Библиографическое описание:

Таженова С. К. Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 105-107.

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді [1].

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтардағы Халыққа жол­дауында: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-ша­раларды жүзеге асырудың маңызы зор. Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен техноло­гияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын  шығаруға ұмтылуы [2].

Педагогикалық технологияға – В.П. Беспалько «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе» – деген анықтама берген. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі – қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту – тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек. Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді [3].

Қазіргі білім беру саласындағы проблема  - әлеуметтік - педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру - ұлы мұрат.

"Оқыту технологиясы” ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде, әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педагогика шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолданумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. ХХ ғасырдың 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады [4].

Жаңа педагогикалық технологиялар білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқытудың сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, білім алушылардың дамуына бақылау жасауға негізделген. Студенттер мен тыңдаушыларды ХХІ ғасырдың ақпараттық заманында еркін өмір сүруге, өмірде еркін бағдар алатындай және өзінің жеке ойы мен пікірі қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың алар орны ерекше.

Соңғы жылдары педагогикалық теорияда уақыт талабына сай жаңа терминдер, жаңа ұғымдар пайда болып, педагогика ғылымының басқа да пәндермен байланысын тағы да толықтырып отыр. Мысалы, ағарту саласында жиі қолданылып жүрген «инновация» (латынның innove – жаңа, жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама) терминінің өзі ауызекі тілдік айналымда ХҮІІІ ғасырдың өзінде пайда болса, ХІХ ғасырда ол ғылыми арнада кеңінен қолданыла бастаған. Соның бірі интерактивтік әдіс («Inter» - бұл өзара, «act» - әрекет, қарым-қатынас). Интерактивтік әдіс – бұл әңгіме, сұхбат және диалог режиміндегі өзара әрекет дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, тыңдаушының оқытушымен қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар, бір-бірімен болған қарым-қатынасын білдіреді. Интерактивтік сабақтағы мұғалімнің рөлі тыңдаушының білімді алудағы мақсатына түбегейлі жеткізу болып табылады.

Интерактивтік оқыту технологиясына жатады:

Ø  Жұптасып жұмыс істеу;

Ø  Шағын топтармен жұмыс;

Ø  Аяқталмаған сөйлем;

Ø  Есептеу ағашы  (Дерево решений);

Ø  Өз атынан сот  (Суд от своего имени);

Ø  Азаматтық тыңдау;

Ø  Рөлдік (іскерлік) ойын;

Ø  Өз позицияңды ұстан;

Ø  Дискуссия.

Интepбeлceндi оқуда (үйренуде) білім алушылар келесідей бiлім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қaбiлeттepдi дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- оқу барысында жеке басыньң құндыльқтары мен сезімдерін калыптастырып, белсенді өмірлік позиңия (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- ортақ жұмысқа жұмыла білу;

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;

- үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау.

Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады [4].

 

Әдебиет:

 

1.      Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы // Қ.М. – 2000. - 28 қазан.

2.      Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қ.М. – 2004. - №1.

3.      Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. – М.: «Педагогика», 1989. - 21-38 бет.

4.      Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. – Ақтөбе: РИПК: СО, 1999.

 

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle