Түркі тілдес татар, башқұрт, ноғай, қазақ жырлары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Абилкасов Г. М., Сингатуллин И. Р., Галиуллин Э. Р., Хакимуллин Д. А., Яцковский И. Ю. Түркі тілдес татар, башқұрт, ноғай, қазақ жырлары // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 4-6. — URL https://moluch.ru/archive/150/42736/ (дата обращения: 17.12.2018).

Әр халықтың әдебиеті сол халықтың тарихымен бірге туып, бірге қалыптасып, дамиды. Түрлі себептермен ұзақ жылдар бойы туған әдебиетіміздің ерте кезеңі зерттелмей, оқылмай келгені мәлім. Сондықтан бүгінгі ұрпақ ғасырлар мұрасы—жырлар мен дастандарды, даналық кітаптарды өздәрежесінде білген жоқ. Халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, кейінгі жұртшылыққа танытуда ғалымдар еңбегі зор.

Өзге түркі тектес халықтардың әдебиеті тәріздес қазақ әдебиеті де қазіргі деңгейіне бірден жете қойған жоқ. Өте ерте кезде шыққан таңбалар, жазу-сызулар, өлең тіркестері, мақал- мәтелдер, ертегілер, аңыз әңгімелер халқымызды бейнелі ойға, шешендік өнерге жетеледі. Осы мұралар нәтижесінде әдебиет қалыптасты, толысты, жетілді [1, 177].

Түркі тілдес халықтар әдебиетінің тарихы бәріне ортақ ертедегі көне жазу-сызулардан, әдеби нұсқалардан, жеке ақын шығармаларынан басталады. Тегі бір, түрі бір татар, башқұрт,ноғай,ұйғыр, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, әзербайжан, хакас, алтай халықтары өз әдебиетінің тарихын ұлт болып қалыптасқан шақтан емес, бірге жүріп тіршілік еткен бәрімізге ортақдәуірден бастайды. Түркі тілдес халықтардың 15-ғасырға дейінгі жасалған әдеби шығармалары, ақын-жазушылары, мәдениет ескерткіштері бәріне де ортақ болып, олардың ертедегі әдебиет тарихы бір болып келеді.

Еліміз егемендік алғаннан кейін әлемдегі сандаған елдермен түрлі саладағы байланыстар жасалып, қазақ халқының тәуелсіздігі мойындалып, еліміздің ұстанған бағыт-бағдарлары айқындалды.

Туысқан халықтардың жақындасуына қолайлы нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл мәселеде түркі тілдес татар,башқұрт,ноғай, қазақ халықтарының бір-бірімен байланысы, достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастардың орнығуына ғылым мен өнер барынша ықпал етуі тиіс.Аталмыш мақаламызда татар, башқұрт,ноғай, қазақ жырларының жақындығы, туысқандық байланысы туралы сөз қозғаймыз.

Ежелден бай мәдениеті, өнері, салт-дәстүрлері мен жоралғылары қалыптасқан түркі тілдес бізге туысқан халықтардын бірі татар, башқұрт, ноғайлар. Қазақ пен татар, башқұрт, ноғай елдері ежелден қанаттас, қатарлас келеді. Тамырластық пен үндестік іздері тіптен мол, этностық жағынан да жақындығы бар. Халық ауыз әдебиетіндегі кейбір дүниелер тақырыптық тұрғыдан ұқсас. Бұл үрдіс қай кезеңде де сабақты жіптей үзілмей кележатыр.

Татар халқының жазба әдебиеті көне дәуірлерден басталды. Татар халқының ауыз әдебиеті тұрмыс-салтқа байланысты туған өлең-жырларға бай болып келеді. Сондай-ақ ертегінің сан алуан түрлері, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, мақал-мәтелдер, т.б татар көркем сөз өнерінің алтын қорынан кең орын алған.Татар, башқұрт,ноғай халықтарының ауыз әдебиетімен танысқан әрбір қазақ оқырманы өз ана тілінде оқығандай әсерге бөленеріне күмән жоқ. «Алыпмәншән» («Алпамыс»), «Урак белән Мамай» (Орақ — Мамай»), «Кузы Көрпә бәлән Баянсылу» (Қозы Көрпеш — Баян сұлу»), «Камбәр» («Қамбар батыр»), тағы сол сияқты көптеген ортақ жыр, дастандарымыз да біздің тілі де, діні де бір туысқан екендігімізді айғақтай түседі. Қандас екі халықтың ғасырлар қатпарынан жеткен өрнекті сөздерін де ортақ рухани мұрамыз деп қарастырудың еш ағаттығы жоқ. Ғасырлар асуын асып, бізге жеткен даналықсөздер — өшпес мұра [1, 178].

Башқұртстан мәдениеті дәстүрлі ұлттық мәдениет арнасында қалыптасты. Ежелден іргесі ажырамаған тұрмысында, тілінде, салт-санасында ұқсастықтар көп қазақ пен башқұрт туысқан халықтар болғандықтан, Алтын Орда, Ноғай ордасыкезеңдерінен қалған батырлар мен билер туралы көптеген жыр-дастандар екі халыққа да ортақ. Ауыз әдебиетінде ерекше жетілген жанр — қобайыр (қазақтың толғауына жақын). «Ақбоз ат», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Кусак бей», «Кунгур бұқа» секілді эпикалық жырлар башқұрт тарихының әр түрлі кезеңдерін бейнелейді. Терме жанры да жақсы дамыған. «Салауат», «Орал» сияқты тарихи жырлары, башқұрт әдебиетінің көптеген нұсқалары ауызша айтылып, қолжазба түрінде тараған.

Бұдан бес ғасыр бұрын іргесі ажырамай, бір орда астында бір жұртты жайлап, кейін тарихи себептермен бөлініп кеткен ноғай, қазақ халыктарына ортақ рухани жәдігерліктер көп. Мәселен, Асан қайғы, Доспамбет, Қазтуған, Шалгез жыраулардың жыр- толғаулары да, «Едіге», «Ер Шора», «Қарасай-Қази», «Орақ- Мамай» сықылды желілі эпостар да аталған екі халыққа ортақ мұралар мақал-мәтелдерінен де жақсы байқалады.

Жыр-(көне түркі тілінде -иыр) - 1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі «иыр» сөзі де қазіргі «поэзия» терминінің мағынасында қолданылған [2, 238]. Бұл атау дәл осы мағынада қазіргі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, т.б. түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады; 2) тар мағынада -қазақ халық поэзиясындағы 7 -8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостық жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, т.б. түгел дерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С.Торайғыров, т.б.) орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп тұрақтануы -жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелгі замандардағы жыр өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халқының толғауларында, ноғай халқының йырларында, башқұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақталған. Тармақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін жетеді. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да кездеседі. Поэзияның басқа өлшемдеріндегі өлең жолдары тұтаса келіп, шумақ құраса, Жыр тармақтары тирада түрінде шоғырланады. Тарихи генетик. тұрғыдан тирада үлгісі шумақтан бұрын қалыптасқан. Демек жыр өрнегі өзге өлшемдерге қарағанда әлдеқайда ерте туған. Жырдағы тирада үлгісіндегі тармақ пен ұйқас мөлшері және олардың арақатынасы қатаң сақталмай, жиі өзгеріп, құбылып тұрады. Дәл осы қарапайым ерекшелікке көпке дейін ғыл. мән берілмегендіктен, Жырда басқа өлшемдегідей егіз, кезектес, шалыс ұйқас түрлері болады деп есептелініп келді, олардың жалпы саны 10-ға дейін жеткізілді. Мұндағы басты қателік тирада ішіндегі ырғақтық үзілістерді шумаққа теңгеруден туған еді. Кейінгі арнайы зерттеулер Ж-дың тармағы мен ұйқасы тирада пішініне ғана тән заңдылықтарға негізделіп түзілетінін айқын дәлелдеп берді. Жырдың ұйқасы дара ұйқас (монорифма) және аралас ұйқас (полирифма) болып бөлінеді. Аралас ұйқас негізгі ұйқас пен қосымша ұйқастардан тұрады.

Қазақхалқының ел қорғаған ерлер туралы шығарған батырлық жырлары ұшан-теңіз. Ел ішіне кеңінен танылған «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар», «Ер Тарғын», «Ер Көкше» батырлар жырлары бірнеше нұсқалы. Бұл жырлардағы бас қаһарманның мақсаты — Отанын жаудан қорғау, елін шапқан басқыншыларды қуып, туған жерін жаудан тазарту. Бұл жырлардағы батырлардың бәріне тән ортак қасиет: өжеттік, ерлік, адалдық, әділдік, қиындыққа төзгіштік, уәдеге беріктік, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік және жеңімпаздык. Халықөзінін қамқоры ретінде бұл батырларға табиғаттан тыс қайрат беріп, асқан қаһарман ретінде суреттейді. Олардың мінген аттары да өте жүйрік болып келеді. Ал батырлардың дұшпандарын адам шошырлық, үрейлі етіп көрсетеді.

Батырлар жыры — ұзақайтылатын ерлік дастандары. Олардыжырлаубірнемесе бірнеше күнге созылады. Мысалы, атақты Мұрынжырау «Қырымныңқырықбатыры» дастанынотыз күн отырып жырлапты деген аңыз бар. Бұлдастандардыжыршы- жырауларбірінен-біріүйреніп, ғасырларбойы ел аралапайтыпкелген.Қазақхалкының «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», т.б. батырларжырлары — ұрпақтыерліккеүндегенжырлар. Туған әдебиетіміздің түп негізі көне дәуірге — түркі тайпалары әлі жеке-жеке халық боп жіктелмеген, ортақ мәдениет, ортақ мұра жасап жүрген кезеңге барып тіреледі.Ал туыстас түрік руларының біртобы қазақ деген атпен бөлініп, өз мемлекетін құруымен байланысты, XV ғасырдың орта шенінен бастап дербес, қазақ атымен аталатын әдебиет аренаға шығады.Ертеде өткен ақын-жыраулар шығармашылығы бірімен-бірі сабақтас екендігі, алдыңғы ұрпақтан соңғы ұрпақ үлгі алып, олардың жақсы жақтарын өрге бастырып отырғандығы байқалады.

Әдебиеттер:

  1. Нығмет Ж. Н. Қазақ тілі хрестоматиясы. Алматы. - «Білім» - 2003.
  2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. «Аруна» - 2005.
Основные термины (генерируются автоматически): татарин, тирада, пена, мена.

Похожие статьи

Образы Гуртга и Гарлыга в дастане «Кобланды Батыр» в роли...

Перечисленные дастаны были распространены у киргизов, башкир, каракалпаков, татар, казахов и других этнически родственных народов «Кобланды

Мать может понести от необычных вещей: глотка воды, пены с поверхности воды, слюны дервиша, волшебника или колдуна; от...

Описание некоторых аспектов в области хозяйства...

В результате А. Ф. Ребровым был описан общий взгляд на имение, в котором говорилось о том, что «было время (30 и более лет назад), когда деревня сия представляла вид торгового местечка, куда калмыки и татары пригоняли скот на продажу или для мены на хлеб.

Коммуникатив услуб ва унинг бошланғич холати | Молодой ученый

Монолог нутқининг яна бир хусусияти текислилигидир. Монолог ривожланган сари олдинги матндаги кўп нарсалар тушинарли бўлиб боради.

Шахснинг субъектга бўлган муносабати нутқда фойдаланишда: 1) “Мен” тарздаги ифодаси; 2) Ўзига нисбатан “Сен” олмошини ишлатиш

Қазіргі қазақ романдарындағы модернистік поэтика стилі

Модерндік қоршаулар мен тәжірибелер жағрапия мен этникалықтың, тап пен ұлттың, дін мен идеологияның барлық шекараларын бұзып өтеді; бұл тұрғыда модернити бүкіл

Реалистердің көпшілігі қолданған ішкі монолог бойынша ой заттық-құбылыстық фактыға негізделді.

К вопросу о лингвистических особенностях диалогической речи

Ключевые слова: диалогическая речь, иностранный язык, лингвистические особенности, коммуникативный процесс. В методике преподавания иностранного языка большое внимание уделяется обучению всем видам речевой деятельности.

Отравление ядовитыми растениями на отдыхе | Статья в журнале...

Отравление ядовитыми растениями на отдыхе. Чина посевная и другие виды чииы (Lathyrus). Чина относится к семейству бобовых. Токсичные вещества содержатся в семенах, которые употребляют в пищу.

Аймақтың дамуына әсер ететін факторлар мен ерекшеліктер

Соңғы уақытта бәсекеге қабілеттіліктің үкімет саясатымен басқарылатынын бекіту жоғары бағалануда: мақсаттылық, лоббизм, импорт пен субсидияны жеңілдету жапондық және оңтүстік кореялық автомобильдерді таратуға, болат құятын өнеркәсіпті, кеме құрылысын...

Влияние Востока на культуру и поэзию России | Статья в журнале...

Особенно широко это соприкосновение происходило в царствование Екатерины II, когда русский поэт Г.Р. Державин, в сознании которого роднилось русское и татарско-мусульманское бытие (часть его рода происходила из татар) и он в поэтическом «Видении Мурзы» обещал Екатерине

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос