Аутизм түсінігінің тарихи мәні | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Айтбенбетов, Б. С. Аутизм түсінігінің тарихи мәні / Б. С. Айтбенбетов, А. Г. Калмырзаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 9.1 (195.1). — С. 1-1. — URL: https://moluch.ru/archive/195/48561/ (дата обращения: 17.12.2024).



Аутизм бас миы дамуының бұзылуы нәтижесінде пайда болатын және әлеуметтік өзара қатынастар мен араласудың тапшылығын туындататын, қызығушылықтарды бәсеңдететін, қайталанатын әрекеттерге әкелетін адам денсаулығындағы өзгеріс. Сонымен қатар, инфантильды аутизм, балалар аутизмы, ерте инфантильды/балалар аутизмы, Каннер синдромы немесе Каннер аутизмы деген түсіндірмелер де бар. Негізінен аутизм белгілері үш жасқа дейінгі мезгілде байқала бастайды.

Аутизм белгілерін сипаттау бойынша мысалдарды ұғымның шыққанға дейінгі кезеңдердегі тарихи дерек көздерден кездестіруге болады. Мәселен, Мартин Лютер еңбектерінің бірінде аутизмның ауыр түрімен ауыруы мүмкін он екі жастағы бала туралы айтылады [1].

«Аверондағы жабайы бала туралы» сипаттамаларда аутизм белгілері байқалады. XVIII ғасырда француз ормандарында өмір сүрген және адамдар қоғамына 1798 жылы 12 жас шамасында түскен бала студент-медик Жан Итар қамқорлығына көшті. Ол имитация арқылы оқытудың арнайы бағдарламасын әзірлеп, баланың әлеуметтік дағдысы мен сөйлеуді үйретуге жаңа ойлар айтты [2].

«Autismus» терминін 1911 жылы швейцар психиатры Э. Блейлер шизофрения белгілерін сипаттау барысында қолданды. Бұл жаңа терминді енгізу барысында ол «қалыпсыз өзін-өзі сүюшілікті» білдіретін грек сөзі «αὐτός» - «өзім» мағынасында пайдаланған [3].

«Аутизм» терминінің заманауи мағынасы алғаш рет 1938 жылы пайда болды. Вена университеті госпиталіндегі Г. Аспергер өзінің балалар психиатриясына байланысты «Психикалық қалыпсыз сәби» атты неміс тіліндегі мақаласында Блейлер терминін пайдаланып, тұлға өзгерістеріндегі балалар қатынасында шизофрениялық аутизмге ұқсас «аутистік психопаттар» деп атап көрсетті [4].

1944 жылы ол «Балалық жастағы аутистік психопаттар» атты жеке мақаласын жариялады [5]. Бұл еңбегінде ол аутистік бағыттағы өзгерістерді зерттеп, нәтижесінде Аспергер синдромы деп аталып кетті. Бірақ бұл түсінік 1981 жылы мойындалғандығын айта кеткеніміз жөн.

Дж. Хопкинс госпиталінде жұмыс жасайтын Л. Каннер «аутизм» сөзінің ағылшынша баламасын жасауға әсер етті. Ол 1943 жылы 11 бала мінез-құлқының ұқсастығын сипаттай келе, «ерте балалық аутизм» сөзін қолданды [6].

Қарап отырсақ, аутизмның ғылыми тұрғыдан зерттелуі бұрыннан басталған. Сондықтан түсінікті ары қарай зерттеудың маңыздылығы жоғары деп ойлаймыз.

Әдебиет:

  1. Wing L. The history of ideas on autism: legends, myths and reality // Autism. – 1997. - №1. - P. 13–23.
  2. Wolff S. The history of autism // Eur Child Adolesc Psychiatry. – 2004. - №13. - Р. 201–208.
  3. Kuhn R, Cahn C.H. Eugen Bleuler's concepts of psychopathology // Hist Psychiatry. – 2004. - №15. – Р. 361–366.
  4. Asperger H. Das psychisch abnormale Kind // Wien Klin Wochenschr. – 1938. - №51. – Р. 1314–1317.
  5. Asperger H. (1944). Die «Autistishen Psychopathen» im Kindesalter] // Archive fur Psychiatrie und Nervenkrankheiten. – 1944. - №117. – Р. 76-136.
  6. Kanner L. Autistic disturbances of affective contact. – Nerv Child. - 1943. - №2. – Р. 217–250.
Основные термины (генерируются автоматически): аутизм.


Задать вопрос