Концепт ұғымының теориялық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ержанова, А. С. Концепт ұғымының теориялық негіздері / А. С. Ержанова, А. К. Сыдыкова, А. Е. Туребаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 73-75. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17220/ (дата обращения: 17.12.2024).

Концепт туралы ғалымдар ойы – әртүрлі. Орыс тіл білімінде ғалымдар оны термин ретінде қарастырса (В.И. Карасик, С.А. Аскольдов), енді біреулері (Д.С. Лихачев, В.Т. Москвин) ұғыммен теңестіреді. Әсер ету күшін Б.А.Ларин концептіні тілдік тұлғаның танымдық деңгейлерінің басты бөлшегі ретінде танып, ғаламның тілдік моделін беруші ұжымдық сананың қозғалысын анықтаушы бірлік екендігін көрсетеді. В.А.Маслова концептіні жеке тұлғалық концептілер, адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер, жалпыұлттық концептілер деп таратады [1].

 «Концепт» терминін тіл аясындағы мәселелерге қатысты пайдалануды өткен ғасырдың бірінші жартысында тұңғыш рет орыс философы С.А. Аскольдов ұсынған. Ол «Концепт и слово» атты еңбегінде концептіні былайша ұғындырады: «...мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли неопределенное множество предметов одного и того же рода». Осымен сабақтастырып, В.З. Демьянков, Ю.С. Степанов ұғым мен концептінің аражігін ажырата қарастырады. Осы тектес концепт туралы пікірлердің ішінен қазіргі кезде көптеген ғалымдар тарапынан қолдау тауып, ғылыми тәжірибеде қолданылып жүрген – А. Вежбицкаяның анықтамасы. Ғалым концептіні адамның әлем туралы тиянақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде таниды [2].

Ю.Д. Апресян концепт мәселесін былай танытады: «Әрбір табиғи тіл дүниені қабылдау мен қалыптастырудың нақты тәсілін бейнелейді. Ондағы мағына, мән белгілі бір ұжымдық философия тәрізді ой-пікір жүйесіне топтастырылады. Дүниені концептілеу тәсілі әрі әмбебап, әрі ұлттық ерекшеліктермен толықтырылады. Дүниеге деген көзқарас барынша қарабайыр. Ол дүниенің ғылыми бейнесінен ерекше, бірақ бұл қарапайым түсінік емес». А. Вежбицкая: «концепт – бұл ақиқат әлемі туралы адамның мәдени-шартты түсінігін бейнелейтін «идеалды әлемнің объектісі»; Р.М. Фрумкина концептіні мәдени категориялардың әсерінен туған вербалды ұғым ретінде түсінеді.

 «Концепт» терминінің теориялық негіздері Д.С. Лихачев, Н.Д.  Арутю­нова, Е.С. Кубрякова, А.Н. Мороховский, Н.К. Рябцева, В.А. Маслова, А.Я. Гуревич, А.А. Залевская, А. Вежбицкая т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, олардың «концепт» жайлы ой-тұжырымдары концептіні құрылымына енетін сөздердің мағыналық жақтан өзара үйлесе келіп, негізгі өзек – тірек сөздің аясына шоғырлануынан туындайтындығын дәлелдейді. Қазақ тіл білімінде «концепт» термині А. Қайдар, Р. Сыздық, Ж. Манкеева, Н. Уәлиев, Б. Қалиев, Қ. Жаманбаева, Г. Смағұлова, Б. Ақбердиев, Г. Снасапова, М. Күштаева, С. Жапақов, Қ. Қайырбаева, А. Сыбанбаева, А. Ислам, Ш. Елемесова, Н. Аитова, А. Әмірбекова, Ж. Саткенова, Ж.Жампейісова, С. Жиренов, Б. Нұрдәулетова, Г. Мұратова, Ж. Қошанова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде әр қырынан зерттеледі.    Когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы – концепт бірнеше түрге бөлінеді. В.А. Маслова концептіні жеке тұлғалық концептілер, адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер, жалпыұлттық концептілер деп таратады [3].

Жеке тұлғалық концептілер дегеніміз – біздің пайымдауымызша, белгілі бір тұлғаның немесе автордың жеке қолтаңбасына тән тірек мағыналар. Ал адамдардың жас ерекшеліктеріне тән концептілер тобы сол адам санасының жасына қарай дамуын, сол арқылы әлемді, қоршаған ортаны қабылдауын көрсетеді.

Жалпыұлттық концептілер сол ұлттың танымын, талғамын, өмірлік тәжірибесін, парасат-пайымын, ұлттық ерекшеліктерін сипаттайтын сөздер тобын құрайды. Сонымен қатар әрбір концепт адам санасының даму ерекшелігіне байланысты, қоғамның өзгеріп, өркендеуіне байланысты бірнеше қабаттардан тұрады. Сонымен қатар концептілердің негізгі қабаты жалпыұлттық сипатты қамтып, қосымша қабаты – семантикалық өріс шеңберіндегі концептілерді құрайды [3].

