Ботаника бойынша студенттердің пәндік құзыреттілігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 2 ноября, печатный экземпляр отправим 6 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Назарова Г. А., Алашбаева А. Т. Ботаника бойынша студенттердің пәндік құзыреттілігі // Молодой ученый. — 2017. — №20.1. — С. 16-18. — URL https://moluch.ru/archive/154/43872/ (дата обращения: 24.10.2019).

Ботаника бойынша студенттердің пәндік құзыреттілігі – білім беру қызметінде ботаника пәніне қатысты білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалық жиынтығы. Ботаника негіздерін қолдана білу іскерлігі.

Аталған құрылымдық бөлшектер ботаника пәнінің мақсатына жету бағытын нақтылайды. Олар студент меңгеруі керек және соны бағдарға алуы керек соңғы нәтиже болып табылады. Егер аталған құрама бөлшектерді және «Ботаника» пәні бойынша оқу бағдарламаларында көрсетілген міндеттерді БЛУМ таксономиясына сәйкес жіктесек, олар студентердің оқудағы әрекеттерін алға қойған мақсаттары бойынша жетістікке жетелейтін және сол жетістіктерін, яғни құзыреттіліктерін бағалау өлшемін құрайды.

Егер студенттің ботаника пәні бойынша меңгерген түсініктері мен қабілеттерін, пәннің міндеттерін жүйелесек және логика бойынша реттесек онда 5В011300- биология мамандығы бакалаврында «Ботаника» пәні бойынша қалыптастыру қажет келесідей құзыреттіліктерді айқындауға болады:

- өсімдіктерді туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролін түсіну қабілеті (К1);

- өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері жөніндегі білімдерді, түсініктерді меңгеруі және оны тәжірибеде пайдалана алуға қабілеттілігі (К2);

- өсімдіктерді зерттеп тану, оларды көбейту, адам игілігі үшін тұтынумен байланысты білімге жағымды мотвациялық-құнылықтылық қарым-қатынасқа негізделе қалыптасқан көзқарастарды меңгеру (К3);

- өсімдіктерді сақтау, қорғау, көбейту әдістерін меңгеруі (К4);

- өсімдіктерді зерттеудің әдістерін, құралдарын, оларды зерттеп тануға көмектесетін практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру (К5);

- өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістері жөніндегі білімдерін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалана алуға қабілеттіліктері (К6);

Осы аталған құзыреттіліктерді ботаника пәнін оқыту барысында студенттерде қалыптастыру жолдарын және оқу нәтижесін бағалау үшін, сондай ақ сол құзыреттіліктерді Блум таксономиясына сәйкес қалыптастыру үшін осы құзыреттіліктердің барлығын мазмұндық-әрекеттік матрица, яғни оқыту мақсатының 6 категориясын: білу, түсіну, талдау, синтездеу, бағалауды біріктіретін Блум таксономиясына негізделген формада беру керек.

Педагогикалық ЖОО 5В011300 - биология мамандығы аясында ботаника пәнін оқыту үдерісінде студенттерде қалыптастырылу керек құзыреттіліктер осы сызба бойынша көрсетіледі:

- ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 1:өсімдіктерді туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролін түсіну қабілеті;

Білу мен түсіну деңгейінде: өсімдіктер туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролі жөніндегі студенттің білімін сипаттайды және тестілеу мен ауызша немесе жазбаша формада бағаланады.

Талдау, синтездеу деңгейі студенттің өсімдіктер туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролі жөніндегі мәселені талдауға, синтездеуге қабілеттілігін сипаттайды және студенттің өзіндік жеке зерттеу жұмыстары, жобалық тапсырмалар формасымен бағаланады

Қолдану және бағалау деңгейі: өсімдіктер туралы білімнің адамның күнделікті өміріндегі, оқушы тұлғасын дамыту мен кәсіби қызметке әзірлеудегі маңыздылығы мен ролі жөнінде берілген материалды студенттің пайдалана алуымен сипатталады және жобалық тапсырмаларды орындауы арқылы бағаланады.

Қазіргі уақытта ЖОО біршама тиімді оқыту технологиясның қатарына жобалауды ұсынатын және студенттің жеке білім алу маршрутын басқауға негізделген өз бетінше оқуды жатқызады.

Жобалау технологиясын пайдалануда басты назар алға қойған міндеттерді жеке қарастыру негізінде оқу мақсатына жету тәсілдеріне аударылады. Өз кезегінде, проблемалы оқыту әдісін зерттеушілер белгісіздік жағдайды, студенттің жеке тұлғалық қасиеті мен ақыл-ой мүмкіндігінің арасындағы сол мәселе жөніндегі шешуді талап ететін қарама-қайшылықтың нәтижесі деп қарастырады.

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – 2: өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері жөніндегі білімдерді, түсініктерді меңгеруі және оны тәжірибеде пайдалана алуға қабілеттілігі.

Білу мен түсіну деңгейі студенттің өсімдіктер морфологиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері, оны тәжірибеде пайдалану жолдары жөніндегі білімдерін, түсініктерін білдіреді және тест және ауызша немесе жазбаша формада бағаланады.

Талдау және синтездеу деңгейі өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері, оны тәжірибеде пайдалану жолдары жөнінде студенттің талдап, синтездей алу қабілетімен сипатталады және жобалық тапсырмалар немесе жеке өзіндік жұмыстар формасымен бағаланады.

Қолдану және бағалау деңгейі өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу, сипаттау әдістері жөніндегі білімдерді, түсініктер және оны тәжірибеде пайдалана алуға оларды бағалауға қабілеттілігі студенттің осы аталған әрекеттерді меңгеруімен сипатталады және жобалық, жеке өзінідік зерттеу жұмыстарымен және тапсырмаларымен бағаланады.

Ботаникалық білім беру аясында қалыптастырылатын құзыреттіліктер құрылымын және құрама бөлшектерін таладу нәтижесі төмендегі кестеде беріледі.

Кесте 1. Бакалаврдың ботаника пәні бойынша құзыреттіліктерінің құрылымы

Құзыреттілік деңгейлері

Танымдық құрама бөлшек-

білу мен түсіну (Блум бойынша)

Іс-әрекеттік құрама бөлшек- жинақтау мен қолдану (Блум бойынша)

Мотивациялық құрама бөлшек- білу мен түсіну (Блум бойынша)

Тұлғалық құрама бөлшек- бағлау, талдау және бағалау

(Блум бойынша)

Таныстырушылық

Базалық

Тереңдетілген

Шығармашы-лық

Өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістері жөніндегі білімі

Өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы аясында зерттеу жүргізе алуы және білетіндерін кәсіби қызметінде қолдана алу біліктілігі мен дағдысы

Өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістерін меңгерудің қажеттілігі бойынша құныдықтары, ұстанымдары

Өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы, систематикасы және өсімдіктерді зерттеу әдістері жөніндегі білімдерін тереңдетуге және оны өзінің кәсіби қызметінде тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін жобалау, болжау және жоспарлаудағы жеке тұлғалық біліктілігі, қасиеті

Педагогикалық жоғары оқу орында ботаника курсын оқыту нәтижесінде студенттерде қалыптастырылуы керек құзыреттіліктердің ... кестеде берілген құрылымы қандай да бір құзыреттілікке қатысты белгілі бір логикалық тұрғыдан аяқталатын оқу пәні бөлімдерінің жиынтығын құрайтын ботаника пәні бойынша оқу модулін жобалаудың негізін құрайды және оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы мазмұынында бейнеленеді.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» - 27.07 2007- № 319- ШЗ РК заңы.
  2. Ағымды үлгерімін бақылауды, білім алушының аралық және қорытынды аттестациялауын жүргізу ережесі (ҚР БжҒМ 18.03.2008 ж. №125 бұйрығы, өзгерістері және толықтыруларымен 1.11.2010 ж. №506, 16.03.2011ж. № 94 бұйрықтары).
  3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру стандарты 5.04.033 – 2011. Магистратура.
  4. ҚР МЖМБС 7.09.058 – 2008, 6М011300-Биология мамандығы. Магистратура.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, ботаник.

Похожие статьи

Бионика как связь природы и техники | Статья в журнале...

В 70-х гг. 19 в. ботаник М. Я. Шлейден (1804–1881 гг.) и биолог Т. Шванн (1810–1882 гг.) создали клеточную теорию строения растительных и животных организмов.

Прошлое и настоящее Банка генетических ресурсов растений...

Рассмотрена история создания Национального банка генетических ресурсов растений Украины как составной части мировой системы генбанков.

Применение лишайника Parmelia vagans как источника...

Сущность лишайников впервые описал в 1867 г. немецкий ботаник Симон Швенденер [1, с. 379]. Сейчас известно более 20000 лишайников.

Быть или не быть «Борщелэнду»

Летом прошлого года мне на глаза попалась статья в газете «Московский комсомолец» от 16.08.2017 «Добро пожаловать в Борщелэнд!».

Этимология названий лекарственных растений | Статья в журнале...

Например, чемерице Лобеля (Veratrum lobelianum) дал название французский ботаник Шарль Плюмье в честь фламандского ботаника Маттиаса де Л’Обе́ля...

Сопоставительный анализ единиц русского и китайского...

кукукнутый, чокнутый»; «达人(dá rén)1) просвещённый (знающий, умный, опытный) человек;2) высокоидейный человек»; «学霸(xué bà): отличник, усердный ученик, ботаник» и пр. «傻吊(shǎ...

Межпредметные связи школьного курса биологии

3. Тепловые процессы: терморегуляция в организме человека и её нарушения, энергетический обмен и его нарушения

Хлопковая продукция Туркменистана и мировой рынок

Потом целый ряд ботаников занимался упорядочиванием разновидностей хлопчатника в ботаническую классификацию [6,7]. По классификации агронома-селекционера Г. С...

Интенсификация кормопроизводства в условиях Северо-Западного...

В институте разработан алгоритм с частными моделями технологии, позволяющий определять рациональные сроки уборки трав в зависимости от ботанического состава...

Анализ эндемиков флоры Туркменистана | Статья в журнале...

На основе обработки многочисленных научных источников и собственных многолетних материалов, проведен комплексный анализ эндемичных видов произрастающих на территории...

Задать вопрос