Математика пәніне оқушылардың қызығушығын арттыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Омарова, Р. Ж. Математика пәніне оқушылардың қызығушығын арттыру / Р. Ж. Омарова, М. Т. Аймбетова, И. А. Сембаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 3-5. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17234/ (дата обращения: 17.12.2024).

«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика – математика патшасы»-деп ұлы К. Гаусстың айтқаны көкейіңнен орын алары сөзсіз.

Балаларды жастайынан дүниетанымдық тұрғыда ойлана білуге бейімдеу – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық идеямыз-мәңгілік ел» жолдауын жүзеге асыратын негізгі іс-шаралардың бірегейі. «Қазақстан-2050 стратегиясы» жолымен дамып, жасыл экономиканы ғылыми жүйемен өркендету ұрпақ біліктілігіне, яғни олардың ғылыми дүниетанымдық тұрғыда саналы кәсіби шығармашылық ойлай білу іскерлігіне байланысты. Басқа пәндер тәрізді оқушылардың дүниетанымдық ойлауын қалыптастыруда математика пәні де маңызды роль атқарады [1]. 

Математика - бір салалы, жаратылыстық және ойды жетілдіретін ғылым. Сондай-ақ математиканы сурет салу ғылымының, әрі зерттеудің құралы деуге болады.

Математика - барлық халыққа ортақ ғылым. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Әр баланың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын туғызады, теориялық материалдарды меңгеруге және машықтандыруға себебін тигізеді, әрі оларды сергітеді, оқуға ынтасын белсенділігін арттырады.

 Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек математика оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, әрі дамытады. Әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді [2].

 Оқушылардың математикалық білімін көтерудің ең басты шарты - оның пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту, математикалық ой-өрісін дамыту-оқытудың басты мақсаты болып табылады. Мектеп қабырғасында оқушының математика пәніне деген қызығушылығын арттыратын түрлі сабақтар ұйымдастырылады. Осыған орай математика пәнінен 5- сыныпқа өткізілген сабақтың, «Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар» тақырыбының екінші сағатының бір үлгісін қарастыралық.

Сабақтың тақырыбы:   Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділігі: Ең үлкен ортақ бөлгіш және өзара жай сандар туралы мағлұмат беру.Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

2.      Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3.      Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

-        Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру

-        Сабақтың типі: Білім бекіту

-        Сабақтың түрі: Аралас сабақ

-        Оқытудың әдісі:Практикалық

-        Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы, карточкалар.

-        Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу,

ә) оқушыларды түгендеу,

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.      Үй тапсырмасын тексеру

№286-есеп 

1) 42 мен 56                      2) 52 мен 78

3) 80 мен 32              

№287-есеп

1) 44 пен 65

2) 39 бен 65                    3) 72 мен 96

 

Үй тапсырмасын тексеру барысында, берілген есептер бойынша оқушылар жақсы дайындықпен келгеніне көз жеткізу. Оқушыларымды ауылымыздан еліміздің бас қаласы, әрі астанасы Астана қаласына саяхат жасауға шақыру.

1.         Есептер шығару

Саламатсыздар ма оқушылар? Сіздер Қаратерең ауылынан әлемге танымал астанамыз Астана қаласына сапар шеккелі отырсыздар. Біз ең алдымен Қаратерең-Арал бағытына жүретін автобусқа мінуіміз қажет. Автобусқа міну үшін билет алуларыңыз керек.  Ол үшін мына есептерді шығаруымыз.

№295-есеп

1)                  42 мен 60            

2)                  45 пен 81            

3)                  28 бен 33            

4)                  75 пен 90            

5)                  26, 65 және 130

6)                  48, 240 және 264

7)                  72, 432 және 792

8)                  163, 310 және 997

Есептерді шығарған оқушыға билет беріледі. Сонымен Қаратерең - Арал бағытындағы автобуспен жүріп, Арал қаласына келдік.  Енді біз Астанаға жету үшін Арал қаласынан Қызылорда қаласына баратын поездға отыруымыз керек. Поездға отыру үшін келесі есептерді шығару арқылы оқушыларға билет беріледі. Оқушылар есептерді тақтаға орындады.

  №296-есеп

 а=22*3*5  және в=2*32*5            һ=2*52*11  және  к=23*53*13

 с=22*32*5  және d=23*3*7           m=23*33*7   және  п=23*3*11

 е=2*33*7  және  f=23*32*11         х=3*52*7*11 және  у=23*32*52

Енді Аралдан  Қызылордаға жетем дегенше қарындарың ашып қалуы мүмкін. Сол себепті оқушыларымызды ашықтырып алмау үшін жеміс-жидектер беру мақсатында, . оларға жеміс-жидектер сатылады. Талға алма суреті бейнеленген стикерлер іліп қойылған, әрқайсысында тапсырмалар жазылған. Ілініп тұрған алмаларды оқушылар таңдап алады. Есептерді бірінші және дұрыс орындаған оқушыға алма таратылады.

№297-есеп

Берілген сандардан өзара жай сандар жұбын құрастырыңдар:

1)                  25, 30, 39         3) 78, 35, 91           5) 212, 148, 259

2)                 35, 26, 58        4) 185, 123, 205       6) 315, 154, 135

Мінекей, оқушылар 8 аудан қарайтын облысымыз Қызылорда қаласына да жеттік. Енді біз Қызылорда қаласынан астанамыз, еліміздің бас қаласы Астана қаласына сапар шегуіміз керек.  Астана қаласына жету үшін біз бірнеше күн жолда жүреміз. Жолда шаршап қалмау барысында сергіту ойындарын ойнайық.

-        Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді ? (нөл)

-        Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сан? (екі)

-        Адамда неше саусақ бар ?  (жиырма)

-        Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр ? (үшеу)

-        Үстел үстінде төрт стақан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды ? (төрт стақан)

-        Жыл 12 айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі ? (барлық айда)

Енді біз сергіп шарашағанымызды басып алған болсақ, Қызылорда-Көкшетау поездына отырайық. Ол поездға да билет алу үшін келесі есептерді орындаймыз.

№298-есеп

Бөлменің ұзындығы 5м 25 см, ені 3 м 25 см. Бөлменің еденіне квадрат пішінді бірдей тақтастар төсеу керек.Тақтатастың ең үлкен өлшемі қандай болуы керек ? Бөлменің еденіне неше тақтатас төселеді ?

Оқушылар алыс жолдан шаршап шөлдеген шығар. Оқушыларға шырындар берелік. Шырындарды сатып алу үшін мына есептерді шығару керек. Есептерді бірнші және дұрыс орындаған топқа шырын беріледі.

№299-есеп

Қалампыр гүлінен дайындалған барлық гүл шоқтарында 28 гүл бар. Жасмин гүлінен дайындалған барлық гүл шоқтарында 35 гүл бар. Егер гүл шоқтарының әрқайсысындағы гүлдер саны бірдей болса, әрбір гүл шоғында неше гүл бар? Қалампыр гүлінен неше гүл шоғы дайындалды? Жасмин гүлінен ше?

Тақырыпты қорытындылау мақсатындағы бекіту сұрақтары қойылыда.

Бекіту сұрақтары:

1.      Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп қандай санды айтамыз?

2.      Өзара жай сандар деп қандай сандарды айтады?

3.      Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктегенде ең үлкен ортақ бөлгіш неге тең?

Оқушылар өтілген сабаққа өте жақсы деңгейде араласып, сұрақтарға жарыса жауап берді. Топ басшылары қарамағындағы оқушылардың сабақты түсінген деңгейлерін бағалау парағына қорытындылап жазды. Үйге тапсырмасын берілді.

 

Әдебиет:

 

1.      «Математика және физика» журналы, №4. 2014 ж.

2.      «Математика» журналы, №5. 2014 ж.

3.      «Математика-5 сынып » оқулық,  Алматы «Атамұра» 2010 ж..

4.      «Математика және логика » журналы, №6. 2014 ж.

5.      «Математика және физика» журналы, №2. 2013 ж.

Основные термины (генерируются автоматически): Математик, мена.


Задать вопрос