Қорлар есебінің теориялық мағынасының алғы шарттары | Статья в журнале «Вопросы экономики и управления»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Оразбекова, А. О. Қорлар есебінің теориялық мағынасының алғы шарттары / А. О. Оразбекова. — Текст : непосредственный // Вопросы экономики и управления. — 2017. — № 1.1 (8.1). — С. 52-54. — URL: https://moluch.ru/th/5/archive/51/1752/ (дата обращения: 16.12.2024).



Материалдық есепті ұйымдастыру – есептік жұмыстың күрделі бөлімдерінің бірі. Өнеркәсіптік кәсіпорында материалдық құндылықтар номенклатурасы он мыңдаған атаулармен саналады, ал материалдық-өндірістік қорлар есебі бойынша ақпарат өндірісті басқару бойынша барлық ақпараттың 30% – ін құрайды. Сондықтан есепті ұйымдастыру және материалдық құндылықтарды сатып алуы, оның қозғалысы, сақталуы және қолдануы бойынша бақылау үлкен ауыртпалықтармен байланысты [1].

Қорлар – бұл активтер:

 қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;

 осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегі; немесе

 өндіріс үрдісінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер [2].

Бастапқы тану кезінде қорлар өзіндік құн бойынша бағаланады.

Бастапқы тануда қорлардың өзіндік құнына келесілер кіреді:

 жабдықтаушыларға төленген баға. Егер компания қорларды кейінге қалдыру шартымен алса, онда әдеттегі саудалық несие шарты бойынша сатып алу бағасы мен толенген сомма арасындағы айырма (өзгешелік) қаржыландыру кезеңі аралығындағы пайыздар бойынша шығындар болып танылады;

 импорттық баж салығы және басқа салықар (салық заңнамасына сәйкес төленетіндерден басқа);

 қорларды алумен тікелей байланысты транспорт шығындары, өңдеу және басқа да шығындар.

Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да ұқсас баптар сатып алулар бойынша шығыстарды анықтағанда шегеріледі.

Қорлардың өзіндік құнына қайта өңдеуге кететін шығындар қосылады:

 еңбек үшін төленетін тікелей шығыстар;

 шикізатты дайын өнімге қайта өңдеуге қажетті тұрақты және айнымалы өндірістік үстеме шығындарды жүйелі түрде бөлу;

Тұрақты өндірістік үстеме шығындарды қайта өңдеу шығыстарына бөлу қалыпты жағдайда кәсіпорын жұмысының өндірістік қуатына негізделеді.

Басқа шығыстар қорлардың өзіндік құнына олардың қазіргі кездегі орналасқан жері мен жағдайына жеткізілуімен байланысты болса қосылады.

Келесі шығындар қорлардың өзіндік құнына қосылмайды, олар тек ағымдағы шығындар құрамына қосылады:

 шикізаттың, жұмсалған еңбектің және басқа да өндірістік шығыстардың нормативтен артық жоғалтулары;

 кейбір өндірістік процестің келесі деңгейіне өту үшін қажетті сақтауға кеткен шығыстар(мысалы, ағашты кептіру немесе коньяк спиртін ұстау сияқты);

 әкімшілік үстеме шығындар;

 өткізу шығындары.

Қорлардың өзіндік құнын анықтау әдістері. ҚЕХС 2 «Қорлар» бойынша қорлардың өзіндік құнын есептеудің әр түрлі әдістерін қолдануға рұқсат береді [3].

Қорлардың өзіндік құнын анықтау үшін келесі есептеу әдістері қолданылады:

 Арнайы сәйкестендіру есептеу әдісі – өзара бір бірін алмастыра алмайтын (автомобиль, зергерлік бұйымдар, қымбат тондар және т.б.) және арнайы жобаларға арнап шығарылған тауарлар мен қызметтер сияқты ерекшелігі бар қорлардың өзіндік құнын анықтауға қолданылуы қажет.

Шикізаттың, материалдар мен дайн өнімнің көптеген түрлері жататын бірін бірі алмастыра алатын қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің келесі әдістері қолданылуы қажет:

 ФИФО әдісі (бірінші қабылданған – бірінші шығарылады). Бұл әдіс бойынша бірінші келіп түскен қорлар бірінші болып сатылады, соған сәйкес кезең соңында қалған Қорлар сатылған босалғыларға қарағанда кеш алынған болып табылады.

 Орташа салмақтандырылған құн әдісі. Орташа салмақтандырылған құн формуласы бойынша әр баптың құны қорлардың кезең басындағы орташа салмақтандырылған құнынан кезең аралығындағы сатып алынған немесе шығарылған қорлардың құнынан анықталады. Орташа мәні кезеңдік негізде немесе кәсіпорынның жағдайына байланысты әрбір қосымша топ (партия) алынғанда есептелінуі мүмкін.

Барлық ұқсас босақыларға және компанияның қолданылуы бойынша бірдей бағалау әдістері қолданылуы тиіс. Ал әр түрлі қорларға әр түрлі бағалау әдістерін қолдануға болады. Мысалы, сақтандыру қорын бағалау үшін басқа әдіс қолданылуы мүмкін.

ҚЕХС 2 «Қорлар» стандарты бойынша есеп беру күніне қорлар берілген екі мөлшердің ең кішісімен бағаланғанын талап етеді: өзіндік құн және өткізудің ықтимал таза құны.

Өзіндік құнды анықтамасына және оны қалай анықтау әдістеріне жоғарыда тоқталған болатынбыз.

Ал өткізудің ықтимал таза құнына келетін болсақ - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Кәсіпорындар өткізудің ықтимал таза құнын есептеуде келесілерді ескеру керек:

 есептеу кезіндегі қорларды сатуға болатын нарықтық бағалар; егер қорлар сату бойынша келісімшартты нақты бағамен орындауға тиіс болса, онда есептеу үшін осы келісімшартта қабылданған нақты бағалар қолданылады;

 әдеттегі тәжірибеде қалыптасқан немесе материалдар мен дайын өнімдерді өткізуге кететін мүмкін шығындар (есептеуде әкімшілік шығындар мөлшері ескерілмейді).

Қорлар көбінесе бап бойынша өткізудің ықтимал таза құнымен есептен шығарылады, бірақ кей жағдайларды оларды ұқсас бап бойынша топтастырған тиімді, мысалы, арналымы немесе соңғы тұтынуы бірдей бір ассортименттік қорлар, бір географиялық облыста шығарылып сатылатын қорлар [4].

Қорлардың жіктелімі негізінде өзіндік құн мен өткізудің ықтимал таза бағасын салыстыруға тыйым салады, мысылы, дайын өнім бойынша немесе нақты операциялық сегменттегі барлық қорлар.

Егер де шикізат пен басқа да материалдардан жасалған дайын өнім өзіндік құнымен немесе одан жоғары бағамен сатылған болса, онда шикізат және басқа да материалдардың құнсыздануы қорларда бейнеленбейді.

Қолда бар қорлардың қалдықтарынан артық белгіленген бағалар бойынша жеткізу шарттарын немесе белгіленген бағалар бойынша тауарлар сатып алуға шарттардың жасау нәтижесінде бағалау міндеттемелері туындауы мүмкін. Осындай бағалау міндеттемелері 37 «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер»(IAS) ҚЕХС-ына сәйкес қаралады.

бұндай жағдайларда келесі бухгалтерлік жазулар жүргізілуі мүмкін. Қорлардың кемуін көрсетілуі мүмкін немесе олардың бағасын тікелей кеміту арқылы:

Дт Қорлардың құнсыздануынан болған шығындар

Кт Қорлар

Қорлардың құнсыздануына резерв құру:

Дт Қорлардың құнсыздануынан болған шығындар

Кт Қорлардың құнсыздануына резерв

Қаржылық есептілігіндегі резерв сомасы түзету резервінің ережесі бойынша көрсетіледі, яғни қорларың құнын азайтады.

Әр кезеңнің соңында өткізудің ықтимал таза құнын бағалау қайта қарастырылады. Егер қорлардың бағасын өзіндік құннан төмендететін жағдайлар жоқ болса, ал қорлар әлі де жұмсалмаған болса, онда қорлардың бағасы төмендеген сомаға дейін бағалануы мүмкін. Бірақ өзіндік құннан жоғары бағалау кез келген жағдайда да мүмкін емес.

Кей жағдайларда компания Қорларды олардың өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға мәжбүр болады. Бұл жағдай келесілердің нәтижесінде болуы мүмкін:

 қорлардың бұзылуынан;

 қорлардың моральдық тозуынан;

 нарықтағы бағаның төмендеуінен;

 аяқтау немесе өткізу шығындарының артуынан. Мысалы, белгілі бір тауарды сатуға қымбат сертификаттау енгізілсе, ол сатудың шығынға ұшырауына әкеп соқтырады.

Сақтық принципіне сүйенсек активтер оларды сатудан немесе қолданудан күтілетін сомадан артық ескерілмеуі қажет.

Қорларды сатқаннан кейін оларды есептеген сомма міндетті түрде түсім танылғаннан кезеңде шығын ретінде танылуы тиіс.

Қорларды сату бойынша шығындарды таныған кезде келесі бухгалтерлік жазбалар жүргізіледі:

Сатып алушыға шот көрсетілді

Дт Алынуға тиісті шоттар

Кт Өнімді сату бойынша табыс

Өткізілген қорлардың өзіндік құны есептен шығарылды.

Дт Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Кт Қорлар

Қорлардың құнын өткізудің ықтимал таза құнына дейін ішінара есептен шығарудың шамасы және қорлардың барлық жоғалтулары (ысырабы) есептен шығару жүзеге асырылған немесе жоғалтулар пайда болуы кезеңіндегі шығыс ретінде танылуы тиіс.

Кейбір қорлар басқа активер шотына қатысты болуы мүмкін. Мысалы, негізгі құралдарды жасау барысында қолданылған материалдар негізгі құралдар құнына қосылады.

Негізгі құралдардың бастапқы құнына

Дт Негізгі құралдар

Кт Қорлар

Қорлардың өзіндік құны есептен шығарылды.

Дт Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Кт Қорлар

Қаржылық есептілікте есеп беретін кәсіпорындар қорлар бойынша міндетті түрде келесі ақпараттарды ашып көрсету керек:

 Қорларды бағалау үшін қабылданған есеп саясатын, сонымен қатар өзіндік құнды есептегенде қолданылған әдісті;

 Қорлардың жалпы баланстық құнын және ұйыммен қабылданған баптар бойынша жіктелімнің баланстық құнын көрсету. Қорлардың әдеттегі жіктеліміне: тауарлар, шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім жатады.

 Әділ құннан сатуға кеткен шығындардың айырмасы негізінде есептелген қорлардың баланстық құнын;

 Кезең аралығында шығын ретінде танылған қорлар сомасын;

 есептік кезеңде шығын ретінде танылған қорлардың құнының төмендеген сомасын;

 берілген кезеңде шығын ретінде танылған, қорлардың сомасының кемуіне әкелетін есептен шығарылған қорлар құнының қайта қалпына келтіру сомасын; сонымен қатар есептен шығарылған қорлардың қайта қалпына келтірген жағдайлар мен оқиғаларды;

 міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде салынған қорлардың баланстық құнын ашып көрсетуі тиіс.

Әдебиеттер:

  1. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: оқулық. – Қарағанды: Қарағанды полиграфиясы, 2009. 2-ші т. – 565 б.
  2. Нұрсейітов Е.О., Аударған: Акишев М.К. Ұйымдарғы бухгалтерлік есеп. Оқулық құралы. Алматы, 2012, 428 с.
  3. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. http://www.minfin.gov.kz/
  4. Ашимов А.Т. Учет товарно-материальных запасов (нормативная база)// Досье бухгалтера № 2 – Алматы, 2013. -№2.-С.7-9.
Основные термины (генерируются автоматически): немес, IAS, мена, таз.
Задать вопрос