Библиографическое описание:

Жусупбекова М. К. ҚР Конституциясы – елдік қуатымыздың қайнары // Молодой ученый. — 2014. — №20.1. — С. 26-27.

30 тамыз манызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – ҚР Конституция күні. ҚР Конституция күні егемен Қазақстан үшін тарихи және саяси манызы бар ерекше мереке.

Әр бір өркениетті елдің өз Конституциясы болады, ол зандылық. Себебі, Конституция – елдің қоғамдық және экономикалық құрылымын, басқару нысаның және мемлекеттік құрылымын, тұлғаның құқықтық мәртебесін, билік пен басқару органдарының құзыретін, сот төрелігінің қайнар көздерімен ұйымдастыруын, сайлау жүйесін белгілейтін мемлекеттің негізгі заңы болып табылады [1].

Сондықтан, заманауи мемлекетке Конституция керек және оның мәні зор. Ең алдымен Конституцияда іс-әрекеттің бастапқы қағидалары мен мақсаты, ұйымдастыру негіздерімен қызметі, оның әдіс-тәсілдері көзделеді. Сонымен қатар, Конституция қоғамдық дамудың негізгі салаларында мемлекеттік реттеудің сипатын және шегін, мемлекетпен адам және азамат арасындағы өзара қатынастарды белгілейді. Ең бастысы Конституция адамның құқықтарымен бостандықтарын басты құндылық ретінде таниды, оның ар-ожданың қорғайды.

ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің негізгі Заңы – саяси манызы бар манызды тарихи құжат. Саяси маныздылығы еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігіне негізделген. Сонымен бірге, Конституция тұрақты іс-әрекет ететін, Қазақстанның құқықтық жұйесінің белсенді элементі болып табылатын заңды құжат.

Бұл құжаттың мәні өте зор. Біріншіден, ҚР Конституциясы біздің елдің әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуын қамтамасыз етті. Халықаралық қатынастарда біздің елді іскер және беделді әріптес ретінде қабылдайды.

Екіншіден, біздің Конституцияны халықтық деп есептеуге болады, өйткені оның авторы халық болып табылады. ҚР Конституциясы халықтың бірлігін белгіледі, ортақ тарихи тағдыры бар барлық ұлттарды Қазақстан жерінде біріктірді.

Ең алдымен Конституция қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және нығайтуға мүмкіндік берді. Өйткені, реформаның жүргізілуі, демократияның дамуы, жаңа ұрпақтың идеологиясының қалыптасуы, барлық азаматтардың өмір сүруге лайықты жағдайлар жасалуы қоғамдық тұрақтылықсыз мүмкін емес.

Осы тұрғыда айтып кету керек, Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері өмір суреді, сондықтан Конституцияда қоғамдық келісіммен саяси тұрақтылық сияқты негізгі қағидалар белгіленген. Көпұлттық мемлекет жағдайында азаматтардың тенділігі, бірлігі, азаматтық бейбітшілік өмір сүрудің негізі болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның негізгі жетістіктері – бейбітшілік және халықтар арасындағы келісім.

Үшіншіден, Конституция аясында елімізде манызды реформалар жүргізілді: нарықтық экономика құрылды, демократиялық елдің негіздері қаланды.

ҚР Конституциясының 30 бабына сәйкес Конституция азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға және конкурстық негізде тегін жоғарғы білім алуға кепілдік береді [1]. Осының көрінісі - жоғарғы білім беру саласында мемлекеттік қаржыландырудың мөлшері көбейтіліп отырады. Мысалы, 2014 жылдың 29 мамырында Мәскеу ұлттық технологиялық университеті Қызылорда қаласында қабылдау емтихандарын жүргізіп, 153 бітіруші түлектер бюджет негізінде 111 бітіруші бюджет емес негізінде оқуға қабылдады. Сонымен қатар, Санкт-Петербургтің мемлекеттік табиғи полимерлер технологиялық университеті қабылдау емтихандарын өткізді, соның аясында 137 қатысушылардың ішінен 41бітіруші мемлекеттік грантқа ие болды. Еліміздің басқа ЖООрындарында керекті мамандықтар бойынша Қызылорда облысы акімінің 300 гранты берілді [2].

Сонымен бірге, Елбасы өзінің 2009 жылғы Жолдауында елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында үш тілді дамыту жобасын ұсынған. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ағылшын тілі жахандық экономикаға ену тілі ретінде [3]. Осыған орай, 2012 жылы Қорқыт Ата таындағы ҚМУ-де көптілдік білім беру орталығы ашылған. Бұл орталықтың негізгі мақсаты үш тілді менгерген бәсекеге қабілетті жоғарғы дәрежелі маманды дайындау.

Төртіншіден, ҚР Конституциясы барлық құқықтық жүйенің негізі бола тұрып басқа заңдардың манызың белгілейді және Республиканың қалыпты дамуының фундаменті болып есептеледі.

ҚР Президентінің әр жылдардағы Жолдаулары да ҚР Конституциясы негізінде жасалады және ұзақмерзімді стратегияның кадамдық жүзеге асыру бағдарламасы болып табылады. Сол сияқты биылғы ҚР Президентінің «Қазақстан-2050. Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» атты Жолдауы да экономиканың және әлеуметтік саланың дамуына негізделген. Сонымен қатар бұл Жолдауда Елбасы Мәнгілік ел ұлттық идеясын белгіледі. Ол құжатта Елбасы «алға ұмтыла отырып, байлығымызда, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» - деп тұжырымдады [4]. Мәнғілік елдің қағидалары да ҚР Конституциясынан бастау алады. Олар: қазақстанның тәуелсіздігі; ұлттық бірлік, бейбітшілік және қоғамдағы келісім; зайырлы қоғам және жоғары имандылық; индустриализация және инновация негізінде экономикалық өсу; Жалпы Енбек Қоғамы; тарих, мәдениет және тіл бірлігі; ұлттық қаупсіздік және жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді шешуде жахандық қатысу.

Сонымен, ҚР Конституциясы мемлекеттің бірқалыпты дамуын қамтамасыз етті. Біздің көп ұлтты елде Конституция – ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, дің нанымы мен сенімділігіне қарамастан азаматтардың құқықтарының тенділігіне кепіл. Ал Қазақстан халқы биліктің бірден бір қайнар көзі.

Қорытындай келе, ҚР Конституциясы – біздің заңымыз, онымен біздің келешегіміз байланысты. Ал Республиканың ішкі саяси тұрақтылығы, оның экономикалық және саяси реформалар жүргізудегі жетістіктері Қазақстанға халықаралық денгейде белгілі орын алуға мүмкіндік берді.

 

Әдебиет:

 

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2014.

2.      Кызылординские выпускники получают образование в России. http://meta.kz/novosti/kazakhstan/.

3.      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы. - 2009 жыл. - 6 наурыз.

4.      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. - 2014 жыл. - 17 қаңтар.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle