Бидай дақылы құрамындағы азоттың мөлшері және жинақталуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жуматаева, Ж. Б. Бидай дақылы құрамындағы азоттың мөлшері және жинақталуы / Ж. Б. Жуматаева, Болатбек Торебекулы Тауипбаев, Бекзат Талгатулы Зиятбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 17-19. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39695/ (дата обращения: 18.11.2024).



Мақалада жаздық бидай құрамындағы азот мөлшерінің өсу дәуірі кезеңдеріндегі өзгеруі және жинақталуы ерекшеліктері сипатталады.

Өсу дәуірінің әдепкі кезеңінде бидай баяу өседі, ал түптену кезеңінен бастап гүлдену фазасына дейін интенсивті өседі. Осы кезеңде тамыр жүйесі, бас сабақ пен жанама сабақтары тез өсіп, фотосинтез процесі күшейе түседі, осының әсерінен биомасса интенсивті құралады. Сонымен бірге, масақтың құралу процесі: масақшалар мен гүлдердің пайда болып, болашақ масақтың негізі қаланады, ал бұлар өнім структурасының негізгі элетенттері [1, 2].

Жаздық бидайдың қоректің элементтерге қажеттілігін анықтау үшін әртүрлі мөлшерде тыңайтқыш берілген нұсқаларда өсірілген бидай өсімдігі құрамындағы азот, фосфор, калий мөлшері әрбір фазалары бойынша анықталып, аталған элементтерден өсімдікте жинақталуы және пайдалану ерекшеліктері зерттелінді.

Тәжірибе 2016 жылы «Ы.Жақаев атындағы қазақтың күріш шаруашылығы ҒЗ» институтының Қарауылтөбе тәжірибе учаскесінде жүргізілді. Учаскенің топырағы – ескі суармалы, шалғанды-батпақты, карбонатты, гидроморфты. Топырақ құраушы жыныстары – қатпарлы шөгінділер. Тәжірибе жүргізу барысында белгілі әдістемелер [3], топырақты зерттеудің агрохимиялық әдістемелері [4] қолданылды. Пайдаланылған тыңайтқыштар: аммоний сульфаты, гранулделінген суперфосфат, хлорлы калий. Негізгі тәсілмен берілетін тыңайтқыштар (азот, фосфор, калий) тәжірибе схемасы бойынша көктемде себу алдында дискінің астына шашылып енгізілді, ал азот тыңайтқышының бір бөлігі үстеме қоректендіру ретінде берілді. Тұқым себу тар қатарлы әдіспен СЗ-3,6 сеялкасымен жүргізілді. Егісті күтіп баптау аймақта қолданылып жүрген агротехника шараларымен бірдей [5]. Зерттеу обьектілері – жаздық бидайдың WH-501 нөмері.

Бидайдың өсіп дамуы барысында оның вегетативтік массасында азот мөлшері біртіндеп азаяды (1-кесте). Мысалы, N120P60K30 нұсқасында вегетативтік массада азот мөлшері WH-501 нөмері 4,08%-дан 1,33%-ға дейін төмендеді. Мұндай заңдылықтар бұрыннан белгілі.

Кесте 1

Жаздық бидайдың вегетативтік массасы құрамындағы азот мөлшері (абсолюттік құрғақ затқа % есебімен)

Тәжірибе нұсқалары

Түптену

Сабақтану

Масақтану

Дәннің сүттену фазасы

Толық піскен кезде

WH-501 нөмері

  1. N0P0(бақылау)
  2. P60K30
  3. N90P60K30
  4. N120P60K30

3,03

3,06

3,77

4,08

2,33

2,26

2,74

2,89

1,62

1,63

1,91

2,01

1,21

1,24

1,42

1,35

1,27

1,09

1,23

1,33

Жаздық бидайдың түптену және сабақтану кезеңдерінде дақылдың вегетативтік (жапырақ, сабақ) құрамындағы азот мөлшері мен өнім деңгейі арасында, жоғары корреляциялық байланыс бар (2-кесте). Атап айтқанда, WH-501 нөмері бойынша бұл көрсеткіш түптену фазасында –r = 0,778, сабақтану кезеңінде –r = 0,652. Яғни , түптену және сабақтану кезеңдерінде бидай дақылын азотты қоректік элементімен қамтамасыз ету жоғары өнім алу кепілі. Осыған сәйкес, түптену кезеңінің басында үстеп қоректендіру берудің мәні үлкен.

