Күріш ауыспалы егісінде әртараптану дақылдарын орналастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Күріш ауыспалы егісінде әртараптану дақылдарын орналастыру / А. М. Токтамысов, Л. М. Шыганбаева, А. А. Демесинова [и др.]. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 65-68. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16669/ (дата обращения: 26.04.2024).

Қызылорда облысы жағдайында күріш ауыспалы егісінде негізінен жоңышқа, түйежоңышқа және бүркеме дақыл ретінде әртараптану дақылдары егіледі. Ал күріш егісі көлемінің қысқаруына байланысты дәнді дақылдардың жалпы өнімінде сақтандыру дақылдары ретінде, тары, сұлы, арпа, жүгері, сорго секілді дақылдардың да маңызы зор. Майлы дақылдар және әртараптандыру дақылдары ретінде қытай бұршағы, рапс, мақсары секілді дақылдар да назар аударарлық дақылдарға жатады. Алайда Қазақстандық Арал өңірі жағдайында бұл дақылдардың жаңа әдістер қолданып өсіру технологиялары осы кезге дейін толық зерттелмеген. Біз рапс соя және арпа әртараптандыру дақылдарының күріш ауыспалы егісінде жалға егіп өсіру технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу жөнінде зерттеу жұмыстарымен айналыстық.

Сырдың төменгі ағысында суармалы егісті көп түрлі дақылдар құрайды, Олар дәнді дақылдар (күздік және жаздық бидай, арпа, тары, жүгері, күріш), көкөніс, бақша, картоп, техникалық дақылдар (қызылша, күнбағыс, сафлор), мал азықтық дақылдар (сүрлемдік жүгері, жоңышқа, малжемдік бақша, тамыржемістілер, судан шөбі). Егістің құрылымындағы дақылдардың агротехникасы, суару режимі, биологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Олардың өнімі де әр түрлі және азық-түлік балансында әрқайсының өзіндік орны бөлек, әрі қажет. Сондықтан суармалы егістің құрылымы көпсалалы. Аталмыш дақылдардың агротехникасын ғылыми ұсыныстарға сәйкес қолданған жағдайда өнімі молаяды, жерді аздырмайды, экономиканы нығайтады. Сонымен бірге қоршаған ортаны құрайтын құрамдарының арасындағы тепе-теңдікті ешбір ахаусыз сақтауға болады.

Сол себепті күріштің егіс көлемі бақылаусыз көбейіп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, мал азықтық дақылдар егуге қолайлы құнары тәуір жерлердің көпшілігі күріштікке айналды. Ондаған мың гектар бұталы жиде — тоғайлардың орнына, шөбі қалың балауса шабындық пен жайылым жерлерге күріш егілді. Бірінші игерілген жылы табиғи құнаралық есебінен әр гектардан 30–35 центнерден өнім алынды.

Қызылорда облысының шағынды — сазды топырақты келетін солтүстік аудандарында (Жалағаш ауданында) 8 танапты, 7 танапты, 4 танапты ауыспалы егістерді қолданады. 7 танапты ауыспалы егістітерді қолданады. Бұл облыстын тақыр топырақты жерлерде үш жыл 8 немесе 7 танапта ауыспалы егіс қолданылады. 7 танапты ауыспалы егісті солтүстік, ал 8 танапты ауыспалы егісті оңтүстік аудандарға (Шиелі және Түгіскен өңірлері) қолдану тиімді. Жоңышқадан кейін үшінші жылы сидератты дақылдарды топыраққа жасыл тынайтқыш ретінде жер жыртумен бірге сіңіреді. Қызылорда облысының сортаң топырақты жерлерінде кей жағдайларда жоңышқаның зақымдалуы мүмкін, оны болдырмау үшін колекторлы — дренажды тораптарды қатаң бақылап, топырақтың екінші рет тұздануына жол бермеу қажет.

Күріш ауыспалы егісінде суды аз тұтынатын, топырақ құнарлығын көтеретін арпа,рапс және соя дақылдарын егу қолға алынған. Осыған сәйкес кезінде көп жерге күріш егілген сол ауыспалы егістерде күріштің үлес салмағы 62,5–50 пайыз болған. Осыған сәйкес мынадай жаңа ауыспалы егіс үлгілерін ұсынамыз.

1-кесте

Күріш ауыспалы егісінің жаңа үлгілері

8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері

7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері

I-үлгі

IІ-үлгі

IІІ-үлгі

1. Дәнді дақылдар+жоңышқа

1. Дәнді дақылдар+жоңышқа

1. Дәнді дақылдар+жоңышқа

2. Екінші жылғы жоңышқа

2. Екінші жылғы жоңышқа

2. Екінші жылғы жоңышқа

3. Үшінші жылғы жоңышқа

3. Үшінші жылғы жоңышқа

3.Үшінші жылғы жоңышқа

4. Күріш

4. Күріш

4. Күріш

5. Күріш

5. Күріш

5. Күріш

6. Арпа

6. Рапс

6. Соя

7. Күріш

7. Күріш

7. Күріш

8. Күріш

Күріштің үлесі 37,5 %

Күріштің үлесі 42,9 %

Күріштің үлесі 50 %

 

Қазір таңда ауыспалы егістегі күріштің үлес салмағын 42,9 -37,5пайызға түсіріп оның орнына арпа, рапс және соя дақылдарын орналастырған жөн. Бұл Қызылорда облысындағы су тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі су тапшылығының кезінде мұның маңызы орасан зор болып тұр. Кейінгі жылдары Қызылорда облысында су тапшылығы белең алуына байланысты экология-шаруашылық тұрғыдан үлкен қиындық болып тұр. Мысалы, 2000 жылы Шардара су қоймасынан 7,6 км3 cу жіберіледі деген жоба болған еді, бірақ ол орындалмады. Сонан Қызылорда облысы өзіне климит бойынша тиесілі судың 81 %-ін ғана алды. Су тапшылығының қиындығын атырау басында орналасқан Жаңақорған мен Шиелі аудандары көбірек көрді.

Көпжылдық шөптердің бүркемелі дақылдары: ерте егілетін дәнді дақылдар: бидай (күздік, жаздық), арпа, рапс және соя, ал техникалық дақылдардан — мақсары (оны тек жоңышқаны бүркемелеп егуге болады).

Арпа күріш егілген атыз топырағының табиғи ылғалдылығын үнемді әрі тиімді пайдаланатын және жоғары өнім беретін, сонымен қатар басқа дінді дақылдармен салыстырғанда құрғақшылыққа және сортаң жерлерге төзімді дақыл екенін көрсетті. Арпа егісі дала фитосанитары ретінде арамшөптердің қаптап өсуіне мүмкіндік бермейді. Ол алғашқы өсу дәуірінде өте жылдам интенсивті жағдайда өседі де, арамашөптерде қажетті қорек ылғал және күн көзінен алатын жарық, жылу сияқты факторларды тежеу, шектеу арқылы оларды тұншықтырып тастайды. Арпа көпжылдық шөптерге бүркеме дақыл ретінде аса қолайлы. Себебі арпа өсімдігі өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде жылдам өсіп топырақ бетіне көлеңке түсіріп, тұзданудан сақтайды да көпжылдық шөптердің жас өскіндерінің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсу дәуірінің қысқы болуына байланысты арпа ерте жиналады, ал көпжылдық шөптерді күзге дейін тағы бір рет орып алуға болады.

Арпа — аса бағалы азықтық, жемшөптік дақыл, бірақ Қызылорда облысында кейінгі 25–30 жыл ішінде бұл дақыл өсірілген емес. Арал өңірінде арпа егісі көлемін ұлғайтып, дән өнімін арттырудың мәні төмендегідей.

1)      Қазіргі кезде Қызылорда облысында жылқы малының санын көбейткен жөн. Ауылдық жерлерде жылқы мініс, тасымалдау, бәйгеге жүйрік аттар, ет пен қымыз дайындау үшін керек. Яғни, арпа жем ретінде үлкен сұранысқа ие болып, егіншілер үшін үлкен табыс көзі болады.

2)      Арал өңірі тұрғындары арасында қан аздық (анемия) ауруы көбейіп келеді. Мұның алдын алу үшін адамдар жаздың аптап ыстығында арпа дәнінен дайындалған ашытпа ішсе, денсаулығына көп пайдалы болар еді. Ашытпа бүйректің, асқазанның жұмысын жақсартыды. Сонымен бірге азықтық арпа жармасы дайындалса, олда коммерциялық сұранымға ие болуы мүмкін.

3)      Сыра өндірісі үшін арпаның арнайы сыралық сорттарын өсіріп, шикізат ретінде пайдаланса, Қызылордада зауыт салып, сыра өндіруге болар еді.

Сондықтан арпа дақылының егісі көлемін ұлғайтып, өсіру технологиясын зерттеп, тұжырымдау жіне оны жетілдіріп, өндіріске енгізу — өзекті мәселелердің бірі. Агротехникалық шараларды уақытылы әрі сапалы жүргізіп, минералды тыңайтқыштар қолдану мөлшерін, мерзімін, енгізу әдістерін оңтайландыру нәтижесінде арпа егісінен мол өнім алуға болады

2. Соя-күріш ауыспалы егіс жүйесіне енгізу алғы дақылдар құрамын байытатын топырақтағы азот балансын жақсартады, ең негізгісі өсімдік ақуыздарын көбейтуге үлкен үлес қосады.Соя өзі басқа өсімдіктерге жақсы алғы дақыл, өйткені тамырындағы түйнектік бактериялар арқылы гектарына 45–110 кг азот жинай алады. Ал бұл гектарына 12–24 тонна көң енгізгенмен бірдей.

Культиваторлау жұмысын бірнеше қайтара жүргізудің аса үлкен пайдасына қарамастан, арамшөптер толық жойыла қоймайды. Себебі арамшөптердің дәні көктемде ғана өнбейді, ол бүкіл жаз бойы өсе береді. Сояның себер алдында және сеуіп болғаннан кейін жүргізілген культиваторлау жұмысы арамшөпті жойып ғана қоймай, соя өсімдіктері тамырындағы түйнек бактерияларының көбеюіне үлкен әсерін тигізеді.

Ауыспалы егістердің ерекшелігі — барлығында дерлік міндетті түрде жоңышқа егіліп, үш жылдай ұсталады. Жоңышқа арқылы танаптардың құнарлылығы көтеріледі,арам шөптер азаяды. Келесі егілетін дақылдардың аурулары мен зиянкестерден қорғау жеңілдейді. Жоңышқа 2–3 жыл бойы өте сіңімді, протеин мол, барлық мал сүйсіне жейтін пішен береді. Жоңышқа дақылы жоғарғы сапалы мал азығы болумен қатар оның егін шаруашылығында алатын агротехникалық орны ерекше. Әсіресе Қызылорда облысы жағдайында жоңышқасыз ауыспалы егістің тиімділігін арттыру мүмкін емес. Жоңышқа егісінен кейін топырақ құнарлығы артады және физикалық қасиеттері жоғарылайды. Ол топыраққа судың сіңуін жақсартып, сортаңдану, процесін бәсеңдетеді. Жоңышқа тамырлары шіріген кезде топыраққа тік дрендер пайда болады, өсімдікке зиянды тұздардың, жоғарғы қабаттағы мөлшерін 30–36 процентке кемітеді. Сол сияқты ол жер асты суларын пайдалана отырып, оның деңгейін 1,5–2 м дейін төмендетеді. Бітік өскен жоңышқа арам шөптерді мейлінше тұншықтырып, егіс танаптарын таза ұстауға әсерін молынан тигізеді. Жоңышқаның осындай көп қаситтері егіншілік мәдениетін арттырып, басқа дақылдардан, әсіресе күріштен тұрақты мол өнім алуға нақтылы жол ашады.

Қазіргі экономикалық және экологиялық қиыншылықтар кезеңінде, тыңайтқыштың, гербицидтердің тапшылығына байланысты жоңышқа егісінің көлемін және оның өнімділігін көбейту негізгі шаралардың бірі болып табылады.           Ауыспалы егісті игеру үшін әрбір шаруашылықта оның ротациялық кестесі жасалады. Сөйтіп, күріш ауыспалы егісінің тиімділігін арттыруда, әсіресе жоңышқа егісінің агротехникасын дұрыс сақтау маңызды шара болып табылады.

3. Рапс

-        Рапс дақылынан ас және техникалық май өндіреді.

-        Рапс биотопливо өндірісінің негізгі шикізаты болып саналады.

-        Рапс тұзды, ылғалы көтеріліп кеткен жерлерде де жақсы өсе алады.

-        Рапс дақылынан құнды мал азығы дайындалады. Өсу дәуірінде екі рет орып, сүрлемге пайдалануға болады.

-        Рапс күрішке жақсы алғы дақыл бола алады.

2-кесте

8-танапты күріш ауыспалы егісінің айналым кестесі

Жылдар

Дақылдар

2002

Ж1

Ж2

Ж3

К

К

Д.Д

К

2006

Ж2

Ж3

К

К

Д.Д

К

Ж1

2007

Ж3

К

К

Д.Д

К

Ж1

Ж2

2008

К

К

Д.Д

К

Ж1

Ж2

Ж3

2009

К

Д.Д

К

Ж1

Ж2

Ж3

К

2010

Д.Д

К

Ж1

Ж2

Ж3

К

К

2011

К

Ж1

Ж2

Ж3

К

К

Д.Д

 

Ж1- жоңышқа бірінші жылғы

Ж2- жоңышқа екінші жылғы

Ж3-жоңышқа үшінші жылғы

К- күріш

К-күріш

Д.Д — дәстүрлі емес дақылдар

К-күріш

 Күріш ауыспалы егісінде бұрын егілмеген дақылдарға мақта, қант қызылшасы, мақсары, соя, дәнге арналған жүгері, күнбағыс, көкөніс дақылдары жатады.

Күріш ауыспалы егісінде әртараптандаыру дақылдарын орналастырудың негізгі ерекшелігі күріш өнімділігін жоғарлату, суды аз тұтынатын дақылдарды орналастыру. Арпа, соя және рапс дақылдарының ішінде соя дақылын еккен тиімді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.      Тохетова Л., Сариев Б., Шермагамбетов К., Кожабаев Ж. Диверсификационные культуры в условиях рисовых систем Казахстанского Приаралья. Алматы, 2008

2.      Жанзақов М.М Өсімдік шаруашылығы. Алматы, Атамұра корпорациясы 2007

3.      Можаев Н., Әрінов К., т.б. Өсімдік шаруашылығы. –Ақмола, 1996

Основные термины (генерируются автоматически): арпа, рапс, соя, суд аз.


Похожие статьи

Экономическая эффективность выращивания сои в современных...

В проекте разработаны технологические карты возделывания сои, на основе которых были определены материально-денежные затраты (табл. 1).

В мировом производстве растительных масел доля подсолнечника занимает чуть больше 8 %, уступая первенство сое, рапсу...

Показатели качества рапсового масла, полученного в условиях...

Масложировая промышленность является ведущей отраслью в системе продовольственной индустрии агропромышленного комплекса нашей республики. Промышленность перерабатывает масличное сырье, такое как семена сои, горчицы, льна, подсолнечника, рапса и других культур...

Результаты выращивания сои в лесостепной зоне Тюменской...

Предшественником сои является рапс и яровая пшеница. В опытах используется сорт сои Эльдорадо (вторая репродукция, 2015 г.) селекции СибНИИСХоз. Площадь делянок – 20 каждая.

Проблемы при возделывании арахиса на юге России и пути их...

Оценка эффективности выращивания подсолнечника. В мировом производстве растительных масел доля подсолнечника занимает чуть больше 8 %, уступая первенство сое, рапсу, хлопчатнику и арахису.

Использование сои в пищевых и медицинских целях

Соя ‒ это древняя культура, родина которой Китай, где ее стали выращивать более 5 тыс. лет назад до н. э., откуда она распространилась в страны Южной и Юго-Восточной Азии. В Европу соя была завезена в XVIII веке, в США возделывается с XIX века...

Оценка эффективности выращивания подсолнечника

В России подсолнечник находится на еще более приоритетном месте, хотя он испытывает значительно возрастающую конкуренцию со стороны сои, рапса и масличного льна.

Влияние сроков посева и норм высева на продуктивность...

Рапс – культура больших потенциальных возможностей, хорошо приспособленная к условиям умеренного климата нашей страны.

Ключевые слова: Тюменская область, соя, схема посева, норма высева, урожайность, семена, зеленая масса. Введение.

Перспективное использование семян сои и продуктов ее...

Соя является уникальной сельскохозяйственной культурой, семена которой широко используются в пищевой и комбикормовой промышленности. Поэтому в 2003 г. Министерством сельского хозяйства России была принята отраслевая программа Российского соевого союза...

Похожие статьи

Экономическая эффективность выращивания сои в современных...

В проекте разработаны технологические карты возделывания сои, на основе которых были определены материально-денежные затраты (табл. 1).

В мировом производстве растительных масел доля подсолнечника занимает чуть больше 8 %, уступая первенство сое, рапсу...

Показатели качества рапсового масла, полученного в условиях...

Масложировая промышленность является ведущей отраслью в системе продовольственной индустрии агропромышленного комплекса нашей республики. Промышленность перерабатывает масличное сырье, такое как семена сои, горчицы, льна, подсолнечника, рапса и других культур...

Результаты выращивания сои в лесостепной зоне Тюменской...

Предшественником сои является рапс и яровая пшеница. В опытах используется сорт сои Эльдорадо (вторая репродукция, 2015 г.) селекции СибНИИСХоз. Площадь делянок – 20 каждая.

Проблемы при возделывании арахиса на юге России и пути их...

Оценка эффективности выращивания подсолнечника. В мировом производстве растительных масел доля подсолнечника занимает чуть больше 8 %, уступая первенство сое, рапсу, хлопчатнику и арахису.

Использование сои в пищевых и медицинских целях

Соя ‒ это древняя культура, родина которой Китай, где ее стали выращивать более 5 тыс. лет назад до н. э., откуда она распространилась в страны Южной и Юго-Восточной Азии. В Европу соя была завезена в XVIII веке, в США возделывается с XIX века...

Оценка эффективности выращивания подсолнечника

В России подсолнечник находится на еще более приоритетном месте, хотя он испытывает значительно возрастающую конкуренцию со стороны сои, рапса и масличного льна.

Влияние сроков посева и норм высева на продуктивность...

Рапс – культура больших потенциальных возможностей, хорошо приспособленная к условиям умеренного климата нашей страны.

Ключевые слова: Тюменская область, соя, схема посева, норма высева, урожайность, семена, зеленая масса. Введение.

Перспективное использование семян сои и продуктов ее...

Соя является уникальной сельскохозяйственной культурой, семена которой широко используются в пищевой и комбикормовой промышленности. Поэтому в 2003 г. Министерством сельского хозяйства России была принята отраслевая программа Российского соевого союза...

Задать вопрос