Библиографическое описание:

Есиркепов Ж. М., Зулпыхаров Х. Ш. Дене тәрбиесінде халықтық педагогиканың көріністері // Молодой ученый. — 2015. — №7.2. — С. 44-45.

Әр ұл пен халықтар өздерінің тіліне, дініне, дәстүріне, тіпті сол халықтардың мекендеген этникалық өмір сүру, орналасу жағдайларына байланысты мыңдаған жылдар бойы адам бойына тән асыл мұра, ізгі қасиеттерді, өнерді, өнегелікті өз бойларына жинақтай отырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа аңыз әңгімелер, аталы сөздар, түрлі өнер көріністері арқылы жеткізіп отырған.

Өкінішке орай кеңес өкіметіндегі өмір сүру кезеңінде бұл көріністер көмескіленіп кетті. Әр ұлттың өзіне тән ұлттық бояу тұрғысынан насихатталмады. Ұлттардың тілі, салт-дәстүрлері, тәрбиесі мен өміріндегі өрнектері тоқыру деңгейіне дейін жетті.

Ал, қазіргі демократиялық саясат дәуірінде әр ұлттар өздерінің тарих беттерін қайта парақтап өз халқына тән тәрбиені, салт-дәстүрді, ұмытқан тілді қайта жаңғыртуға мүмкіндік алып отыр. Ұлттық педагогика қазақ халқының өмір салтына өз алдына жеке дара оқшауланып дараланбаған. Оның есесіне кіндік қаны қазақ топырағына тамған әрбір қазақ өз жұртының төрінде өмір сүрген, тәрбие мен тәлімге сөз құдіретін шебер пайдалана білген, тіл, өнер зергерлерінің палуан тұлғалы батыр бабалардың бойында тұнып тұрған ерлікті, ақыл-алғырлықты, өнегелікті, парасаттылықты айналып өте қоймас. Ата-баба дәстүрінен әрқашан үлкенге – ізеттіліктің, ілтипаттылықтың, кішіге – өнегеліліктің нышанын байқаймыз.

Қазақ халқының лексикондық сөз құрамы жөнінде дүние жүзі елдерінің алдыңғы қатарында. Тиісінше өмір сүру дәстүрлерініің құрылымы да әр алуан болып келеді. Оның үстіне жер көлеміне бірнеше Батыс елдері сиып кететін географиялық (республика территроиясы) көлемінде халықтардың этникалық (өңір аралық) орналасу жағдайлары да қазақ халқының тілі мен дәстүрінің, өнері мен тәрбиесінің түрлендіріліп көрсетіліп жүргізулеріне жан-жақты мүмкіндіктер бар.

Қазірге дейін (тұсау кесу, сүндет той, келін түсіру, қыз ұзату, ас беру, т.б.) қазақтың «аударыспақ», «қыз қуу», «теңге алу», «аламан бәйге», «жаяу жарыс», «көкпар», «палуан күрес», «бүркіт салу», сияқты ойындары өткізіліп келеді [1].

Бұл ойындарда алды атан түйе, ат бәйгелерін ұсынып отырған. Бір ерекшелігі ойын-сауықтарға қатысып тамашалау жөнінде, жас ерекшелігіне шектеу болмаған. Тұсау жібін кескен баладан, ақ сақалды қарияға дейін ойын-сайықты тамашалауға түгел қатысып отырған. Жастар жағы үлкендердің өнеріне қайран қалып тамсанып, солардай болуға еліктесе, кішілер жағы алғырлығымен апайтөс алыптарды аттарынан аударып түсіріп тәнті еткен.

Міне, осы ұлан ғасыр қазақтың ұлы даласындағы өтілген әртүрлі деңгейдегі той думандарға қатыса жүріп, ондағы алған әсерлерін жадында жырдай сақтай жүріп, «Мен қазақпын» деген әрбір балаң жігіт сол той туман додасынан өзін ешқашан шеттеткен емес, ұлты қазақ бабаларымыздың өткен тарихы, дәстүрі, салты, үні, шері, мұң-зары, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген өнегесі, өнері, тәрбиесі деп қабылдаған абзал.

Ұлттық тәрбиенің, ұлттық педагогиканың негізгі мазмұн мағынасын да осы тұстардан іздестірген дұрыс-ақ.

Қазақ халқы ,асырлар бойы өмір сүріп өткен өз тұрмысының мазмұны, мағынасы тұрғысында кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге боларлықтай көптеген нақыл, мәтел, тапқырлық сөздерді жинақтап, тұжырымдап кейінгілерге жеткізіп отырған.

Олардың логикалық, философиялық мазмұны қазақ халқының болмысын, тұрмыстық жағдайын, мінез-құлқын, рухани байлығын, ұлды-қызды тәрбиелеуге, өнерлі-өнегелі болуға, мінез-құлыққа, туыстық-сыйластыққа, жақсы мен жаманды айыра білуге саяды.

Бұрынғы КСРО мемлекеттінде АҚШ-тағыдай адамдар қатынасы институты болмаған кезде адам тәрбиелеу мәселесі тек коммунистік идеология прниципі негізіне жинақтаған ұлттық бояумен өрнектелген тәрбие құралы жоғалып кетті. Тіпті діннен, тілінен айырылған ұлттар да бар. Мектептердегі тәрбие негізінен орыс халқының үздік педагогтары А.С.макаренко, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский еңбектері тұрғысында насихатталды. Ол үшін көп оқу сағаттары да жоспарланды. Керісінше, Әл-Фараби, Қорқыт Ата, Асан қайғы, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Базар жырау, Мұхтар Әуезов, Махамбет Өтемісұлы, Шәкәрім Құдайбердиев, Сәбит Мұханов, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы сынды т.б. қазақ топырағынан түлеп шыққан ағартушы-ғалымдардыңхалықтық педагогикаға арналған шығармалары назардан тыс қалды.

Қазақ ғалымдарының кейбір еңбектеріндегі халықтық педагогиканың оқу бағдарламасындағы жүйесі оқушының тек нақты өмір сүру немесе өмір сүру дағдысына ерте кезеңнен емес, тек сынып, лабораториялық (кітаптан оқу, бірақ көзбен көрмеу, теориялық ұғым тұрғысында) жағдайда дәріс алумен шектеді. Әсіресе бұл қала оқушыларына тән құбылыс.

Мысалы: қала оқушылары үй жануарларының түр-түсін кітаптан, кинодан көргенімен нақтылы жағдайда олардың өмір сүру, өсіп жетілу үдерісінен бейхабар екенін байқаймыз немесе абстракты тұжырымда болды. Ал, осы жануарларды баптап бағу үшін де көптеген қол еңбегінің қалай жұмсалатынын біле бермейді. Тіпті, әр өңірдің өз ерекшелігіне байланысты өңіраралық этникалық орналасуы да кейбір оқушының еңбекке ерте араласып, айналада, ортада болып жатқан барлық тіршіліктерге саналық пайымдаумен өарауына мүмкіндік туғызатынын ескере берілмеді.  Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы мақта теру, күріш ору, жеміс жинау жұмыстарына мектеп оқушылары (әсіресе ауылдық мектеп оқушылары) ерте жастан араласады.

Жасөспірімдерді неғұрлым жас кезінен еңбектенуге баулып, сол арқылы дене тұлғасын қалыптастыруға, бұлшық ет, буын қозғалғыштарын дамытуға ықпал етіп қоршаған ортаның құдірет-күшін сезіну, пайымдау, дүниетанымын жетілдіруді қамтамасыз етуге болаады. Мұны Абай Құнанбаев жастарды еңбекке баулуға байланысты өлеңінде былай тұжырымдайды:

            «Түбінде баянды еңбек егін салған,

            Жасынан оқу оқып білім алған.

            Би болған, болыс болған өнер емес,

            Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған», - бұған қоса

талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой. Бес асыл іс көнсеңіз, - деген еді [2].

Қазақ халқының тарихында «Он үшінде отау иесі» атанғандар болғаны рас. Ал, он үшінде отау иесі болу оңай шаруа емес. Демек, ол ұл өзін отау иесі болғанға дейін асауды ауыздықтап, ересектермен үеңгі қағыстыра алатын, бойына жігер-қайрат, ақыл-парасат, өзгеге, өзіне де сын көзбен қарай алатын дәрежеде дайындауға әрекеттенген. Біз қазір күнделікті дене шынықтыру сабағында оқушыларға ана жаттығуды орында, жылдамдығың, шыдамдылығың, икемділігің, күшің дамиды, мына жаттығуды жасама – жүйкеңе жүктеме түседі деумен шектейміз. Оның үстіне ол жаттығуларды жас ерекшеліктеріне бөліп жіктеп қоямыз. Ойын түрлері де солай. Бұларды әртүрлі тәсілдермен жүйелейміз. Әрине, көп жылдар бойы ғылыми-тәжірибе негізінде сұрыпталған әдістерді ешкім жоққа шығармайды. Бірақ әрбір әдіс соңы және бірінші емес екенін де ұмытпау керек.

Еңбекке ерте араласқан оқушы кез-келген дене шынықтыру жаттығуларын ешбір қиындықсыз-ақ біз ұсынып жүктеме деңгейінен әлдеқайда жоғары қарқынмен, қайталау санымен, екпін ырғағымен жасай алады. Өйткені, онда бұлшық ет, буын, т.б. қимыл әрекеттері қарапайым еңбектену барысында дағды қалыптастыруға бейімделіп машықтанған. Бұл көрініс қимыл қозғалыстарына, еңбек әрекеттеріне неғұрлым жас кезеңнен ертерек қатысқан ауыл балаларының арасында кездеседі. Мұны спорт мектебіндегі шұғылданатын оқушылардың бірқатарының бірнеше жылдар бойы жаттығу жүктемесін өз дәрежесінде орындай алмай, керісінше сол спорт түрінде кешеңдеу келсе де еңбекке ерте араласқан баланың қимыл әрекетінің белсенді, шыдамдылық қасиетінің басымдау екенін байқаймыз.

Бұдан баланы (қыз балаларды) өзі атқара алатын еңбектің барлық түрлеріне неғұрлым жас кезінен бастап белсене қатыстыру керек деген тұжырым жасауға болады. Оның үстіне барлық адамдарды тек спорт пен дене шынықтыру арқылы өзін өмірге дайындауға, күшті, епті, шыдамды, икемді болып баулуға мүмкіндіктері бола бермейді.

Тума таланттың өзі де өмір сүру барысында 99 пайыз еңбектен тұратынын ескерсек, еңбектің  адамның мінез-құлқын қалыптастырып, дененің сау, іскер болуын қамтамасыз ететін, таптырмайтын құрал екенін байқаймыз.

Эмоционалдық тұрғыдан қарағанда белгілі қимыл дағдыларын, әрекеттерін, жаттығу, ойын жүктемелерін белгілі жастан, белгіленген жаттығу, ойын түрлерінен, топтармен, сыныптармен жүргізгенге дейін әрбір сәбидің, баланың өз бетінше немесе ересектердің (ұстаздардың) ықпалымен әртүрлі еңбек түрлеріне үнемі қатысып отырылуы керек. Қарапайым жағдайда (шартсыз белгіленген нұсқаумен емес) бала қимыл әрекеті өзінің физиологиялық мүмкіндігіне қарай өз ықтиярымен тиянақты атқаруға тырысады. Өз жұмысының нәтижесін көріп, көңіліне қуаныш сезімін ұялатады.

 

Әдебиет:

1.    Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1994.

2.    Құнанбаев А. Көптомдық шығармалары. 2 Том. – Алматы, 2009.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle