Ұлы дала елінің ойындары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Камелхан, Ернур Калмаханбетулы. Ұлы дала елінің ойындары / Ернур Калмаханбетулы Камелхан, Адлет Дулатулы Экзеков, Д. В. Глушков, Д. А. Сахаров. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 25-27. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42673/ (дата обращения: 27.04.2024).

Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады. Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде болды. Кеңес дәуірі кезіндегі ғалымдардың дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.

Сонан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық ойындары, садақ ату, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.Маккей: «бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды», – дейді. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марю Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген «Қызбөрі» ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен яғни таптық қатынаспен бірге туғандығы жайлы ескертеді. Мәселен, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыста дамыған: аң аулау, таяқ жүгірту, садақ ату, қақпатас ойындары болды дедік.

Ұлы дала елінің текті ұрпағы қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, балаларын ұлттық дәстүрі мен ойындарына, мәдениеті мен өнерге жастайынан баулып оң тәрбие бере білген.

Адамзатбойындағы түрлі қасиеттер, тектік (генетикалық) қорға ғана емес, оның тәрбиесінің нәтижесінде сомдалып шығады. Тербиелеудің жолдары, әдіс-тәсілдері әрбір ұлттың наным-сеніміне, болмысты түсінуіне, дүниетанымына тікелей байланысты болады. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бepi сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті ...тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» – деген болатын қазақтың ұлы ақыны, педагогика оқулығының авторы Мағжан Жұмабаев.

Аталмыш мақаламызда ұлы дала елінің ұлттық ойындарына кеңінен тоқталып өтеміз.

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық ойыны. М. Әуезов бастаған Абай өмірін зерттеушілер ақынның тоғызқұмалақты аса құмарта шебер ойнағанын жазады. Абайдың үзеңгілес жолдасы, ақындық жолда шәкірті болған Көкбай Жанатаев оның ән-күй, сауық-кештерімен қатар тоғызқұмалақ, дойбы ойындарын да демалыстың, көңіл көтерудің бір түрі санағанын айта келіп: «Тобықтыда бес-алты ойыншы шықты. Солар: Көрпебай, Құттықожа, Қуаттың Құдайбердісі, Нақыштың Смағұлы дегеңдер еді. Абай осыларды кезек-кезек алғызып, кейде бәрін бір уақытта жиып, көп күндер бас алмай ойнап жатады. Артынан ойын тарқап, әлгі кісілер қайтатын болғанда, дәулеті аз нашарларына соғымдық тай, тайынша, қой, киім сияқты нәрселер беріп қайтарады...» – деп жазды. Жидебайдағы осындай бір тоғызқұмалақ, дойбы жарысы туралы Қарауылдағы Абай музейінің бұрынғы шырақшысы Ниязбек Алдамжаров та «Жұлдыз» журналының 1992 жылғы 1 санында жарияланған материалдарында аса құнды мағлұматтар береді.

Абай төңірегіне ақын, әнші, күйші, әңгіме-ертегіші, сал-серілермен қатар тоғызқұмалақшы, дойбышылар да жиі жиналған. Ақын үшін тоғызқұмалақ шығармашылық шабыттан сәл тыныс алудың, көңіл бөлудің бір түрі сияқты. Ол тоғызқұмалақты кім болса сонымен ойнамай, шебер ойыншыларды ғана таңдаған. Сол шеберлер ойынын жалпы жұрт қызықтайтын жүйелі жарысқа айналдыра білген. Ойын барысында әзіл-оспақ, әңгіме, бірқақпай жыр қақтығыстарында да ерік беріп, жиналған жұрт өнер-білім хақында, ел мен жер тарихына, ата шежіресіне байланысты біраз дерек алып қалатын болған. Ойынға қатысқандар үшін ресми болмаса да бәйге белгіленген. Оның шеберлерге арнайы жасатқан тоғызқұмалақ жабдықтары әрқашан да сайлы тұрған.

Тобық тығу – аттан жығылса да, салттан жығылмаған қазақ халқындағы серттесіп ойнаудың бір түрі. Оны ересек адамдар да, жігіт пен қыз да ойнаған. Тобық тығып, бағалы сыйлыққа серттескен.Егер тобықты тауып бере алмай қалса, уәде бойынша келіскен нәрсесін беруі тиіс. Егер тауып берсе, оған келісілген затты береді. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бірсөзділікке тәрбиелейді.

Яғни тобық ойыны – адамдардың уәдеге беріктігін, жауапкершілік сезімін, уәде-сертке адалдығын сынайтын ойындардың бірі. Ол көбінесе алыс-жақын адамдар өзара бас қосып, қой-қозы, лақ сойып ет жеп отырғанда ойналады. Онда тобық ойнауды ниет еткен адам өзімен дәмдес болып отырған біреуді ұнатып, оның адамгершілігі мен азаматтығын, уәде, сертте тұратын, тұрмайтындығын сынағысы келсе, әбден мұжылған тобыққа кейін айырбастап жібермес үшін белгі салып, беріп жатып: «бармағыңның асты­нан немесе алақаныңнан аламын, осыны айтқан жерімнен айтқан заматта алып бере алсаң, уәдеге беріктігің үшін бір ат немесе бір алтын сақина беремін, ал сен айтқан жерімнен алып бере алмасаң, не бересің?» деп отырған адамдардың алдында бәстесіп, серттеседі. Сөйтіп, өте елеусіз кезде немесе тосын кездескенде ойда жоқта тобығын сұрайды. Сонда тобықты алған адам тобықты айтқан жерінен алып берсе, тобық берген адам ұтылады, ал ол айтқан жерінен алып бере алмаса, тобық сақтаушы ұтылады.

Қысқасы, тобық ойыны өте сақ болуды керек етеді. Өйткені, қай уақытта, қай жерде болсын, тобықты сақтаған жақ оны бәс тігіскен кісіге көрсетуі қажет. Ешқайсысы жаңылмаса, ұмытпаса әрі сақ болса, ойын созыла береді, сөйтіп, бірін-бірі жаңылдырып, қапыда қалдырғанша ойын тоқталмайды. Кейбір ойын шарты бойынша, екінші адам, сақтап жүрген жаннан тобықты араға жылдар салып үш мәрте ғана сұрауы керек. Егер, аманатқа алушы, сол сұраған сәттерде тобықты көрсететін болса, онда жеңгені. Керісінше көрсете алмай жоғалтып алса, не болмаса үйінде қалдырып кетсе, аманатқа қиянат жасаған болып жеңіліс табады.

Баяғыда әжелеріміз серттескен тобығын үнемі жанынан тастамай, бұрымы мен бірге өріп, сақтап жүрген екен. Тіпті тілінің астына салып сақтайтындар да болыпты.

Келесі сөз ететініміз ұлттық ойынымыз көкпар туралы болмақ:

Жазушы, этнограф ғалым, Ақселеу Сейдімбектің: «Көкпар – бұл қазақтың ұлттық ойыны, төл мұрасы, ойынның ең мықтысы. Бұған жүректі жігіттер ғана қатысқан. Көкпар ата-бабаларымыздың асыл аманаты. Ол біз барда бізбен бірге мәңгі жасасып, бірге дамып отырады»,- деп ой түйеді.

Жалпы, көкпар жаппай тарту, дода тарту деген екі түрге бөлінеді. Жаппай тартуда жеке адамдардың қол қайратын, тақым күшін, батылдығын, ептілігін толық көрсетуіне мүмкіндігі бар. Ойынға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, жаппай тарту деп аталуы да сондықтан. Мұнда әркім лақты өзі иемденуге тырысады. Дода тартуда топтар сайысады. Көкпар ойынының екі мыңжылдық тарихын төрт кезеңге бөлу дұрыс: Бірінші кезең дәуіріміздің VI-XVIII ғасырлары аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда, Қазақ хандығының даму тұсы XIII ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі.

