Библиографическое описание:

Сарыбаев А. М., Сеилханов А. А. Авторлық құқықты қорғау бағытындағы үдерісті жаңғырту жолдары // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 68-70.

Тәуелсіз еліміз, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі шартына қосылуы туралы 2004 жылғы 16 сәуірдегі заңымен, Женевада 1996 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартына одан бөлек Стокгольмде 1967 жылы жасалған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын бекітетін конвенциясына, Бернде 1886 жылы қол қойылған, Парижде 1896 жылы толықтырылған, Берлинде 1908 жылы қайта қаралған, Бернде 1914 жылы толықтырылған және Римде 1928 жылы, Брюссельде 1948 жылы, Стокгольмде 1967 жылы және Парижде 1971 жылы қайта қаралған, Парижде 1979 жылы өзгертілген Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына, Парижде 1888 жылы жасалған, Стокгольмде 1967 жылы қайта қаралған Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына, Мадридте 1891 жылы жасалған, Стокгольмде 1967 жылы қайта қаралған Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне, Вашингтонда 1970 жылы жасалған және 1979 жылы, 1984 жылы қайта қаралған Патенттік кооперация туралы шартына, Женевада 1952 жылы жасалған Дүниежүзілік авторлық құқық туралы конвенциясына, Женевада 1971 жылы жасалған Фонограммаларды заңсыз қайта шығарудан фонограмма шығарушылардың мүдделерін қорғау туралы конвенциясына,  Женевада 1996 жылы жасалған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының орындаулар мен фонограммалар жөніндегі шартына қосыла отырып, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен  міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншік құқығын қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке меншігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында  авторлық құқық  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен, Женевада 1996 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Қазіргі таңдағы ақпараттық жүйелердің қарқынды дамуы мен бүкіл әлемде жаһандану саясаты жүргізіліп жатқанда «интернет жүйесі» әлемдік ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады. Мәліметтер мен ақпараттардың өлшеусіз ағылуы интернет жүйесіндегі авторлық құқықты қорғаудағы құқықтық реттеудің аса қажеттілігін көрсетіп отыр.  Көптеген елдерде зияткерлік меншік құқығы институттарының енді ғана дамуы халықаралық құқықтың басты мәселесі ретінде көрсетуге болады. Кез- келген адамның интернет жүйесіне кіруі арқылы кез –келген мәліметті алуы оның ішінде зияткерлік меншік болып табылатын меншікті алуы  зияткерлік меншік құқығының толықтай сақталуына қандай да бір органның  кепілдік бермейтінін көрсетуде.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 972 бабы мен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 7 баптарына сәйкес авторлық құқық объектiлерi болып табылатын  туындыларға мыналар жатқызылған:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарий туындылары;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;

7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; 

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) және өзге де туындылар.

Бүгінгі күнде сандық жүйемен электронды-компьютерлік желілердің қарқынды дамуы интернет жүйесінде  зияткерлік меншікті қорғаудың негізгі проблемаларының бірі болып отыр.   Кез келген зияткерлікке байланысты жұмыстың электронды түрде жасалатынын ескерсек және де ол жұмыстың авторы жұмысын көпшілкке жариялау үшін ең тиімді әдіс оны интернет жүйесіне жариялау болып табылады. Бірақ  жұмысты жариялай отырып  зияткерлік меншік иесі келесідей проблемалармен кездесуі мүмкін:

1. Зияткерлік меншікті кез келген адамның көшіріп алуының болатындығы.

2. Зияткерлік меншікті белгілі бір мақсаттарға қолданылуы.

3. Зияткерлік меншікті бақылауында ұстаудың мүмкін еместігі.

4. Қазіргі таңдағы заңнамада интернет - провайдерлерінің өздерінің қызмет көрсетіп отырған сайттарының заңсыз таратылған ақпараттары үшін жауапқа тарту механизімі қарастырылғанымен, бірақ олардың алдын алу және анықтау жолдарының қарастырылмағандығы.

5. Зияткерлік меншікті тиімді алу жолдарының жоқтығы.

6. Сонымен бірге құқық қорғау органдарының Қазақстандық сайттарға  ықпал ету шараларын қолданғанымен шет елдік сайттарда азаматтардың отыруын шектей алмайтындығында. Бұның өзі келесідей мәселе тудыруы мүмкін, яғни Қазақстандық сайттың белгілі бір шет елдік сайтқа ақпарат алу жолы туралы сілтеме жасауы. Көптеген серверлердің зияткелік меншік құқығы болып табылатын меншіктерге сілтемелік ақпарат бере отырып  сілтеме жасаудың авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтынын айтуы мүмкін.

Келесі мәселе,  зияткерлік меншік иесінің интернет жүйесінде меншігінің заңсыз таратылуына байланысты талап арызымен қозғалған істер келесідей проблемалармен жолығады:

1.    Қылмыс обьектісін анықтаудың мүмкін еместігі. Мыслаға Торрент –трекерлерде дәл бір ақпараттың өзі болмайды тек сол ақпаратқа сілтеме ғана тұрады, ал іс жүзінде сол сілтемеде дәл сол зияткерлік меншік құқығы болып табылатын ақпараттың бар екендігін дәлелдеудің қиындығы

2.    Құқық бұзушыны анықтаудың мүмкіндіктердің аздығы. Мысалға құқықбұзушыны анықтау үшін IP адресі керек ал ол бүгінгі сайттарда динамикалық түрде жүріп жатқандығы, яғни интернет жүйесіне кірген әрбір адамның жаңадан қосылған сайын өзгеруі.

Бұл жерде туындайтын мәселе Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 184 –бабында  және қылмыс құрамы болмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде қарастырылған 129- бабымен қарасытырлған жауапкершілкке  оны дәлелдеп жауапқа тарту қиынға соғады.

Жоғарыда айтылғандай, авторлық құқық бұзушылыққа байланысты әлемдік тәжірибелерін зерделей келе төмендегіде шараларды жүзеге асыру

1.    Авторлық құқықты қорғау туралы қоғамдық сананы бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы  қалыптастыру.

2.    Үкіметтік және үкіметтік емес органдар құру арқылы әлеуметтік жүйелердегі зияткерлік меншік құқығын қорғауды бақылау

3.    Қазіргі таңдағы интернет жүйесіне кіру және пайдалану төлемақысына өзгерту енгізу.

3.1     Ақпараттық (жаңалықтар, ауа-райы туралы ақпарат, т.б.) порталдарды пайдаланушыларға ең төменгі тарифтер орнату

3.2     Белгелі бір зияткерлік меншікті интернет жүйесінен көшіріп алушыларға немесе көруге, тыңдауға арналған лимитті, әрі бөлек –бөлек тарифтер орнату. Сол арқылы  провайдерлер зияткерлік меншік құқығы иесіне уәкілетті орган арқылы сыйақылар төлеп отыру.

4.    Мүдделі органдардың халықаралық бірлестіктермен бірге зияткерлік меншік құқығын қорғау және алдын алу  туралы шараларға қатысу.

5.    Сауда орындарының басшыларымен тығыз байланыс орната отырып бұқара халықты авторлық құқық обьектісі болып табылатын меншікті саудалаушыларды әшкерелейтін шаралар ұйымдастыру

5.1     Авторлық құқық бұзушыларды әшкере етуші тұлғаларға стимуляциялық шаралар, яғни сыйақы тағайындау мәселесін қарастыру

5.2      Кинотеатрларда кинофильмдерді көретпес бұрын авторлық құқықты бұзғңандығы үшін жазалар түрлері мен оны саудалаушыларды әшкерелегені үшін берілетін сыйақы туралы видеороликтер көрсету

Қорыта келгенде, еліміздің ғылым мен мәдениетінің дамуына орасан үлес қосатын Авторлық құқық пен зияткерлік меншік құқығын қорғауды ел болып қолға алып болашақ ұрпаққа саналы түрде түсіндіру еліміздің әлеуметтік –экономикалық өзгеруіне себеп бола отырып, Елбасымыздың дамыған елу елдің қатарына қосылу саясатына жетудің бірден бір жолы.

 

Әдебиет:

 

1.    Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы. - 10.06.1996.

2.    Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. - 16.07.1997.

3.    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі. - 30.01.2001.

4.    Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты - intellkaz.kz

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle