Студент жастарға дене және ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Есиркепов, Ж. М. Студент жастарға дене және ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызы / Ж. М. Есиркепов, С. О. Алимхан, С. Г. Кенесары. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 41-43. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16533/ (дата обращения: 17.12.2024).

Тәрбие – сан алуан, көпқырлы жұмыс.Оған тапжылмай атқарылатын ыждағатты көп еңбек керек. Бұл мақалада күрделі де ауқымды оқу-тәрбие жұмысы барысында қалыптасатын дене және ізгілік қасиеттердің өзара сабақтастығы тұрғысында тұжырым, ұсыныс, пікір айтуға талпынамыз.

Сөз болғалы отырған бұл екі қасиет жастардың (студенттердің)бойында жоғарғы интеллектуалды деңгейде мінездің, дене тұлғасын, рухани, мәдени деңгейін, адамгершілік ар-ожданын, тіпті саяси көзқарастарын қалыптастырады, шешуші рөл атқарады. Рас, мұнда дене, ізгілік қасиеттерін үйретіп, оқытудың әдістемесі, жүйесі жеке дара қаралып сөз болмайды, ол арнайы оқулықтарда (күш, төзімділік шапшаңдық, ептілік, икемділік) тұжырымдалып ұсынылады. Мұнда екі қасиеттің өзара сабақтастық тұстарына тоқталамыз. Өйткені, оқу-тәрбие немесе педагогикалық қызметтегі жетекші, басшыны, оқытушыны, ұстаз-тәрбиешіні, қазіргі студент- болашақ мұғалімдердің адами болмысында аталған қасиеттердің өз дәрежесінде  қалыптасуы ешкімді бейтарап қалдырмауға тиіс.

Өмірде өз мамандығын жақсы меңгерген,  білімді де білгір (мысалы, физик, химик, тарихшы, әдебиетші, инженер, т.б.)мамандар бар. Өмір әркімге өз қуанышы мен ренішін қабат әкеледі, - деген қағиданы ескерсек, сол білгір мамандардың кейбірінің өзі денесінің шыныққан-шымыр, шапшаң да,жүйрік, күшті де епті болып өскендігіне кінәлі емес шығар. Оны оларға неғұрлым жас кездерінен бастап оқу-тәрбие саласында қызмет жасайтын ұстаздар, тәрбиешілер, дене тәрбиесінің мұғалімдері, спорт жаттықтырушылары жүзеге асырулары керек. Бұл оқытушы, мұғалім, тәрбиешілер үлесіне жатады. Бұл жұмыстардың о баста жүйесіз,тиянақсыз, бақылаусыз, дәрменсіз, нәтижесіз жүргізілуі болашақ әлжуаз, еңбек, іскерлік қабілеті төмен, өмір тауқыметіне мойығыш, үнемі өзін меңзеген ауруды жеңу үшін бүкіл уақытын сарып етуге жұмсайтын мамандардың қатарының көбейуіне әсер етер еді. Керісінше дене қасиеттерін бойына қалыптастырған әрбір жас маман өмірде кездесетін сансыз тауқыметті оңай нәтижелі шешуге, жұмысын жүйелі, саналы, тиянақты дер кезінде атқаруға бейім тұрады. Оларда ой мен күш-қуат сергектігі басым болады. Өмір сүруге құштарлығы артып, кыруар жұмысты атқарып тастауға дайын тұрады.

Әрине, адам бойындағы күш-қайратты, шыдамдылықты, ептілікті, икемділікті тек спорт түрлері дене жаттығулары, жаппай студенттерді қимыл-қозғалыс ойындарына қатыстыру арқылы қалыптастыру керек десек әбестік болар еді. Бұл тапсырмалар студенттерге шартты түрде (белгілі бір уақытта, мерзімде, көлемде, деңгейде) берілетін жүктемелер. Олардың бірқатары шұғылданушылардың жеке мүмкіндігіне (жас, жыныс) қарай жетілетінін ескерсек, көп жағжайда жастар бойына дене қасиеттерін қалыптастыруда мұның өзі жеткіліксіз.

Кез-келген жаттығу, ойын, еңбек қимылдан туады. Атақты шығыс философы, дәрігер, ғұлама ғалым Ибн Сина «Ешқандай дәрі-қимылды алмастыра алмайды, ал көп қимылдау – денсаулық кепілі», - деген еді. Өкінішке орай, күнделікті тұрмысымыздағы сан алуан қимылдарға оның денсаулыққа, дене қасиеттерін қалыптастыруға нақты ықпал ететініне мән бере бермейміз.

