Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кейбір мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 декабря, печатный экземпляр отправим 22 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Назарова, Г. А. Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кейбір мәселелері / Г. А. Назарова, Н. Е. Рамазанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 9.1 (195.1). — С. 11-13. — URL: https://moluch.ru/archive/195/48555/ (дата обращения: 05.12.2021).



Жалпы білім беретін мектепте ерекше дарынды балаларды анықтау үшін шығармашылық орта құру керек. Кез келген қоғамға дарынды адамдар қажет және қоғамның басты міндеті оларды анықтап, қабілеттерін дамыту. Алайда, өкінішке орай адамдардың барлығы бірей өздерінің қабілеттерін өзбеттерінше дамытуға дайын емес. Көбінесе бұл жағдай олардың отбасына және мектебіне тәуелді. Отбасының міндеті баланың қабілетін уақыттылы көре білу, ал мектептің міндеті – балаға қолдау көрсетіп, оның қабілетін дамыту және оны іске асыруға жағдай жасау. Дәл осы мектеп жасындағы баланың өзіндік шығармашылық тұлғасының негізі қалануы керек.

Дарынды балалар өз қатарластарын басып озып, оқу материалын меңгеру қарқындылығымен ерекшеленеді. Мұндай балалармен жұмыс жасау қызықты да күрделі. Мұғалімнің әрбірі мектеп оқулығымен жұмыс жасау қанағаттандырмайтын оқушылармен өмірінде бір рет болсада кездеседі, оларға сабақтағы жұмыс қызығушылық тудырмайды, олар сөздіктер, энциклопедияларды, арнайы әдебиеттерді іздеп жүріп оқиды, өздерін қызықтыратын сұрақтарға білімнің әр түрлі салаларынан жауап іздейді. Мектеп осындай дарынды балаларға ғылым мен өмірге жол сілтеп, өз қабілеттерін ашуларына ықпал етуі қажет. Білім берудің басты міндеті – тек ғана ғылым мен техника аясындағы жоғары білімді маман дайындау ғана емес, сонымен қатар жалпы мәдениет пен сауаттылық аясында жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Ал ол мектепте білім беру деңгейін арттыруға, тұлғаға бағдарланған даралап оқыту тәсілін арттыруға және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тікелей байланысты.

Дарынды балалар сабақ барысында шығармашылық үдеріске түгелдей еніп кетуіне мүмкіндік жасайтын, жаңа жаңалықтарға ұмтылдыратын, белсенді ақыл ой еңбегіне итермелейтін, өз-өздерін тануларына көмектесетін оқытудың ерекше тәсілдерін, ерекше жүйесін талап етеді. Оқыту үдерісін белсендіріп, оған танымдық, шығармашылық сипат беру үшін оқу әрекетінде ақпараттың заманауи құралдарын: медиатеканы, электронды оқулықтар мен эциклопедияларды, интернет желісін, сондай ақ қазіргі заманғы: ойын, оқу-ізденушілік, проблемалы-ізденушілік және т.б. технологияларды тиімді қолдану қажет.

Оқу әрекетінің мұндай жүйесі дарынды балаларды озық ойлылыққа, жан-жақты салыстырушылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеп, түрлі болжамдар жасай алуға үйретеді.

Дарынды балаларды сабақ үдерісінде дамыту мен табысты оқытудың басты мақсаты:

- пәндік біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;

- дарынды балалардың оқу мотвациясын арттыру;

- ақыл-ой қабілеттерін және зерек ойлылықты дамыту;

- өзін-өзі бақылай алу, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру;

- ізденушілік және өзбетінше білім алу әрекеттерін дамыту.

Пәндік олимпиадалар қазіргі уақытта оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр. Биология пәні бойынша мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау мәселесінің өзектілігі бұл күні анықталған және оның әдістемесін жетілдіру жолдары жан-жақты қарастырылуда [1].

Олимпиада оқушының өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік­­-психологиялық шарттарды жасайды. Олимпиада үздіксіз шығармашылық ізденісте болатын интеллектісі дамыған тұлғалармен қарым-қатынас формасы; олимпиаданың мазмұны, ұйымдастырылу формасы оқушыға өзінің мәнді күштерін жүзеге асыру жолын еркін және жауапты түрде таңдауына мүмкіндік береді; олимпиадаларда оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, интеллектуладық потенциалдарын толық әрі еркін іске асыруға, өздерін толық шығармашылық тұлға ретінде байытуына жағдайлар жасайды.

Олимпиадаға дайындау шарттары:

  1. Пән бойынша жалпы және қандай да бір қабілеттері бар оқушыларды анықтап, таңдау.
  2. Пәндік олимпиадаға сабақтан тыс жұмыстар арқылы дайындау.
  3. Дамытушы орта жасау.
  4. Сабақ барысында жоғары деңгейдегі танымдық және шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Олимпиадаға дайындау барысындағы ұстанымдар:

- Мүмкіндігінше өзіндік жұмыстарды орындату;

- Белсенді білім алу;

- Күрделіліктің озық деңгейлілігі;

- Өткен олимпиадалық тапсырмалар нәтижесін талау;

- Жеке жұмыс;

- Психологиялық ұстанымның болуы (мен жеңіске жетуім керек ұстанымы).

Сабақ барысындағы жұмыстар:

  1. Сабақ тақырыбымен байланысты олимпиадалық тапсырмаларды орындау;
  2. Шығармашылық және олимпиадалық үй тапсырмаларын беру;
  3. Сыныптан тыс жұмыстар;
  4. Жеке өзіндік жұмыс тапсырмаларын беру;
  5. Топтық жұмыс;
  6. Оқу үдерісінде АКТ қолдану.

Олимпиадалар – білім жарыстырудың өзіндік ерекшелігі бар бір түрі, оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарының нәтижесі. Егер сабақ – оқу-тәрбие жұмысының негізгі бір формасы болса және оның мазмұны оқу бағдарламасымен анықталса, ал олимпиада оқушыларды сыныптан тыс, қосымша жұмысқа тартатын және оқушылардың ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді, анықтамалықтарды өз бетінше оқуға иетермелейтін әсерлі тәсілдің бірі. Кез келген деңгейдегі олимпиада оқушының отбасында, мұғалімдер ортасында және сыныптастары арасында мойындаушылыққа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жағдай. Олимпиадаға тиімді дайындау үшін ол бір реттік шара ретінде ғана өткізілмеуі керек. Олимпиадаға дайындау жүйелі жүргізілуі керек.Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың түрлі әдістемелік тәсілдері бар.

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау үрдісінің мәні және құрылымы жөнінде айқын түсінікке ие болу үшін үлгілеу әдісін пайдалануға болады. Тапсырмалар түрі және оған мысалдар:

Стандартты деңгейдегі тапсырмалар.

1.Организмнің көбею тәсілдері қандай?

2. Иммунитеттің клеткалық теориясының негізін салушы кім?

а) Ч. Дарвин

б) И. П. Павлов

в) Л. Пастер

г) И. И. Мечников

3. Гүлдің жеміс түзуге қатысатын бөлігі ?

Зерттеушілік деңгейдегі тапсырмалар. Гүл макетімен, суретті плакатпен жұмыс.

Жүйелік таксондар тізімінен суретте берілген организмдерді сипаттауда үшеуіне де ортақ таксонды анықтаңыз

Таксондар тізімі

1) Қос жарнақтылар класс

2) Жасушасыздар патшалығы

3) Прокариотар патшалығы

4) Өсімдіктер патшалығы

5) Көпклеткалылар патшалық тармағы

6) Гүлді өсімдіктер бөлімі

Таңдалған таксондар санын жазыңыз.

Салыстыруға арналаған тапсырмалар

Балықтар класына тән белгілері мен олардың ерекшеліктерін анықтаңыздар (Жауаптарыңызды кестеге «+» таңбасы арқылы енгізіңіздер).