Екінші кезеңі – Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы көкпардың дамуы. Толық XVIII-XIX ғасырлар мен XX ғасырдың басына дейінгі 217 жыл. Байтал түгіл бас қайғы болған заман.Үшінші кезең – Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан. Бұл екі кезеңде көкпарды аты сақталғанмен, айтарлықтай дамыды деп айта алмаймыз. Ең соңғы, төртінші кезең – бұл Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бүгінгі күнге дейінгі аралық. Ұлттық ойынымыздың жұлдызы жанып, айы оңынан туа бастаған кезеңі. Ұлттық ат спорты береке – бірліктің дәнекері, шеберліктің, шымырлықтың, салауатты өмір салтының мектебі екенін баса айтқанымыз дұрыс.

Әдебиеттер:

  1. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары «Қайнар», 1994. 3-бет.
  2. Абай. Энциклопедия. Алматы: «Атамұра». – 1995.
  3. Тәшенов Т. «Айкын» – газеті. Тобығымды тауып бер!.. 23.09.2015.
  4. Әбілқасов Ғ. М., Хасен М. Ә. Қазақ мәдениеті. (ҚарМТУ) Қарағанды. – 2008.
  5. Әбілқасов Ғ. М. Ұлттық тәрбие тағылымы.(ҚарМТУ) Қарағанды. – 2015.
  6. Сәдібек Түгел. Көкпар. Егемен Қазақстан 23.10.2013ж.
Основные термины (генерируются автоматически): VI-XVIII, XVIII-XIX, абай, бер, мена.

Похожие статьи

Татарская диаспора Восточно-Казахстанской области в XVIII-XIX вв.

Выбор периода для исследования – XVIII-XIX вв. был неслучайным, так как именно в это время происходит интенсивное формирование представителей татарской диаспоры на территории Восточного Казахстана.

Роль батыров в сохранении целостности Казахского государства...

Основным источником знаний европейцев в XVIIIXIX вв. служила нарративная литература, создавшаяся в рамках теоретических схем эволюционистов.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

Татарская диаспора Восточно-Казахстанской области в XVIII-XIX... Частью переселившихся в XV-XVI вв. из южных ханств Средней Азии, численно. Первые сведения о массовых миграциях татар на территорию Казахстана относятся к середине XVIII века.

Изучение исторического труда Муниса и Агахи «Фирдавсул-икбал»...

К концу XVIII века узбекская литература приобрела новые черты. Она уже не была. Но, IV и VI части этого цикла статей посвященные

произведение, Хорезм, событие, Бухарский эмират, Кокандское ханство, история Хорезма, Бухарское ханство, XVIII-XIX, время, Хивинское ханство.

Агулы | Статья в сборнике международной научной конференции

Ибрагимов И. Г.Агулы XVIII первая половина -XIX века. Махачкала, 2008.— 232 с. Булатова А. Г., Исламмагомедов А. И., Мазанаев Ш. А. Агулы в XIX — нач. ХХ вв: Историко-этнографическое исследование.

Из истории военного дела в Бухарском эмирате | Статья в журнале...

Все остальные воинские части, особенно в провинции, по обмундированию и выучке представляли собою беспорядочную толпу; существовали еще ружья конца XVIII в. или начала XIX в., заряжавшиеся с дула.

Развитие медицины на территории Узбекистана в период...

Салих ибн Мухааммад Кандахарий (конец XVIII начало XIX века) был родом из Герата, жил и занимался врачебной практикой в Бухаре в период правления эмира Шах-Мурада Маъсумий (1785–1800).

Народная одежда – одно из проявлений материальной культуры...

В данной статье отражаются традиции, связанные с этнической историей, социальными отношениями и некоторыми элементами идеологии (верования, эстетические нормы) [1, с. 3]. Костюм узбеков XVIII — первой половины XIX в. продолжал в основном сохранять формы...

История Кокандского ханства XVIII — I половины XIX века...

В частности, к XVIII — I половине XIX века Россия приобрела довольно длительный опыт общения с мусульманскими народами своих внутренних территорий — Нижнего Поволжья, Урала, Кавказа, Сибири. Российские дипломаты осуществляли постоянные посольские...

Задать вопрос