 «Концепт» термиінінің теориялық негіздері Д.С. Лихачев, Н.Д. Арутюнова, Е.С. Кубрякова, А.Н. Мороховский, Н.К. Рябцева, В. Айрапетян, В.В. Колесов, В.А. Маслова, А.Я. Гуревич, А. Вежбицкая еңбектерінде эр кырынан қарастырылады. Н.Д. Арутюнова мәдени концептілер туралы былай дейді: «...каждое из этих слов обладает своими законами, своей областью референции, и поэтому, описывая и анализируя «язык» каждого культурного концепта, мы открываем доступ к соответствующему понятию».

Концепт сөздерінің терминдік мағынасы әр ғылым саласында әртүрлі. Адам күнделікті өмірде тағдыр, шындық, парыз, абырой, бостандык, еркіндік т.б. сөздерді колданса да, олардьщ мағынасын анық түсіндіре алмауы мүмкін. Ол сөздердің беретін үғым-түсінігін түсіндіруі адамның тілде беру тәжірибесіне қарай әртүрлі болады.

Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. Бұл сөздер рухани мәдениеттін басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретінде таңбалай отырып. олардың мән-мағынасын камтиды. Бұл өз кезінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа кырынан бағалауға әкеледі.

Концептінің құрылымы күрделі. Оның құрылымына этимология –сөздің түп-төркіні, мазмұн тарихы, қазіргі ассоциация, баға, коннотация енеді.

Концепт терминінің құрылымы өте күрделі болып келеді. Бір жағынан алғанда, оған ұғым құрылымына катыстының барлығы, екінші жағынан – концепт құрылымына оны мәдениет фактісі етіп отырған – бастапқы мағынасы да кіреді (этимология); мазмұнның негізгі белгілеріне қатысты ықшамдалған тарих; қазіргі ассоциациялар; баға және т.б. ұғым мәселесіне тоқталатын болсақ, оның логика мен философия салаларында қарастырылып жүргендігіне орай ғалымдар осы үғымға ұқсас болып келетін заттар тобын, яғни – көлем және ұғымның осы топка сәйкес келетін жалпы және жеке белгілерінің жиынтығын – мазмұн деп түсіндіред [4].

З.Д. Попова, И.А. Стернин адам санасындағы когнитивтік концепт:а) оның тікелей сезімдік тәжірибесінен әлемнің сезім мүшелері арқылы қабылдау; ә) адамның қызмет, әрекеті пәні; б)адам санасында концепті түрінде өмір сүретін ой операцияларынан; в) тілдік қарым-катынастан (концепті адамға тілдік формада түсіндіріліп, жеткізілуі мүмкін; г) тілдік бірліктерді саналы түрде түйсініп, тану аркылы қалыптасады.

Концепт қатпарлы қабаттардан тұрады және әр қабат түрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің «тұнбасы», яғни нәтижесі болуы мүмкін. Олар (қабаттар) сондай-ақ, тарихи түрғыда эртүрлі қабаттардан жэне пайда болу уақыты, шығу тегі – семантикасы жағынан әртүрлі болып табылады. Соған байланысты оның ерекше кұрылымы бар. Ол келесі белгілерді қамтиды): негізгі (актуалды) белгісі); қосымша (пассив, тарихи) белгі); ішкі (әдетте санамен түйсінілмейтін) формасы [5].

Ішкі форма, яғни этимологиялық белгіні зерттеушілер ашуы мүмкін. Басқаларға ол делдарлар (ұрпақтан-ұрпаққа) арқылы жеткен,осы ішкі форманың негізінде қалған мағыналық қабаттар пайда болған.

Негізгі пәрменді қабат – сол мәдениетті тұтынушы ұжымның әрбіріне мәлім, жалпыұлттық концепт болып табылады; пассив қабат – бұл косымша кабат, мәдениетті тұтынушы ұлттың белгілі бір жеке тобы үшін маңызды болып табылады (яғни жекелеген субкультураның концептосферасына жатады); Концептінің ішкі формасы (күнделікті өмірде түйсінілмейтін, тек мамандарға мәлім) мәдениетті тұтынушы көпшілік үшін концепт бөлігі болып табылмайды, мәдени элементтерді түсіндіруші ретінде кабылдайды.

Концептіні зерттеудің әртүрлі амал-тәсілдері бар: тілдік-жүйелік тәсіл, денотативті тәсіл, сигнификатты тәсіл, функционалды-прагматикалык тәсіл. Денотативті тәсіл пропозицияның тілдік емес коррелятын суреттеуге аса көңіл бөледі, яғни концептті дүрьтс пайдалануды жүзеге асыратын коррелят деңгейі мен жағдайын қарастырады.

Сигнификатты тәсіл, сарапталып отырған феноменнің сигнификаттық өріс арқылы жүзеге асуын немесе мифопоэтикалық, этникалық мағыналарды қарастырады. Функционалдық-прагматикалық тәсіл дәстүрлі контексттерде бекітілген лексемаларды парафразалау тәжірибесі мен дәстүрлік емес синтагмаларда жаңа семантикалық байланыстардың пайда болуын қарастырады [6].

Концепт – бұл кез келген үғым емес, бұл адамның элемдік көзқарасы мен әлемнің концептуалды бейнесінің маңызды әрі күрделі элементі.

Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет контексінде қарастырған қазақ тіл білімінде А. Исламның пікірінше: «Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады.

Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Ұғымның пайда болуы да санадағы құбылыс. Ұғым айтылған ой арқылы ғана емес, көзбен көріп, қолмен ұстап, ұқсас қасиеттерін еске түсіріп, қиялмен елестетіп, ойша бейнелеп, формасын жасау арқылы да қалыптасады. Алғашқыда негізгі ұғымдардың пайда болуында көз қызметі ерекше орын алған. Онда ұғым пайда болуының негізінде объект – денотат түрады. Ол – қозғаушы, сана әрекетін қоздырушы күш. Егер зат (құбылыс) болмаса, оның санадағы сәулесі, яки бейнесі жоқ [7].

Ұғымдық белгілер арқылы мағына жасалады. Табиғат пен әлем бейнесінің адам санасында бейнеленуі ұғымды қалыптастырады. Ұғым арқылы таңбаға мағына беріледі. Мағына ұғымның нақ өзі деуге де болмайды, абстракцияланған, ұқсатылған, ассоциацияға түсірілген бейнесі. Санадағы ой сөзбен тұлғаланғанда, белгілі мағынаға ие болғанда әр түрлі факторлар арқылы қалыптасады. Ондай факторлар:    

–                    халықтың дүниетанымы

–                    уақыт

–                    танымның дамуы

Яғни, белгілі уақыт аралығында дүниетанымның жетілуі мен дамуына сәйкес қалыптасатын халықтық дәстүр мен салт-санаға байланысты болатын ұғымның тілдегі таңбалық жүйеге түскен абстрактылы, ассоциативті бейнесі мағына болады» деп көрсеткеніне қосыламыз.

Демек, ұғым – дүниетанымның санадағы бейне суреті. Сонымен, ой мен тіл арасындағы бейне не ұғым тудыратын процесс когнитивтік ғылымның негізгі нысаны, тірегі, түжырымдық құрылымы болып табылады. Оның басты мақсаты ой мен тіл арқылы калыптасатын тұжырым қалыптастыру.

Ұғымдық бейне – ойлау жемісі. Ал дыбыстық бейне – сол ұғымдық бейненің материалдық көшірмесі. Бұл бейнелердің қай-қайсысы да заттың (ленотаттық) өзі емес, оның негізгі образдық бейнесінің суреттері: ұғым-санадағы сәуле арқылы салынған сурет болса, сөз – дыбыс арқылы салынған сурет. Тіл – табиғат пен адамзат аралығындағы сана арқылы болатын байланысты адамдардың өзара қарым- қатынасында бейнелейтін аралық құрал.

Әлемде өмір сүре отырып адам тек тілмен белгілі бір «құрал» ретінде қамтамасыз етілмеген, «бірақ адам үшін жалпы әлем не екені осы тілде негізделген және онда сипатталады». Тіл бізге әлемді тануға мүмкіндік береді, «мұнда әр жеке адамның санасынан жоғары тұратын көзге көрінерліктей болады». Және де тіл рөлі – адам мен арасындағы аралықтағы үзбе (звено) рөлі емес, себебі онда адамның өмір сүруі (бытие) ғана жүзеге аспайды, «тілде әлем өзін- өзі бейнелейді». Осылайша тілде әлем өзін біз үшін бейнелейді және осы тіл аясында біз әлемді тануға ие боламыз.

 

Әдебиет:

 

1.        Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. - М.: Советская энциклопедия, 1966.

2.        Тхорик В.И. Языковая личность (лингвокультурологический аспект): дисс. ... докт. филол. наук. – Краснодар: Куб.ГУ, 2000.

3.        Лотман Ю.М. Культура и взрыв. – М.: Гнозис, 1992.

4.        Бенвенист Э. Общая лингвистика. – М.: Эдиториал. УРСС, 2002.

5.        Арутюнова С.А., Багдасаров С.А. Язык – культура – этнос. – М.: Наука, 1994.

6.        Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. -Алматы, 1998.

7.        Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы: Санат, 1997.

Основные термины (генерируются автоматически): Концепт, мена, Аскольд, оса.


Задать вопрос