Белгілері

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

Қабыршақтарының құрылысы қарапайым

Жұп қанаттары көлденең орналасқан

Ауыз құрсақ жағында орналасқан

Жүрегінде артериальды конус болмайды

Несеп клоакаға шығарылады

Торсылдағы жоқ

Ішегінде спиральды қақпағы болмайды

Тыныс алу механизмі жақсы жетілген

Құрық жүзбе қанаттары тең айырлы және тігінен орналасқан

Іштей ұрықтану

Желбезек қақпақшалары жоқ

Аналықтары саны аз болып келетін, ірі жұмыртқаларын қабықшаға салады

Жүрегінде артериалық конустың орнында қолқа буылтығы болады

Сырттай ұрықтану

Логикалық тапсырмалар

«Жануарлар» бөліміне танымдық тапсырмалар

  1. Бір кезде құрбақаның алдына қозғалатын, қанатсыз шыбын қойылды. Бұл оның шыбынды қалай аулап жейтінін түсіріп алу үшін жасалды. Бірақ та зерттеушілердің көз алдында шыбын жоғалып кетті. Осылай бірнеше рет қайталанды. Мұны қалай түсіндіруге болады?
  2. Мынадай қызықты заңдылық бар: жылан қаншалықты аш болса, оның аулаған құрбаны тез өледі. Осы құбылысқа түсініктеме беріңіз.

«Адам және оның денсаулығы» бөліміне танымдық тапсырмалар

1.Телефон шырылдағанда сіз автоматты түрде телефонға қолыңызды апарасыз. Қалай ойлайсыз неліктен?

2.Адам кітап оқып отыр. Қасында мысық оның кесесінен сүтін даусын шығарып ішіп отыр. Бірақ адам оны байқамайды. Неліктен?

5. Эврикалық деңгей. Эврикалық деңгейдегі логикалық сұрақтар

1. Бұл өсімдік қышқылы көп , батпақты жерлерде өседі жəне жыртқыш болып есептеледі. Себебі ол бунақденелілерді түрін өзгерткен аушы жапырақтарымен аулайды. Өсімдіктер өздерінің əдемі гүлдерімен, иістерімен бунақденелілерді еліктіреді де, аулап, өздерінен еріткіш ферменттер бөліп қорыта бастайды. Бунақденелілердің жауы болған бұл қандай өсімдік

Жауабы : Кəдімгі шыбынжұт

2. Бұл гүл биік тауда өседі . Суық желден жапырақтары мен гүлдерін түсіру арқылы қорғанады. Гүлдің атауы латын тілінен аударғанда "арыстанның табаны" дегенді білдіреді. Өсімдік махабаттың, адалдықтың символы болып саналады. Бұл гүл туралы не білесіз ?

Жауабы : Еңлікгүл.

Әдебиет:

  1. Байкенжеева А.Т., Назарова Г.А., Есеналиева Ф. С. Биология пәні бойынша мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау жоспары // Молодой ученый. - 2015. - №1.1. - С. 95-98.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Основы работы с нотно-графическим редактором Sibelius 7

Справа в верхнем правом углу панели Title Bar находятся кнопки управления текущим окном Sibelius 7 (рис. 14).

Никнеймы города Нью-Йорка

Start spreading the news, I'm leaving today. I want to be a part of it -. NewYork, NewYork. «NewYork, NewYork»,Frank Sinatra. Только здесь ты можешь случайно стать героем фильма почти...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Бірі сол адамға лайықты дұрыс жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Основы работы с нотно-графическим редактором Sibelius 7

Справа в верхнем правом углу панели Title Bar находятся кнопки управления текущим окном Sibelius 7 (рис. 14).

Никнеймы города Нью-Йорка

Start spreading the news, I'm leaving today. I want to be a part of it -. NewYork, NewYork. «NewYork, NewYork»,Frank Sinatra. Только здесь ты можешь случайно стать героем фильма почти...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!

Задать вопрос