Педагогика ғылымында өзіндік зерттеу жұмыстарының алатын орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 08.04.2015

Статья просмотрена: 406 раз

Библиографическое описание:

Абдраманова, Г. Б. Педагогика ғылымында өзіндік зерттеу жұмыстарының алатын орны / Г. Б. Абдраманова, К. Б. Ажмолдаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 37-39. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17213/ (дата обращения: 26.04.2024).

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті»- делінген.

ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

 Қазіргі білім беру жүйесіндегі баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті [1].

Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады.

Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады [1, 2].

Жеке тұлғаның дамуында маңызды рөл атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру. Осыған орай өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты — оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс — пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдері арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушыларды терең ойлауға, ізденіске жетелейді.

Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады [3].

Білім берудегі ең басты қағида -оқушыларды үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып, өзін-өзі дамытуға жетелеу.

Оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып, жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдістемелік шеберлікті талап етеді. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыруда бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру қажет. Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, т.б. белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:

а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену);

ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т.б.)

б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, практикалық жұмыстар). Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу; шығармашылық жаттығулар, бақылау және т.б. [4, 5].

Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу т.б.) жатады. Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, пікір жазу, модельдер т.б.жатады. Репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады.

Төртінші топқа — мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады: қосымша әдебиеттерді оқуы, ғылыми үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласып, байқау, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, үгіт-насихат, көпшілік мәдени-ағарту, өлкетану жұмыстарымен шұғылдану т.б.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей талаптар қойылады:

1. Жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару.

2. Оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.

3. Оқушылардың дербестігін арттырып, өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.

4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған саяси-қоғамдық мәні бар материалдарды, хабарларды енгізу.

5. Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

6. Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу.

Биология пәні бойынша өзіндік жұмыстың түрлері көп болғанымен, оның оқушылардың бағыттылығын ұйымдастыруға бағытталған түрлерін, оны орындауға жұмсалатын уақытты және нәтижесін айқындайтын критерилерін саралаудың да өзіндік ерекшелігі бар.

Орта білім беретін мектептерде жеке өзіндік жұмыстың түрлері өте көп, олар: дәрістерге дайындық; практикалық, зертханалық жұмыстарға, эссе жазуға, пікірталас, бақылауға дайындық, рефераттарды орындауға дайындық.

Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс түрлерін әр түрлі тұрғыдан қарастырып, төмендегідей жіктейді: 1) ұйымдастыру түрлеріне қарай: ұжымдық, топтық, жеке-дара жұмыс; 2) мақсатқа бағытталу сипатына байланысты: теориялық және практикалық; 3) логикалық бағыттылығына байланысты: фактілерді бақылау және ұғымның белгілерін айрықшалау, құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтату; өз бетімен игерген оқу материалындағы ұғымдарды анықтату және игергендерді жинақтау; кейбір типтес құбылыстарды айрықшалау; фактілер арасындағы байланысты анықтату; 4) іс-әрекеттің сипаты бойынша: репродуктивті (қайталаушы), реконструктивті-вариативті, жартылай ізденісті және зерттеушілік (шығармашылық) өзіндік жұмыс; 5) танымдық үдерістегі қолдану орнына байланысты: жаңа білімді қабылдау және игеру үшін арналған; алынған білімнің негізіндегі өзіндік жұмыстар; бекітуге бағытталған; білімі мен білігін жүйелеп, жалпылауға бағытталған; қайталау мен білім, білік және дағдыны тексеруге арналған өзіндік жұмыс түрлері; 6) мұғалім ұйымдастыратын өзіндігінен зерттеу жұмыстарының өткізілу уақыты мен орнына, мұғалім тарапынан жасалынатын жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне бақылау жасау тәсілдеріне байланысты шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады: негізгі дәрістік сабақ (зертханалық жұмыс) үстінде жүргізілетін өзіндік жұмыстар; жоспар бойынша жүргізілетін кеңестер, шығармашылық байланыстар, оқу және шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын орындаудағы мектептен тыс оқушының өзіндік жұмыстары; 7) оқушының өз бетімен жұмыс істеу (дербестілік) деңгейіне қарай: еліктеу, жаттықтыру, шығармашылық, зерттеу өзіндік жұмыстары; 8) білім көздері мен мұғалімнің тарапынан бақылаудың дәрежесіне байланысты: оқулықтармен, оқу әдебиеттерімен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс; жаттығулар, шығарма және сипаттама беру, қадағалау және басқа да жұмыстар [6].

Бұл жұмыстарды бірнеше кезеңдерге бөліп жүргізуге болады.
            1. Тапсырма, кеңес алу және жұмыстың жоспарын жасау;

2. Тапсырма тақырыбына қатысты материалдарды жинау, әдебиеттерді оқу;

3. Материалды өңдеу;

4. Жұмыстың жоспарын нақтылау;

5. Пән бойынша өзіндік жұмысын қорғау.

Педагогикалық тұрғыдан өзіндік жұмыстар, танымдық белсенділік ұғымдарына берілген бірнеше анықтамалар бар. Танымдық белсенділік - білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғалық қасиет (Т.Ш.Шамова), танымдық белсенділік – дара тұлға өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен ұйымдастыруы және оны жаңа танымдық проблеманы шешу үшін қолдана білуі сияқты және адамның сапасы (И.Я. Лернер), танымдық белсенділік -мектеп оқушыларының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысы (Н.А.Половникова), өзіндік оқу жұмысы оқушының мәселені қойып, оны шешкенге дейінгі жеңілден күрделіге өту, өзін-өзі бақылау және түзету ізденісінің белгілі бір деңгейдегі дербес оқу әрекеті; өздігінен білім алу, танымдық қабілетті қалыптастырудың құралы болып табылады (педагогикалық сөздік). Өзіндік жұмыс оқу әрекетінің арнайы бір формасы. Оқушылардың күрделі әрекеттерінің бір түрі. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап, орындайтын жұмыстар жатады (Т.С.Сабыров). Өзіндік жұмыс – бұл оқытуды ұйымдастырудың формасы да емес, оқытудың әдісі де емес, ол оқушының алдына қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады (П.И. Пидкасистый), өзіндік жұмыс дегеніміз – мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезеңде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады (Б.П.Есипов) және т.б.

Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның танымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Оқушыларды өзіндік жұмыстарға баулу арқылы біз өз бетінше шешім қабылдай алатын, терең ойлайтын, тың пікірлер айта білетін жеке тұлғаны тәрбиелейміз.

 

Әдебиет:

1.      Катубаев Н. «Шығармашылық жұмысқа баулу» /Оқушылардың танымдық ізденісін арттыру // Қазақстан мектебі. – 2002. - №4. - 60–61 бб.

2.      Қожамқұлова Б.Е. Физиканы оқытуда дидактикалық материалдар жүйесі арқылы оқушылардың өзіндік жұмыстарының тиімділігін арттыру: автореферат. - Алматы. 1996. – 200 б.

3.      Елубаев А.О. Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі // Дарын. - 2009. - №5. - 112-116 бб.

4.      Мизамбаева Р. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту // Қазақ тарихы. - 2005. - №4. – 52-56 бб.

5.      Сыздықова М. Оқушы – ізденісі // Биология, география және химия. - 2002. - №3. – 61-62 бб.

6.      Дабысова.Ж.Ж. Орта мектепте оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі оқу- әдістемелік нұсқаулық. – Ақтау, 2011. – 35 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос