағам өнімдерін қайта өңдеушілер үшін икемді болып табылады. Республикалық бюджеттен бұл мақсаттарға 4,3 млрд. тенге бөлінді. Оның қатысушылары заңды және жеке тұлғалар бола алады.

Мемлекет агроөнеркәсіп кешен субъектілерімен инвестициялық салымдарда жұмсалған шығындардың бөлігін өтей алады Өтеу АӨК салаларында әрекет етуші қуаттылықтарды кеңейту мен жаңасын құру бойынша шығындардың 20-дан 80%-на дейін құрайды.

Пайыздық ставкаларды субсидиялау АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша бағыттар шеңберінде несиелік және лизингтік міндеттемелер бойынша жүргізіледі. Бұған қоса 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған қарызгердің несиелік, лизингтік міндеттемелерін қайта қаржыландыру мен қайта құрылымдау жүргізіледі.

Субсидиялау сыйақы ставкасын жылдық теңгемен 7 %-ға, шетелдік валютада 5 %-ға дейін қысқарту және қайтару мерзімін 9 жылға дейін ұлғайту жолымен жүзеге асырылады. Аталған бағыт бойынша 2017 жылы 1,5 млрд тенге бөлінді, олардың ішінде бірінші жарты жылдықта 400 млн. тенге игерілді. Бөлінген қаржылар 2016 жылы мақұлданған ТОО «MS», КазАгроХолдинг, Хлебный дом «Тандыр», «Вандербик», Leader Invest Company сияқты бес қарызгер бойынша 6 келісмі-шартты жүзеге асыруға бағытталды [3].

Несиелік келісімдер бойынша сыйақыны субсидиялау сыйақы ставкасын жылдық теңгемен 7 %-ға, шетелдік валютада 5 %-ға дейін қысқарту жолымен жүзеге асырылады. Келісімдер келесі критерийлерге сәйкес келуі тиіс: теңгемен жылдық 19%-дан аспайтын және шетелдік валютамен 10%-дан аспайтын белгіленген номиналды сыйақы ставкасымен жасалуы, мақсатты бағытталуы айналым құралдарын толықтыру болып табылады, займның әрекет ету мерзімі 12 айдан аспауы тиіс, сыйақы ставкасы басқа мемлекеттік немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбауы тиіс, займды қаржыландыру көзі бюджет құралдары мен ҚР-ның Ұлттық қорының қаржысы болмауы тиіс. Аталған бағыт бойынша 2017 жылы 2,8 млрд. тенге бөлінді, олардан бірінші жарты жылдықта 892 млн. тенге игерілді. Бүгінгі күні субсидиялаудың жалпы сомасы 329,9 млн. тенгені құрайтын ТОО «Масло-Дел», ТОО «Golden Food Comрany» сияқты компаниялардан жеті тапсырыс келіп түсті.

АӨК субъектілерінің займдарын сақтандыру мен кепілдендіру шеңберінде субсидиялау сақтандыру сыйақысы не, кепіл бойынша комиссия шығындарының 50 % -ын өтеумен жүзеге асырылады. Осылайша, мақсатты мемлекеттік қолдау мен ауқымды кооперация арқылы тауарлы өндіріске тарту үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсына отырып, Қазақстан үкіметі АӨК-нің жаңа рөлін жүзеге асыру үшін жағдайлар құруға ниетті. Бұл тағам өнеркәсібінің тұрақты дамуын теңестіруге мүмкіндік береді және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Басты мақсат – ауыл шаруашылығы өндірісін жоғары тиімді, әртараптандырылған және экспортқа бағытталған өңдеу секторының базасы ретінде дамыту. Ол үшін ет және сүт бағыттарында әлемдегі жетекші компаниялармен стратегиялық әріптестік құра отырып, елдің ішкі нарығына және сыртқы экспорттық нарықтарда сапалы, экологиялық таза өнімдерді жеткізуші ретінде елеулі орын алу қажет.

Әдебиеттер:

  1. Мамыкаева Б. Роль аграрного сектора государства:теоретические аспекты/ Аль-Пари.-2015.-№1-.-с.24-26
  2. 2017 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы. Қазазқстан Республикасы Ұлттық Экономика Минисрлігі Статистика комитетінің мәліметтері. Қолжетімділік ресурсы: http://www.stat.gov.kz/
  3. Доклад Министра сельского хозяйства РК. Официальный интернет-ресурс Министерства сельского хозяйства РК, 2 июня, 2017года.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, млрд, сельское хозяйство, тенге.


Похожие статьи

Көптілді топ студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін кәсіби қазақ тілі арқылы дамыту

Жаһандану жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері мен факторлары

Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру

Қазақстан Республикасы біліктілік арттыру жүйесіне сындарлы оқыту теориясы тәсілдерін енгізудегі тренер көзқарасы мен тәжірибесі

Похожие статьи

Көптілді топ студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін кәсіби қазақ тілі арқылы дамыту

Жаһандану жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері мен факторлары

Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру

Қазақстан Республикасы біліктілік арттыру жүйесіне сындарлы оқыту теориясы тәсілдерін енгізудегі тренер көзқарасы мен тәжірибесі

Задать вопрос