Бидай өсімдігінде азоттың жинақталуы оның мүшелері құрамындағы азоттың концентрациясына және құрғақ биомассасының мөлшеріне (салмағына) байланысты. Егістікке азот тыңайтқышын беру бидай өсімдігі биомассасында азоттың жинақталуын күшейтті.

Кесте 2

Жаздық бидайдың вегетативтік массасы құрамындағы азот мөлшері мен дән өнімі арасындағы корреляциялық байланыс коэффициенті

Сорт атауы

Өсу дәуіріндегі кезеңдер

Корреляция коэффиценті (r)

WH-501 нөмері

Түптену

Сабақтану

Масақтану (жапырақ)

0,778

0,652

0,275

Біздің зерттеу нәтежилерімізге қарағанда масақтану кезеңінде бидай жапырағындағы азот мөлшері 0,9-1,5%. Осыған сәйкес, дәндегі азот мөлшерін көбейту үшін бидайдың масақтану фазасында үстеп қоректендіру беру керек сияқты. Ондай тәжірибе жүргізілді. Бірақ масақтану кезеңінде берілген үстеп қоректендіру бидай дәнінде белок мөлшерін арттырған жоқ. Мұның себебі, біздің пікірімізше, дағдарысты Арал өңірінде жаздық бидайдың масақтану – дән толысу фазалары маусым айының екінші жартысында, күн өте ыстық (38-43º), ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен, яғни құрғақ әрі ыстық кезеңге сәйкес келеді. Мұндай жағдайды, дәнде белок пен клейковинаның жинақталуы өте қолайсыз жағдайда өтеді. Яғни, жаздық бидай егісін масақтану кезеңінде үстеп қоректендіруді іс жүзіне асыру технологиялық тұрғыдан өте қиын, сонымен бірге бұл әдістеме экономикалық және экологиялық тұрғыдан өте қиын, сонымен бірге бұл әдістеме экономикалық және экологиялық тұрғыдан да тиімсіз.

Жаздық бидайдың құрғақ биомассасының құралуына және оның құрамындағы азот мөлшеріне қарағанда, өсімдікте азоттың жинақталуы түптену фазасынан бастап біртіндеп артып, ең жоғарғы деңгейі дәннің сүттену кезеңінде байқалады. Азот тыңайтқышы дозасының артуына сәйкес өсімдік денесінде азот көбірек жинақталады (3-кесте).

Кесте 3

Жаздық бидай өсімдігінің биомассасында азоттың жинақталуы (г/100 өсімдік)

Тәжірибе нұсқалары

Түптену

Сабақтану

Масақтану

Дәннің сұүттену фазасы

Толық піскен кезде

WH-501 нөмері

  1. N0P0(бақылау)
  2. P60K30
  3. N90P60K30
  4. N120P60K30

0,40

0,50

0,72

1,00

0,78

1,03

1,61

2,04

2,15

2,67

3,78

3,76

2,17

2,95

4,25

4,55

1,65

1,80

2,87

3,10

Дәннің сүттену кезеңінен кейін азот негізінен дәнде жинақталады, ал бидай толық піске кезде сабан құрамында азот аз болды.

Сонымен азот қоректік элементін жаздық бидай көктеп шыққаннан бастап дәннің сүттену соңына дейін қабылдап сіңіреді. Түптену кезеңінен бастап бидай интенсивті өсіп, фотосинтез процесі күшейе түседі. Осы кезеңде, дақылдың жылдам өсуін қамтамасыз ету үшін азотты көп қажет етеді, яғни түптену фазасының басында азот (N30) тыңайтқышымен үстеп қоректендіру жоғары әрі сапалы өнім алу кепілі [6,7].

Әдебиет:

  1. Куперман Ф.М. Морфофизиология растений – Москва: Высшая школа, 1977. - С. 288.
  2. Полимбетова Ф.А., Мамонов Л.К. Физиология яровой пшеницы в Казахстане. -Алма-Ата: Наука, 1980. - С. 288.
  3. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. – Москва: Колос, 1985. - С. 416.
  4. Агрохимические методы исследования почв. – Москва: Наука, 1975. - С. 656 .
  5. Рекомендации по система ведения селького хозяйства (Кызылординская область). - Алма-Ата: Кайнар, 2000.
  6. Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов А.М., Шермағанбетов К., Сағындықова А.С. Морфофизиологические основы формирования яровой пшеницы в условиях Приаралья // Вестник науки Акмолинского аграрного университета им. С.Сейфуллина. – 2001. - № 1. - С. 65-69.
Основные термины (генерируются автоматически): азот, Москва, Алма-Ата, яровая пшеница.


Задать вопрос