Жеңістің туын көтерген жылдар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 15 раз

Библиографическое описание:

Жанибекова, Т. С. Жеңістің туын көтерген жылдар / Т. С. Жанибекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 13-14. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17627/ (дата обращения: 16.12.2024).

КСРО халқына төтеден шабуыл жасаған фашисттер аяқ астынан соғыс ашып, барлығын дүр сілкіндірген болатын. Қиын-қыстау кезеңдегі өмір сүрген адамдардың қандай жағдайда болғанын өздерінен артық ешкім түсіне қоймас.

1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы қаһарман совет халқы үшін тарихта бұрын-соңды болып көрмеген сын болды. Халықаралық империализмнің ең басты да қанқұмар қара күші – герман фашизмін талқандау үшін совет адамдары қолдан келгеннің бәрін істеді. Олар тылда «бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен күні – түні бірдей қажымай – талмай еңбек етсе, ал майданда «Отан үшін, бейбіт өмір үшін!» деген ұранмен теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Төрт жылғы қырғын соғыста тобықтан қан кеше жүріп, мыңдаған километр жаяу жүрді, көзге түрткісіз қараңғы түндерді сансыз рет кірпік қақпастан бастан кешірді. Ол күндердің өшрес даңқы деп совет халқы әділ айтқандай, ел басында ауыр күн туғанда таңғажайып ерлік көрсетіп, жанын пида еткен ардагерлердің есімдері елеусіз қалмады [1].

Көп ұлтты Совет елі еңбекшілерін идеялық – саяси тұрғыдан біріктіруде Коммунистік партияның халық бұқарасын басқарушы, бірден – бір ұйымдастырушы ретіндегі абырой – беделдің өсуі негізгі фактор болып табылды. 30 – жылдардың аяғында Советтер елі – ақын Егор Исаевтың бейнелі тілімен сөйлесек: «Жерімен жері ұштасқан , тілімен тілі достасқан халықтар» елі. Академик М.П. Кимнің тұжырымынша, бұл кезең тарихта тұңғыш рет социолистік ұлттар қауымдастығы – совет халқы қалыптаса бастаған кез [2].

Осы сұрапыл соғыс қанша адамның кәрі демей, жас демей бәрін өзімен бірге ала кеткен Ұлы Отан соғысы болатын. Дүние жүзі бойынша Кеңестер Одағы Ұлы Отан соғысында адам шығыны бойынша кеңестіктер бірінші орыннан ойып тұрып орын алды. 6,8 млн жауынгер тапты. 4,4 млн адам із-түссіз кетті. Жалпы, елде, еңбек армиясында қайтыс болғандармен бірге есептесек, бұл соғыста КСРО-ның демографиялық шығыны – 26,6 млн адам. Ал соғыстың негізгі ошағы болған Германия 6 млн 500 мың адамынан айырылады.

КСРО-ның демографиялық шығыны 26,6 миллион адам.Екінші дүние жүзілік соғыстағы Польшаның адам шығыны – 6 млн, АҚШ – 407 мың, Англияда – 370 мың, Қытайда -5 млн, Жапонияда - 2,5 млн, Францияда – 600 мың адам болды. Ал Қазақстан 602 939 адамынан айырылды. Оның ішінде, қазақ ұлтының шығыны - 356 мың адам. Әйткенмен, соңғы кезде адам шығыны 400 мыңдай деген деректер бар [3].

Дереккөздеріне сүйенсек түрлі мәліметтер алуға болады. Соғыс уақытысындағы халықтың басынан өткен жәйіттерін архивті ақтара отырып оқығанда көзге жас алмау мүмкін емес. Сол архив парақтарынан алынған мәліметтердің бірінде «Ставрополь, Георгтевскіде, Кисловодскіде, Ессентукиде, Минеральные Водыда, Железноводскіде және Тебердода істеген қылмысты әрекеттері, комиссияларының актыларымен, азап шеккендердің мәлімдемелерімен, куәгерлердің берген жауаптарымен, дәрігерлік экпорттардың қорытындыларымен, документтік материалдарымен анықталып отыр, мұны сонымен қатар, осы қалаларда және Ставрополь өлкесінің аудандарында сұрапыл жауыздық істелгендігі және советтің бейбіт азаматтарын жаппай қыру әрекетінің фактыларын өзі барып анықтаған Мемлекеттік Төтенше Коссияның мүшесі академик Алексей Толстов қуаттап отыр. Жергілік адамдар 1943 жылғы 22 июльде қатты жауыннан кейін Кисловодскі қаласынан маңындағы Кольцо тауы төңірегінде, Киров атындағы колхоздың маңында совет азаматтарынан атылған 26 адамның өлігін тауып алған.

Өліктерді қарағанда және сот-дәрігер қарарынан өткізгенде олардың арасында 2 еркек, 15 әйел және 2 мен 12 жастың арасындағы 9 баланың өлігі анықталды, 26 өліктің бәріне де қорлық көрсетіп, азаптаудың ізі табылды: аяқ – қолдарының сынғаны, бастарының мыжылғандығы анықталды.

