Халық медицинасы және сырқатты емдеу жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Темуров, Ф. Т. Халық медицинасы және сырқатты емдеу жолдары / Ф. Т. Темуров, С. Н. Курбанходжаев, Ф Дж Хатамов, А. А. Абласанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 73-76. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48230/ (дата обращения: 17.12.2024).



Сырқат біреу болғанына қарамастан оны емдеудің жолдары бүгінгі таңда дәстүрлі медицина және халық емдері немесе халық емшілігі болып екіге жарылуының мәні тереңде жатыр. Олай дейтініміз, егер де дәстүрлі медицина соншама зор болып, ауру атаулының баршасына шипа тауып беріп келе жатқан болса, онда халық емшілігінің жаназасын қашан-ақ шығарып, тепкілеп көмген болар едік-ау. Бірақ, олай болған жоққой. Неге? Қанша қара тасты халық емшілігінің шарбағына атқыласақ-та оның жоқтауы айтылған жоқ, сонымен қатар жақын арада айтылмайды. Бұған себепші салдарларды түрлі қырынан қарастыра келіп әртүрлі пайымдар айтуға әбден-ақ болады. Бірақ, оның баршасы да ең басты пайымдауға келіп тоғысары анық. Ол халық емінің басты назарға жан саулығын алатыны және емін осы негізде ал, дәстүрлі медицина болса емдерін тәнге әсер етуді жүзеге асыра отырып жүргізетінінде.

Бүгінгі таңда сырқаттың шығу тегіне қарай емделушінің де, әрі дәрігердіңөз болжамдарына қарай емді не дәстүрлі жолмен не болмаса халық емшілігімен емдеген дұрыс деп тапқан өзара ортақ шешімінің арқасында екі сала емдері де қатар ұстанып келе жатқан жайы бар.

Сырқаттың туындаған себептеріне қарай емніңқай сала бойынша шипалырақ боларын әрине дөп басып бірден айқындау қиын-ақ. Бірақ, жан күйзелісінен, туындаған кеселдіңқашанда халық емшілерін жағалайтыны әркімге аян.

Сан ғасырлық даму кезеңді бастан өткерген халық емшілігін әп сәтте-ақ тысқа лақтырып тастауға болмайды. Оны баршамыз да білеміз. Ал онда олардың арасындағы кейбір қайшылықтарды қалай шешкен дұрыс. Ол үшін халық емшілігін бүгінгі ғылым мен техника жетістігін жете пайдалана отырып терең зерттеген жөн. Ғылыми негізі анықталған халық емініңқай түрі болса да жалпы қолданысқа алынып, бүгінгі сырқаттарға үлкен шипа келтірері талассыз нәрсе.

Жоғарыда атап өткеніміздей, халық емшілігі емді адам жанына терең үңіліп, емді адам жанын сауықтырудан бастайды. Сонымен, бұл сырды ашу үшін еңәуелі әлем мен Адамның екі бөліктен тұратынына өзіміз көз жеткізіп, дәлелдеп алуымыз керек. Бұған көз жеткізбей жатып, бұл мәселенің құпиясына терең бойлау мүмкін емес.

Сонымен, әлем екі бөліктен тұратындығы ең озықғылым тарапынан дәлелденген. Біз осы ғылыми жетістікті қарапайым оқырманның санасы қабылдай алатындай деңгейде талдап, түсіндіріп беруді мақсат тұтамыз.

Екі әлем: Көзге көрінетін «Өрескел материя» және көзге көрінбейтін «Нәзік әлем».

«Өрескел материя» төрт қабаттан тұрады. Олар: 1. Қатты дене; 2. Сұйықтық; 3. Газ тектес; 4. Плазма. Ал, көрінбейтін әлем, яғни «Нәзік әлем» үш бөліктен тұрады: 1. Физикалық вакуум; 2. Сана өрісі; 3. Абсолюттік еш нәрсе.

Міне, әлем осындай жеті бөліктен құралған. Біз бүгінгі күні тек төрт қабатты ғана мойындап, соны ғылымда қолданып жүрміз. Ал, орта ғасырларда болса, біздің ата-бабаларымыз бұл мәселені толық мойындап, олар туралы бірқатар еңбектер қалдырған. Біраќ, бұл еңбектер Батыс әлемінің бұрмалаушылық ықпалымен кең таралмай, әрі қолданысқа терең енбей қалды. Олардың бастау алар дерек көздері негізінен Құран, Хадис, Хикмет және ата-бабадан жалғасын тауып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым-тыйым, наным-сенім, танымы болды. Осылардың негізінде дүниені «Үлкен әлем» деп қабылдаса, адамды «Кіші әлем» деп ұғынған. Кішісі үлкеннің дәл көшірмесі іспетті түсінген. Осы түсініктерге сүйеніп, адам баласы тек тәннен ғана емес, сонымен қатар жаннан және рухтан құралады деп түйсінген. Ол пайымдауларды былай етіп түсінікті түрде өрнектеуге болады Т+Ж+Р=А. Мұндағы А-адам, яғни Адам баласы аталған үш заттан құралады екен. Адам баласы «Үлкен әлем» сияқты көрінетін және көрінбейтін заттардан тұрады. Егер «Тән» тек физикалық денені құраса, «Рух» энергетикалық денені құрайды. Бірақ, олар көзге көрінбейді. Ал, жан болса екеуіне де қажет. Яғни, тәннің жаны болмаса өсіп-жетіле алмайды. Рухтың жаны болмаса, ол қозғала алмайды. Сондыќтан, тәни жан және рухани жан деп екіге бөліп қарастыруға болады. Тәни жан тәнмен бірге жерге топыраққа қайта енер болса, рухани жан әуел баста Алла тарапынан келгендіктен, қайтадан рухтар әлеміне, яғни Алланың құзырына көтеріліп, өз өмірін ақырзаманға дейін жалғастыра береді. Міне, сондықтан да Адам баласын емдегенде ең әуелі оның жанын (рухын) сауықтыру қажет. Тек содан кейін барып тәнді емдеуге кірісуге болады. Сондықтан да «Сырқат біреу, ал оның емі екі түрлі болмақ». «Жаны саудың тәні сау», деген тұжырымның орын алуы Адам баласының жаны (рухы) сау болса, оның тәні де сау болатынын сезгендіктен де орын алған болса керек.

Ал, бүгінгі таңда дәстүрлі медицина халықтық медицинаны жоққа шығарып, тек қана тәнді емдеумен айналысуда. Сондықтан да жүйке сырқаттары күн санап көбейуде. Қоршаған ортаның, адам мекені жердің аса ластануы орын алып отырған осы кезеңде бас-басына жеке-жеке тартпай, дәстүрлі медицина мен халықтық медицина бірге қызмет етер болса, онда осындай қиыншылықтардан шығудың жолын табуға болар еді.

Әрине, халықтық емшіліктің кейбір емдерін оқу арқылы меңгеру қиын. Себебі, олар атадан-балаға (ген) ұрық арқылы жалғасып келетін қасиет түрінде болады. Сондықтан, бойында тегінде ондай қасиеті бар адамдарды іріктеп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сол кезде оларды ғылымға жақындатып, құпияларына үңілуге болады.

Қазіргі кезде «Шығыс медицинасы» деген ұғыммен көптеген әдіс-тәсілдер қолданылып келеді. Біраќ, бәрібір де олардың басым бөлігі тек тәнді емдеуге арналып жүр. Тәнді және жанды емдеудегі ара жікті айыра білу үшін көрінетін және көрінбейтін әлем арасындағы байланыстарды жете түсінген жөн.

Жалпы Алла тағала 18-мың ғаламды жаратты, оны үшке бөлді. Оның 6-мыңы кристалдар (тастар), 6-мыңы—флора (өсімдіктер), 6-мыңы—фауна (тірі жандар). Осылардың баршасы да тек төрт заттан тұрады: 1-топырақ, 2-су, 3-от, 4-ауа. Әлемдегі қайсыбір затты алсақ та осы төрт заттан құралғандығына көз жеткіземіз. Осы айтылғандар үлкен әлемде болса, мұның бәрі Адам баласында да бар. Адам да осы төрт заттан тұрады. Егер осы төрт зат Адам баласының денесінде қалай, қайтіп жайласқанын меңгерер болсақ, құпия сырдың қыры-сырына сәуле түсер еді. Мәселен, топырақ. Топырақта бүкіл әлемдегі химиялық элементтер бар. Су, суда—әлемдегі өзге химиялық элементтер бар. Адам тәнінің құрамының 80% судан тұратынын ескерер болсақ, онда оның алар маңызын да жете түсінген болар едік. Ал, отқа келер болсақ, ол «Түтінсіз от» делінген, яғни әлемдегі бүкіл энергия көздері. Енді ауаға келер болсақ, ауасыз ешбір тірі жан өмір сүре алмайды. Осы төрт заттың екеуі көзге көрінеді, ал екеуі көзге көрінбейді. Бірақ, біз оны сеземіз, олардың бар екендігін білеміз. Міне осы оттың (энергияның) қалай келетіндігін түсіндіріп өтейік.

Адам баласында 360-тан астам жүке нүктелері болады. 12-энергетикалық арна 12-мүшеге арналған. Соларды қажетті қуатпен қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қатар, тағы да екі арна омыртқа арқылы өтеді, бірі энергияны қабылдаса, екіншісі оны қайта шығарып отырады.

Адам баласында 4-өмірлік нүкте болады. Олар: маңдайда; екі жауырынның астында; көкіректе; күнтүйнегі нүктесінде орналасқан болады. Бұдан да басқа төбеден құйымшаққа дейін омыртқаны бойлай жайласқќан жеті энергетикалық нүктелер болады. Міне осы жеті энергетикалық нүкте арқылы денеге, дененің сыртына көрінбейтін энергиялар бөлініп шығып тұрады. Мұны Шығыс медицинасында «Чакра» дейді (мұны энергетикалық ұстын немесе желі десе де болады). Міне осы жеті энергетикалық нүктенің омыртқада жайласқан жерлері: 1. Төбеде, 2. Маңдайда, 3. Кеңірдекте, 4. Жүрек тұсында, 5. Кіндікте, 6. Кіндіктен сәл төмен жерде, 7. Құйымшақ ұшында. Осы нүктелер сыртқы әлемнен алған энергияларын өңдеп жеті түрлі-түсті сәуле шығарып тұрады. Мұны ғылымда «Спектр»-дейді. Егер осы жеті нүктенің біреуі өз қызметін тоқтатса немесе әлсіресе онда Адам сырқат бола бастайды. Оны емдеудің жолы тек сол нүктені қайта іске қосу болып табылады. Бұл тек халық емшілерінің ғана қолынан келеді. Бұл өте күрделі де құпиялы іс. Бұдан басқа Адам денесінде түрлі бездер болады. Олардың бәрі де әртүрлі химиялық элементтерді өздерінен бөліп тұрады. Адам сырқаттанғанда осы бездер өз қызметін тоқтатады немесе нашарлап, химиялық элементтерді аз мөлшерде бөлетін болады. Сондықтан сырқат асқынып кетеді. Бұларды іске қосу үшін де тағы да халық емшілеріне жү‰гінгеніміз дұрыс болмақ. Олар мұны емдеудің жолдарын біледі. Бұлармен қатар, Адамның денесінде төбеден құйымшаққа дейін қоршап тұратын жұмыртқа тәрізді үш қабат энергетикалық дене болады. Оны «Аура»-деп атайды. Міне бұл арада өз қызметін әлгі жеті энергетикалық нүктеден шыққан энергиялар арқылы іске асырылып отырады. Сондықтан, осы айтылған жеті энергетикалық нүкте өз қызметін үздіксіз әрі мүлтіксіз орындап отыруы қажет. Міне, осы айтылғандардың бәрі де Адамның «Жан» саулығына байланысты, ал мұны дәстүрлі медицина осы күнге дейін меңгерген емес. Соның салдарынан жүйке, жүрек, ми аурулары күн санап көбеюде. Сондықтан, бүгінгі таңда, осыларды дәстүрлі медицина мамандарына меңгертіп түсіндіру керек, әрі халық емшілерімен бірге қызмет етуге шақыру қажет. Сонда ғана «Бір сырқатқа неге екі түрлі ем жасалып» келе жатқанының сыры айқындала түседі.

Ал, енді, мұндай ерекше қасиеті бар емшілерге берер кеңесіміз, олар өздерінің бұл қасиеттері жоғалып кетпеу үшін: біріншіден; Бес парызды орындау керек. 2. Салт-дәстүрден хабары болуы тиіс. 3.Құранды меңгергені жөн. 4. Хадисті үйреніп, оны мүмкіндігінде ұстанғаны дұрыс. 5. Хикметті игеру. 6. Заңды түрде құжатты болуы. 7. Бір ұстаздан «Бата» алуы қажет. 8. Жергілікті медицина қызметкерлерімен байланыста болуы. 9. Өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру. 10. Ем жүргізетін жерін таза ұстау. 11. Келген сырқат пен пайдалы сұхбат кеңес өткізу. 12. Өзінің шамасы келмесе басқаға жол сілтеу .т.б.

Халықтық медицина мен дәстүрлі медицина арасындағы ерекшелікті айтып өтейік. Мәселен; «Көз тиді»--деген ұѓым бар. Мұны дәстүрлі медицинада суық тиді деп қабылдайды. Себебі рентген де солай көрсетеді. Өйткені, өкпеде дақ пайда болады. Бұған суықтықты қайтаратын көптеген дәрі-дәрмектер қолданып емдейді. Бірақ, одан ешқандай нәтиже шықпайды. Себебі, ол сырқат емес, адамның көзінен бөлінген биоэнергиядан пайда болған. Сондықтан оны тез арада емшіге алып барса, ол түкіріп, ұшықтап немесе дем салып қайтарады. Егер, қол тигізбей емдейтін қабілеті болса, онда сеанс жасап, әлгі тіл, көзді алып тастайды. Осы сияқты Адам жүйке ауруына шалдыққан болса да осылай болады. Себебі, мұнда да Адам денесіндегі энергиялар шатысқан болады. Әрі соны қалпына келтіру қажет. Мұны тек биоэнергиясы бар Адам ғана қалпына келтіре алады.

Бұл жерде дәстүрлі медицина жәрдемі мүлдем қажетсіз дегендік емес, Адам біраз жеңілдеген соң, дәстүрлі медицина жәрдеміне жүгінсе болады.

Қалай болғанда да, дәстүрлі медицина Адамды тек физикалық тұрғыдан емдейді. Әрине, бұл жетістіктерді жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, Адамның екінші жағы анатомиялық құрылысынан да басқа рухани әлемінің бар екендігі ұмыт қалып отыр. Сондықтан да осы екінші рухани жағының бар екендігін ескерген дұрыс болар еді. Ал, халық емшілерін оқыту арқылы үйрету мүмкін емес, тек өздеріндегі құпия сырдың себеп-салдарын ғылыми тұрғдан түсіндіріп өткен жөн. Себебі, оларға негізінен хабар жоғарыдан сана өрісінен келіп отырады және ол тек өздерінің ата-тектерінде, яғни генінде жайласқан. Олар өз уақыты келгенде оянып, халыққа қызметін көрсетеді. Тек, сол келген қасиетті таза ұстап қалудың жолын үйрету қажет, әрі ғылыми тұрғыдан қағаз бетіне жазба түрінде түсіруге ұмтылѓан жөн. Бұл өте күрделі дүние, себебі осы уақытқа дейін атадан-балаға тек ауызша үйрету арқылы жалғасып келген. Енді, келер ұрпаққа бағыт-бағдар беріп отыру үшін бір жүйеге түсірсек, өте құнды дүние болар еді. Адам барда ауру бар. Олай болса, оған ем де қажет. Ал, енді оны қалай емдеу керек, ол ғасырлар бойы жалғасқан дәстүр. Мұны үзіп алмау керек. Себебі, бүгінгі экологиялық, жаћандану т.б. келеңсіз жағдайлардың әсерінен Адамдар өз қадыр-қасиеттерін жоғалтып алып жатыр. Соған тосқауыл қояр бірден-бір жол, ол осы ата-дәстүрін үзіп алмау және оны келер ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізу.

Енді бүгінгі таңда халық емшілерін оқыту керек. Олардың білімі жоқ деген әңгіме қарқын алып барады. Ол әңгіменің кей тұсынан қарастырғанда дұрыс та.Себебі, бүгінгі таңда ғылым, білім жоғары дәрежеге көтеріліп кеткен. Сондықтан да мұны ескеруіміз керек.

Бірақ, халық емшілерінің ерекше қасиеттерін де жоққа шығаруға болмайды. Міне, осыларды анықтау үшін орта ғасыр еңбектеріне көп көңіл бөлу қажет. Қысқа мерзімді оқыту жолдарын қарастыруға болады. Тек, ұстаздар түрлі салада болуы керек.

Біздің негізгі мақсатымыз; мұндай оқуды ұйымдастыру рухани астана Түркістанда болса деп ойлаймыз. Бұл жерде осы мәселе бойынша біраз іс-шаралар жасалған, ұстаздар да баршылық. Оның үстіне бұл оқу негізінен Құран, Хадис, Хикмет, салт-дәстүрге бейімделгендіктен, осы жөнінде көптеген еңбектер де баспадан жарық көрген. Оның үстіне бұл жерде әулиелі жерлер де көп. Шариғат, Сопылық, дәстүр мәселелерін зерттеп жүрген ғалымдар да бар. Сондықтан, аз да болса саз етіп осы жерден халық емшілерін дайындау қолға алынса дұрыс болар еді. Халық медицинасы жайлы жазылған еңбектер де бар. Еңбек авторлары да осы рухани астанада тұрады. Кітаптармен қоса бейнетаспалар да дайындалған. Міне осы мәселелермен танысқан кез-келген халық емшісі жаман жолға бармайды деп ойлаймыз.

Міне осылай еткенде ғана «Бір сырқатқа екі ем түрін» де үйлесімді пайдалана алатын боламыз.

Турасын Алла біледі. Әмин!!!

Әдебиет:

  1. Құран Кәрім(қазақша мағына және түсінігі), аударған Халифа Алтай, Сауд Арабия,«Құран шариф басым комбинаты» 1991, 662 бет.
  2. Хадис (Ал – жамиғ Ас – сахих) Абу Абдуллах Мұхаммед ибн Ислам Ал – Бухарий.(Закиржон Ислам таржимаси(өзбек тілінде)). Ташкент, «Комрон» 1991, 560 бет.
  3. Қожа Ахмет Йассауй «Диуани Хикмет»(ақыл кітабы) М.Жармұхаммедұлы т.б. (түп нұсқа, қолжазба араб графигімен, қасында транскрипциясы шағатай тілінде және қазақша аудармасы), Алматы, «Мұраттас» 1993, 261 бет.
  4. Мур К., Зиндани А., Ахмед М. «Коран и современная наука»(сравнительное исследование), Москва, «Россия» 1993, 60 стр.
  5. Құрбанқожа С.Н. «Адам құпия»,Түркістан «Мырза» 2004, 36 бет.
  6. Құрбанқожа С.Н. «Дәрі – дәрмексіз емдеудің құпия сырлары мен негіздері» Түркістан «Мырза» 2008, 230 бет.
  7. Құрбанқожа С.Н. «Дұға күшінің физикалық негіздері»,Түркістан «Мырза» 2007, 167 бет.
  8. Құрбанқожа С.Н. «Ұлттық тәрбие негіздері», Түркістан «Мырза» 2010, 582 бет.
  9. ҚұрбанқожаС.Н. «Физическые основы народной и нетрадиционной медицины», Түркістан «Мырза» 2009, 174 бет.
  10. Байзақ.У.А., Байзакова.Б.У. «Медбиофизика» Түркістан «Тұран» 2015, 150 бет.
  11. Тілеуқабылұлы Ө. «Шипагерлік баян». Баспаға дайындаған Нұртай Түменбайұлы ( төте жазу, араб графикасында). «Үрімжі» – Қытай, «Денсаулық сақтау» (К) 1994, 506 бет.
Основные термины (генерируются автоматически): оса, бар, медицина, бета, медицина мен.


Задать вопрос