Әл-Фараби және әл-Машани | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 260 раз

Библиографическое описание:

Медетбаев, Тасбулат Сиезбайулы. Әл-Фараби және әл-Машани / Тасбулат Сиезбайулы Медетбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 58-60. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17591/ (дата обращения: 17.12.2024).

Әл-Фараби мен Абай әлем таныған хаким болды. Ақжан әл-Машанидің «Әл-Фараби және Абай » (1994 ж.) монографиясы шықты. Онда әл-Фараби мен Абайды тануда қазақ ғалымдарының бұрын бармаған тақырыптың бастамасы етіп, Шығыс Ренесансын екі хаким-дана арқылы оның бүкіл әлемдік мән мағынасын ашып көрсетті. Әл-Фараби геометрия, арифметика, астрономия, музыка төрт бірдей салада ұлы үлес қосқан, аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын. Аристотель, Птолемей сынды ғұламалардың өзіде музыканы жөнді меңгере алмағандығын өздері жазып кеткен. Әл-Фараби музыка ғылымын танытуда өзінің «Музыканың үлкен кітабы» («Китаб әл-мусика ал-кабир») арқылы теңдесі жоқ әлемдік мұра қалдырды. Яғни бүкіл әлемде оны, музыканың теориясын жасаушы, «Бірінші ұстаз», – деп атауға мүмкіндігіміз бар. Біздің ұсынатынымыз, Қазақстанда жоғарғы оқу орындарында әл-Фарабидің музыкасы оқытылса және оның әлемдік мәні бұрынғыданда арта түскен болады деп ойлаймыз.

«Біз-тегіміз түрік, дініміз-Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін Қасиетті кітап – Құран Кәрім насихаттауды естен шығармауымыз керек» [1. №9, 10-б.], - деп Елбасымызда Әл-Фарабимен Абайдың ғылым мен өнерді Құран Кәрімнен бастау алғанын көрегендікпен жеткізе білген.

Әл-Машани Құран Кәрімнің 80% -ы ғылым екендігін, ал 20 % -ы шариғат екендігін баса көрсеткен. Әл-Машани өзінің рухани көрегендігінің арқасында әл-Фараби мен Абай бабамыздың рухани (діни) мұрасын әлемге танытуда, Қазақстандағы бірегей ғұлама ғалым. Оған дәлел әл-Фараби мен Абай мұраларын зерттеу барысында, екі дананың Қазақстандық Ренесансстық дамуына қаншалықты үлес қосқандығын және екі ғұламаның әлем тарихында алатын орнын нақты айқындап көрсете білген. Данышпан әл-Фараби мен Абайда Мұхаммед пайғамбарымыз хадисінде айтқан: «Ғылым дамығанда, ислам да дамиды» деген пайғамбарлық сөзін, екеуіде көрегендікпен түсініп, іске асырған ғұламалар.

«Сонымен Қазақстан жерінде Абай заманында исламның екі түрлі ағымы майдандасқан деуге болады. Оның бірі әл-Фарабиден – Ұлықбектен- Маржаниден бағыт алған, ғақли-ислам, екіншісі- әл-Ғазалиден, Бақырғани, Софы Алдиярдан басталған нақли –ислам». Ғұлама әл-Машани айтқандай, «Қазақстанда Абай бағытында осы екеуі де сыңаржақ болмай, қатар ұстау жолы болған. Абай жолы нақли-ғақли исламның бас қосқаны немесе ғылымның ғаделет, ақыл, қайрат, жүректің бас қосқан жолы». [2, 91-б.]

Әл-Фарабидің туған жеріне оралғандығы Абаймен кездескендегі орны деп, Қазан ғалымдарының да оның ішінде әсіресе, Ш. Маржанидің Абайға көрсеткен жолы осы, - дейді А. Машани [3, 89-б.].

Ренесансс идеясын біз көбіне Аристотель оқуымен байланыстырамыз. Оның философиясы мен ғылымы ол кезде дін догмасына қарсы қойылған өрлеу бағыты болған. Бірақ араб жерінде IX-X ғасырлардың өзінде –ақ дін басылар билігі нығайып, Бағдат халифатынан басына Мұхтеди, Мұттахи сияқты фанатик патшалар келеді де, жағдай тез өзгереді. Оның аяғы ғылыммен мәдениетке тиімсіз болады. Олар Құраннан басқаның бәрін дінсіздік (ересь) деп, әл-Фараби ғана емес мүтазилла мен ардашиттердің (әл-Кинди) өзіне де жау болған. «Осы негізде Иран, Араб жерінде суфизм, ассасиндер қимылы туады. Суфизм өкілдері ресми дінді, оның өкілдерін әшкерелеп, құдайды догма емес, жүрекпен, әділдікпен тану керек деген ойды жақтап шығады. Бұл ағымның ХІІ ғасырдағы үлкен өкілі – Қожа Ахмет Яссауи және Сүлеймен Бақырғани. Бұл мәдени өрлеудің аяқталатын кезі-1469 жыл, яғни Ұлықбектің Қожа Ахрар қолынан мерт болатын кезі деп» [4, 86-б.], -атап көрсетеді профессор Ә. Қоңыратбаев.

Бірақ Ренесенс идеясы өзінің қуатын түгелдей жойған жоқ. Фараби, Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Ұлықбек, Науаи есемдері көп заман ел санасында философия мен поэзияда, математика, тарих, география ғылымдарында сақталады. Ренесанстық поэзия «жауыз» және «әділ» патшалар бейнесін шендестіруде көрінсе, ғылымда сәулет, қала өнері, сауда прогресті даму түрінде өмір сүреді.

Суфизм поэзиясында ежелден орын алып келе жатқан шарттылық рухындағы байланысты өз пікірін өткізудегі жамылғы ретінде шығыс классиктері сияқты емес, әл-Фараби оны өз еңбектерінде ерекше мәнде қолданды. Ол да кейбір ғашықтық сезімдерді жырлаған ғазелдерінде екі тұрғыдан пайдалануға жол береді: бірі өмірден туындайтын табиғи сүйіспеншілік сезімі де бұл-теологиялық әдебиетте мен санашыл философиядағы «бірінші сүю» әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары да жайындағы трактатта айтылған. Мұндай қыртысты, шартты ұғымдағы көркем-ой- сол дәуірдің жағдайына байланысты орын алды. Яғни оны уақыт демі тудырды. Поэзияда әл-Фараби философиялық /хикма/ лириканы негіздесе, ал Имам Ғазали эротикалылық лириканың ізін салды, оны Қожа Ахмет Иассауи де адамнның сүйіспеншілік сезімі бір тәңірге арналған махаббат, басқа еш нәрсе де емес деп сопылық махабатқа қарай бұрды. /Мысалы Имам Ғазали: «өз махабатынан, яғни құдайдан басқа ешкімді мойындамау, »-дейді/. Осы танымды Иассауи бастаған сопы ақындар «тазарған тәнмен иенді танисың» деген суфизмнің пәлсапасына сәйкес жырлауды дәстүр етті.

Хауасқа, оның әр түрлі мағынада қолдану жолына мешайон /препатетиктер/ мектебінің негізін салушы әл-Фарабиден бастап ойшылдардың бәрі де мән бере қараған.

Әл-Фараби өз заманында, мұсылман философиясы тарихында мешайон мектебін қалыптастырды. Мешайондар дәстүрі кейін Ә. Науаи шығармаларында жалғастырылады. Хауаси хамса заһари танымының күрделенген түрі-«асһи-жиһан» /Науайша таным теориясы/ атыммен дамытыла түсті. Бұл жайлы профессор Ғ. Сағди: «Науаи пікірінше, әрі мешайон мектебінше де адамзамат танымының алғашқы әрі негізгі шығар көзі-түйсік», сезім жайлы ұғымға шешуші мән берілгенін айтады. Бұл танымның түп төркіні Аристотельден басталса, соңыра ол әл-Фараби еңбектерінде пәрменді түрде дамытылады. Ол: «сезім арқылы қабылдай алмайтын адамдар білімнен де құр алақан», - деген даналық ойдың шығар көзінен хабар береді.

Абайдың шығыстағы әдебиет теориясы жайлы ілімдеріне таныстығы барлығын Абайтанудың белгілі зерттеушісі профессор Ғ. Сағди: «Мұсылмандық шығыста / әсіресе , араб әдебиетінде / көрініс берген өте бір – біріне қарама – қарсы болған» теориямен Науаи да, Абай да жақсы таныс болған... Екінші жағынан Ибн Халдунның «Ал Мухамадиясы» Абайдың өз кітапханасында болғаны мәлім», – деп, Абайдың шығыстық сөз өнері теориясымен кең таныстығы барлығын атап көрсетеді. Абай оқып таныс болған Науаидің «Мезонул абзан» /Уәзіндер өлшеуі/ Бабурдың «Ғаруз рисаласы», «Құтатғу білік», «Кабус-наме» шығармаларында өлең жүйесі ойлы пікірлер арнайы сөз болады.

Осы себептен де Абай: «Құмарланып жиған қазынамызды көбейтпек керек, бұл жанның тамағы еді», деп өз тарапынан арнайы түсінік те береді.

Абай дүниетанымы шешуші орынға тұратын ішкі, сыртқы сезімдер /хауас/ жайлы өзекті ойлар жемісі: «Адамның кейбір кездері», «Көзімнен басқа ойы жоқ», «Қайғы шығар ілімнен», «Лай суға мал бітпес қой өткенге», «Алла деген сөз жеңіл», «Жүректе қайрат болмаса», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңдері мен 7, 19, 27, 31-34, 38, 43-45- қара сөздерінде тереңдеп толыға береді. Мұнда айтылған ой-пікірлері белгілі бір жүйе негізінде берілетін өзіндік дербес танымға айналып кеткен аса күрделі пікірлер.

Ақын мұрасының осындай елеулі түрде орын алатын ұғымдардың себебін жан-жақты ашатын тарихи философиялық бағыттағы зерттеу еңбегі қажет-ақ. Абайдың арнайы тоқталған хауас мәселесі 38-сөзіндегі хауас сәлим мен түп иенің /затия/ бойындағы сегіз сипатпен /сафатия/ тікелей ұштасады. Мұның үстіне Абай тарапынан арнайы ескерту арқылы нақылия, ғақылия дәлелдермен қосылатын ғаділет рахым жайлы сипаттарға ерекше назар аударады. Құдайдың осы он сипатын Абай даралап бөлек алып, ерекше ден қоятын үш сипат: а/ ғақыли; ә/ғаделет; б/ рахым жайлы өзіндік тума гуманистік негіздегі өте терең тың ойлар жемісін таратады. Абай өзіне дейінгі хауасты танушы мутакаллимдер мен мантиқшылардың еңбектерін зерттеп, оқып олардың ойларына жүйелі түрде талдау жасайды.

Мутакаллим- дін ғұламалары орта ғасырда ғұранның негіздерін философия мен логика қисындары тұрғысынан бекіте түсуге ұмтылған мұсылман әлеміндегі жаңа бағыт болып саналатынды. Ислам дінінің догмасын жалпы қоғамның дамуы жағдайына қарай сәйкестендіру әрекеті Абу Ханифтен /767 ж. өлген/ басталса, кейін құранға тұсініктеме /тафсир/ жазу қосылды. Осы талап негізінде бұрынғы мутакаллимнің орнына кәләм /сөз/ ілімі келді де оны таратушылар тарихта мутакаллимдер деп аталып кетті.

«Кабус-намеде» хакимдерді әулие, пайғамбарлар тобына қосып, оларды тек ол дүниелік Алланың ғылымы мен /теология/ шұғылданушы пенделіктің кәмәләттылығы жолындағылар деп танытады. Абай хакимдерді бұл топтан ажыратып, жеке топ ретінде, оны да бүгінгі заман үшін теңдесіз қызмет атқарғандар ретінде аса ыстық ықыласпен танытады. Оларды реолды /шын/ өмірдің тірегі деп біледі.

Хакмдерді былайша таныту Абай танымындағы соңғы пікір, жаңабағыт. Абай өзіне дейінгі жуанмәрттілік жайлы танымынан мүлде бөлек өзіндік таным көзқарасы болуы, оған өзі тарапынан соңғы пікірлер ендіруі – ұлы ойшылдың творчестволық іздену өрісіндегі беймәлім бір қырын танытатын кезіне жөн сілтегендей болады. Осы себептен де Абай 38-сөзінде ғалымдар мен хакимдердің бір-біріне ерекшелігі мен айырмашылығына тоқталып түсініктемелер беріп отыруы жәй нәрсе емес.

Абай шығармашылығында «ғалым» сөзі 15 рет, «хаким» сөзі 20 рет қолданылған. Абай пікірінше осы екі сөздің асылы бір болғанымен оның танымдағы мағынасы басқаша, өзіндік ерекшелігі бар ұғымдарға жатады. Мысалы, Абай нақылияға жүйріктерді, ғалым деп санайды да «...дүниеде ғалами ғылым заһари бар, олар айтылмыштарды нақылия жүйріктер ғана ғалым атанды» деп көрсетеді.

Абай пікірінше, «әрбір істің себебін іздеушілерге хакимдер ат қойған», -делінеді. Абай «Ескендір» поэмасы мен 27-сөзінде хаким ретінде Аристотель Сократты, ғалым ретінде Аристодимді атап, олардағы ерекшеліктерді жанама түрде меңзеп өтеді. Ғалым мен хаким арасындағы айырмашылықты осы арада Абай тағы да аңғартады.

Әл-Фараби де осындай ақыли, саналы дарындылық қана бізге белгісіз нәрселерді ашуға мүмкіндік береді. Мұндай қабілет әл-Фараби айтқандай ғылыми дарындылық, басқаша айтқанда теориялық дарындылық өнер мен ғылымның терең сырын аша білетін дана адам.

Шындығында әл-Фараби мен Абай дүниетанымындағы кейбір ойпікірлер сабақтастығын салыстыра қарағанның өзінде-ақ белгі беріп мен мұндалап тұратын іліктестіктер баршылық.

Абай 41-қара сөзінде «...дүниеде есепсіз ғылымдардың жолдары бар сол әрбір жолда бір медресе бар», – деп ғылым салаларының молдығынбір ескертсе, кейде ғылым салаларын жүйелеу жүйесі де ұшырасады.

Әрине Абай ғылымды классификациялау жайлы пікір айтуды мақсат еткен емес, бірақ ғылым салаларын жүйелеуге соқпай отыра алмайды. Бұл көрініс Абайдың белгілі ғылымды классификациялау принциптерімен өте жақындығы бізді ерекше қызықтыра түседі.

Абай ғылым, хаким жайлы пікір жазғанда: «...адам баласының айқын пікірін ұстартып, хақ пен батылдықты айғақтықты үйреткендігін»-деп қоғамдағы ғылымдарды өз алдына бөле қарайтыны бар. Немесе «Дүниенің ғылымын білмей қалмақтық, - бір үлкен зарарлы надандық»-деуіне қарағанда әл-Фараби сияқты ол табиғат ғылымдары мен қоғамдық ғылымдарды бірлікте, теологиялық ғылымнан бөле қарайтыны көрініп тұр. Абай 38-сөзінде арнайы атап өтетін «Адамның білімін, Алланың ғылымын», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «Алланы танымақтық», «өзін танымақтық», «дүниені танымақтық» деген атау терминдерімен берілетін сан түрлі ғылым салаларын, келтіреді де, олардың өзін үш түрлітопқа жіктей береді. Осы іспеттес Абай тарапынан белгілі дәрежеде жүйеленген ғылым салаларына көз жіберсек, Абайдың ғылым салаларын жанама түрде болса да классификациялауға қатысты әл-Фарабидің «Сөз ғылымдардың классификациясы туралы» деген еңбегіндегі жүйеге өте жақын біртекті, үндес келуі кімді болсада ойландырарлықтай қуатқа ие айғақты дәлелдер дей аламыз. Себебі, әл-Фараби ғылым салаларын жүйелегенде оларды бес салаға топтап, олардың әрқайсысына анықтама беріп те отырды.

 

Әдебиет:

1.      // Алдаспан. – 2010. - № 9-10.

2.      Машани А. Әл-Фараби және Абай. – Алматы, 1994.

3.      Әбдіраман Ш. Абай әл-Фарабиді білді ме?

4.      Қоңыратбаев Ә. Көне жазбалар тарихы. – Алматы, 1991.

Основные термины (генерируются автоматически): Абай, мена, оса, IX-X, Ахмета.


Задать вопрос