Кольцо тауына таяу маңдағы тағы бір жарлауытты қарағанда, Кисловскден Первомайскі ауылына баратын жолдан 250 метр жерде – тереңдігі 10 метр, су бұзып кеткен көмбе бар екені анықталды, одан өлген адам денесінің түрлі мүшелері табылды.» [4]. Қаншама қолдау көрсетілген мақалалар мен өлеңдер сол бір сұрапыл жылдары баспада жарық көрді. «Ленин жолы» газетінің 1944 жылы 5 желтоқсанда №240 баспасында «Енді Қызыл Армия ақыры қорытынды міндетте қалып отыр. Ол, неміс – фашист армиясын талқандау ісін одақтастарымыздың армияларымен бірге аяқтап шығу, неміс фашист айуанды оның өз үңгірінде біржолата құрту және Берлин үстінде жеңіс туын тігу. (Сталин)» [5].

Соғыс басталғаннан бастап «Ленин жолы» газетінде «Совет информациясы» атты тақырыппен майданда қайдай жағдай болып жатқанын баяндап отырған. Бұл мақала күн сайын баспаға беріліп отырған. 1944 жылғы 21 қаңтарында шыққан мақалада: « Днепропетровскнің оңтүстік – батыс жағындағы бір учаскеде лейтенант Ткач басқарған мергендер командасы қыймыл жасауда. Оның командасында 22 жауынгер бар. Январьдың 10 – нан 18 – не дейінгі 8 күн ішінде мергендер немістің 216 солдаты мен офицерлерін қырды. Лейтенант Ткач, ефрейтор Абзалимов, қызыләскер Козявин осы уақыт ішінде әр қайсысы 15 немістен өлтірді. Кіші сержант Шарифуллин, қызыләскер Раджабов пен Жарқымбековтар 13 гитлершілді өлтірді» [6].

Кеңес Одағының Батыры – КСРО – да соғыс кезінде жасаған сөзсіз ерлігі немесе айрықша еңбегі үшін берілетін ең жоғары құрметті атақ. Ол бейбіт жағдайда өте сирек, аса ерекше ерлік жасағаны үшін ғана беріледі. Бұл атақты КСРО –ның Орталық Атқару Комитеті (ОАК) 1934 жылдың 16 сәуірінде тағайындаған.Алдымен оны грамотаға жазып, қол.а беретін болған. Одан, 1936 жылғы 29 шілдедегі қаулы бойынша атаққа қоса Ленин ордені берілетін болды. Бұл орден Кеңес Одағының Батыры атағы шыққанға дейін елдегі ең жоғары награда ретінде берілетін. Ол адамның сол жақ кеудесінде , басқа ордендердің бәрінен бірінші тұрады. Ленин ордені 1930 жылдың сәуір айынан бастап беріле бастаған.

КСРО Жоғары Кеңесінің 1939 жылы Жарлығымен Батыр атағын алғандарға кеудеге тағатын «Алтын медаль» қоса берілетін болды. Оның авторы атақты архивтер Мирон Мержанов.

Кеңес Одағының Батыры атағы ең бірінші болып 11 ұшқыш алды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандардың 92 пайыздық үлесі Ұлы Отан соғысы жылдарына тиеді. Бұл атақты майдандағы ерліктері үшін барлығы 11 мың 657 адам алған. Соның ішінде 3051 – іне қаза болғаннан кейін берілген. Осы батырлардың 90 – ны әйел, олардың да 49 – ына қаза болған соң берілген. Соның ішінде Әлия мен Мәншүк апаларымыз бар.

Соғыс жылдарында Батыр атағы 14 шетелдіктерге де берілген. Соның ішінде 4 – еуі француздың «Нормандия – Неман» авиаполкінің ұшқыштары. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО тарап кеткенше барлығы 12 776 адамға бұйырыпты. Осының ішінде екі рет алғандар саны 154 адам. Біздің Талғат Бигелдинов ағамыз осы санға енеді. Үш рет алғандар саны – 2. Хрущев пен Брежнев тұсында бұл аса құрметті атақ кей жағдайларда ойыншыққа айналып кете жаздағаны бар [7].

От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстай беруде. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек.

 

Әдебиет:

1.      Самұратов Ж. Оқ болып атылдық. - Алматы: Қазақстан, 1989. – 240 б.

2.      Кеңбейілов М. Ел мен ердің жеңісі. - Алматы: Қазақстан, 1985. – 256 б.

3.      КСРО-ның демографиялық шығыны 26,6 миллион адам // Жас Алаш. – №36. 7 мамыр 2010 ж.

4.      Неміс-фашист басқыншылар мен олардың сыбайластарының жауыздық істерін және ССРС азаматтарына, колхоздарына, қоғам ұйымдарына, мемлекеттік кәсіпорындары мен мемкемелеріне келтірген зиянын тексеріп, анықтайтын Мемлекеттік төтенше Комиссияның білдіруі // Ленин жолы. №3. 15 август 1943 ж.

5.      Қызыл Армия ақыры қорытынды міндетте қалып отыр // Ленин жолы. №240. 5 желтоқсан 1944 ж.

6.      Совет информациясынан. // Ленин жолы. №15. 21 январь 1944 ж.

7.      Кеңес Одағының Батыры атағы туралы не білеміз? // Егеменді Қазақстан. 9 мамыр 2014 ж.

Основные термины (генерируются автоматически): Батыр, Совет, бар, мена, оса, Ставрополь.


Задать вопрос