«Бес жасар сәбиді автокөлік ішінде өздігінше тұруға бейімдеу»; «Иін ағашпен су тасу»; «Шалғы орақпен шөп шабу»; «Жер аударып егін егу»;«Ағаш  жарып, отын бұтау» т.б. сияқты жаттығулардың атаулары жоқ. Бірақ осы еңбектерде қаншама дене шынықтыру сабақтарында, спорт жаттығуларында кездесе бермейтін буын, бұлшық ет, жүйке-қимыл әрекеттері жатыр. Мұның дене қасиеттерін қалыптастыруда  сабақ, жаттығу құрылымындақарала бермейтін кейбір элементтері (кей тұста бұлшық еттердің, буындардың барынша созылып, жиырылуы, орындалу қарқыны, ұзақтығы, жұмыс деңгейінің жоғарылығы, т.б.) жиі кездеседі.

Тұрмысымыздағы кез-келген қимыл әрекеттерінен бойымызды аулақ ұстауға тырысушылық бар. Әйтпесе, 5-6 жасар өзін-өзі ұстап тұруға мүмкіндігі бар бүлдіршінді автокөлік ішінде жапа тармағай қарияларша орнынан тұрып, орын берудің қандай реті бар? Керісінше, ол сәбиді өзін «қолайсыз» қалыпта- қимыл дағдысына әрекетіне баулу, машықтану мүмкіндігінен айырып отырмыз.

Жаяу жүрем дегенше – ұзақ өмір сүрем де», «Таза ауаны жұтқаның – көп нәрсені ұтқаның», - деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Ал, қазіргі адамдар арасында көп тараған «Остреохандроз», «Гиподинамия», «Гипертония» аурулары осы аз қимылдың нәтижесі деуген толық негіз бар.

Дені сау адам – еңбек етуге қабілетті іскер болып келеді. Ондай адамда қиыншылықты жеңе алмаймын деген үрей болмайды. Өмір сүруге құштарлығы артып, үнемі шат көңілде жүреді. Ерік-жігері мойымайды. Бос сөзділікпен қуыс кеуделіктен алшақ жүріп, өзіне-өзінің сенімі мол болады. Ия, бұл қайталап айтсаң, тек дені сау, көңілі ояу,санасы сергек адамдарға тән қасиет.

Спорт өнерінде (ойын жаттығу жарыс құралдарында) жоғарыда аталған қасиеттерді қалыптастырудың таптырмайтын тұстары көп.Міне, спорт өнерінің құдіреті осында.Спортшы үлкен нәтижеге жету үшін мыңдаған батпан зіл темірді көтереді, шектен тыс күш-қуатын сарқып жұмсайды. Ал, әрбір жауапты жарысқа дейінгі, жарыстан кейінгі эмоцияналдық толқулар, психикалықтепе-теңсіздік, әбігер-әбіржушілік спортшымінез-құлқына, оның спортшы болып қана емес, жүйкемен сезінген адамға (спортшыға) тән ғана құбылыс. Ең бастысы бұл қимылдар ықтиярмен табиғи жағдайда орындалады(команда арқылы емес).

Демек, дене қасиеттерінің өзі спорт өнері арқылы спортшының жан-жақты күрделі еңбегінің нәтижесінде қалыптасатыны ешкімге құпия емес. Ал, оны студент жастарға еге білу білікті де білгір ұстаздардыңміндеті. Бұл тәртіптенешуақытта алшақ тұратын мәселе емес. Қайта күнделікті жауапкершілікпен қаруды қажет етеді. Өйткені тұрмыстық мамандық өмір мұқтаждығы.

Басқа факультет студенттерін былай қойғандаДене мәдениеті факультеті студенттері жүйелі спортпен 4 жыл мерзімінде тұрақты шұғылданғанның өзінде институтты бітірген 4 жыл мерзімнен кейін маман-мұғалімдердің жылдамдық және жылдамдық-күш қасиеті, 6-10 жас аралығында күш қабілеті,дайындығы, одан әрі 11-16 жас аралығында жылдамдық күші, ал 16 жас мерзімнен әрі барлық дене қасиеттерінің төмендей бастайтынын ғылыми тұрғыда дәлелденіп отыр.

Демек, дене қасиет, қабілеттері неғұрлым ұзақ сақталып, жұмыс қабілетінің жоғары болуы үшін аталған қасиеттердің тыңғылықты өз дәрежесінде, студенттік жас кезеңінде қалыптастырудың мәні зор. Дегенмен, дені саудың жаны сау дей тұра, тек тұлғалы үздік қасиеттерін жақсы меңгерген маман-ұстаз ғана педагогикалық тәлім-тәрбиенің сан қилы өзекті мәселелерін шешуге лайықты немесе дайын десек, әбестік болар еді. Бұл тұста дене мәдениеті мамандарының  өзіндік мамандықерекшеліктері бар деп айту орынды. Бойын күш-қуат билеген (әрине бәріне ортақ пікір емес) алғыр да, тіпті ширақ қимыл иесі ұшқыр ақыл ойдан гөрі өзінің өзгелермен қарым-қатынасын жоғары эмоционалдық деңгейде танытуға әректтеніп жатады. Мұның өзі сырт көзге қас-қағым сәтте жіті әрекет танытудың көрінісі деп ойлағанымыз пайымсыздық, ізетсіздік,тіпті кейде, өршіл-өрескелдік туыстары белең алып жатады.

Сондықтан да болашақ ұстаздардың интеллектуалды, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру міндеті қатар жүргізілу керек. «Күш барда, ақыл керек емес»,- деген қағиданы жоққа шығару міндеті тұруға тиіс. Спорт, дене мәдениеті тарихында спорттық этикаға сай емес, жоғары дәрежелі спортшылардың кері әрекет қылықтары тіркелген сәттер бар. Олар өздерінің чемпиондық тұғырын үстем етіп немесе әлсіздер алдында алпауыттық танытқанымен дараланған.

Әрине, үлкен жарыстарда чемпион болу үлкен мәртебе. Ондай көрсеткіштерге кез-келген спортшы жете бермейді. Ол көп тер төгіп еңбектенудің нәтижесі. Бірақ қол жеткен табыстың қайсыбіріне болмасын мәз-мейрам болып, өз өктемдігін өзгелерге орынсыз, нарықсыз өнегесіздікпен таныту-ізеттілік нышаны емес. Күш-қайрат иелерін осы жат мінезден арылтқанымыз абзал болар. Дене қасиеттері мен ізгілік қасиеттер ұштасып жатса, бұл қайсібір маманның мәртебесін биік етпек.

Ізгілік қасиеті студент санасында өздігінен барып қалыптаса қалатын дайын ереже емес. Бұл да көп қырлы жұмыс, көп біліп, көріп, ақырында жадына тоқуды қажет етеді.

Әрине, бұл тұста студенттерге оқытушының, жаттықтырушының білімдарлығы, интеллектуалдылығы, ізденімпаздығы, нақтылығы, тұлғасы, тіпті сөз сақтауы да ықпал етеді.

Ал, дене тәрбиесінде студенттерді  күнделікті теориялық, практикалық сабақ барысында батылдыққа, ізгілікке, ерік-жігерлі болып тәрбиелеуге мүмкіндік мол.

Ізгілік мінез бен қасиет рухани білім – деңгейдің нәтижесінде қалыптасады. Тек бұлшық етінің бұлтыңдануын көздеп, ой санасын ізгілік қасиетін дамытпау рухани кедейлікке, ой тоқыраушылығына жетелейді.

Дидро қағидасында «кім оқуды тоқтатса, сол ойлауды да тоқтатады», - делінген. Ал, ағымдағы басылымдарды былай қойғанда ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырған көптеген қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын оқуға ықпал жасалуы керек.Қазір айтылып жүрген «Абайды» оқымаған жартылай қазақ деген пікірге құлақ түрген дұрыс та болар.Ал, Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат», «Өмір мектебі», І.Есенберлиннің  «Көшпенділер», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым» аттыромандары сөз жоқ студенттерді ізгілік-адамгершілікке тәрбиелейтін, тәрбиелік мәні бар романдар.

Әдеби көркем шығармаларды студенттерге ұсынудың мәні зор. 4 жыл бойы бірде-бір әдеби кітаптар оқымай, институт, факультет деңгейінде өткізіліп жататын әр-түрлі тақырыптағы пікірталас, кездесу кештеріне қатыспайтын студенттердің рухани деңгейі, дүниетанымы жүдеу көрінеді. 

Топ тәлімгері осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін өз тәрбие жоспарында мына тақырыптарды қамтығанын құптар едік:

1.     Студенттердің еңбектену қабілетін арттырып іскер болуға үйрететін;

2.     Рухани-мәдени деңгейін жетілдіре түсетін;

3.     Дене тұлғасын сомдап шыныға түсетін, бос уақытты тиімді пайдалану бағытында;

4.    Ой, дене еңбегін ұштастыра білуге  баулитын;

5.    Ерік-жігерін және саяси көзқарасын шыңдап қалыптастыратын;

6.    Өмір қиындықтарын, тауқыметтерін жеңе білуге бағытталған;

7.    Түрлі ауру, науқаспен саналы күресуге  бағытталған.

Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрлерін, тақырыптарын, топ жетекшілері  (тәлімгерлер) топ ерекшеліктеріне сай, олардың талғам-мүддесіне бағыттап үнемі жүргізіліп отыруы керек.

 

Әдебиет:

1.    Аяғанова А. Отбасы және тәрбие / Білім-обазование. – 2005.- №6.

2.    Егізбаев Ж. Деніңіз сау – өміріңіз өнегелі болсын / Қызылорда, 2009. - 25-36 б.

Основные термины (генерируются автоматически): бар, спорт.


Задать вопрос